Мен халық жауын іздеген жоқпын

Қайта Парламент талқысын татып, Конституциялық кеңес сүзгісінен өтіп, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев қол қойған «Тіл туралы» Заңды қорғадым.

Бұл мақалаға да сол Достоевскийге жүгініп, жауап бермей-ақ қоюға болар еді. Бірақ, айтпасаң сөздің атасы өледі. Әрине, бұл талас-тартысты жаза беруге де болады. Оған тоқтау айтатын екі жақты ар ғана. Өйткені, журналистік этикада оған алдымен ар тоқтату айтады, ал, оны каравандық әріптестерім аудандық сот шешеді дейді. Несі бар, өздеріне тоқтау болмаса, «аузы-мұрыны жоса-жоса қан болып аударылған» мақаламыздың жыртысын біз де жыртамыз да… Сонымен біз не дейміз, «Караван» аудармасы не дейді? Олардың бәріне тоқтап жатуды көлем де сөз де көтермейді. Қажет болса қалып қойғандарын тиісті орындарда айтармыз, жазармыз. Әзірше, ілік болған басты-басты дегендеріне ғана тоқталайық. Мысалы, «Караван» синдромы қашан тыйылады» деген мақаладағы: «Протоколы сионских мудрецов» кітабындағы: «В руках современных государств имеется великая сила, создающая движение мысли в народ, – это пресса. Роль прессы – указывать якобы необходимые требования, передавать жалобы народного голоса, выражать и создавать неудовольствия. В прессе воплощается торжество свободоговорения. Но государства не умела воспользоваться этой силой, и она очутилась в наших руках. Через нее мы добились влияния, сами остоваясь в тени» дегенге ден қой­сақ, соңғы жылдары республикамыздағы баспасөздердің аяқ алысынан» соны байқағандай боламыз ба, қалай? Бұлайша тәп­тіш­теп, таратып айтуға тырысуымыздың сыры С.Лурьенің олар туралы «повлиять на общественное мнение так, чтобы создать нейтральные и дружественные группы» деп жазуында болып отыр», – деген жолдарды «Караван» келтірілген мысалды толық алады да, оның соңын: «Что становится ясно, почему те или иные издания в республике выбрали ту или иную ориентацию. О намерениях таких кругов С.Лурье сказал следующее» (?) деп аударады. Енді, осы келті­ріл­ген аударманың бір сөзін жоғарыдағы біздің мақаладан тауып беріңізші. Әсіресе, «Что становится ясно», «Что намерениях таких кругов» дегенді. Біздің мақаладағы келтірілген сөй­лем­нің аудармасы кітаптағы мысалдарды сол күйінде оқы­ған­да, соңы: «Что у нас не возникает ли ощущение того, что некоторые средства массовой информации следуют парой таким курсом? Мы поэтому стараемся быть предельно точными и стремимся к детальному разъяснению ситуации, что С.Лурье в свое время писал о них», – деп аударылады. ендеше, каравандықтар дәп осынау сөйлем мен сөздерден ілік із­деп, оқырмандарын соншалықты жаңылыстыра ма? Олар, тіпті, өз­де­рі­нің өтірік аудармаларына өздері де нанып қалған секілді. болмаса, біздің мақаладағы: «Қараңғы бөлмеден қара мысық іздеп көрейікші. Табыла қойса дұрыс, болмаса көпшілік бо­лып қабылдап, көпшілікке арналып шығарылған «Тіл туралы» Заңға жаптық жала, жақтық күйе күйін кешіруге болмайтынын каравандықтарға ескертіп жатудың өзі ерсі емес пе? Қалғандары олардың ар-ождан еншілерінде. болмаса айрандай ұйыған ортаға, ел тыныштығына «өлі мы­­сық» тастау кандай заң, қандай ар-ожданға негіз бола алады?» дегенді «Караван» газеті: «Попробуй найти чер­ного кота в темной комнате! Или простим «Каравану» оскорбление Закона о языках?» (?) деп аударады. Ау, ағайын жо­ға­ры­да­ғы біз­дің қазақшадан: «Или простим «Каравану» оскарбление Закона о языках?» – деген сөйлемді тауып көріңізші?! Қа­зақ­ша­да­ғы алғашқы сөйлемнен басқаларының бәрі «қайшыға түс­кен», яғни, қысқартылған. Шынында да, қараңғы бөлмеден қара мы­сық іздеген деген осы емес пе. Болмаса ол былай аударылады: «Так попытаемся тогда найти