ӨЗІҢЕ ӨЗІҢ ҚОЛ САЛМА, ол Құдайдың да, адамның да, қоғамның да алдында күнә

Қай заманда да өзіне-өзі қол салғандардың іс-әрекеттері ақ­тал­ма­ған. Қайта қатаң айып тағылып, күнәһар ретінде қа­ра­лып отырған. Тіпті, орта ғасыр заң шығарушылары өзіне-өзі қол салғандардың мүліктерін тәркілеп, оларды жарлы-жақыбайларға беріп отырған. Ал, Францияда ондай іс-әрекеттерге барғандарды қала орталығындағы алаң­да аяғынан дарға асып, іліп қойған. Цюрихте болса, өзі­не-өзі қол салған жанды есік табалдырығының астынан қа­зыл­ған тесіктен шығарған. Сондай-ақ, адам өзін-өзі суға тұн­шық­ты­рып өлтірсе, оны сол судың астында жерлеген, ал, ол өзіне-өзі пышақ салса, оның қабірінің басына пышақ қа­дал­ған ағаш қойған.

«Дүние жалған» деген қазақ, оның босаған тұсын «жазмыштан озмыш жоқ» деп бекіткен. Олай деуінің сыры, біздіңше, өлім­ге қарағанда өмірге құштарлықтан туған қасиеттің хәм-харакеті. Бақи мен фәни де соған саяды. Осынау сөздің ал­дың­ғы­сы­на қарағанда, соңғысының барына кез келген жұмыр басты пен­де­нің таусылған дәм-тұзы, сөнген жарығы дәлелдеп жатыр. Енді Құран Кәрімнің Ниса сүресі «Көктегі әрі жердегі нәр­се­лер Алланікі. Сондай-ақ, Алла әр нәрсені толық мең­ге­ру­ші» дейді. Яғни, адам өзіне-өзі қол салғанда, өзінің емес Ал­ла­ның нәрсесіне қол салады екен. Бұл – күнә. Ендеше, бізге ғұ­мыр­ды өмір сүрсін деп беріпті. Ел «Тұз-дәмі таусылды» де­генде «Алла өз бергенін өзі алды» де­ген ойды меңзейді емес пе?
Мұның бәрін таратып айтуға тырысуымыздың сыры, соңғы кездері өмірімізге енген қиындығы мен қызығы тел қоғамдық формацияның адам өміріне әртүрлі жағдайда әсер етуінен болып отыр. Көңіл кілкітіп, көмей кептер ғұмырлық сауалдың туатыны да сонда. Әлеуметтік күйзелістің, әлдебір көзге кө­рін­бес жүйе-жүйелер арқылы жүйке-жүйкемізді тоздыратын қиын-қыстау кезеңнің қайғы-қасіреті адам өміріне ықпал етпей тұрған жоқ. Міне, сондықтан да соңғы кездері өзінің өміріне қол салып, өзінің қамшының сабындай ғана ғұмырына қас­тан­дық жасаушылар әр тұстан бой көтеріп қалуда. Жаратқан ие­нің кесіп-пішіп берген ғұмырын көп көрген мұндай жандарға не деуге болады? Бұл – мәңгілік сауал. Әрине, күнделікті күй­бең тіршіліктің көзімен қарасақ, оны ақтауға да болар. Бірақ, мұ­ның санаға сыймайтын тұсы да жоқ емес.
Сөзсіз, қазіргі қиын-қыстау кезең кімге де болса оңай тиіп тұр­ған жоқ. Отбасы, ошақ қасындағы жетіспеушілік, адамның қа­ра­қан басына түскен қасірет, тіпті, болмағанда әлдеқандай бір істен, әлдебіреуден көрген қысым, жәбір адам өмірін қиып, оған сол ғұмыр иесінің өзі қол салса, не жорық? Мәселен, оны жазып, айтып жатқан кейбір газеттеріміз бен адамдарымыз сол өзіне-өзі қол салған жанның басына түскен қиындыққа шыдай ал­ма­ған­ды­ғын, оған қоғамның, мемлекеттің, тіпті, айта берді жеке адам­дар­дың жасаған қысымдарынан деп тон пішуінде болып отыр. ендеше, Аристотельдің «Этикасындағы» «Умирать по причине бедствии или любви, или каких-нибудь вообще не­удач недостойно храброго мужа. Че­ловек, стремящийся к смерти как благу, тем самым лишь избегает трудностей, с которыми соединено достижение настоящих благ» дегенін қай­да қоямыз? шынында да, атақты ойшылдың осынау сөзінің жаны барлығына ешкім шек қоймаса керек. Өйткені, адам адам болып өмірге келгеннен кейін басына түскен жарық дүниені жал­пағы­нан бас­қа­ны­нан не пайда? Егер Платонның айтқанына сенсек, адам өмірге қойған күзетші- жауынгер көрінеді. Ол өзі­не сеніп тап­сы­рыл­ған «Өмір» атты объектісіне жауапты қа­ра­май, өзіне-өзі қол салып, оны тағдыр тәлкегінде қалдырса, ҚЫЛ­МЫС­КЕР саналады екен.
