РУХАНИ ТЕРРОРҒА ТОСҚАУЫЛ ҚОЙМАЙ, ҰЛТ БОЛЫП ҚАЛЫПТАСУ МҮМКІН ЕМЕС

Заман озып, заң тозады. Қалатын уақыт пен кеңістік. Осы бір тел ұғымның аждаһа лебінен аман қалу кез келген ұлт, ұлыс­­тың пешенесіне жазыла бермеген. Ол оның рухы мен тегіне сын. Аталған уысқа тұрып, алақанға салуға келмейтін шек­сіз­дік­тер­ге со жолда кездесетін тосқауылдар мен қойылған қа­ра­уыл­дар­ды қос­сақ, олар онда тіпті күрделене түседі. Бүгінгі ұл­­ты­­мыз­­дың тілінен бастап тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, сана-сезіміне жасалып жат­қан қиянат, тобықтан қағып, аңдысын аңдыған қы­сас­тық, алуан түрлі атқарылып, әлі де атқарылатын іс-әре­кет­тер­дің, бәрі соған саяды. Көзге көрінбей толқыны шым-шымдай ғана бетке тепкен су асты ағысындай әсер етіп, қабылданған Заң­да­­ры­мыз бен шығарылған Жарлықтарымыздың солқылдақ тұс­та­рын мүлт жіберместен ашық та, астыртын да пайдаланып қа­рау­лық жа­сау­шы­лар­дың бары да өтірік емес.

Қолымызға шалажансар, сенер-сенбестей тиген егеменді­гі­міз­ге тоқмейілсіп, шүкірлік етіп жүргенімізде, пәлен жыл­дық тә­жі­ри­бе­сі бар алпауыт мемлекеттер жайын-құлықты идеологияларын бойымызға да, ойымызға да шым-шымдап сіңіріп жатыр. Және ол сапалы да тиянақты өріс алған. Олар­дың ізгі ниеттілерімен бірге бір саусақтарын бүгіп келген қиыс қы­лық­ты­ла­ры әр түрлі жоғары оқу орындары мен мектептер, әдеби және діни ұйымдар ашып, іштен шалуда. Оларға өз арамыздан шық­қан космополиттер мен нигилистер, енді-енді қаз-қаз тұ­рып, құқықты мемлекет құруға тырысқан елімізден шығып, азуын айға білеп келе жатқан кейбір лоббистер заң шығарушы органдар мен Парламенттегілерге сан алуан жолдармен ықпал етіп, Ата заңымыз – Конституцияға қайшы өз­де­рі­нің ығына жы­ғы­лып, ыңғайына келетін Заңдар мен Жар­лық­тар­ды өмірге келтіруге себепкер болуда.
Біздің көріп, біле тұра «қойшы соны, онда тұрған не бар» деген жалпақшешей жалтақтығымыз бен жәйбасар жай­ба­ра­қат­ты­ғы­мыз, бейпринципшілдігіміз өз жемісін беріп жатыр. Оған қоса, бастаған істі аяғына дейін жеткізе алмайтындығымыз тағы бар. Бұған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының сиыр­құ­йым­шақ­та­нып ба­ра жатқаны куә. Әлі де болса дүниені дүр сілкіндірген оқи­ға­ға әділ бағасын беріп болған жоқпыз. Бұнда да со көңіл жық­пас­тық, қатты айтып басқаларға жақпай қалмайық деген жал­ған сақтық. Еңсе көтеріп, тік айту жоқ. Ал, оған қажеті бар, бол­ға­ны Ақиқатын айту ғана. Соған батылдығымыз жетпейді. Оны қойғанда, аттап басқан сайын Ата заңымыз – Конституцияға қай­шы іс-әрекеттерден көз аша алмайтындығымыздың да сыры сонда. Болмаса, Қазақстан Республикасы Конс­ти­ту­ция­сын­да­ғы 17-бапта: «1. Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды» деп жа­зыл­ған емес пе? Ал менің, қадір-қасиетім ұлтымның ар-ожданы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрінде. Айта берді көшедегі, үй­де­гі, көліктегі қарым-қатынасында. Ең бастысы – Ті­лін­де. Егер, олар аттап басқан сайын мерзімді баспасөздерде, қа­был­дан­ған кейбір заң құжаттарындағы өзгертулер мен то­лық­ты­ру­лар­да, қоғамдық, кеңселер, мекемелер байланысында, айта берді қарапайым адамдар арасындағы қарым-қатынаста бұ­зы­лып жатса, Конституцияның әлгі «менің қадір-қасиетіме қол сұ­ғыл­май­ды» дегені қайда. Оған бір-ақ мысал келтірейін. Бұл ме­нің оқып білгенім, білмегенім қаншама. Сонымен мысал: 1996 жыл­ғы 15 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы за­ңын­да­ғы 6-бап. Бұл менің адамдық қадір-қасиетім Тіліме қол сұ­ғу­шы­лық. Ал, «караван» секілді газеттің «Языканенавистник»-тер мен «языканенавистничество»-ға жол беріп, оларды на­си­хат­та­уы­ның өзі неге тұрады. Демократия қолшоқпар немесе ойына келгенін жазып, айту емес, ол мәдениет және өзгені сыйлау арқылы өзіңнің дұ­рыс­ты­ғың­ды дәлелдеу.
