Туған күніңізбен!

Куттыктау

Г.Бельгер:
 «Ақиқаттың» N7 санын парақтап шықтым. Əрі қуанып, əрі таңдандым.  
Журнал мықты. Материалдар актуальды, тұшымды , өткір. Тиражы  3380. 
Көңілі көлдей, кісіге тек болса дейтін, аңқылдаған ақкөңіл , жаны жайсаң,
əділ, өсек- аяң  ғайбаттан аулақ,  ақылдымсып бөспейтін, аз сөйлеп, 
көп тыңдайтын Аманханға (қашанда) тəнтімін. Оған редактор ретінде де ризамын.
Жұртқа адам жаға ма? Сондай Аманханды да біреулердің олай-бұлай дейтініне түсінбеймін.
Ей, қазақ, Аманхан журналды көтерді емес пе ?  Бізде мəрт, уəдеге берік сайыпқырандар
көп пе соншалық ? Аманханмен мақтану лазым. Менің ұстанымым солай.»
11.09.013 ж.

Куттыктау

Біз де Аманхан ағамызбен мақтанамыз,  Гер-аға!  Бүгін біздің «Қазақ газеттері» серіктестігіне  қарасты «Ақиқат» қоғамдық-саяси журналының бас редакторы, М.Мақатаев сыйлығының иегері,  белгілі ақын, Аманхан Әлімнің туған күні! Пайғамбар жасына келген құрметті әріптесімізге  мықты денсаулық, шығармашылық  биік  белестер, отбасына ырыс- береке, шат ашдыман өмір  тілейміз. Осындай жарқылдаған қалпыңызбен ұзақ жасаңыз, жақсы аға!