ҰЛТЫМЫЗ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯДАН НЕ КҮТЕДІ?

Тәуелсіздігімізді жариялағанымызға да он жылға жуық уа­­қыт болды. Алғашқы жасқаншақтай басып, жалтаңдай қа­ра­ған кезек-кезең өтетін де мезгіл жетті. Енді, қазақ ұлт ин­тел­ли­ген­ция­­сы­нан ұлттық СӨЗ бен ұлттық ІС-ӘРЕКЕТ кү­те­ді. Құ­­дай­­ға шү­­кір, СӨЗ түсінетін, оны ІС-ӘРЕКЕТКЕ асыратын ұлт­тың тілі қыс­­қа­­рып, білек-қарымы тартылып қал­ған жоқ, әзір­ше. Бүгінгі қиын-қыстау, тығырыққа тірелгендей күй кешкен қа­зақ күн­нен-күнге шыңдалып, шымырланып келеді. Бү­гін­де оған сол ұлт интеллигенциясының қасиетті де, кие­лі СӨЗІ, әрі нақты да ор­нық­ты ІС-ӘРЕКЕТІ қажет.

Ұлттық сөз демекші, кейінгі кездердегі кейбір ба­сы­лым­дар­да­ғы әнұранымыз туралы әңгімеге келсек, ол ешуақытта, еш­қан­дай да өзге тілге аударылмауы тиіс. Әнұран – ұлттық құн­ды­лық, әртүрлі әлемдік келісім-кездесулерде, айтулы чемпионаттарда мақ­та­ныш­пен шырқайтын, ұлттың атын асқақтатып, оның тілі мен әуез-сазының құндылығын білдіретін құдірет. Ұлттық рух. Яғни, ол түпнұсқада қалуы керек. Әйтпесе, оны өз тіліне бе­йім­деп алушылардың арғы пиғылы белгілі. Олардың ойлары ана тіліміздің қадір-қасиетін тағы бір рет түсіру. Ендеше, оған мемлекеттік дәрежеде жол берілмеуі тиіс. Ал, оның әні мен сө­зі­нің қаншалықты ұлттық болмыстан өріп-өніп, ұлттық сөз бен ұлттық бояуымыздың қаншалықты көрінісі болуы керектігі өзінше бір әңгіме.
Сонымен, ұлттық СӨЗ бен ұлттық ІС-ӘРЕКЕТТІ қаз-қаз тұ­рып, жаңа қалыптасып келе жатқан Қарулы күштеріміз де, ша­ғын кәсіпкерлік жолына түскен іскерлеріміз де, тіпті, үлкен бизнеске араласып, оңы-солын енді танып келе жатқан ұлт­жан­ды жастарымыз да күтуде. Білім, ғылым, мәдениет-әдебиетті былай қойғанда Қазақстанды, қазақты ұшпаққа шығарам деген кім-кім де, қандай-қай сала болмасын СОНЫ ТАЛАП ЕТЕДІ. Қа­зақ­стан мемлекет ретінде өзінің ұлттық СӨЗІН айтып, ұлт­­тық ІС-ӘРЕКЕТІН көрсетпесе, ешқандай ва­лю­та­лық қор­дың да, ешқандай да несие мен заемның да көмегі мәң­гі­лік азық бола алмайды. Ол уақытша «көз жасының» кө­рі­ні­сі, жетім-жесірге ұсынылған аяушылықтың белгісі, «алмақтың да салмағы бар» деген қағиданың айғағы болып қана қалады. Айта берді, неге Қажыгелдиннен бастап, кешегі Абдуллаевқа дейінгі аралықтағы шенеуніктердің СӨЗІ мен ІС-ӘРЕКЕТІ үйлеспей, оңға баспады? Неге олардың со­ңы­нан бүгінде қоңыраулатып, неге артынан сөз боратамыз? Өйт­ке­ні, олар со ұлттық СӨЗ бен ұлттық ІС-ӘРЕКЕТКЕ сенбеді, оған бармады. Өздерінің құлқын толтырарлық, өздерінше шек­сіз, тау­сылмайтындай көрінетін – «қолдың кіріне» сенді. Сон­дық­тан да, олар секілді адамдар ұлт рухын көтеретін ұлт­тық те­ле­ар­на­лар­ға, күнделікті мерзімді басылымдарға назар салмайды. Қа­зақ­тай жұрттың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, сана-сезімін, өмір сүру жүйесін бұзатын күйретуші күштің көзі – ұлттық емес, әрі бей­то­пы­рақ басылымдарға, телеарналарға көмек береді. Оны жал­ғыз Әкежан мырзадан ғана көріп қою аз, олардың саны да, бас­қа да жолдары жеткілікті.
