ӨЗ ТАМЫРЫҢДЫ ӨЗІҢ ЖОЯ АЛМАЙСЫҢ

Жақында «Комсомольская правда» газетінің 10 наурыз күн­­гі санында «В КАЗАХСТАНЕ РЕСТАВРИРУЕТСЯ феодализм? К такому выводу пришли представители научной и интеллектуальной элиты, собравшись в Алма-Ате, в немецком доме. Разобрав затем по косточкам казахстанскую политическую элиту, они констатировали: политической элиты у нас нет. В результате «круглый стол» родил идею «национального круглого стола» деген тақырыппен Любовь краснова ха­ным­ның ма­қа­ла­сы жарық көрді. Обалы не керек, автор атал­ған оты­рыс­тың мән-мағынасы мен сол жердегі өт­кен талас-тартыс жағ­да­йы­ның қыр-сырын барынша ашуға ты­рыс­қан.

Сондағы ұққанымыз, біріншіден, ондағы жиналғандардың аты-жөндері қазақ болғанымен, ішкі жан-дүниелерінің, рухани иірім-нюанстарының ассимиляцияланып, ойлау жүйелері, сана-сезімдері ұлттық болмыс-бітімнен қол үзіп қалғандықтары; екіншіден, өздері арысы со феодализмнің көзін көріп, «дәмін» тат­қан, берісі со ауылдың, ауыл адамының шашырандысы, «суға» айналып кеткен қандары екендігін ұмытқандары; үшін­ші­ден, бейтопырақ, атүсті образованщинаның типтенген өкіл­де­рі екендігі; төртіншіден, «айрықша жағдай жасалып жатқан қа­зақ», «орыстарға көрсетіліп жатқан қазақ қысымы» деген жаптым жала, жақтым күйе аздай, ендігі жетпегені «…кімге фео­дал­дық қоғамның құрылуы ұнамаса, солар елді тастап кетіп жатыр» деген кезекті бір негізсіз сөзге ерік бергендіктері. осындайда, ау, ағайын, Президенттен бастап, қазақтың үл­кен-кі­ші­сі «ортақ Отан, бір-бірімізден қол үзбейік» деп жар құ­ла­ғы жас­тық­қа тимей жүргені қайда? Амал қанша, кеткісі кел­ген­дер­дің аяқ-қолдарын байлап, қаңтарып қою керек пе? Бұл әр ға­сыр­да бір болып тұратын табиғи көші-қон легі емес пе? Сон­ша­лық­ты, шарды ыстық ауамен үргендей, одан саяси мән із­деп жат­қа­ны­мыз­ға не жорық? – дегің келеді.
Сол жиында негізгі баяндаманы жасаған философия ғы­лы­мы­ның докторы, Инновациалдық ақпарат қорының директоры Н.Әміреқұловтың пікірі бойынша «…после распада Союза рынок и либерализация превратились для Казахстана из факторов прогресса в факторы регресса» екен де, содан кейін Қа­зақ­стан­да­ғы басқарушы элита: «Она (басқарушы элита – А.Ә.) также покончила с равенством этносов, межжузовским балансом…» дегеніндей, мұндағы жұртты алалап жат­қан кө­­рі­не­ді. Одан ары қарай: «…суверенитет реанимировал феодальные приоритеты. Вместо модернизации мы получили феодальную реставрацию» деген «білгіштікке» қа­ны­ға­мыз. Не деген абсурд! Не деген сөз жауапсыздығы! Бір кезде атақ­ты Гегель «тарих екі рет, бі­рін­де трагедия, екіншісінде фарс тү­рін­де қай­та­ла­нуы бек мүмкін» деген көрінеді. Қалай дегенде де, мұн­да нақ­ты­лық­қа қа­ра­ған­да, болжам білдіру бар. Түсінгенге бұ да мә­де­ниет, бұ да үлгі. содан соң, атақты ойшыл мұны тура ма­ғы­на­сын­да айт­па­ға­нын ескергеніміз жөн. Ал, біздің об­ра­зо­ван­щи­на­ның типтенген өкіл­де­рі болса тарих Қазақстанды фео­дализм тү­рін­де қай­та қал­пы­на келтіріп жатыр дегенге сая­тын нақ­ты пікір-пә­туа­сын біл­ді­ре­ді. Бұл немене, білместік пе, әлде әде­йі­лік пе? Құрметті док­тор­дың сөзіне сенсек, онда «Ресей мо­нар­хия­лық мемлекет жолына түскен» деген болжам айтуымыз керек қой. Осындайда, еш­қан­дай да жауапкершіліксіз жа­зыл­ған сөз­дің төркінін бағамдай келе қазақтың «саудың та­ма­ғын ішіп, жың­ды­ның сөзін сөйлейді» деген қанатты сөзі еріксіз есі­ңе тү­се­ді екен. Әрине, мұнымен біз аталған қос азаматты кекетіп-мұ­қат­қы­мыз келмейді. Әйтсе де, бұ да ескерер жай екендігін құ­лақ­қа­ғыс етсек дейміз.
Егер, аталған қос азамат ұлттық болмыс-бітіміміз, түр-тұл­ға, әдет-ғұрып, салт-санамыз азып-тозып бара жатыр дей ке­ліп, атақ­­ты ғалым-математик, ойшыл И.Шафаревич жаз­­ған­­дай «мораль тиімділік шартына тәуелді. Жер бетіндегі өмір беті жылтырап, бірқалыпты үлгіге түседі. Көнбіс сана қа­лып­та­са­ды… Та­­би­­ғат, оның ішінде адамзат қоғамы да тұ­­тас­­тай бір мүл­­тік­­сіз машинаға айналып, жеке адамдар соның бөл­шек­те­рі, «бұ­­ран­­да­­ла­­ры» сияқты қызмет атқарады немесе бір­­тек­­ті шикізат үйін­ді­сі сияқты тиеліп кете барады» деге­ні­не қо­сыл­са, жаса дер едік қой. Өкінішке орай, олай емес болып отыр. Олар уа­­қыт тынысын, замана лебін сезіне білмейтін се­кіл­ді. Әйт­­пе­­се, жо­ға­ры­да­ғы­дай ұшқары да негізсіз пікірлер айт­па­ған болар еді ғой.
