Сұрақ-жауап


 Аты-жөніңіз: *
 E-mail:
 Сайт
 Хат мәтіні *
* Міндетті

Спамнан қорғану
Көрсетілген орынға берілген әріптер немесе цифрлар комбинациясын енгізуіңіз қажет
2 + 3=

(34)
<
(4) Нұрлыбек Саматұлы
23.12.2013 13:49:34
email

Аманхан аға, сіздің өмірбаяныңыз керек. Он томдық Қазақ ақындарының антологиясына. Бізде қысқа түрі бар. Толық нұсқасын тезірек жіберсеңіз жақсы болар еді. Мына поштаға тастаңыз. nursaf66@mail.ru Сәлеммен Нұрлыбек Саматұлы.

(3) Серікбол
19.12.2013 17:23:13
email

Бір сөзіңізде Поэзияның жауы– шала жансар ұйқасқа, одан әрі кеткенде ұйқассыз ырғаққа түсіріліп, қызыл-қыздырма сөздер жиынтығынан тұратын өлеңдер деген екенсіз. қалай ойлайсыз, қазіргі өздерін ақынмын деп жүрген ақындардың қайсысы осындай өлеңдер жазады? Қазір қазақ поэзиясының өкілдеріенен кімді шын талан деп есептейсіз

(2) Бір қазақ
19.12.2013 17:20:36
email

Аманхан аға! Қазақ қоғамы Сізді ақын әрі журналист ретінде таниды. Екеуи де шығармашылық саласы, екеуі де қаламгерлік. Бірақ екеуінің қайсысы жаныңызға жақынырақ?

(1) Бердибай Бауыржан
10.12.2013 22:16:09
email

Табиғатта түрлі мекен орындары бар. Олардың бірі Сарыарқада ғана кездесетін дөңгелек шыны илеу. Ең алдымен, ол университеттің пішіні студенттерден жасалған «консерві» іспеттес. Әсіресе, бұл әсер сессия және емтихан кездерінде жақсы байқалады. «Консервінің» құрылыс сапасы - сараптамадан өтпестей-ақ. Сондықтан болу керек, 60 пайыз студент «саумын» деп айта алмай, параларға қатыспайды...
Құрамында элиталы маркировкасы бар ұстаз-балықтар кездеседі. Алайда, өндірілген жер шетел болмағандықтан, құны жоғары алайда құнарсыз студент-шабақтар да табылады. Тіпті, тылсым бірақ дәстүрлі заңдылық бойынша, кем дегенде 30 пайыз студенттер мүлде жараспайтын банкілерге сұрыпталынады. Жолы болмағандары... дер кезінде, тиісті банкісіне секіріп үлгермей, сапасы жоғалады.
Студенттер екі түрге жіктеледі: стипендиямен қоректенетіндер және оқуақы бөлетіндер. Біріншілері екіншілерінен білім жағынан құнарлылау. Студенттер үйір-үйір болып 25 секторлы торда тіршілік етеді. Бұл – мәжбүрлік. Себебі, табиғи мекендері тым алыс. Ол жаққа жеткенше уақыт пен нәр тым көп кетер еді.
Үн шығарушы студенттердің кең тараған тұқымы – шертушілер. Олар уылдырық кезінде ауылдық аймақта болғандықтан, орыс үндеріне тиісті жауап қайтара алмайды. Сонымен қатар, тарсылдатушылар, басушылар, шиқылдатушылар, үрлегіштер барлығы бірігіп, торда да консервіде де у-шуға толтырады. Бұл құбылыс қыс ортасында және жаздың басында жиі кездеседі.
Одан басқа интеллект жағынан жоғары топ және интеллект жағынан төмендеу топтар бар. Біріншілерінің сыртқы көрінісі ДНК-жағынан идеалды болмаса да, дарын деген ген арқылы дүние тудыра алады. Екіншілері, ДНК-жағынан сәтті жаратылса да, тек қайталау қабілетіне ие. Мысалы: драматург – актер, композитор – вокалист. Хореографтар – сұлу, дені сау, мықты құрбақалар іспеттес.
Ең саналы топ – сыншылар-шағушылар. Одан басқа, бояу жағушылар, ұйымдастырушылар да бар. Барлығының ортақ қасиеті – көсем-апай-ағайдан үрку. Жүз балл деген пұтқа табыну. Мен барлық тіршілік иесін сүйемін!!!

<