Ал, космополиттер мен нигилистердің, бейтопырақ кейбір күй­ре­ту­ші күш – белгілі бір топ, үлкен халықтың ішіндегі аз ұлт өкілдерінің ұлттық топыраққа негізделмеген батысшыл, жал­пы­ха­лық­тық СӨЗДЕРІ мен ІС-ӘРЕКЕТТЕРІН қайдан да, қа­шан­да да мерзімді басылымдар мен теле-радиолардан күнде естіп, біліп жатырмыз. Қазіргі ұлттың «мылтықсыз майдан» өтінде қалуының да сыры сонда. Сондықтан, қазаққа өзіндей қа­ра­па­йым, орындалуға келетін, Имандылыққа негізделіп, ұлттық ар-ождан, жаңарып-жасарған ұлттық әдет-ғұрып, салт­-сана арттыратын мемлекеттік, қоғамдық қозғалыстағы, әрі күнделікті тұр­мыс-тіршілік айналымындағы ұлттық СӨЗ бен ұлттық ІС-ӘРЕ­КЕТ керек. Ата заңымыздан бастап, күнделікті өз­гер­ті­ліп, то­лық­ты­ры­лып жатқан заңдарымызға дейін со бағыт-бағ­дар­да дайындалып, қабылданып жатса, нұр үстіне нұр. Оларды кім айтып, іске асырады, әрине, алдымен ұлттық интеллигенция, сосын ұлттың өзі.
Ол үшін қазақтың ұлттық идеясы – Қазақстанның мемлекеттік концепциясының негізіне арқау болуы тиіс. Ал, ұлт­тық СӨЗ бен ұлттық ІС-ӘРЕКЕТ содан көрініс табады. Бұл ту­ған жерімізде тұрған аз ұлттардың ұлттық-мәдени қа­лып­та­суы­на ешбір зиянын тигізбей жүргізілуі керек. Егер, қазақ қанша биік болса, оның айналасына шоғырланған ұлттар мен ұлыстар да соншалықты биікке көтеріледі. Осы тұста менің пенде басым, қа­зақ­қа бірінші ҰЛТТЫҚ, екінші ӘЛЕУМЕТТІК, үшінші ИМАН­ДЫ­ЛЫҚ, төртінші ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ, бесінші МЕМ­ЛЕ­КЕТ­ТІК идея керек деп ойлайды. Өйткені, біз барлық әлем­дік қалыпқа (стандарт) сай моноұлттық елміз. Қазақтар Қа­зақ­стан­да француздардың Францияда, испандықтардың испанияда, ағылшындардың Англиядағы санына қарағанда әл­де­қай­да артық. Соған қарамай, аталған мемлекеттер өздерін уни­тар­лық, ұлттық мемлекетпіз дейді де, ал, біз болсақ, көп ұлтты ел санатына жатамыз. Әрине, біздің мемлекетіміздің көп ұлттан тұ­ра­тын­ды­ғы­на ешқандай күмән жоқ. Бірақ, ол бізді уни­тар­лық, ұлт­тық-мемлекеттік құқымыздан айырмауы керек қой.
