ӨЛМЕС ӨМІР, ӨШПЕС ҒҰМЫР

Фатима Ғабитова дүние салғалы 30 жыл! Отыз – жігіттің Орда бұзар жас шағы.

Әсіресе, Фатима сияқты 37-і замана желінің өтінде тұрған кө­кі­рек-көзі ашық қазақ әйелдері үшін, тіпті, қиын еді. Оның үстіне, олардың ерлерінің ақын, жазушы, ғалым, қоғам қай­рат­кер­ле­рі болғандықтарын қосыңыз. Біріне-бірін айдап салып бірін-біріне аңдытып қойған кезең кімді аясын. Сол от пен судан өткен әйелдер тағдыры бізге бар болмысымен қымбат. Олар­ға әділ бағаны әлі уақыт береді. Бұлай тәптіштеп, таратып жатқаным, дүние салғанына 30 жыл болған со Фатима Ға­­би­­то­­ва­­ның мақалада айтылған жайдың қай-қайсысына да сай­лы­ғы. болмаса, тағдыр талқысы, замана екпініне шыдамай, бордай тозып кеткендер аз ба, мына жалғанда. Адам Рухының қай­сар­лы со тұста сыналады, сынға түсе, електен өтеді. «Қол­дан не келді? Заман солай еді», – дейді қазір біреулер. Та­бан­сыз­дық пен тайғанақтық, жалтаңдық пен жасықтық, бей­прин­цип­ті­лік пен бейтараптық, адам тағдырына деген енжар қа­рау­шы­лық етек алып, сатқындық қоздап тұрған ке­зең­де­гі боркеміктігін бүр­ке­ме­ле­гі­сі келгендер со… ла… а… ай ақталады. Ақталсын-ақ, ақи­қат­қа көлеңке түсірмей бас сау­ға­ла­сын да! Қай-қайсысын да құп дерсің-ау! Жоқ, олай емес, әл­де­кім, әлдебіреулерді қаралау арқылы, өсек атты оққа байлау ар­қы­лы «сүттен ақ, судан таза» бол­ғы­сы келетіндіктерін қай­тер­сің. Заманды кінәлайды, сонда заман «Алаш» алыптарынан бастап, жазықсыз жапа шеккен ең нұр­лы, мазмұнды, әйелдік, ана­лық ажарын ерте солдырған Сә­кен, Бейімбет, Ілияс секілді аза­мат­тар­дың аза бойы қаза болып қал­ған жарларына бөле-жара жағдай жасап па? Со­лар­дың қай­сы­сы­ның Рухы сыныпты, со­лар­дың қайсысы сатқындық жасапты? Бәрін де көрді. Бәріне төзді. Өз­де­рі­нің де жандарын жегідей жеді. Әйтсе де, адамдық, адамгершілік ас­қақ­тық­та­ры­на кір шал­дыр­ған жоқ. Алаштықтардың алды атылып, соңғылары айдауда қайт­са, ал, олардың жарлары айдау, арбау, өсек-өрмекші торында азаптана жүріп, солардың көздері – ұрпақтарын тәрбиеледі. Олар шын мәніндегі өртеңде өнген өмір иелері еді. Таң­да­нар­лық жайт!
Солардың бірі, бірі болғанда бірегейі – Фатима Ғабитова!
Осы бір тағдыры күрделі, көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналып, соңынан сөз бораған, қоршаған ортасы, көзі көріп, құ­ла­ғы естіген таныс-бейтаныстарын енжар қалдырмаған ғұмыр иесі қалың көпшілікті несімен тәнті етті. Ол әлі де жұрт назарында. Оның өмірден өткеніне 30 жыл болғанына қарамай, неге ол, оның соңында қалған архив-мұралары кейбіреулердің түн ұйқысын бұзып, тынышын алады. Ал, енді біреулер болса, сол құжаттардың барлығына шүкірлік етіп, Аллаға мың алғыс айтады. Не деген қайшылық!
