Өмірбаян

Аманхан Әлімұлы 1952 жылы 20 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Қожатоғай ауылында туған. 1969 жылы сол ауылдағы Амангелді атындағы орта мектепті бітіргеннен соң, Алматыда «Алматыжилстрой» құрылыс компаниясында құрылысшы болып жұмыс істеген. 1970 жылы әскер қатарына шақырылды. 1972 жылы әскерден келгеннен соң, Алматыда «Алматыжилстрой» құрылыс компаниясында құрылысшы болып жұмысын жалғастырады.
1975 жылы КазГУ-дің журналистика факультетіне оқуға түсіп, оны 1981 жылы бітіреді. Оқуды бітіргеннен соң, 1981-1989 жылдар аралығында республикалық БАҚ «Қазақстан пионері» («Ұлан») , «Лениншіл жас» («Жас алаш»), «Қазақ әдебиеті», «Түркістан» және «Қазақ радиосында» қызмет етті.
1991-1993 жылдар аралығында Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтының жанындағы жоғарғы курсының күндізгі бөлімінде оқиды. 1994-2012 жылдар аралығында «Заң газетінде» жауапты хатшы және шолушы болып қызмет етті. Аманхан Әлімұлы Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері», М.Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты (Алаш» сыйлығының), Оңтүстік Қазақстанға Еңбегі сіңген медалімен награтталған, «Жандос» атындағы сыйлықтың иегері, «Ұлт патриоты» грамотасымен марапатталған, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, бірнеше публицистикалық және өлеңдер жинағының авторы. («Өткірдің жүзі», «Айнұры алақанымда», «Жанымның жапырағы», «Бес қоңырау», «Кездесу», т.б.). Жақында «Атақоныс» атты жыр-жинағы жарыққа шықты. Қазір ұлттық қоғамдық-саяси «Ақиқат» журналының Бас редакторы болып қызмет істейді.
Отбасы бар. Бір ұл, бір қызы бар.