Сұрақ-жауап


 Аты-жөніңіз: *
 E-mail:
 Сайт
 Хат мәтіні *
* Міндетті

Спамнан қорғану
Көрсетілген орынға берілген әріптер немесе цифрлар комбинациясын енгізуіңіз қажет
4 + 7=

(34)
(24) Айғаным
11.11.2015 15:56:12
email

Амансыз ба Аманхан аға! Қалай ойлайсыз, араб елдеріне демократия керек пе? Ондай мүмкіндіктері бар ма? Буш мырза қалағанындай мұсылман елдерінде америкалык демократия бола ма?

(23) Айдын Байыс
2.05.2015 13:22:10
email

Ассалаумағалейкүм аға! Халыңыз жақсы ма?
Кешегі айтқан жапонның танка үлгісінде жазғаным мен кейінгі жаңа өлеңім. Оқып, кем-кетігін айтарсыз.

ҚАЗАҚЫ ТАНКА

Тау

Бектауата, ерен тау,
Жақпар-жақпар нән тұлға.
Көктем келе торғын жүз,
Демала алмай көкірегін керіп бір,
Мұңаяды-ау ол да үнсіз.

Әже

Жер қайыса төніп кеп,
Үйір жылқы үймелей,
Түбіне кеткен – қара су.
Қара судай жанарына әжемнің,
Ақ түсіпті түймедей.

***

Алматыға барсаң ғой,
Көшелері тік, түзу.
Алмаларын көрсең ғой,
Қан жалаған күшіктің
Тұмсығындай қып-қызыл.


АЙНАЛАЙЫН

Айналайын, тебя называю…
О.Сүлейменов

Айналайын!
Сені ойласам – қараңғылық қашты ептеп,
Бақша түгіл кететіндей тас көктеп!
Саған деген сезімімді аққулар,
Көл бетіне оюлайды әспеттеп!

Айналайын!
Күн-көркіңе қызығады көктем де!
Қырықпышақ болып іштей көп пенде.
Бұрынғыдан бетер ғашық боламын,
Күліп жұмған көздеріңді өпкенде!

Қауырсындай қалықтайды ән өрлеп!
Құрғыр тілім... жеткізе алмай бәлен деп,
Айналайын дей бердім-ау, жан айнам,
Сандуғаштың мақамымен мәнерлеп!

Саған өлшем бола алмайды өлең де,
Ешкімге де ұқсатпаймын сені өңге!
Сен де мені өтінемін, ұқсатпа,
Олжас көкем айналайын дегенге.

Құйттай ғана бақытымның бөлшегі,
Өмір деген - сүйіп өту, беу, сені!
Айналам деп басым кетсе, таңқалма,
Анам «қызда басың қалғыр» деуші еді.


(22) Айтолқын Өмірбекқызы
29.03.2015 19:26:14
email

Сәлеметсіздер ме? Мен Л.Н.Гумилев атындағы университеті Тарих факультетінің 3 курс студентмін. Факультетіміз бойынша " Парыз" белсенді студенттер ұйымын құрдық. Мұндағы басты мақсатымыз- саны азайып келе жатқан Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің өмір жолымен, ерен еңбегімен танысу. Олардың ерлігін халыққа, келер ұрпаққа өнеге ретінде насихаттау. Астана қаласындағы тұратын бірнеше ардагерлерімізге барып, таныстық. Аталарымыз жайлы газетке деп мақала да жазып қойдық. Енді мүмкіндік болса, соны жариялауға көмектесе аласыздар ма? Рахмет. Сіздерден жауап күтеміз.


(21) Айдын Байыс
11.03.2015 23:52:55

КІТАПХАНАДА ҚАУЫШҚАН ҚЫЗ

Көк қаршыға көңіл ұшып,
О, қайда?!
Жүрегіңнің қалауына жоқ айла!
Көп кітаптың ортасында тұрдың сен,
Қойбүлдірген іздегендей тоғайда.

-Не іздедің?- деп сұрап ем,
(Төзім кем)
-Сезім жайлы кітап,- дедің.
Сезінгем...
Сезім жайлы шығарманы ең ұлы,
Қалай ғана байқамадың көзімнен?

