«КАРАВАН» синдромы қашан тыйылады?

Немесе көзі қарықты, көкірегі ашық, еңселі кеңседегі зиялыларға құлаққағыс.

Бұл мәселені Достоевскийше: «Кстати и на всякий случай, вверну здесь одну турецкую пословицу (насто­ящую турецкую, не сочинен­ную): «Если ты направился к цели и станешь дорогою останавливаться, чтобы швырять камнями во всякую лающую на тебя собаку, то никогда не дойдешь до цели».
По возможности буду следовать в «Дневнике» моем этой премудрой пословице, хотя, впрочем, и не желал бы связывать себя заранее обещаниями». (Дневник пи­сателя) – деп жылы жауып қоя салуға болар еді. Бірақ, оған айналасына індетше тарап, қоғамдық пікір қалыптастыра отырып, ел іргесіне іріт­кі жүгірткен «Караван» синдромы – қазаққа, арысы орыс, айта берді тәуелсіз мемлекеттің де өзінің ұлттық ерекшелігіне сай тілі, ділі, діні, қадір-қасиеті де болмасынға саятын аяр іс-әре­­ке­ті мүмкіндік бермейді. «Айтпаса сөздің атасы өледіге» жү­гі­нуі­міз­дің де сыры сонда. Болмаса, сексеуілді сексеуілге ұрып жаратын қазақ болғасын «Караванның» 1997 жылғы 25 шілде күн­гі санында жарық көрген: «Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы Тіл туралы» заңға қарсы арнаулы бет ұйымдастырғанының сырын біліп, сезбей отыр дейсіз бе? Сезіп, білгенде қандай?
Кейбір ортада алып-қашпа, айта берді жоққа да шы­ғар­май­тын «Протоколы сион­ских мудрецов» кітабындағы: «В руках современных госу­дарств имеется великая сила, создаю­щая движение мысли в народ, – это прес­са. Роль прессы – указы­вать якобы необходимые требования, передавать жа­лобы народного голоса, вы­ражать и создавать неудовольствия. В прессе воплощается торжество свободоговерения. Но государства не умела воспользоваться этой силой, и она очутилась в наших руках. Через нее мы до­бились влияния, сами оста­ваясь в тени» дегенге ден қойсақ, соңғы жылдары рес­пуб­ли­ка­мыз­да­ғы кейбір баспасөздердің «аяқ алысынан» соны бай­қа­ған­дай боламыз ба, қалай? Бұлайша тәппіштеп, таратып ай­ту­ға ты­ры­суы­мыз­дың сыры С.Лурьенің олар туралы «по­влиять на общественное мне­ние так, чтобы создать ней­тральные и дружественные группы» деп жазуында болып отыр.
Міне, жоғарыдағыдай жайларды оқып, білгеннен кейін кө­ңі­лі­ңе түйткіл жүгіретіндігі тағы да рас. Әйтпесе, сол «караван» га­зе­ті­нің философ Иван Ильиннің: «притворство и ложь, утрата чувства собственного достоинства и почвенно­го патриотизма, мышление чу­жими мыслями» деген тұжырымындағы адамдар типіне ар­наулы бетінде сөз беруін қалай түсінуге болады? Олардың пиғылдарының қаралықтары либералдар қоз­ға­лы­сы­ның лидері Асылбек Бейсенбаев, Гүлнәр Танкаева, «31 ка­нал­дың» президенті Арманжан Байтасов, алматылық Қа­нат Ис­маи­лов­қа «Қазақстан Республикасындағы Тіл тура­лы» За­ңы­ның 18-бабына орай ойларын беріп отырғандықтарынан-ақ анық байқалады. Әрине, осы тұста каравандықтар кім қа­­лай айтып, жазса да еркінде ғой деп принципті мәселені сиыр­құ­йым­шақ­тан­ды­рып жіберуі бек мүмкін. Солай болады да. Бі­рақ, олар мұн­дай аяр – құйтұрқылықтың құйрығы бір-ақ тұтам екендігін ескергендігі жөн. «Библия» көрсеткендей «Время и терпи­мость» әлі-ақ бәрін орын-орнына қояды. Дей тұрғанмен де, со­ған де­йін қан­ша­ма шаш ағарып, жүйке тозады десеңізші.
Енді, «Караванның», сол төртінші беттегі мақалалардың та­қы­рып­та­ры­на назар аударайықшы: «Бесбармак за счет гам­бургеров», «На., рынке корову стари, продовал…», «перебдел однако», «А как же Конститу­ция?», «Закон о языках: эфир­ное время дели пополам» – деп, бірде оларды гогольше ирония мен сарказмге бейімдеп әлектенсе, енді бірде заңға сү­йе­нер­лік­тей бейкүнәлік танытады. Мұндай аярлықтың астарында не жатқанын көзі қарықты, көңілі ашық оқырман айтпай-ақ тү­сін­се керек. Содан соң «Караван»: «Опубликованный на прош­лой неделе Закон «О языках в Республике Казах­стан» вызывает множество