Сұрақ-жауап


 Аты-жөніңіз: *
 E-mail:
 Сайт
 Хат мәтіні *
* Міндетті

Спамнан қорғану
Көрсетілген орынға берілген әріптер немесе цифрлар комбинациясын енгізуіңіз қажет
9 + 5=

(34)
>
(34) Оразғали
8.12.2018 21:37:25
email

Əже аруағы

-Əй балам-ай,бұл не істегенің?-Əй балам-ай...
Омар ұшып оянса,көздерінен
ыстық жас парлап жатыр.
Əлгісі түсіне енген əжесі
екен.Қайран əжесі-ай,мыңда-
ған шақырым жерде жатса да,
тауып алды-ау мұны.Сол құрып кеткір арақ пен жаңа
таныстарының соңына ермеген
де,бəлкім,мұндай күйге түспес пе еді.Жо-оқ,бар пəлені біреуге аудара салу
оп-оңай-ақ.
Түптің түбінде бəріне кінəлі өзі ғана.Ешкім мұны
ұрлыққа жетелеген жоқ.Енді
міне,жиырма жылдан астам
уақыт бұрын келмес сапарға
аттанған əжесінің əруағы да
ренжулі.
Омар жатқан орнынан тұрмастан,темекі тұтатып,құшырлана тартты да
сонау балалық шағын елестете берді...
...Əке-шешесін аға-жеңгесін
дей көруші еді-ау.Тіпті,ата
аналар жиналысына да əжесін
сүйрелейтін.
Бірде ауылдарында сүзек
ауруы көптеп кетті.Сонда
əжесі қамысты майдалап кесіп,суға салып ішкізген.
Ішіне шекер салғасын ба
қызыл шəйдай дəмі.Соның
арқасында ма,əйтеуір,бұлар
дың жанұялары кеселден аман
болды.
Əсіресе,əжесінің жүннен
тоқыған биялайын айтсайшы.
Əлі күнге дейін ондайды
көрген емес.Басы үшкірленген ағашпен ұмытпаса атын"шотаяқ"дейтін
болса керек,тоқыған биялайы
жылы да,əрі мықты...
Омар сағынған əжесінің бей-
несін көз алдына елестете
жатып,осында жаттап алған
құран жолдарын іштей бағыш-
тап оқыды да,ұйқыға бой берді.Бұл кезде таң да темір тор сыртынан ылаң бере бастаған еді.


(33) Оразғали
6.12.2018 23:27:21
email

Ассалаумағалейкум.Балалар жөнінде шамалап жазатыным бар еді.Қанша дегенмен кəсіпқой жазушысыз ғой.Бір екеуі газетке де шыққан.Сізге жолдасам қарап көресіз бе?Əріқарай жаза берсем бе,əлде тоқтатсам ба деген ой ғой.

(32) Жанат
21.08.2017 15:59:33
email

Соңғы кезде байқаймыз, әсіресе, жастардың арасында ана тілін менсінбейтіндер көбейіп тұрған сияқты. Қазақ тілінің келешегі қандай болар екен, сізді осы мәселе толғандыра ма?

(31) Аманхан Әлімұлы
3.07.2017 10:40:18
email

Ғаниға,
Әуелі редакциямызбен хабарласып, жазып жүрген дүниелеріңізді электронды поштамызға жіберіңіз немесе қолма-қол табыстаңыз. Мақалаңызды оқып шыққан соң, редакциялап, өңдейміз. "Ақиқатпен" байланыста болыңыз.

(30) Аманхан Әлімұлы
3.07.2017 10:39:20
email

Райханға,
Жоқ келіспеймін, өйткені қашандада, қай кезеңдеде бес саусақ бірдей болмаған.Болмайды да. Сондықтан, көпке топырақ шашпау керек. Патриот жастар баршылық. Болады да. Мен ондай патриоттарды жиі кездестіріп тұрамын, журналға мақалалары да түсіп тұрады.


(29) Аманхан Әлімұлы
3.07.2017 10:35:17
email

Медетке,
Ғаламтордың адамзатқа тигізіп жатқан пайдасымен қатар, зияны да бар екендігі анық. Бірақ мен зиянды жағын айтар едім. Әсіресе жастарымызға осы ғаламтор зиянын көбірек тигізетін сияқты. Жастарымыз бос уақытының көбін компьютер алдында өткізетін болды. Яғни уақытының көп бөлігін ғаламторға зая кетіруде. Кітап оқу, салауатты өмір салтын ұстану азайып барады. Осы жағы қынжылтады.

(28) Ғани
1.07.2017 04:49:19
email

Сіздердің басылымға мақала жариялауға бол ма?

(27) Медет
30.07.2017 04:48:55
email

Қалай ойлайсыз, ғаламтордың адамдарға зияны көп пе, пайдасы ма?

(26) Райхан
27.06.2017 04:48:25
email

Қайырлы күн. аға! Сізге қояр сұрағым, қазіргі жастарда патриоттық, яғни ұлтжандылық сезімі аз деген пікірмен келісесіз бе?

(25) Аманжол Күзембайұлы
8.05.2016 19:34:06
email

Қадірменді Әбеке! Мен Қостанай қаласынан қарт профессор едім.Қазақ тарихымен айналысқаныма елу жылға жақындап келеді.Алтын Орда тарихына арналған мақаламды осыдан бірер ай бұрын жіберіп едім,содан хабар жоқ.Соның бір хабарын біліп берсеңіз. Сәлеммен Аманжол Кзембайұлы.08.052016.

>