Сұрақ-жауап


 Аты-жөніңіз: *
 E-mail:
 Сайт
 Хат мәтіні *
* Міндетті

Спамнан қорғану
Көрсетілген орынға берілген әріптер немесе цифрлар комбинациясын енгізуіңіз қажет
6 + 3=

(34)
(14) Айгүл, Алматы
28.02.2014 15:56:33
email

Сәлеметсіз бе, Аманхан аға! Жақында аяқталған Сочи олимпиадасын ел болып тамашаладық. Жақсы нәтижелер күттік. Біздің спортшыларымыздың жеңіс тұғырынан көріне алмауының басты себебі неде деп ойлайсыз?

(13) Аманхан Әлім
29.01.2014 11:14:11
email

Қазақ ұлы! Меніңше, қазіргі ұлтымыздың бойындағы жетіспеушіліктердің бірі немқұрайлылық пен енжарлық, сосын бәсекелестікке лайықты іс-әрекеттерге барудағы әлсіздіктері дер едім. Біз әлі сол 70-80 жыл бойғы Кеңес одағының бір астауынан ұжымдық тамақ ішіп үйренуден арыла алмай жүрмыз. Қазір жеке тұлғалар өздерінің мүмкіндіктерін толық пайдаланып, оны іс жүзінде де көрсететін уақыт. Оған білім керек, сосын немқұрайлылықтан, енжарлықтан, құдайдың өзі береді дегеннен арылуға тиіспіз. "Сақтансаң, сақтаймын" деген Алла жеке тұлға ретіндегі бар мүмкіндігіңді пайдалансаң ғана береді.

(12) Аманхан Әлім
29.01.2014 11:05:19
email

Дильфуза Розиева! Былтырдан бері "Ақиқат" журналы ВАК-қа кірмей қалған. Қайта кіруге тырысып жатырмыз?

(11) Аманхан Әлім
29.01.2014 11:04:00
email

Жазира Төлегенқызы, Саламатсың ба? Сенің қойған сұрағыңа жан-жақты келіп, оны бір жақты жауап беруге ауыр. Өйткені қазіргі нарық кезеңіндегі жабайы
капитализм көріністері біздің халқымызды тосыннан басып қалғандықтан да, әзірше біз осындай күй кешіп отырмыз. Содан соң, ғылыми -техникалылық прогресстің барынша ілгерілеуі адамдарды қол жұмысынан және де басқа іс-әрекеттерінен босатып, олардың көпшілігін жұмыссыз қалдырып отыр. Мысалы, қазіргі кезде бір техника 100 адамның атқарған ісін атқарады. Сөйтеді де, әлгі 100 адам жұмыссыз қалады. оның үстіне, жеке менщіктің өзі адамдардың жұмыссыз қаллына итермелеп отыр. бұл тұста да сол жабайы капитализмнің ролі ерекше болып отыр.Мұндайды болдырмау үшін жастарымыз әуелі құдай, сосын өзім деп білім алып, жұмыс істеуі керек.Өкімет көмектесіп жаста, нұр үстіне нұр.

(10) жазира толеген кызы
25.01.2014 14:07:19
email

Кайырлы кун!Аманхан ага!
акикат деген танылымы мен таглымы жагынан манызы зор,болсада когамда еш натижеси аикынсыз калп жаткан,соз тиркеси секлди.Турли алемдеги маселенин шешими таблып жатр,тауелсиздиктин тугыры бииктеп,келешек урпактын,корери де кызыгы да,колдан келгенше ,елбасынын колдауына иели боп жатр.Бирак,орта буынды жастардын маселеи осы?1999-2000жж жумыссыздык дагдарысына шалдыккан,казирги уакытта 35-40 алкымдаган орта буын,жастар дын жагдаиы калтарыста калган сиякты,акикат каида?сол кездери не жумыска тура алмаи,базар жагалап кеткен жастар,казирги кунде,не енбек дарежелери жок,не зеинеттик коры жок,бирак когамнын назарынан тыс калган,олаи болса,осы орта буын жастар,2050жж70-80 деги кариялык жаста болар десек,шамамен,казирги ,балабьакша санын кобеиткен реформа жон гои,бирак,карттар уинин осы орта буын жастар,бирден-бир,мушелери болмасына ким кепил?

(9) Дилфуза Розиева
15.01.2014 23:11:13
email

Саламатсиздар Ақиқат журналының ұжымы, мен PhD докторанты едим сиздерде желтоксан айында ма0алам жариялан5ан аттестация кезинде осы журнал ВАК қа шетел филологиясы бойынша кірмейді дейді, сол шын ба сұрайын дегем

(8) Казаұлы
9.01.2014 23:33:53
email

Аманхан аға, армысыз! Қазіргі кезде ұлтымыздың басында қаншама түйткілді проблемалар өте көп. Азамат ретінде сізді солардың ішінде қайсысы көбірек алаңдатады? және неліктек?


