«Ақиқат» — қоғамдық ой отауы болмақ!

1

11160148_399047363608604_821554095_n

Аманхан ӘЛІМҰЛЫ,

«Ақиқат» журналының Бас редакторы.

Құрметті оқырман!

«Ақиқат»  Ұлттық қоғамдық-саяси журналының екінші жартыжылдығынан Сіздер төмендегідей материалдарды оқи аласыздар. Олар Сіздерді бейжай қалдырмас.Яғни, біз қазақ елінің тарихы, ұлттық сана, ұлттық рух сияқты өзекті мәселелер мен ғылымдағы көкейкесті мәселелерді көтеруді жоспарлап отырмыз.  Әдеттегідей журналмыздың алдағы сандарынан  «Қазақ қандай ұлт?!» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Келелі кеңеске  Зардыхан Қиянатұлы, Мәмбет Қойгелді секілді белгілі ғалымдар қатыспақшы. Тарихшы Нәбижан Мұқамедханұлының «Қазақ хандығының  құрылуы негіздері»,  ақын, ғалым Ақылбек Шаяхметтің  «Қазақ қасіретіне көзқарас» атты өткір, тұщымды мақалаларда өзінің кезегін күтіп тұр. Алдағы нөмерлерде әдебиеттану, мәдениеттану ғылымдарына байланысты да  дөңгелек үстелдерді өткізуді жоспарлап отырмыз. «Ғалым мінбері» айдары да тың деректермен толықтырылмақ. Бастысы, «Ақиқат» журналы — қоғамдық ой отауы болмақ!

Сіздерді «Ақиқат» журналының 2015 жылғы 6 айлығына жазылуға шақырамыз!! Журнал ұжымы оқырман ретінде Сіздерге қаншалықты сенсе, Сіздер де бізге мазмұнды да мәнді журнал шығарады деп сеніңіздер!! Әдеттегідей алдағы уақытта да журнал қазақ қоғамының көкейтесті мәселелерін қозғайтын болады. Журналдың назарынан әдебиет сыны мен әдебиеттің басқа да проблемалары тыс қалмайды. Өткір сыни мақалаларды оқитын боласыздар. Сонымен, 6 айға жазылыңыздар!

Біз, «Ақиқат» журналының редакция алқасы өз оқырманымыздың сенімінен шығуға бар қажыр-қайратымызды салып жұмыс істейміз.