черного кота в темной комнате? Хорошо, если таковой там обнаружит­ся. А если нет? В таком случае стоит ли напоминать караванцам, что недопустима подобная клевета в отно­шении «Закона о языках», который обсуждался коллеги­ально и был принят в целях всенародного его исполне­ния? Все остальное оставим на совести «Каравана». Зачем иначе нужно было газете бросить «мертвого кота» среди дружных граждан, живущих в стабильной стране? На каком законе или на какой совести это основано?». Міне, осыдан кейін мені: «Откуда же геббельсовские замашки у нашего земляка? – деп айыптап, «По нашему мнению, в опусе г-на Алима содержится прямое оскор­бление национального достоинства некоторых сотруд­ников «каравана», а сам опус направлен на разжигание межнацио­нальной розни» – деген кінә тағуларына не жорық?! Меніңше, атал­ған жолдарды қысқартып, оқыр­мандарын жаңылыстыра отырып, маған әлгіндей кінә артқаны үшін каравандықтар жауап беруі керек секілді. Болмаса, мен қашанда еврейді емес, еврейшілдікті, орысты емес, орысшылдықты, қазақты емес, қазақ ұлтшылдығын сынағанмын, сынай да беремін. Осыларға балта шабылмай біз көп ұлтты мемлекет болып қа­лып­та­сып, ұлт болып ұйи алмаймыз. Ал, енді тағы бір жерінде ка­ра­ван­дық­тар «Кстати, «Зан» – газета государственная. опрометчивых статей этот орган Министерства юстиции прак­тически не печатает и в конфликты вступает очень обдуман­но, после советов с кем полагается», – деп бізді, яғни, «Заң газетін» Әділет министрлігімен шағыстырып, ара­мыз­ға от тастағысы келеді. Егер біз, мемлекеттік органдар мен тиісті орындар шығарған заңдарды, олар орындауға шақырған бұй­рық-қараларды қорғамасақ, онда неге мемлекеттік газетпіз? Тіпті, республика, тәуелсіз мемлекет, егемен елдің мүддесін бұр­ма­лау­шы­лар­ға тосқауыл болмасақ біздің мемлекеттік газет екенімізден не жорық? Жалпы, «глас­ность», «плюрализм», «демократия» деген ұғымдар тек «Караван» сияқты га­зет­тер­дің пешенесіне ғана жазылып қоймаған шығар. Онда мемлекеттік газеттердің де үлесі бар. Яғни, каравандықтар біздің мемлекеттік газет екенімізді бетімізге салық қылмасын. Оны менің Министрім де, Президентім де каравандықтарға қа­ра­ған­да жақсы түсінеді деп ойлаймын. Газет пен Әділет ми­нис­тр­лі­гі­нің арасына от тастау ешқандай ұғымға сыймайды. Ал, енді көп тираждылығымен мақтанған «Караван» газетінің ре­дак­ция­лық кеңесі өздерінің жалпы ұлттық татулық жылын әң­гі­ме­ле­рі­не арқау ете отыра, ұлттар арасына от тастағанын сезбей де қалған секілді. Әйтпесе, олар Қазақстандағы әр түрлі ұлт тілінде шығатын газеттерді «нан мен шұжықпен» асырап отырмыз деп астамдық айтар ма еді?! Жалпы, республикадағы газет-журналдар мен ондағы журналистер «Караван» газеті шық­­қан­­ға дейін де өмір сүрген, өмір сүре береді де. Сөз соңы «караван» газетінің редакциялық кеңесі «Заң газетінде» жа­рық көрген «Караван» синдромы қашан тыйылады?» деген ма­қа­ла­ны құрметті Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы оқып шық­­са екен деп тілек білдіреді. Бізде сол жағындамыз, соған қо­сы­ла­мыз. Тек, Нұрсұлтан Әбішұлынан өтінеріміз – аталған ма­қа­ла­ны «Караван» газетіндегі аудармадан емес, «Заң газетіндегі» түп­нұс­қа­дан оқыса дейміз. «Караван» газеті осы мақаланы тағы аударып басуға ниет білдірсе, біз өзіміз-ақ аударып беруге даярмыз. Сонда, осы мақалада сөз еткеніміздей автордың ойы бұр­ма­ла­нып, тұтастай сөз тіркестерінің мазмұндық-мағыналық ал­шақ­тық­қа ұрынуына жол берілмеген болар еді. Ең қа­ра­па­йы­мы – ка­ра­ван­дық­тарға газетіміздің ресми атын дұрыс, сауатты жазып берер едік.

Мақала «Заң газеті» бетінен жоғары
жақтағылардың бұйрығымен алынып тасталған,
1997 жыл