(7) Аманхан Әлімұлы
23.12.2013 15:26:58
email

Аманхан ӘЛІМҰЛЫ
1952 жылы 20-қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Қожатоғай ауылында туған. 1969 жылы Қожатоғай ауылындағы Амангелді атындағы орта мектепті бітіріп, 1969-1972 жылдар аралығында азаматтық борышын Қиыр Шығыста атқарған. 1972-1975 жылдар аралығында Алматыда құрылысшы болып жұмыс істейді. Ал, 1975 жылы ҚазҰУ-ің журналистика факультетіне түсіп, оны 1980-жылы бітіріп шығады. Тұңғыш топтама өлеңдері «Бес қоңырау» атты жыр жинағына жарияланып, одан кейін оның «Жанымның жапырағы», «Кездесу», «Таудан аққан тасбұлақтар» және «Ай нұры алақанымда» атты жыр жинақтары жарық көреді. 1991-1993 жылдар аралығында Мәскеудегі М.Горький атындағы Бүкіл әлемдік Әдебиет институтының жоғарғы курсында оқып, оны сәтті аяқтап шықты.
Ақын «Жанымның жапырағы» жыр жинағы үшін М.Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты атанып, өзі республикамыздағы «Қазақстан пионері» («Ұлан»), «Лениншіл жас» («Жас алаш»), «Қазақ әдебиеті», «Түркістан» газеттерінде қызмет істейді. 1994 жылдан 2012 жылға дейін «Заң газеті» басылымында жауапты хатшы, соңы шолушы болып қызметтер атқарды. 2011 жылы ақынның «Өткірдің жүзі» атты публицистикалық мақалалар жинағы жарық көрді. Ол Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері».
2012 жылдың сәуір айынан бері «Ақиқат» журналының Бас редакторы болып қызмет атқарып жүр.


(6) Аманхан Әлім
23.12.2013 15:25:09
email

Серікбол! Бірінші сұрағыңа нақты жауап берсем, оның классикалық үлгісі Ардақ Нұрғазы. Осы бір жігіттің батыста 1945 жылдардан кейін етек алған еркін өлең саналатын верлибрге ден қоюы бір кездегі қазақтың қара өлеңінің қабырғасын күйретеміз деушілерге тән қасиеттен өрген. Ол ұйқассыз ырғаққа түсіріліп, қызыл-қыздырма сөздер жиынтығынан тұратын шала-жансар дүниелерін поэзия санайды. Бұл оның поэзия мен прозаның айырмашылығын білмегендігі.Ал батыстағы Ардақтың еліктеушілері он жерден Нобель сыйлығын алса да, озық поэзия үлгісі бола алмаған. Тіпті, өлеңі ұйқастан тұратын Бродский де солай. Олардың қай-қайсысы да дәстүрді жоққа шығарушылар. Өкінішке орай, дәстүр әлі күнге дейін өзінің жанкештігі мен өлместігін дәлелдеп келе жатыр. Қазіргі қазақ поэзиясы өкілдерінің шын таланттысы деп Есенғали Раушановты айтамын.


(5) Аманхан Әлім
23.12.2013 15:07:45
email

Бір қазаққа жауабым
Мен отыз жылдан астам уақыттан бері әр түрлі газет-журналдарда журналист ретінде қызмет атқарып келемін. Оның ішінде әдеби және қоғамдық-саяси газет-журналдар бар. Соның бірде-бірінде мен өзімнің ақындығымды алға тартып, журналистік қызметімді екінші қатарға қойып көрмеппін. Өйткені, ол екеуінің оқырман алдындағы атқарар қадір-қасиеттерін былай қойғанда, атқаратын міндет-мақсаттары да сан алуан. Бірақ, соған қарамай, оның екеуі де маған қымбат. Былай дейтін себебім, өлеңге сыймайтын, ол көтере алмайтын тақырыптар болады. Оларды мен публицистикалық мақалалар арқылы жазамын. Бірде менің «Өлеңді құлағыма біреу сыбырлап тұрады, ал, мақаланы өзім жазамын» деген сөзім бар еді. Сол сөзім – сөз. Сондықтан мен ақынмын да, журналиспін де. Журналистика менің күнделікті өмірім, поэзия көңіл күйімнің көрінісін қағазға түсіретін құбылыс. Яғни, журналистік жазу қасиетім де, поэзия Алла берді құбылыстың көрінісі. Ендеше, маған оның екеуі де екі түрлі қадір-қасиеттерімен жақын.
Поэзия өзімнің жеке шаығармашылығым, ал журналистиа қоғамдық-саяси қызметі