Ал, енді әлеуметтік идеяға келсек, оның негізі ақысыз білім мен денсаулықты тегін емдеуден басталуы тиіс. Ең ары кеткенде олар кез келген адамға қол жеткізерліктей дәрежеде болса. Бұл ұлтты келешек әлеуметтік теңсіздіктен сақтар еді. Дені сау, білімі жан-жақты ұлт ешуақытта жерде қалмай, өзінің ұлт­тық СӨЗІ мен ұлттық ІС-ӘРЕКЕТІН дәлелдей алады. Ұлттық және әлеуметтік құндылықтардың негіздері де сонда. Сонымен бір­ге, Қазақстан – иманға негізделген мұсылмандық жо­лын­да­ғы ел-жұрттың мекені. Қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұ­рып, сана-сезімі де имандылық пен мұсылмандылыққа қоса о баста Тәңірлік негізде қалыптасқан. Енді, біз соны сырттан келіп, сырттан телініп жатқан діни ағымдар мен менталитетімізге жат моральдық тұрмыс-тіршілік, әдет-ғұрып кө­рі­ніс­те­рі­нен қорғауымыз да сақтауымыз керек. Міне, басты мә­се­ле осы. Құдай екі жікке бөлінген ағайын арасындағы діни, идея­лық қайшылықтардан сақтасын. Оның арты қайда апарып со­ға­ры баршамызға белгілі. «Жаңа әлемдік тәртіптің» жайын құл­қы­ны­на түсіп кетуден сақтайтын идеяларды іске асыратын да со ұлт­тық СӨЗ бен ұлттық ІС-ӘРЕКЕТТІ орындаушы интеллигенттер.
Ұлттық және мемлекеттік жағдайдағы өмірдің көзі, әрі қоз­ғау­шы күші жеке тұлғаларды дайындайтын, олардың мол мүм­кін­дік­те­рін толық ашатын демократиялық идея. Ол демократия – дала, ұлттық демократия үлгілерін бойына сіңіріп, сол ар­қы­лы әлемдік демократия үлгісіне өзінің кескін-келбет, бет-пішін, болмыс-бітімін жоғалтпай ұласса. Осынау қасиеттер кей тұстарда кездесетін ұлттық немқұрайлықтан арылуға бейімдейді, тәрбиелейді. Ал, масановщина мен қажыгелдинщина етек алған демократия мен сөз бостандығы қазақты ұшпаққа шы­ғар­май­ды. Ұлт абстракциялы адам құқы мен заң­ды­лық­тар­дан арылып, оларды нақты қазақты қорғайтын құндылықтар ретінде ұлт­тық СӨЗ бен ұлттық ІС-ӘРЕКЕТ арқылы жүзеге асыруы тиіс.
Аталған бес идея – мемлекеттік бір бағыт-бағдарға негіз болып, Қазақстан жұртшылығына оның мақсат-мүддесі мен идея­сын насихаттап, оларды қалың көпшіліктің бойларына да, ойларына да сіңіріп жатса, құба-құп. Кез келген мәселе алдымен мемлекет, оның кіндік ұлтының мақсат-мүддесі негізінде қаралып, шешілуі тиіс. Оны айтасыз, берісі Кеңестік ке­зең­нен бастап Қазақстанды кімдердің басқарып, олардың қа­лай басқарғанын да тарихтан білеміз. Олардың сөзі мен іс-әре­кет­те­рі­не де қанықпыз. Бұл бізге тарихи сабақ болуы тиіс.
Иә, күнделікті ішер тамақ, киер киім қазақстандықтардың қай-қайсысына да жат емес. Сондықтан да, соңғы жылдардағы ел көріп, жер шалудан байқағанымыз ұлтымыз біртіндеп еңсе кө­те­ріп келеді. Яғни, олар қазір көкте Құдай, сосын өздеріне сену керектігін жақсы біліп, сезінген. Ендеше, қазір қазаққа – ұлт интеллигенциясының ұлттық СӨЗІ мен ұлттық ІС-ӘРЕКЕТІ ауадай қажет. Со ел көріп, жер шалудан тағы бір байқап, кө­ңіл­ге түйгеніміз, ұлттың құлағы түрулі, көзі тігулі, білек-бітімі мен білек қарымдары соны күтуде. Оған ұлт интеллигенциясы неғұрлым ерте кіріспесе ертең кеш, өте кеш болады.
