ҚОҒАМДЫ МЕҢДЕГЕН ТӨРТ ДЕРТ ТУРАЛЫ ОЙ

Немесе Әзімбай Ғали Морозов та, Геббельс те,
провактор да емес, ол өз елінің патриоты

Соңғы кездері мені журналист ретінде де, тіпті, азамат ретінде де қоғамымыздағы қатты белең алып бара жатқан төрт мә­се­ле қатты ойландырып, толғандырады. Оның біріншісі – кей­бір азаматтарымыздың ауырмай-сырқамай күнделікті тыныс-тіршілігіміздегі кездесетін қиындықтарға шыдамай өздеріне-өз­де­рі қол салуы. Мысалы, оған куә жақында ғана Орал қа­ла­сын­да­ғы «Металлист» зауытының жұмысшысы А.Комаровтың үс­­ті­­не бензин құйып, отқа орана тоғыз қабат үйдің шатырынан құ­­лай, өзін-өзі өлімге итеруі. Ал, оны қашанда қоғамдағы, мемлекеттегі, тіпті, Үкімет тарапынан кездесетін кейбір кемшіліктерді қалтқысыз аңдып отырған, өздерін оппозиция санайтын топтар іліп әкетіп қоғамдық пікір қалыптастырады. Оның куә­сі, жұмысшылар қозғалысының төрағасы Сақьпжамал Жа­ңа­бае­ва әлгі оқиғаға біз тілге тиек еткендей астар беріп, шу кө­те­ріп жатқаны. Ал, ол марқұмның ағайындары болса, кезексіз келген өлімнің қиындығынан ес жия алмай әрі-сәрі күйде. Қасірет шегуде. Сонда, әлгі біз айтып отырған Сақыпжамал ханымның іс-әрекетін қалай түсінуге болады. Егер Александр мырза өзіне-өзі қол салса, ендеше оны қоғамнан көру, тіпті, мемлекеттен, одан әрі кеткенде Үкіметтен көруге бола ма? Әлде, бұл саяси ұпай жинау ма? Иә, айлық берілмей қалған шығар, иә, жалпы қа­зақ­стан­дық­тар­ды, тіпті, ТМД еддерін, одан әрі кетсек бүкіл әлемді шар­пы­ған қиын-қыстау күндер кімнің басынан өтпей жатыр. Ал, ол үшін біреуді кінәлап, қолдан жасалынған өлімді ақтауға бола ма? Тіпті, мәселеге одан да ары барып, қайта оралсақ, әлем­де­гі ұлы төрт дін, соңдай-ақ, әлемдегі халық өзіне-өзі қол сал­ған­дар­ды ешуақытта ақтамаған. Дәлел, Құран Кәрімнің Ниса сү­ре­сін­де: «Көктегі әрі жердегі нәрселер Алланыкі. сондай-ақ, Алла әр нәрсені толық меңгеруші», – делінген. Яғни, адам өзіне-өзі қол салғанда, өзінің емес Алланың ісіне қол салады екен. Бұл кінә емес күнә. Ендеше, бізге ғұмырды өмір сүрсін деп беріпті. Ел «тұз-дәмі таусылды» дегенде, «Алла өзі берді, өзі алды» деген ойды меңзейді емес пе? Ал, біз болсақ, біз бол­ған­да кейбір басылымдарымыз бен телеарналарымыз соны ерлікке балап насихаттайды. Ол туралы кезінде аристотель: «умирать по причине бедствий, или любви, или каких-нибудь вообще не удач недостойно храброго мужа. человек, стремящийся к смерти как благу, тем самым лишь избегает трудностей, с которыми соединено достижение настоящих благ», – десе, блаженный Августин: «Самоубийца есть человекоубийца, и он тем более виновен, чем менее у него было причин к лишению себя жизни. Шестая заповедь говорит: «Не убий…» нужно уважать тех, кто умеет жить среди неприятностей, а не тех, кто ищет от них спасения в смерти», – дейді. Тіп­ті, оны айтасыз, І Петр 1716 жылы: «Ежели кто себя убьет, то подлежит тело его палачу в бесчестное место отволочь и закопать, волоча прежде по улицам. А ежели кто учинит убий­ство себя в беспамятство, болезни, меланхолии, то оное тело в особ­ливом, но не бесчестном месте похоронить» деген де жар­лық шығарған. Мен мұның бәрін тәптіштеп айтып жат­қа­ным – біз­дің кейбір басылымдарымыз бен те­ле­ар­на­ла­ры­мыз­дың оған, яки өзіне-өзі қол салған іс-әрекетке оң өң беруі еш­қан­дай са­на­ға сыймайтын жағдай екендігін айту. Міне, бірінші мені алаң­да­та­тын осы жай.