Мұны тілге тиек еткенде біздің айтарымыз, өмірге келдік екен, оны бағалай білгеніміз жөн. Өзіңнің өмірден өтуің сырт көз­ге түк те емес көрінер, ал, артыңда қалған ағайын-туған, дос-жарандарыңды қандай күйде қалдыратыныңды сезесің бе? Кей-кейде ұзынқұлақ, кейбір баспасөздерден бала-шағасын асырай алмай, биік қабатты үйден құлап немесе әртүрлі жолдар, әртүрлі себептермен өзіне-өзі қол салған адам өлімдерін естігенде, еріксіз жағаңды ұстайсың. Сонау, арысын айтпағанда, берісі адам төзгісіз ашаршылық кезінде өмір үшін арпалысқан жандарды осындайда еріксіз есіне алып, жанкешті ерлерге балайды екенсің. Дәл осы жерде тағы да бір жүгінбей, мысалға келтірмей өтпейтін сөз Блаженный Августиннің: «самоубийца есть человекоубийца, и он тем более виновен, чем менее у нею было причин к лишению себя жизни. Шестая заповедь говорит: «Не убей…». Нужно уважать, тех, кто умеет жить среди неприятностей, а не тех, кто ищет от них спасе­ния в смерти» дегені. Міне, осы тұрғыдан келгенде өмірге деген құштарлық өлімге қа­ра­ған­да әлдеқайда биік тұрса керек.
Ал, енді бұған дін қалай қарайды? Егер, шариғат жолына жүгінсек, өзіне-өзі қол салғандарға жаназа оқылып, көппен бірге жерленбейді екен. Яғни, мұндай іс-әрекетті Құдай да қош көрмеген. Бір қызығы, Бірінші Петр 1716 жылғы берген жар­лы­ғын­да: «Ежели кто себя убьет, то подлежит тело его па­лачу в бесчестное место отволочь и закопать, волоча прежде по улицам» дей келе, одан әрі «А ежели кто учинит убийство себя в беспамятство, болезни, мелан­холии, то оное тело в особливом, но не бесчестном месте похоро­нить» деп түйіндейді. Кейбір өзіне-өзі қол салған адамдар артына өзінің өліміне кім немесе не кінәлі екендігін айтып қолхат қалдырады. Ол сонымен өзінің осындай іс-әрекетке барғанына қаншалықты күнә екендігін елеп-ескермей, өзгелерді әрі-сәрі күйге қалдырады. Оның арты дау-дамайға ұласып, күнә үстіне күнә қосылады да, осы тұстан «Тірі адам тіршілігін жасайды» деген қанатты сөз өз кезегін алады. Ұлтымыздың сана-сезімін былай қойғанда, қан-тегінде жоқ қасірет әкелер қасиет-қылықтың қайдан, қалай, қа­шан келгенін бір құдайдың өзі білсін. Сауалдан соң сауал…
Мұның барлығын сөз басында айтқан «Жазмыштан озмыш жоқ» деген қағидаға сайдырып қоя салуға болар еді. Бі­рақ, адамның өзіне-өзі қол салуына Жаратқан иеміздің өзі де қар­сы екен. Ендеше, Құран Кәрімнің Бақара сүресінің екінші ая­тын­да­ғы: «Міне, осы кітапта күдік жоқ, тақуалар үшін тура жол көр­се­ту­ші» деген жазуы күллі адамзат баласына тиесілі. Тағы да қай­та­лап айтамыз, құдай алдында күнәһар болғымыз келмейді, бұл сөздеріміз өлілерге емес, тірілерге бағышталған.

«Жас Алаш».
15 маусым, 1999 жыл