Қазақ қашан рухани-мәдени азып, көкоязданудан арылған. Оның жол-жөні, себеп-салдары, жосық-жобасы шаш етектен. Бүгінге дейін халық ретінде сақталып, қайдағы бір қо­қыс-қо­лан­ға толық бой алдырмай, өлермендік танытып келе жат­қа­ны­мыз ұлттық иммунитетіміздің мықтылығынан. Соған қарамай, дағ­да­рыс­қа түскендей күй кешкен сәтімізді тек әлеуметтік-эко­но­ми­ка­лық саладан іздеуіміз қателік. Сол жиында «…правильнее было бы говорить не об элите, понятия о которой подразумевает заслуги перед обществом, а о чиновниках, которым не нужны высокие материи» деп пікір білдірген профессор Б.Ер­­мұ­­ха­­нов­­тың биік материяның рухсыз түкке аспайтындығын ескермейтіндігі. Оның орнын ол «жалпыхалықтық құндылық», «жал­­пы­­ха­­лық­­тық өркениет», «планетарлық мәдениет» секілді абс­трак­ция­лық ұғымдармен алмастырғысы келеді.
Бұл екеуінің пікірінен де өткен ендігі бір жай, Қазақстан республикасы Ұлттық Ғылым академиясының тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері, тарих ғылымының докторы Ж.Әбілғожиннің астамдығы. Ол: «Мы не ушли из сельской субкультуры» дей келіп, «отношения строятся по принципу «я – тебе, ты – мне» дейді. Оның сондағы айтпағы, ауыл «мен – саған, сен – маған» деген принциппен ғана өмір сү­ре­ді­ні айту ғой. Одан ары доктор: «Кроме того, процесс урбанизации, исторически длительный, у нас происходит сегодня в форме обвала. город топится потоком сельских жителей и сам начинает жить по нормам аграрного общества «ты – мне, я – тебе». стереотипы поведения и общения на селе, перенесенные массово в город, могут стать тормозом в развитии», – дейді.
Құрметті доктор, осы сөзді айту үшін алыстан орағытып, оған жағымсыз астар бергісі келеді. Егер, Әбілғожиннің тарих ғы­лы­мы­ның докторлығы атағы шын мәніндегі тарих ғы­лы­мы­на қо­сыл­ған жаңалық, әрі кезіндегі марксизм-ленинизм идеясынан таза болатын болса, онда ол шынында да ешкімге ештеңе өт­кі­зіп, жең ұшынан қол жалғаспай-ақ қорғаған дер едік. Оның айтуынша, қалада тамыр-таныстық жүрмейді екен, ол тек ауыл­ға ғана тән көрінеді. Не деген шолақ та ұшқары пікір.
Бір кезде қаланы асырап келген ауыл тағдырына, оның ішінде ауыл адамдарына осыншалықты жеккөрінішті көзбен қа­рау біздің менталитетімізде болған ба еді? Өз басым бірінші рет кө­ріп, естіп отырмын. Оның үстіне ол тарих ғылымының докторы болса не жорық. Доктор мырза, «субкультурадан» шығады, Сіз философ Николай Бердяев дегенді естуіңіз бар шығар. Ол өзі­ңіз айтқан мәдениет (культура) туралы: «Культура родилась из культа. Истоки ее – сакральны», – дей келіп: «Цивилизация футуристична. В цивилизации есть хамизм зазнавшегося раr­venu (выскочка – елірме – А.Ә.)», дейді. Сонда сіз әңгіме етіп отыр­ған және мақтаныш көретін урбанизацияның қай орға апарып жығатынын білесіз бе? Үлкен мәдениет қашанда та­би­ғат­пен тығыз байланысты, Иманға ұласқан құндылықтарымен қа­­­дір­­­лі де қасиетті. Сіз де, біз де сол топырақтан өнгенбіз. Асы­лық айту адамға, әсіресе, докторға жараспайды. Біле білсек, ауыл ұлы мә­де­ниет­тің о бастағы қайнар көзі – бастауы, оны келе-келе қат­қыл да қатаң ой жемісі – табиғаттан қол үзген урбанизация жұ­тып жатқан жоқ па? Содан соң, мәдениеттің «суб» не «куб»-ы болмайды. Әр халықтың өз менталитетіне тән мә­де­ние­ті болады. Ол сонысымен құнды. Оны жіліктеп жүр­ген­дер де со Әбіл­хо­жин секілділер.
Аталған мақаладан тағы бір ұққанымыз, онда жинал­ған­дар­дың көбісінің бейұлт космополитизм мен нигилизмнің «же­мі­сін» жегендігі. Осынау күрделі де қиын кезеңде ұлтына жылы сөзін аяған зиялыларға не дейміз: «жау жағадан алғанда бөрі етектен тартады» дегенді еске салуымыз қажет шығар. сосын, со шіркіндердің қағынан жеріп, қайда баратынын тағы тү­сін­беймін.

«Қазақ әдебиеті».
17 наурыз, 2000 жыл