Егер, бүгін ұлт интеллигенциясы өзінің ұлттық СӨЗІН айтып, ұлттық ІС-ӘРЕКЕТІН жүзеге асырмаса, онда оны ертең өз­ге­лер айтып, өзгелер жүзеге асырады. Ақпараттық кеңістік және демографиялық ахуал жағдайындағы Қазақстанның бүгінін ойлау, оның ертеңіне деген жауапкершілікті арттырады. мысалы, демографиялық жағдайға көз салайықшы.
Естеріңізге салайын, итті өлтіру үшін оған уды не дәріні нан­ға, болмаса ет арасына салып береді емес пе? Оны жеген ит ә дегенде жүрек жалғағанымен, келе-келе өлетіні белгілі. Кей­бір сырттан телініп жатқан жайларды көргенде осы бір ке­лең­сіз көрініс еріксіз көз алдыма келеді. Мұны мен неге айтып отырмын? Байқасаңыздар, соңғы кездері «репродуктивтік ден­сау­лық­ты қорғау», «репродуктивтік құқық», «жыныстық қа­уіп­сіз­дік», «бала тууды жоспарлау», «жыныстық тәрбие» секілді батыстан телінген тіркестер мен терминдер кең өріс алып жатыр. Міне, осындай жайларды ұлттық интеллигенцияға жататын маман-дәрігер, профессорлар мен докторлар қарапайым ха­лық­қа неге түсіндіріп бермейді?
– «Репродуктивтік денсаулықты қорғауға» кіретіндер аборттар, т.б.
– «репродуктивтік құқыққа» жататындар – сол аборттық құ­қық және балаларды мектептен «жыныстық қатынасқа тәр­бие­леу», т.б.
– «Жыныстық тәрбие» – жасөспірімдердің санасына бала туудан бас тартуды сіңіру, жыныстық қатынастың қыр-сыры мен аборттың жолдарын үйрету.
– «Ананы туудан қорғау» бір бала болса да сапалы болсын принципіне негізделген бағыт-бағдар.
Байқап отырсыздар, кезінде «Бір қозы артық туса, бір тал жусан артық өседі» немесе «Бір адам өмірге келсе, өз ыры­зы­ғы бірге келеді» деген принципте өмір сүр­ген ұл­ты­мыз­ға жо­ға­ры­да­ғы сырттан телінген жайлар қан­ша­лық­ты әсер етіп жатыр. Соны түсіндіріп беретін маман – ұлт интелли­ген­ті қай­да? Неге үндемейді? Олар қаншалықты үнсіз қалса, ұлт­ты құ­­рай­­тын келер ұрпақтың обал-сауабы солардың мойнында сон­­ша­­лық­­ты кетеді. Ал, мұндай ауыр сыннан өту үшін қазақ енді ұлт ретінде ұзаққа созылған шәкірттіктен өзге ұлтқа үлгі бо­­лар­­лық­­тай ұстаздық дәрежесіне көтерілуі тиіс. Ендеше, орыс тарихшысы Н.М. Карамзиннің: «Хорошо и должно учиться – но горе и человеку и народу, который будет всегдашным учеником» – деген сөзін қазақ ұлт ретінде де, әрбір көкірек көзі ашық азамат ұлт интеллигенті ретінде де үлгі тұтпаса болмайды.
Міне, осы кезде ұлт интеллигенциясы ұлттық СӨЗ айтпай, ұлт­тық ІС-ӘРЕКЕТКЕ бармай іргелі ел болып, өркениетті мемлекеттер қатарына қосыла алмаймыз. Қосыла қалғанда да ұлт­тық болмыс-бітімі жоқ, жалпыхалықтық үлгіге сай, төл­құ­жа­тын­да аты-жөні көрсетілмеген қазақстандықтар ғана болып қо­сы­ла­мыз. Қазіргі топан ақпараттар тасқыны идея және идеологиялармен бірге, әртекті діни ағымдардың іштей де, сырттай да қақ­ты­ғы­сы қазақты іргелі ел етемін деген әрбір ұлт интеллигенциясынан со ұлттық СӨЗ бен ұлттық ІС-ӘРЕКЕТТІ күтеді.

«Қазақ әдебиеті». 18 тамыз, 2000 жыл