ЖЕРДІ САУДАҒА САЛУ САЯСИ МӘСЕЛЕ

Оған он ойланып, тоғыз толғану керек.

Жер – өмірлік кеңістік, тіршілік көзі. Соңғы кездері оның тө­ңі­ре­гін­де­гі болып жатқан сауда-саттық әңгімесі сан жылдық қа­лып­тас­қан санаға түрпідей тиіп, көңіл қаузайды. Осыдан аз ғана уақыт бұрын оны сату жөнінде қызу талас-тартыс, пікір қай­­шы­­лы­­ғы­­ның алаңына айналған кейбір оң басылымдардың бү­гін­де екпіні басылып, сап-сап көңіл сабырға ден алдырған. Ал, солшыл-радикал басылымдар болса қайта қоздаған әң­гі­ме­ні өр­бі­тіп, алды жерді сатып, оны алу жөніндегі хабарландыруларды жариялай бастаған сыңайлы да. «Құланның қасуына, мыл­тық­тың басуы» деген соған саяды. Болма­са, табыстың кө­зін оң басылым­дар білмейді дейсіздер ме, білгенде қандай. Жерді сату жө­нін­де­гі ұсыныстың, айта берді олай ойлаудың өзі кө­ңіл­ді де, көз­ді де алдайтын, алаңдататын тұсы, оның тиімсіздігіне бойлай енбеуіміз. Бірінші, оған таза экономикалық пайыммен қа­ра­уы­мыз. Оның өзі жан-жақты, тұтас електен өткізу емес, бір жақ­ты ой-тұ­жы­рым­ның асығыс көрінісінен өмірге келген байлам. Ол – қазіргі ты­ғы­рық­қа тірелген кейбір эко­но­ми­ка­лық-әлеу­мет­тік қиындықтан шығудың бірден-бір жолы деп қа­рау­дан ту­ған асығыс шешім.
Жерді сауда-саттыққа салуға алдымен экономикалық-әлеу­мет­тік емес, саяси тұрғыдан назар аударуымыз керек. Одан да әре­гі­рек үңілсек, оған мәдени де мән беруге тиістіміз. Қа­­зақ жерін кезекті эксперимент жасалатын орынға ай­нал­ды­­ру­­ға тос­­қа­­уыл қоятын мезгіл жетті. Әйтпесе, бір кездегі сталиндік коллективизациямен бүгінгі жерді приватизациялау, жекешелендіру, арысы сауда-саттыққа салудың арасында ешқандай да айыр­­ма­­шы­­лық жоқ. Бұл бағыт-бағдардың қай-қайсысы да жерді бей­­ұлт­­тан­­ды­­ру. Иә, жер сатылса да, оны ешкім өзімен кө­те­ріп кетпейді ғой, одан келетін территория тұтастығына нұқ­сан да болмайды дейтіндер де табылары анық. Ол рас, Жер – Ана кө­те­ріп кете қоя­тын­дай құндылық та болмас. Сонда да, жерді са­ту­ға жол бе­ріл­ме­уі керек. Сөз жоқ, қазақ даласы ұшан-те­ңіз, алып ке­ңіс­тік. иге­ріл­ме­ген жеріміз де қаншама. Соған қа­ра­май, бір сәт қо­йы­ны-қо­­ны­­шы ақшаға толы, сырттан келіп сырымызды ал­ған, болмаса сол сырттан қаржымен қамтамасыз етілетін пы­сы­қай­лар­дың же­рі­міз­дің ең құнарлы, шұрайлы, кенді орындарын сатып алып, кер­дең жүрістерін көз алдыңызға келтіріп кө­­рі­­ңіз­­ші. Олар үй-жайларын қалада ұстап, тауда саяжай жайлай, шетелдік «мерседеспен» арлы да берлі жеріміздің ша­ңын ша­ңы­на қосып, ақша жасап жүр делік. Осы тұста, айт­пай кетуге болмайтын мә­се­ле, осы біз, қа­зақ жердің құнын білеміз бе? Оны айтасыз, сырттан келген «жалпы-адамзаттық цивилизация» аяқ-қо­лы­мыз­ды байлап, мың­да­ған, айта берді, одан да көп қа­зақ­ты жұ­мыс­сыз қал­дыр­май­ды ма деген де сұрақ көлденеңдей береді.
Жерді сату дегеніміз сол коллективизация кезіндегідей қа­зақ­тың қолынан жерді тартып алумен бірдей нәрсе. Жер­гі­лік­ті жұрттың жер сатып аларлықтай қалта-қауқары да жоқ. Міне, осыдан келеді де, әлеуметтік теңсіздік кең етек алады. Шама-шарқынша аз да болса, жер еміп отырған жұрт сы­ба­ға­сы­нан айрылып, еріксіз сол жерді сатып алған ақшалы қал­та­ға тәуелді болып шыға келеді. «Етігің қысса, дүниенің кең­ді­гі­нен не пайда» деген қанатты сөз, міне, осы тұста өзінің қан­ша­лық­ты данышпандылықпен айтылғандығын тағы бір растайды. сонда, шынында да жеріміздің кеңдігінен не үміт, не қайыр?
Жер – ұлттық құндылық. Ұлттық құндылықты сауда-сат­тық­қа салу болашағы нұрлы мемлекетке болар болмас та абырой әпермейді. Онсыз да, «шықпа, жаным, шықпалап» жүр­ген жұртты сатылған жерге, оның иесінің қас-қабағына телмір­тіп қой­сақ, қасиеттей көрген тәуелсіздігімізден не пайда. Біз­дің жерді сауда-саттыққа салудың түп-төркінін әлеуметтік-эко­но­ми­ка­лық қиындыққа қарағанда, бетін аулақ қылсын, түбі от бастыратын саяси мәнінен іздемеуіміздің сыры да сонда. Жер ұлт­пен тұ­­та­­сып, кірігіп кеткен бірегей организм. Оған бір жақты қарауға болмайды. Л.Толстой «Бай не кедей, патша немесе шаруа болсын жер бәрі-бәрісіне бірдей, оны сату қара халықты құл­дық­қа байлап бергенмен бірдей» дегені де соны меңзейді.
Қорыта айтқанда, жерді са­тып, сатып алуға біздің хал­қы­мыз әлі дайын емес. Олар үшін бұл шара әлі айсбергтің кө­рін­бей жат­қан бөлігіндей, немесе түбін алдырмайтын шыңыраудай дегенге де келеді. Сондықтан да, біздіңше жер сату мәселесіне то­ғыз толғанып, он ойланып барып, кіріскеніміз жөн.

«Жас Алаш». 20 маусым, 1998 жыл