Сондай-ақ, сол Ата Заңымыз – Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Конституциясындағы 20-баптың 3 бөлігіне назар аудара­лық­шы. Онда «3. Республиканың конституциялық құрылысын күш­теп өз­гер­ту­ді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қа­уіп­сіз­ді­гі­не нұқ­сан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тек­тік топтық, және рулық астамшылықты, сондай-ақ, қа­ті­гез­дік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіт­­теу­­ге жол берілмейді» деп нақты да айқын жазылған. Ал, енді осы бұзуға келмейтін қасиетті заңды оқығаннан кейін арысын айтпағанда, берісі Алматының көшесіне шығыңызшы, Қол­да­ры­на бір-бір әр түрлі ағымдағы діни кітаптарды ұстап, оны Құ­дай­дың көзі санап насихаттап жүргендерден аяқ алып жүре ал­май­сыз. Оған қойылып жатқан тыйым жоқ. Ал, аталған жай­ға қа­ла­да­ғы мұсылман мешіті болса жұмған аузын ашпайды, оларша мұ­сыл­ман­дық­ты олай жүріп насихаттау күнә көрінеді. Ол да дұ­рыс. Қалай болғанда да адамның өз ниет-құлқына қа­на­ғат берсін. Сонда да, сонда да, сонда да…
Жоғарыдағы аталған жайға мысал ма, міне. Өзім қызмет ететін – «Заң газеті»: «Өздерін «мұсылмандармыз» деп есептейтін кейбір қазақ жастары кейінгі 2 – 3 жыл көлемінде христиан не­гі­зін қалаушы Иисус (Иса) пайғамбардың есіміне табынып, шо­қы­ну­ға бет бұрды. Оларға өздерін «Евангелистер қауымының мү­ше­ле­рі­міз», яғни, «Құдай жолын уағыздаушылармыз деп таныстыратын Дәуіт, Мәрия, Баян, Жоламан (лақап аттары) есімді шет елдік миссионерлер ұстаздық етуде. Сонымен қатар, мұнда ақы­лы жұмыс атқаратын маман аудармашылар қызмет етеді. Қа­уым мүшелері бас қосатын сондай мекеннің бір Алматыдағы Абай мен Манас көшелерінің қиылысында орналасқан чайковский атындағы музыка колледжі тұрақжайы» – деп ащы да болса ақиқатын жазды. Сонда шыққан қортынды не? Маса шақ­қан құрлы болсайшы, баяғы жартас бір жартас. Бұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Қазіргі қазақ ұлтының қиын жай кешіп отырғанын байқаған шет елдік миссионерлер істерін дол­лар­дың күшімен жүргізіп, халықты аздыру жолына бір жақ­ты бет бұрған. Әрине, мұны жаппай шеттен келгендерге жап­сақ қия­нат­тық болатын шығар. Дейтұрғанмен де, ойланатын жай…
Қазақтарға қарсы жасалып жатқан рухани террордың басты көзі кейбір басылымдар мен теледидарлар. Олардың ең­кей­ген кәріден еңбектеген балаға дейінгі аралықта тигізетін әсері ұшан-теңіз.
Телекомпаниялар:
Басқа тілдерде – 47
Қазақ тілінде – 5
Орыс тілінде – 18
Қазақ және орыс тілінде – 95
Радиокомпаниялар:
Басқа тілдерде – 19
Қазақ тілінде – 1
Орыс тілінде – 3
Қазақ және орыс тілінде – 33
Телерадиокомпаниялар:
Басқа тілдерде – 19
Қазақ тілінде –
Орыс тілінде – 1
Қазақ және орыс тілінде – 26
Журналдар:
Басқа тілдерде – 11
Қазақ тілінде – 68
Орыс тілінде – 97
Қазақ және басқа тілдерде – 7
Газеттер:
Басқа тілдерде – 37
Қазақ тілінде – 211
Орыс тілінде – 413
Қазақ және орыс тілінде – 412
Міне, осы көрсеткіштерден-ақ өз жерінде тұрып, ғұмыр кешкен қазақтардың рухани сусындайтын, ләззат алатын, сана-сезімін қалыптастыратын мүмкіндіктерін пайымдауға болатын секілді. Оларға қазақ тілінде берілетін хабар, ұсынылатын бағ­дар­ла­ма­лар­дың сапасын қоссақ қазақ байғұсты аяғаннан басқа еш­те­ңе қалмайды. Ал, қаравандық мырзаларға мұны айтып дә­лел­дей алмайсын. Олар біле тұра, білместің күйін кешкендер десек артық айтқандық емес.