Екіншісі, соңғы кездері елімізді жайлаған ұлтымыздың әдет-ғұрпына, салт-санасына, дәстүріне жат бауыр-етіміз баланы сату. Иә, тағы да қайталап айтамыз халқымыз не қиын­дық көрмеген. Сонау ашаршылық пен аштықта да сана-сезімі, ой-өрісі дұрыс жөн-жосықтағы ата-ана баласын сатқан ба еді? Міне, бұл да мәселе. Жақында Оңтүстік Қазақстан об­лы­сын­да­ғы Түркістан қаласының 20 жасар тұрғыны бір жас­қа толған қызын өзінің жерлесіне сатып, кейін оны біреу ұр­лап кетті деп полицияға мәлімдеген. Сонда деймін-ау, әлгі 20 жас­та­ғы қарындасымыздан қоғамның алдында да, адамның алдында да, тіпті, сол түркістандық жерлестеріміздің алдында да не үміт, не қайыр? Оны айтасыз, Қарағанды облысының Шахан се­ло­сын­да­ғы біреу өзінің жаңадан туған сәбиін 5 мың теңгеге сат­қан. Мен мұндай фактілерді көптеп келтірер едім. мысалы, алматы облысында 38 бала соңғы үш-төрт айда шетелдіктерге сатылып кеткен. Ал, оның саны Қазақстан бойынша 400 екен. Бұл құжатқа түскен ең соңғы көрсеткіштер ғана. Түспегені қан­ша­ма. Осындайда мен ойлаймын, апыр-ау, біздің елдігіміз, бір кездегі айрандай ұйыған, қиындық көрсе бір-біріне қол берген, айта берді бір-бірінің баласын асырап алған бауырмал дәс­тү­рі­міз қайда. Міне, бұл да проблема. Содан кейінгі үшінші бір мәселе, «Мегаполис» газетінің №31 санындағы Казис То­гуз­баев­тың «Кто вы, доктор Гали, – мальчик Морозов или доктор Геббельс?», сосын сол «Мегаполистегі» Жандарбек Сү­лей­ме­нов­тың «Казахский язык и казахскоязычная пресса: мифы и реальность» (№30), сондай-ақ «В XXI веке» басылымының 24-са­нын­да­ғы Амантай Ахетовтің «Патриотизм это любовь к отчей земле, а не ненависть к своему ближнему», сондай-ақ, «начнем с понедельника» газетінің №33 санында Владимир Вое­вод­тың «Идеология национализма неприемлема для нашего общества. Ответ политологу Гали Азимбаю – провокатору социальных катаклизмов» деген мақалаларын оқып отырып, ойыма түйіп, көңіліме қаттағаным – МЕНІҢ, СЕНІҢ, ОНЫҢ, БІЗДІҢ туған жерімізді, үлкен Отанымыз Қазақстанды, сон­да­ғы кіндік ұлт қазақты сүюге, оларды мақтан етуге ешқандай құ­қы­мыз жоқ екен. Болса біз, яғни, мәселені нақтылай айтқанда, қа­зақ хал­қы­ның ерекшелігі мен бойындағы асыл қасиеттерін мақ­та­ныш ете отырып, қазіргі елімізде жүріп жатқан табиғи процестегі қазақ халқының орнын, сондай-ақ, оларды насихаттаудағы қазақ басылымдарының ерекшеліктерін тілге тиек еткен ға­лым, әрі өз Отанының патриоты Әзімбай Ғалиды фашист деп, тіпті, оны Қазақстанда тұратын өзге