Айдын БАЙЫС


(20) Исадін Айдана
12.10.2014 22:30:54
email

Сәлеметсіз бе, Аманхан Әлімұлы?! сіздің өлеңдеріңіздің барлығымен танысып шықтым, бәрі жақсы жазылған. бірақ тәуелсіздік, нарықтық экономика, ана тіліне арналға өлеңдеріңізі байқай алмадым. осы тақырыпта жазылған өлеңдеріңіз бар ма? бар болса жібере аласыз ба?

(19) Бейбіт Жәлелұлы
21.05.2014 17:52:58
url  email

Құрметті Аманхан Әлімұлы! Мен Сіздің журналға осы жылдың басында "Қостілділік пен қағазбастылық зардабы" деген мақала жіберген болатынмын, бірақ жарияланған жоқ. «Жарияланып қалар» деген үмітпен журналдың әрбір нөмерін қарап, ондағы мақалаларды түгелге жуық оқып жүрдім. Сәуір айының нөмеріне менің сол мақаламның сарынымен жазылған бір мақаланы оқыдым. Мақала иесі - Сейілбек Мұсатаев. Мақаласының атауы - "Қазақ ғылымы мен білімі қалың қалай?". Мен Сізді қазақтың танымал бір ақыны ретінде аса құрметтеймін. Егер Сіздің өлеңіңіздегі шуақты шумақтар мен әдемі бейнелеулер, тосын суреттеулер өзгенің өлеңінде басқаша өріліп, демек өзгертіліп қолданылып жүрсе қайтер едіңіз?

(18) Сағатбек
17.05.2014 06:21:37
email

Ассалаумағалейкум, Әбеке! Амандығыңызды тілей отырып, Амандосовтың аман шәкірттері журналист әрі ақын Аман-хан ғалым әрі ұстаз Аман+қос туралы жазындымды аман-есен жарыққа шығаруын аманаттаймын