Олардағы көрсетіліп, жазылып жатқан порнография мен сол Конституцияда көрсетілген «қатігездік пен зорлық-зом­бы­лық­қа бас ұруды насихаттау немесе үгіттеуте жол берілмейдіге» қайшылықтан көз алып қаша алмайсыз. Мен бұл жерде теледидарлардың мемлекеттік тіл – қазақ тілінде көр­се­ті­ле­тін сағаттары мен минуттарын тілге тиек етіп отыр­ған жоқпын. Етсем оны бір сөзбен: «Конституцияға қай­шы­лық­тың көкесін содан көресіз» дер едім.
Сонымен бірге «Караван», «Какаду», «Спид» секілді ба­сы­лым­дар­да­ғы жүгенсіздікті оқып білгенде, жағаңды ұс­тай­сың. Теледидарлардағылардан жаның түршігеді. Апама жездем сай­дың кері. Әлі санасы қалыптасып, сапасы артпаған, сезімі ұшпа оқырман-ұрпаққа порногра­фия – жалаңаш әйел мен еркек, секстің қыр-сырын қолмен ұстап, көзбен көргендей етіп на­си­хат­та­ған бұл секілді басылымдар мен теледидарлар рес­пуб­ли­ка­мыз­дың қай түкпірінде болсын көптеп кездеседі. Және олар­ға бұларың жөн емес деген бірде-бір заң орындары мен тиісті әкімшілік ұжымдары болсайшы. Қайта қуаныштан қал­па­ғын алып, аспанға ататындай көрінеді олар, маған. Бұларға Қа­зақ­стан Республикасының, заң күші бар «Баспасөз және басқа бұ­­қа­­ра­­лық хабарлама құралдары туралы» заңының 5-бабы әсер етпек түгілі шыбын шаққандай құрлы болмайды-ау, сірә. Әйт­пе­се, «иығын жұлып жеген» зиялы қауым-заңгерлеріміз «Ай баға» ма, осы. Мұның барлығы Конституциялық Кеңестің назарына алып, қарауына ілінетін бірден-бір мәселе болса керек.
Жоғарыда аталған қазақтың әрбір азаматына және қазақ ұл­ты­на жүргізіліп жатқан рухани экспанция, яғни, жұмсақ тіл­мен айтқанда қиянатқа ешбір жол берілмеуі, керек. Айта берді, мұны көз қарықты әрбір сол қазақ зиялысы рухани террор ретінде қа­был­дап, оған бар мүмкіндігінше күрестің әртүрлі жолдары мен жобаларын белгілемей болмайды Әрине, ол біреуді аласартып, еңсесін басу арқылы жүргізілмеу керек.
Осындай мектептен бастап, күнделікті радио-теледидар, газет-журналдарға дейінгі аралықта рухани террор жүріп жат­қан кезде, оған тосқауыл болуға бірден-бір себепкер болатын, ұлт­тық үрдіске кері әсерін тигізіп отырған либералдық бю­ро­кра­тия­ға ықпал ететін Қазақстан жазушылар одағы болса жік-жікке бө­лі­ніп, соттасып жатқаны анау. «Ау – деймін мен сонда – бір Одақ­қа бірігіп, ынтымағы жарасқан жазушы-ақын қауымы болып өмір сүруге болмайды ма?». Сол қазақта «Бөлінгенді бөрі жейді» деген қадірлі де қасиетті ұғым тағы бар. Басшылар келеді, кетеді, адам да сондай. Құдай пешенеге соны жазған. Қа­ла­ты­ны Қазақстан жазушылар одағы, өмір. Ендеше, «қырық пы­шақ қырғынға» не жорық. Болмаса, «Інжіл» тілімен айтсақ қа­зір, дәп осы рухани террор жүріп жатқан кезде: «Время разбрасывать камни» емес, «Время собирать камни» деген киелі сездің сәті туды.