ұлттың жауы ретінде көр­сет­пе­ген болар едік. Оны олай деп атап, көрсетіп жүрген өзінің бар нәр­се­сі­мен мақтана алмайтын, яғни, ұлтының ең игі қасиеттерін жоқ­қа шығарып, әрі мансұқ етіп, өзгенің жетегінде жүрген, өзін­дік пікірі жоқ, өзгенің көлеңкесіндей күн кешкен жалған интернационалистер. Мен олардың қазаққа интернационализм туралы бірнәрсе үйретуін еш қаламаймын, өйткені, қазақ – туа бітті интернационалист халық. Ол қай ғасыр, қай заманда да өзі­мен іргелес еш ұлтты, еш жерді жаулап алып, болмаса қо­қан-лоқ­қы көрсеткен емес. Шама-шарық, хал-қадірінше барын бөле жеген, қуанышына ортақтасып, қайғысын бөліскен. Қа­зақ­та мақал бар, «Үй таңдама, көрші таңда» деген. Міне, осы бір мақалдың өзі-ақ біздің халықтың қаншалықты ақ­жар­ма, өзі­нің даласындай кең пейілін көрсетсе керек. Ендеше, Әзім­бай Ға­ли­ды сол Отанын, сол Ұлтын, сол Халқын, сол Жерін сүйгені үшін фашист деу кімнің санасына кіріп шығады? Өзінің өскен ұя­сын, жерін сүю жануар екеш жануарға да тән қасиет. Қа­зақ – жыл­қы мінезді халық. Ал, жылқыда туған жерді сезініп білу сезімі қатты жетілген. Сондықтан болу керек, қазақта «Ат айналып, қазығын табады», «Ер туған жеріне, ит тойған жеріне», «Өзге жерде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген қа­нат­ты сөздер кеңінен етек алған. Оны айтасыз, Жандарбек Сү­лей­ме­нов секілділер өзінің ана тілінің сөздік қоры аз екенін айта келіп, оның ақпараттық кеңістікте алатын орны жоқтығын бас­па­сөз­ге жазып, әлемге жар ететінін қайтерсіз. Аталған ав­тор­лар­дың қай-қайсысының да ұлт мәселесіне келгендегі жаз­ған ма­қа­ла­ла­ры­ның кез келген жерінен үзінді алып, аталған сө­зі­міз­дің рас­ты­ғы­на куә етерліктей мысал келтіруге болар еді. Бі­рақ, біз оны ар­тық деп санап отырмыз. Олардың әңгімесінің бар тү­йі­нін тарата айтсақ, ол жоғарыда айтқанымыздай қазақ қа­зақ­ты еш мақ­тан етіп, оның кең байтақ территория­сын үлгі етуге еш болмайды екен. Тіпті, оның баспасөзін де мақ­та­ма. Мақ­та­саң – сен Геббельссің, не фашиссің, сосын «про­во­ка­тор­сың». Әзім­бай Ғалиға ұлардай шулап жабылып жатқан қай ба­сы­лым­ның болсын мақсаты, оны әйтеуір ел-жұртқа құбыжық етіп көр­се­тіп, бәр бәлені жабу. Әйтпесе, ол өз елінің, туған жерінің, өс­кен ортасының патриоты болмағанда кімі болады. Бір қызығы және оны жамандап жазатын да, айтатын да өзіміздің қан­дас­та­ры­мыз, яки орыс тілді, өзін-өзі құрметтемейтін, өз қадір-қа­сиет­те­рін білмейтіндер. Сондықтан, бізге ойланатын жағдай өте көп.
