«АУ, ЗЕМЛЯКИ…» ол кімді, неге шақырып «ұлиды»

…в такой стране у подрастающего

поколения нет будущего.
Юрий Киринициянов,
собственный корреспондент
«Российской газеты».
Уроженец г. Семипалатинска.
Прожил в городе 14 лет с
1949 по 1963 гг.
(451 по Фаренгейту, №8. 1999 г.)

…вряд ли существует какая-то
особая казахская экономика.
Как нет казахской геометрии и алгебры…
… Он как-то позабыл про массовую эмиграцию.
Страна, которая потеряла полтора
миллиона не самых глупых, не самых
бездарных соотечественников, на что
она может рассчитывать,
кроме как на то, что имеет…
…Уверен, нашлись бы и в Казахстане
лидеры, которые повели бы народ
под панисламистскими, ультрарадикальными
лозунгами – против русских, против «иноверцев».
Юрий Киринициянов,
собственный корреспондент
«Российской газеты» для
«451 по Фаренгейту». №11, 1999 г.
… Казахстанские власти сделали так мало,
чтоб приостановить русскую эмиграцию.
Полтора миллиона бывших казахстанцев – это,
безусловно, минус для республики.
Юрий Киринициянов.
«Труд», 3 февраль, 2000 г.
Тағы да Киринициянов.
Иә, тағы да со Юрий Киринициянов. Бұл жоғарыдағы сөз­дер қазақ, қазақстандықтардың басына құйылар жуынды мен біз­­дің мемлекетіміздің басты құндылығы – тынышты­ғы­мыз­дың бетіне шіркеу, атына жағылар күйенің жұғындысы ғана. Ір­ге­лес ресей саясатының қазіргі шым-шытырық қайшылығы – тырнақ астынан кір іздеп, оның картасын араластырушылар үшін таптырмас ілік. Осы тұстағы олардың мақсаты – «орыстарға көр­сет­кен қазақ, үкімет, айта берді Президенттің қысымын» қоз­да­ту арқылы кіндік ұлт пен оның айналасындағы айрандай ұйы­ған халықтар достығына іріткі салу. Осы іс-әрекеттер ар­қы­лы мемлекет территориясының тұтастығына нұқсан келтіру деген мақ­сат-мүдде де болмауы мүмкін емес деп қалай ойламайсыз. Әр­бір өтірік, не тонын теріс айналдырған ақпараттар бір ғана ар-ождан, ұяттың ғана аясында қалмайды, олар мем­ле­кет­тің ішкі ұйтқы – тұрақтылығына кері әсер етіп, сол мемлекеттегі ха­лық­тар қақтығысының «көзін ашады». Осы тұста нобель сый­лы­ғы­ның лауреаты, Испан жазушысы Камило Хосе Се­ла­ның «журналистика – не пиршество и не комната ужасов в музее восковых фигур» дей келіп, «журналисты должны помнить, что они не актеры в водовороте событий» дегенін атап өт­сек, еш­қан­дай да артық болмайды ғой деп ойлаймыз.
Бұл әрбір тәуелсіздік терісін жамылған әлдекімдерге тә­уел­ді басылымдарға да, оның белді-белді қызметкерлеріне де са­бақ болса игі.
Міне, тағы бір тоқталмай кетуге болмайтын жай, біздегі орыс публицистерінің, оның ішінде ерекше атап өтетіні кейбір ба­сы­лым­дар­дың басты кемшілігі – сыртқа қарап ұлуларын былай қойғанда, өз беттерінде Юрий Киринициянов секілді жалдамалы журналистердің сырт көз ұшпа пікірлерімен санасып, сол арқылы қоғамдық пікір қалыптастыруы.
Ол сосын «К праздникам – Дню республики. Дню независимости –газеты публикуют длинные списки награжденных. русских фамилии здесь, практически нет» деп көл­гір­си­ді. Ау, Юрий мырза, сонда қазақ журналистерінен де бұ­рын президент сыйлығын алған өз қандасыңыз, әрі әріптесіңіз журналист Устюговты қайда қоясыз? Мұндай мысалдарды жүз­деп келтіруге болады. Сіздің кемшілігіңіз сонда, ондай тізімдерді оқып білмейтіндігіңіз. Бір ғана Алматы қаласының әкі­мі Храпуновтың қолынан сый-сияпат көріп жатқан орыс, тағы да басқа ұлт өкілдері қаншама?
