ШЕТТЕН КЕЛЕТІН АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫ ШЕКТЕЛДІ, ЕНДІ, ИДЕОЛОГИЯ ТАУАРЛАРЫНА ШЕК ҚОЙЫЛА МА?

Экономикалық дағдарыс. Ол қайда да, қай кезеңде де түр-түсі, мән-мағынасы, порым-пошымы, түп-тұяғы, төр­кін-төрі біркелкі, құлатар ор, шығарар биігі бір-біріне ұқсас құ­бы­лыс. Онда тіл, діл, дін деген секілді қасиетті ұғым, түй­сік-түсінік болмайды. Сондықтан, оның ілгері-кейінді, тө­мен­ді-биікті, құлдырау мен шарықтау сияқты аумалы-төк­пе­лі кезең-кезеңі қандай ел, қай қоғамда да болып тұ­ра­ды. Бола береді де.

Ал, идея, идеология, олардың мақсат-мүдде дағдарысы ше? Міне, қасірет-қайғы, сор-сора осында. Мына жарық дүниеде кеудесінде жаны, бойында рухы, ой мен тілі тұсаусыз тәуелсіз мемлекет, егемен ел, арда емген ұлт болғымыз келсе, алдымен идея, идеология дағдарысына жол бермеуіміз керек. Рух тұ­тас­ты­ғын сақтайық.
Иә, Елбасының жаңа жыл алдында «Тауар импорты жағ­да­йын­да ішкі рынокты қорғау шаралары туралы» заңға қол қой­ға­ны құптарлық та, қолдар жай. Іргелес Ресейден, тағы да бас­қа елдерден ағылып келіп жатқан азық-түлікке шектеу қо­йыл­са, ол экономикалық дағдарыстан шығудың жолын іздеген қай жақ­қа да жат емес. Тиімсіз болса ақылдасады, кеңеседі, кесіп-пішеді, қойыңызшы, әйтеуір бір келісімге келері тағы белгілі. Сол үшін ол экономика, сол үшін ол экономикалық дағдарыс. Айта берді, «жалпыға ортақ», жалпыхалықтық құбылыс. Ал, идея, идеология «жалпыға ортақ», «жалпыхалықтық», «ортақ үй­лік» құндылық, тауар бола алмайды. Болмаған да. Өйткені, онда тіл, діл, дін, иман, рух, дәстүр тәрізді киелі де, қасиетті құн­ды­лық­тар­дың құнар, құрылымы бар. Біз, ұлт зиялылары, са­на­да­ғы дағдарысқа қарсы қандай әрекеттерге барып жатырмыз? Тұяқ сер­пу бар ма? Бар, әрине! Бірақ аз. Өзімізге қа­ра­ған­да өзгені аяғышпыз. Келісімпаз, ымыраға келгішпіз. Мұн­дай­ды, Майлықожа ақын тілімен айтқанда, «Әкеден сор боп туу» дейді. Қарым қайтарардай қарсылық көрсете алмаймыз. Нау­қан­шыл­мыз. Сырттан келіп, сырттан телінген бейұлт – бейберекеттікке қарсы тұтастай, жүйелі бір жолға қойылған қа­рым­ды құ­ра­лы­мыз жоқ.
Бізде «Алатау» телеарнасы «сүт түс» сүрең күйге көшсе (экран тілінде бұл жоқ, жабылған деген ұғымды білдіреді), пә­лен жылдан бері қазақтың рухани түйсік-түсінігі, құлақ, көзі болып келген «Шалқар» радиоарнасы жабылды. Сонда, олар­дың орнын немен алмастырдық. Ұлтқа ұсынып, береріміз бар ма? Әй, қайдам. Жазушылар одағында өткен Алматы зия­лы­ла­ры­ның жиынында белгілі диктор, ел сүйіктісіне айналған Сауық Жа­қа­но­ва­ның жан даусын естіген жұрттың көңілі жылап, көзі жасаурады. Айтайықшы, сол жиын туралы «Ақшам» телеарнасынан басқа бірде-бір телерадио арна айтып, көрсетпеді. Өйткені, озы­ғы «Хабардан» бастап, басқа телерадио арналарға өткір сын айтылған еді. Міне, біздегі демократия, жариялылықтың түрі осы. Қазақ мәселесі, ұлт мұңы айтылмасын. Қазаққа ол неге керек? Республика аты болса болды емес пе? «Хабар» демекші, барынша қазақтана ма деген аталған агенттік ұлт тілінде жү­ре­тін «Хабар» бағдарламасын көруге қолайсыз кешкі 8-ге қо­йып, қай-қайдағы кішкентайларды «қорқытатын» «бабайка мен Тышканы» тауып алды. Сонда, өзіміздің Аяз би, Қаң­бақ шал қайда. Бұл да ұлттық дәстүр, салт. Бір кездегі көп опе­ра­тор­лар­дың бірі ғана болып жүретін Владимир Рерих «хабар» агент­ті­гі­нің бишігіне айналған сыңайлы. Оның осыдан біраз уақыт бұ­рын, «Жеті күн» бағдарламасынан артында зілі бар, кез­дей­соқ сы­ңай­да айта салған, бізге 3 мемлекеттік арна неге керек деген сөзі кейін іске асады деп кім ойлаған. Әрі-беріден соң, әң­гі­ме те­ле­ра­дио­ар­на­лар­дың қысқарып-ұзаруында тұрған жоқ, мә­се­ле бұ­қа­ра­лық ақпарат құралдары – төртінші билік мемле­кет­тік тіл­дің тілдік ортасын қалыптастыру үшін қандай қыз­мет­тер ат­қа­рып отыр? Егер, Республикамыздағы коммерциялық арналар өзге тәуелсіз елдердегідей өздерінің мемлекеттік тіліңде сайрап тұр­са бір жөн. Онда әңгіме басқа.