Тағы да бір төртінші айналып өтпеуге болмайтын жай, ол – ұлтты ҮРЕЙ билеу мәселесі. Жақында мен Аягөзге іссапармен бара жатып, өзін зиялы санайтын, оқыған бір азаматтың аузынан «Біз қайда барамыз, болашағымыз күңгірт. Ел болып қа­луы­мыз қиын шығар» дегенге саятын, адамның бойын шымырлатып, әрі-сәрі әсерде қалдыратын әңгіме естідім. Менің бай­қа­ға­ным, аталған азаматты әлеуметтік-тұрмыстық та, қоғамдық-саяси да, тіпті одан арысы күнделікті ғұмыр кешіп жатқан тыныс-тіршіліктегі ҮРЕЙ билеген. Ал, ол ҮРЕЙДІ туғызатын екі жол бар. Оның бірі, бұрынғы жазғанымыздай, Құдай Тағаланың әмі­рі­мен болатын, пешенедегі жазылған ҮРЕЙ де, екіншісі, бұ­қа­ра­лық ақпарат құралдары арқылы, сосын қазақы ұзын­құ­лақ­тан туатын ҮРЕЙ тасқыны. Осы аталған екі ҮРЕЙДІҢ ең қа­уіп­ті­сі – соңғысы. Демократияны, сөз бостандығын, ой еркіндігін демагогияға айналдырып, сол арқылы елді үнемі ҮРЕЙДЕ ұс­тау­ға тырысатын кейбір аздаған топ, аталған қатерді дертке айналдырып, еліміздің сана-сезіміне күндіз-түні әртүрлі жолдар ар­қы­лы ҮРЕЙ індетін себуде. Сол әртүрлі жолдардың ішіндегі ең қа­тер­лі­сі – Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы күнделікті күн­діз-түні тынбай таратылып жатқан жаманат хабарлар. Әсі­ре­се, телеарналардағы көзбен көріп, көңілге түйген сұмдық жағ­даят­тар адамды еріксіз ҮРЕЙГЕ жетелейді. Мұны насихат, насихаттау соғысы дейді. Нені, қалай санаға сіңіріп, көңілге құя біл­сең, соның жемісін көресің емес пе? Ол біреулерге қажетті – сол ҮРЕЙ жемісі. Ендеше, біздің халық, біздің ұлт ҮРЕЙГЕ бой алдырмауы тиіс. Осы тұста менің есіме ұлы Достоевскийдің: «Не запугивайте себя сами, не говорите: «Один в поле не воин» и проч. Всякий, кто искренно захотел истины, тот уже страшно силен», – дей келіп, ойын одан әрі: «Не подражайте некоторым фразерам, которые говорят поминутно, чтобы их слышали: «Не дают ничего делать, связывают руки, вселяют в душу отчаяние и разочарование» и проч. и проч. Все это фразеры и герои поэм дурного тона, рисующиеся собой лентяи. Кто хочет приносить пользу, тот и с буквально связанными руками может сделать массу добра», – дегені тү­се­ді. Сон­дық­тан да, біз ұлт ретінде кез келген жолдармен, әрі бас­қа да ақ­па­рат­тық құралдармен тарқатылған ҮРЕЙГЕ бой алдырмауымыз керек. Иә, қайталап айтамыз, бүгіндегі кездесіп жат­қан қиын­дық аз емес, бірақ, соған қарай қол жеткен табыстарымыз да жоқ емес қой. Біз соның соңғысын мақтаныш етіп көр­се­те білуге тиіспіз. Ал, қиындықтан арылудың жолын іздеу – әр­бір қазақтың, әрі қазақстандықтардың үлесіндегі іс.

«Заң газеті».
5 қыркүйек, 2001 жыл