вопросов у наших читателей. раздаются даже голоса о том, что подписавшего до конца не продуманный Закон президен­та «подставили» люди из его окружения…» – деп оқырман көңіліне өздері «сеніп», «білмейтін» кү­дік ұя­ла­та­ды. Шынында да, оны Президентке «подста­вить» еткен кім екен? Қажыгелдин, Кекілбаев, Рогов, болмаса, сол ортадан кеше кеткен, бүгінгі қала әкімі Храпунов па? Кім, кім, кім?.. Қа­­раң­­ғы бөлмеден қара мысық іздеп көрейікші. Табыла қой­­са дұ­рыс, болма­са көпшілік болып қабылдап, көпшілікке арналып шы­ға­рыл­ған «Тіл туралы» Заңға жаптық жала, жақтық күйе күйін кешіруге болмайтынын каравандықтарға ескертіп жа­­ту­­дың өзі ерсі емес пе? Қалғандары олардың ар-ождан еншілерінде. болма­са, айрандай ұйыған ортаға, ел тыныштығына «өлі мысық» тастау қан­дай заң, қандай ар-ожданға негіз бола алады?
Әлі басы ашылып, нақты дәлелденбеген: «Кстати, по данным Инситута Гиллера, казахским языком владеют в 9,8 процента опрошенных алмаатинцев» дегенге кім сене қояр екен? Сол Байтасов мырза қара аспанды су алдырғанша, атал­ған заңның 18-бабындағы талапты орындауға жол іздесе еді. Әйт­пе­се, «дайын асқа тік қасық» болу кім көрінгеннің қо­лы­нан келетін жай. Ал, Гүлнәр Тан­каева ханым «базар» немесе «на­рық» арасын ажырата алмаса, оны өзгелер де ажыра­та алмайды деген ойды қойғаны жөн ғой. Құдайға шүкір, қазір қазақ базар мен нарықты ажыратып, Гүлнәр секілділерді жаңылыстыратын дә­ре­же­ге жеткен. Оған құрметті ханымның басы ауыр­май-ақ қой­сын. Енді, либералдар қозғалысының лидері Асылбек бейсенбаев мырзадан сұрайтынымыз: «Сіз бір қазақша хабарды ая­ғы­на дейін көріп, көңілге түйіп көрдіңіз бе екен». Болмаса, «хабар», «Қазақстан-1», «Қазақстан-2», «Рахаттағы» қазақша хабар, басқа да бағдарламалардың сапасының жоғарылығына әң­гі­ме бар ма? Оларды жоқ деу тек Асылбек мырза секілді тіл «жанашырларына» тән болса керек. Ал, ол сынын «КТК», «Таң», «31 канал» секілді телеарналарға бағыттаса, онда оны құптауға әб­ден болар еді. Қазақстан Республикасында тұрып қай елдің телеарнасын көріп отырғаныңды білмесең, онда қабылданған заң­нан не мән. Сол «Кара­ван» бетіндегі Мария Степановнаның Конс­ти­ту­ция­ға жүгінгені өте орынды. Ендеше, бәрімізде сол Конс­ти­ту­ция­ға тағы бір айналып соғып, мәселенің басын ашып ал­сақ дұрыс болған болар еді. Газет бетіне «сиыр» мен «та­мақ­ты» тық­па­ла­ған ағайындардан не үміт, не қайыр. Ауыз барда сөй­­леп, қа­лам барда жазып қалдың кері. Тіл туралы мәселе ішіп-жеген, ай­да­ған малды араластырып, «а просто – взять и увеличить» ете салатын еріккеннің ермегі емес.
Сонымен тағы философ Иван Ильинге жүгінсек бізге: «нужна прежде всего – не­зависимая, национальная, честная и идейная газета…» дегеніндей басылым керек. Болмаса, сондай газеттің бірі «Казахская правда» кең-байтақ Қазақстан оқыр­ман­да­ры­на аздық етеді. Ұлттық мүддемізді сақтап қалу үшін бізге жоғарыда аталғандай газеттердің саны артпаса, кемімеуі тиіс-ақ. Ал, оны болашақтың еншісіне қалдырып, кешегі «караван» газетінің «Қазақстан Респуб­ликасындағы Тіл туралы» Заң­ға қарсы дайындаған бетіне келсек, ол «Тауды аласартпай, даланы марапаттаймын» деген әрбір патри­отқа сабақ болса керек. Әйтпесе, тамағыңды ішіп, төріңді талақ еттімге саятын іс-әрекетке баратын ағайын жетіп артылатындығы осыдан-ақ бай­қа­ла­ды емес пе?
Сөз соңы қайтеміз, тағы да орыс ойшылына жүгінеміз дә. болмаса, сексеуілді сексеуілге ұрып жаратын қазақ боламыз ба? Одан құйтырқылық іздемеуші едік, амал жоқ солай боламыз. болдырады. Әйтпесе, қызыл сөз үшін біреудің қалтасына түс­пей­тін едік. Сонымен, В. Розанов: «И теперь в каж­дой редакции сидит свой Франк, есть своя Любов Гуревич. Они не пишут или мало пишут. Но они управляют и направляют. О, халдейские звездочеты. Знаете вы свой гороскоп» – дейді. солай, ағайын!

«Заң газеті».
6 тамыз, 1997 жыл