Қазір ұлттық сана-сезімді қалыптастыратын бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құралдары рухани-әлеуметтік, рухани-пси­хо­ло­гия­лық, рухани-саяси дағдарыста. Олардың орны бір-бірлеп босап жатыр. Яғни, ақпараттық кеңістікте ұлттық ақ­па­рат құ­рал­да­ры­ның тынысы тарылып, өз жерінде, өз елінде жал­таң да жетімек күй кешкен. Олардың орнын сырттан келген кірме, бол­ма­ған жағ­дай­да «іштен шыққан шұбар жылан» ақпарат құ­рал­да­ры алмастыруда. Олар кез келген мә­се­ле­ні сөз етіп қозғайды, кө­те­ре­ді, тек ол қазақ ұлтының мүд­де­сі болмасын. Амстер­дам­да­ғы «голубойлардан» бастап, ба­тыс­та­ғы гомосексуалис­тер­дің түсін түс­теп, атын айтып бере алады. Телеарнада секстің қыр-сырын көрсетіп, радиоарнада Қажыгелдинше «Ресей есік­тен кір­гіз­бе­се, терезеден түсеміз» деген секілді. «Ресейге сендер бар­­ма­­саң­­дар, Ресей сендерге келеді» деп жар салған хабар-жарнамаларды таң­ер­тең­нен бастап, басың жастыққа тигенше ес­ти­сің. Олар­дың аты көп, мысалы «Русское ра­дио», «Радио-караван», «Радио-НС», «Радио-СИТИ», «Шахар», «Радио-31», «радио-Хабар» болып кете береді, кете береді. Олар кезкелген тілде сөй­леу­ге дайын, тек қазақ тілінде емес. Содан соң, ресей мен ба­тыс­тың хабар-ошары, жай-жапсары қолмен ұстап, көз­бен көр­­ген­­дей баяндалады. Мемлекетіміздің қоғамдық, сая­си, эко­но­ми­ка­лық, мә­де­ни-әлеуметтік өміріне етенелей енген атал­ған ра­­дио­­ар­­на­­лар­­ға күнделікті секс, қым-қиғаш атыс-шабыспен «бөлеп» ұйық­та­та­тын телеарналарды қоссақ, оның үс­­ті­­не «КП», «АиФ» секілді сырттан кел­ген кірме басылымдарды тілге тиек етсек, онда мәселе тіпті күрделене түседі. «Жаңа әлем­дік тәртіп» насихатшылары ұлт санасын улағанды былай қой­ған­да, көзіңді бақырайтып қойып «Қазақтардың қолынан вино жасау да келмейді» деп кемсітіп, кекететінін қайтерсің. Лайым, ол қолымыздан келмей-ақ қойсын, тек, намысқа тиме. «Жаңа адам», «жаңа қазақ» қалыптастырудағы олардың «еңбектері» де ұшан-теңіз. Қыз-келіншектерімізге «аборттың» неше түрін үй­ре­те­ді, еркектерімізге секспен айналысудың жөн-жосығын көр­се­те­ді, бала-шағаларымызды қан төгіп, ұрлық-қарлыққа бау­литын, қатыгездікке бой алдыратын батыстың қалдық, қоқыс «кино классикасын» насихаттайды. Әйтеуір, қазақты ұлттық дәс­түр­ден қол үздіріп, теріс жолға салу.
Қазақстан мен қазақ халқының рухани және ұлттық-мемлекеттік тарихи негізінің үзіліп жалғанғанын, жарасымды жа­ңар­ға­нын қаламайтын күштер, арамыздан шыққан либерал-батысшылдар, нигилист-космополит интернационалистердің көзі, қолы, құлағы, аузы арқылы от көсеп, ұлттық болмысымызды қа­лып­тас­тыр­мау­ға барын салып жатқаны ащы да болса ақи­­қат. Қа­зір­гі өмірімізге сыналай енген электрондық ақпарат құ­рал­дары­ның қаншалықты пәрменмен ұлтқа қарсы қызмет етіп жатқа­нын саралайтын бізде қандай шаралар бар. Сондықтан, бізге бүгінде:
1. Тарихи-табиғи ұлттық бол­мысымызды қолдап, қор­ғай­тын…
2. Тіл, діл, рух тұтастығын жалғап, жалғастыратын…
3. Ұлттық идея мен идеологияны нығайтып, оның өріс-өре­сін кеңейтетін.
4. Ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарының басын бі­рік­ті­­ре­тін, соларға жеке-жеке жол ашатын – ұлттық бағыт-бағ­­дар­­да­­ғы көздер керек.
Содан соң, сөз басында айтылғандай, «Тауар импорты жағ­да­йын­да ішкі рынокты қорғау шаралары туралы» заңы секілді әр түрлі құйтырқы, су асты ағыстарындағыдай әрекеттегі қы­лық­тар­ға баратын жеке тұлғаларға, Ресейден, жалпы сырттан келетін күйретуші идея мен идеология тауарларын шектейтін Заң керек. Ол араға уақыт салмай қабылданса, жедел іске қосылса, содан соң оның орындалып, жүзеге асқанын қадағалап, ба­қы­лай­тын орындар мінсіз қызмет етсе, нұр үстіне нұр болар еді. Бол­ма­ған жағдайда ұлы Абайдың «қолымды мезгілінен кеш сермедім» дегеніндей күй кешеміз.
Сонымен, шеттен келетін азық-түлік тауарлар шектелді, енді, күйретуші идея мен идеология тау­арларына шек қойыла ма? Бұған менің Президентім мен Үкіметім, парламент пен министрім не дейді?

«Жас Алаш».
3 наурыз, 1999 жыл