Жалпы, қазақстандықтар, сонан соң Қазақстанның ұлт­тық қауіпсіздігі үшін қазіргі басты қатер, әрі синдром – ол қо­ғам­дық тыныштықты қоздырып, қасиетті құндылығымыз – ха­лық­тың рухын аздыру үшін жүргізіліп жатқан ішкі-сыртқы ақ­па­рат­тық экспансия. Олар қазақстандықтардың ең әлсіз, қор­ғау­сыз да қорғансыз сезімдерімен ойнайды. Соның бірі, бірі болғанда бірегейі – «айрықша жағдай жасалып жатқан қа­зақ», «шектен тыс қысым көріп жатқан орыс» мәселесі. Не еке­нін қайдам, осы бір ақпараттардың өсіріліп көрсетіліп, тіпті, жалған да ай­ты­ла­тын­ды­ғы­на қазақ басылымдары мен қазақ жур­на­лис­те­рі­нің басы ауыруы керек, ал, орыс журналистері мен басылымдары үшін бұл мәселе шешіліп қойған секілді. Ол мәселеде олар кириницияновтарды қолдағандай үнсіз қалады. Сондықтан да, қоғамды ақпараттандыру мен ақпараттық технологияның дамуына байланысты, біз қазір сырттан келетін сол та­қы­лет­тес күштердің мүмкіндіктерімен барынша санасуға тиіспіз. Және оған қарсы тұра алатын со секілді іс-әрекеттер мен ша­ра­лар­дың көзін кеңейтпесек тағы болмайды. Ол әлі де жетіспей жатыр. мысалы, бізден қаншама ілгері кеткен АҚШ-тың өзі соңғы 15 жыл­дың ішінде ақпараттық кеңістікті игеру үшін соған лайықты құ­рал­дар­ды алуға, оны дамытуға, әрі оларды тиімді пайдалану үшін бөлінетін қаржыны төрт есе өсірген. Қазір сырттан келетін, сондай-ақ, сырттан телініп өзімізде етек алған басылымдар мен телерадио арналары біздің ақпараттық кеңістігімізде өз­де­рі­нің саяси-әлеуметтік құрылымын, несие-қаржылық жүйесін қа­­лып­­тас­­ты­­рып, біздің мәдени-өнегелілігіміз бен ар-ождан, ұлт­тық құн­ды­лық­та­ры­мыз­дың қасиеттерін кетіруде. Ғылым мен білім саласындағы кетік-кемшілігіміз де соған келіп саяды. Бұл мәселе, саяси-экономикалық, ақпараттық және әскери, док­тринамызды нығайтуға келгенде де үлкен ой салып, бізге кең етек алып келе жатқан мылтықсыз ақпарат майданында алғы шебімізді, тіпті, аз ғана ұтылысқа қарамай, шегіне тоқтаған ше­бі­міз­ден еңсе көтеруді міндеттейді.
Юрий Киринициянов мырза сол аталған мақаласында тіл мә­се­ле­сін де шет қалдырмаған. Ол: «Уверен, что без «обязаловки» дети быстрее станут говорить на двух языках», – дейді. сонда, жергілікті кіндік ұлттың мемлекеттік тілін үйрен, оқы дегенде не «обязаловка» тұр. Бізде Қазақстанда қай ұлт­тың болмасын дін, тіл мәселесі Конституция бойынша қор­ғал­май­ды ма?
Ендеше, аталған мақаладағы Галина Федоровна Заеваның: «казахи хотят построит свое государство, не надо им мешать…» дегеніне бәріміз қол қойып, қазақ, орыс, украин, ұй­ғыр, кәріс, тағы басқа ұлт болып өркениетті де құқықты мемлекет құрайық. Соған қарамай, ескеретін жай, қазіргі қазақ жағ­да­йын­да Юрий Киринициянов секілді жазғыштардың «пуб­ли­цис­ти­ка­лық-рэкеттік» шара-шамаларының «саяси-рэкеттік» іс-әре­кет­тер­ге айналын кетпеуін қазақстандықтар тұтастық таныта отыра қадағалап, құлақты түріп, сананы сергек, ұшпа сезімді тежей ұс­тап, оларға тиісті жауап беріп отыру – міндетіміз.

«Қазақ әдебиеті».
25 ақпан, 2000 жыл