Айта берді, Фатима ханымның көзі тірісінде де өздерін қа­зақ әдебиеті мен мәдениеті, тіл білімі ғылымының алыптары санайтын жандардың оның алдына, ол мінбеге шыққанда, көз­де­рі­мен жер шұқып, беттерінен оттары шығатындары неліктен еді? Осындайда, сыншы Әмірхан Меңдекенің «Қазақ әде­бие­ті» газетіндегі (№11, 1998 ж.) «Ей, Қабыл, Әбіл қайда?» деген мақаласындағы зұлмат жылдарында белсенділік көр­се­тіп, кү­нә­ға батқандарды арылуға шақырғаны еріксіз есіңе тү­се­ді екен. Ұр­пақ алдында арылып, ақиқатқа ден қойса, кешірілмейтін күнә жоқ. Тек соған батылымыз жетпейді. Бүгін жа­сыр­ған ақи­қат­тың ертең алдымыздан шығатынына мойын ұсынбаймыз. Ұр­па­ғы­мыз­ды да соған бейімдейтіндей етіп іс-әрекеттерге барып, үлгі боламыз. Міне, осыдан барып сатқындық пен пәле қуу етек алады.
Ол кезде өздерін қоғамның алдыңғы сапында санайтын пы­сы­қай сатқындар үшін «қоғамдық пікір» машинасын іске қо­сып, кез келгенді таптап өту түкке тұрмайтын. Міне, сол «машина» құрбандарының бірі – Фатима Ғабитова болды. Оның соңынан желауыз сөз борауының да сыры соңда. Әйтпесе, кө­рік­ті, ақылды, сауатты, көкірек көзі ашық, көп қатарларынан көш ілгері оза туған, оның үстіне Құдай қосқан қосақтары бірінен соң бірі ұсталып, олардың артында қалған бала-шаға тәр­бие­сі қинаған Ананы көз алдыңызға келтіріп, көңіл елегінен еткізіп көріңізші. Болмаса, өзіңізді соның орнына қойыңызшы. Бұл – алып-қашты, суық та пышақ кесті өсекке қимайтын ірі Тұл­ға. Міне, осының бәрін өз кеудесінде қорыта келіп, фатима Ға­би­то­ва 1964 жылы 8-шілде күні күнделігіне: «Мен дәл осы күні өткен өміріммен тұрамын. Өйткені, менің өткен өмі­рім – соншама мағыналы, бай өмір» – деп жазыпты. Бұлай қайт­пас қай­сар Рух иесі ғана айтып, жаза алар еді.
Ол ақын, әдебиеттанушы, ұстаз, ең бастысы бірінен соң бірі ұсталып, соңғысы қуғын-сүргін көріп, сүрініп тұрған үш алып­тың ұрпағын бордай тоздырмай, қанаттыға қақтырмай, тұм­сық­ты­ға шоқыттырмай өсіп-өндірген алып Ана еді. Бір қы­зы­ғы, оның көзі тірісінде бірауыз сөз, жылы сөз айтуға жарамаған кейбіреулер, оның өмірі туралы фактілер мен күнделікті тұр­мыс­тың ақиқатын бұрмалап, ғұмыр жолын күр­де­лен­дір­ген­дер бүгінде өздеріне ауыр да болса, мына жайларды мойындайды: ол – оның қайсарлығы, күрескерлігі, ғұмыршылдығы, тағы бір мойындайтындары – Біләл, Ілияс, Мұхтар қол­жаз­ба­ла­рын НКВД-ның суық қол, сұқ көзінен сақтап, Архивке тапсырумен қоса, олардың ұрпақтарын шашыратпай, бір ұяда өсіріп-өн­ді­руі. Тәрбиелеуі. Мұндай бақытқа ие болудың өзі өл­ген­дер­ді былай қойғанда, тірілердің пешенесіне жазыла бермейтін жағдай.
Кез келген экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдай алдымен адам жүрегінен өтеді. Содан соң барып қоғамды қоз­ға­лыс­қа келтіреді. Міне, осы тұста халыққа, ұлтқа, ұлт өкілдері, оның ішінде көкірек көзі ашық ұлт зиялыларына салмақ түседі. Жік­теп, жіктелу де со тұстан басталады. Оның ақ-қарасын анық­тап, айқындап алу олардың көзін көргендердің еншісіне кө­ше­ді. Бұл тұрғыдан келгенде Фатима Ғабитованың көпшілік біле бермейтін ерлік-еншісі мол. Оның өзі қиын-қыстау күн кешіп жүргеніне қарамай Ахмет Байтұрсынов, Біләл Сүлеев, Ілияс Жан­сү­гі­ров, Мұхтар Әуезов, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет майлин, Ораз Жандосов сияқты арыстардың әлеуметтік-саяси ортасы, сол кездегі әр түрлі жағдайлардан тәлім-тәрбие беретін мә­лі­мет қалдырғанына тағы бір таңқаласың. Олар туралы 1938 жылы:

Қанды жыл – мың тоғыз жүз отыз жеті,
Айдаһар алғырға арнап зәрін төкті.
Орны толмас сан сұңқар қанат қақты,
Еріксіз ұшқан олар қайда кетті, –
деп жазған Фатиманың өзі Семейде айдауда жүрген болатын. Бұл тек сұрау салу ғана емес, қанатынан қайырылған Ана-қы­ран­ның жан-күйзелісі еді. Олармен жарысып, жағаласпай, өзі­нің хал-қадірінше әдебиет, тіл білімі саласында қызмет еткен фатима жастығына қарамай, сол кездің өзінде-ақ ащыны да, тұ­щы­ны да аз татып, жақсыны да, жаманды да аз көрмеді. Ол өзінен өнері, еңбегі, рухы биік ағаларының алдын кесіп өтпей, өз тұрғыластарымен терезесін тең ұстап, іні-қа­рын­дас­та­ры­мен сыйлас та бола білді. Көкірегіне табиғат берген қа­сиет­тің ар­қа­сын­да жалтаңдық, жасықтықтан, рухани ізденістен шектелген, тоқмейілсуден бойын аулақ ұстады. Ай­на­ла­сын­да­ғы­лар­ға өзін де, өнерін де қастерлете білген Фатиманың жан-азабы да сол тұстан басталады. Тілеулес-тілектестерімен қатар, оның жү­ріс-тұрыс, рух еркіндігін көре алмайтындар да қосақтала өрді. Жас, жаңа кәсіби әдебиет қалыптастыру майданында кездесетін заңды кертартпалық пен мещандық аяқтан шалып, жа­ға­дан алып жатқан кезең туды. Дәп осы тұста принципшілдік пен өзіндік көзқарас қалыптастырылып, әдеби-мәдени қауым екіге жарылды. Фатима солардың ортасында өзін әде­биет­та­ну­шы ұстаз ретінде қалыптастырып қана қоймай, сол әдебиет-мә­де­ниет жасаушылардың қолқанаты ретінде де қа­лып­тас­тыр­ды. Оның азабын да аз таткан жоқ, әйтсе де рухын алдырмады.
Ол енді бір тұста: «Мен оқытушы, әдебиетші болумен бірге жеті баланың анасымын», – дейді. Біз сонымен бірге оның сол балалардың әкелері Біләл, Ілияс, Мұхтардың сүйікті жары болғанын да, оларға өзін сыйлатып, оларды өзі де сыйлап өт-кенін жақсы білеміз. Мұның бәрін көре алмаған, өздерін зиялы, жоғары қауым санайтын жандар оның сыртынан не айтпады десеңізші? Қандай күйе жақпады? Ал, жар, ана, өнер иесі фатима жазықсыз адамның ар-ұжданын аяққа басқандарға қарсы: «Бар­лы­ғың­ды жауапқа тартармын мен, әділ үкім жер жү­зін­де болса керек», деген жыр жолдарымен қарсы шабуылға шы­ға­ды. кейін араға жылдар салып, кенже ұлы Мұрат Әуезов ке­ңес­тік ке­зең­нің қылышынан қан тамып тұрған кезде ұлт мүд­де­сін ойлап, мәс­кеу­лік студенттердің басын қосып, «Жас тұл­пар» атты ұйым құ­ра­ды да жер-жерлерде, қазіргі сөз етіп жүрген ұлт мә­се­ле­ле­рі туралы жайларды алғашқылардың бірі болып қоз­­ғай­­ды. Сол кезде, оның да соңына тиісті органдардың адамдары тү­­сіп, жас Мұ­рат­ты қудалаған кезде Фатима қа­ра­па­йым жұртқа:
Құлады көктен ақ сұңқар,
Жығылды жерде «Жас тұлпар».
Ойран болды өмірім,
Қалымды менің кім ұғар! –

деп ақындық мұңын шағады да:

Қара жылан, қара жылан,
Төңірегімді қаптаған,
Жайылымымды жалмаған,
Өрісімді өртеген,
Тыныштық қайда бұлардан? –

деген өлең жолдарымен қиянатқа наразылық білдіреді. Бұл қо­ғамда болып жатқан әділетсіздікке де келісе алмаушылық еді.
Фатима Ғабитова дүние салғалы табаны күректей 30 жыл! Енді, өзі емес, архивте қалған мол мұрасы күрес жолына түскен…

«Қазақ әдебиеті».
22 қаңтар, 1999 жыл