(17) Батырбек Урустембеков
1.04.2014 20:00:42
email

Қазір қандай өнер саласында болмасын, «жаңа тақырып жоқтың қасы...» сынды пікірлер көбейіп кеткені рас. Мен бұнымен толық келіспеймін. Біздің бүгінгі күнделікті өмірімізде үлкен орын алып жатса да, тиісті дәрежесінде не бұқаралық ақпарат құралдарында, не шығармашылық өрісте көрініс таппай жатқан тақырып баршылық.
Шамамен 15 жыл бұрын «электроника кезеңі» деп атауға келетін ғасыр да емес, тұтастай бір мыңжылдық, бүтін бір дәуір басталған тұғын. Бүгінгі «Нетбук» сынды ықшам компьютерден бастап, ең жаңа планшетке дейін қаншама ақпараттық-техникалық жаңалықтар бізді өз саналуандығымен жылдан жылға қуантып келуде. Тіпті, кеше жақын ғана таңсық болған «интернет» деген ұғым бүгінде «микротолқынды пеш» немесе «теледидар» сияқты үйреншікті заттардың бірі болып кетті. Қазіргі таңда, осындай өмір сүрудің формасының көбінесе жағымды жақтарын атайды. Ол, ең алдымен, жылдамдық пен ыңғайлылылық. Алайда, бұл біз ойлағаннан немесе ойлағымыз келгеннен әлдеқайда терең әрі нәзік мәселенің екінші тұсы да бар. Кез-келген құрал (әсіресе бүгінгі жаһандану аясындағы қуатты ақпараттық-электронды жүйе) өткір пышақ іспеттес. Оны сақ пайдаланбаса қауіп туғызуы мүмкін.
Менің айтқым келгені, өнерде болсын, баспада болсын әділетсіз түрде назардан тыс қалып жатқан бір тарихи ақиқат бар. Ол 90-шы жж. бірінші жартысында Қазақстанда туылған ұрпақтың (жаһандық үрдіске ілескен елдер арасындағы) «электронды емес» дәуірді көріп үлгерген «соңғы буын» екендігі. Неліктен осы маңызды жайт өнер саласында оригиналды шығармалар мен тың идеялар ретінде көрініс таппай жатыр? Сюжеттердің көбісі таза мелодрамалық немесе «батыстық» үлгідегі экшн сарынына еліктеу бағытында болып тұр.
Құрдастарым еске түсірсе, біздің балалық шақ әлдеқайда табиғи және баяндырақ еді. Осыдан 15-20 жыл бұрынғы есік алдар ине шаншар жері жоқ автотұрақтан гөрі саялы баққа немесе балабақша алаңқайына көбірек ұқсас болатын. Ол кездің жастары қазіргідегідей ғаламтордағы дайын өнімді ойланбастан көшіре салмай, қажетті ақпаратты сөредегі оқулықтардан зейін сала іздеуші еді. Ал рухани азықты 100-ден астам «коммерциялық» арнасы бар теледидардан емес, көбінесе ата-анасы сақтаған көркем әдебиеттен іздеуші еді. Жалқылыққа және «қанішерлікке» баулыған виртуалды ойындардың орнына таза ауадағы салауатты ойындар мен үстелде ойнайтын интеллектуалды ойындар пайдалы да қызықты еді. Әрі ұжымда қарым-қатынас жасауға және достыққа тәрбиелеуші еді. Уақыт-сағатымен ғана бағдарламалар көрсететін бар-жоғы 5 арнада бір күнде бір рет кеңестік болса да, «мейірімді» мультфильм көрсетуші еді. Ешқандай «ұсқынсыз әрі ақымақ теңіз өсімдіктерін» кейіпкер етіп алған шетелдің 24 сағаттық арналары әлі жоқ болатын. Бос уақытта және мерекелерде ата-әжеге, туыстарға және барлық көршілерге қонаққа немесе солармен бірге қыдыруға бару сияқты жақсы «дәстүрлер» болатын. Міне, осындай «виртуалды емес» өмір болған кезең, сол кезде болған адамдар неліктен бүгінгі өнерден тақырып ретінде әлі толық табылмай жатыр?..
Ең бастысы, ол кезде адамның (әсіресе, жастар мен балалардың) жеке уақыты мен кеңістігі, жеке назары мен қызығушылығы өзінің ғана «меншігі» іспеттес болатын. Ал қазір сол «меншіктің» көп бөлігін электрондық-ақпараттық техникалық құралдар: ұялы телефондар, интернет, әлеуметтік желілер, спутниктің телеарналар, айфондар және т.б. «ұрылауда». Және бұл мәселе күшеюде. Демек, біздің замандас адамның бейнесі 15 немесе 20 жыл бұрынғы адам бейнесінен гөрі ой-сана, психикалық (тіпті физикалық) және ақпараттық иммунитет жағынан әлдеқайда әлсіз және қорғансыз болып көрінетіні түсінікті. Осының барлығы болашақ әдеби, драматургиялық, театр немесе кино сюжеттер үшін аса құнарлы өріс.
Соынымен, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: әзірше бұл мәселені шеше алмасақ та, уақытты артқа жылжыта алмасақ та, лажы болмаса осы шындықтарды негізге ала отырып, тақырып ете отырып, өнер туындыларын неге жасамасқа!? Және неғұрлым қызықты, нақты және ерекше жағынан неге осы ойды жеткізбеске!? Тілшілер айтар... ұмытылар. Саясаткерлер айтар... ұмытылар. Өнер адамдары айтар... мәңгі бақи ел есінде қалар

(16) karina
11.03.2014 16:06:56
email

Саламатсыздар ма курметті редакция алқасы!мен Абылай хан атындағы ҚХҚжәне ӘТУ екінші курс магистрантымын.сіздердің журналдарыңызға мақала жариялағым келіп еді.ол мүмкін ба?мүмкін болса жолы қалай?ол қанша уақытта шығады?алдын ала рахмет

(15) Асқар
3.03.2014 13:07:45
email

"Ақиқат" журналы соңғы уақытта жақсы оқылатын, оқырман тарапынан жылы қабылдануда. Ақиқат ақиқатты айтатын жақсы басылымға айналып келеді. Рахмет, сіздере!!