Ендеше, осы тұста айтпай кетуге, үндемей қалуға болмайтын мәселе, публицист Бейбіт Қойшыбаевтың «ZAMAN-ҚА­ЗАҚ­СТАН» газетінің (15.10.1996 ж.) тілшісімен болған сұх­ба­тын­да­ғы «Алайда жаңа сыпырғы басқаша сыпыруға құмар, жазушылар одағының жаңа басшылығы Әділетке де, Заңға да қайшы келетініне қарамастан, Әдеби қорды құрамымызға қосып аламыз деген өнбес дауды бықсытып, ортақ ісімізге орны толуы қиын зиянын тигізумен асыл уақытын текке өткізіп жүріп жатыр» дей келе, өзінің «Әдеби қор жаршысында» Халықаралық қо­ғам­дық жазушылар ұйымының «Әдебиет қоры» кеңесінің төр­аға­сы В.Огневтің жалпы әдебиет қоры туралы пікірін білдіреді. Аталған қордың орыс ұлтының мүддесінен тыс іс-әрекет, тә­жі­ри­бе­сі­не сүйенгісі келеді-ау, сірә. Сол алғашқы тілге тиек болған газетте: «Әдеби қор зиялы орыс қаламгерлері арасында өт­кен ғасырдың ортасында дүниеге келді» дейді де ойын «демократия әлі талай әдеби ағым, әдіс-тәсіл туғызады, соған сәй­кес алуан бірлестік бой көтерері сөзсіз» – деп түйеді.
Хош, Бекеңнің сөзі дұрыс делік, сонда ол кісі кімнен, қалай үлгі алып, оны електен өткізу керектігін ескермегені ме? ресейде әдебиет қоры пайда болғанға дейін космополиттік либерализм етек алып, оған қарсы шығушы ұлт жазушылары бол­ға­нын, ол кісі ескерді ме, екен. Проф. П.И. Ковалевский өзінің «национализм и на­циональное воспитание в России» деген кітабында: «Та­ким образом, в царствование Александра I ярко и одно­временно существует в России резкий космополитизм с склонностью подержания других нации в ущербе коренной державной нации» деп жазды. Және ол дұ­рыс та. Өйт­ке­ні, қашанда да мәдениетті, өркениетті ел азаматтары жергілікті халықтың тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, тілін сый­ла­ған. Со­ған шақырған. Ал, космополиттер ше, оған керісінше жа­сау­ға бар күш-жігерін жұмсаған, жұмсай береді де. Міне, осы тұс­та орыс зиялылары екі топқа бөлініп, өз позициялары мен көз­қа­рас­та­рын қалыптастырған. Сөйтіп, Ресейде кос­мо­по­лит­тер­дің сө­зін сөйлейтін «западниктерге» қарсы «почевниктер» және ұлт мүддесін жоғары қойған «славянофилдер» пайда бол­ған. Бұны тәптіштеп айтып отырғаным, Бекең, Бейбіт Қой­шы­баев­тың үлгі етіп отырғаны, сол кезден қалған тартысты жал­ғас­ты­ру­шы­лар­дың үлгісі. Космополиттердің мүддесі үшін қыз­мет ететіндердің жолын таңдау. Бұл біз үшін ең тиімсіз жол. Өйт­ке­ні, бізде қазақ арасында ондай ұғымдар қалыптаспаған, енді енді бой көтеріп келе жатқан «Пен-Клуб» секілділер сол кос­мо­по­ли­тизм­нің жемісі. Қазір қазақ үшін бірақ жол бар, ол ма­на­ғы «Ін­жіл» айтқандай «Время собирать камни». Осыны жазып отыр­ған мен де, болмаса сол Қойшыбаев та шайтан емеспіз, ыр­зы­ғы­мыз бітсе қай-қайсымыз да өтеміз, қалатын ұрпақ. Ал, ішіп-жеушілер бұрын да, қазір де, ертең де болары анық. Бі­рақ, бо­ла­шақ ұрпаққа бөле жарылған Одақ емес, бір тұтас ұлт қа­мы­нан шығатын Одақ керек… Ұлттық рух тұтастығы ғана бүгінгі қа­зақ халқына жасалып жатқан әр түрлі рухани шабуылдардан сақ­тап қалады. Болмаса, сол Б.Қойшыбаев неге өзінше бө­лек қыз­мет етіп жатқан Ресей жазушы­лар одағына қарап тү­зел­мей­ді. Айт­қан­нан кейін көңілді бірақ тазартқан дұрыс. Сол үлгі ал­ғы­сы келіп жүргендердің құлағына алтын сырға. (Мен әң­гі­ме­­нің бір жағын айтып отырмын, ол ешкімнен үлгі алмау керек деп қа­был­дан­ба­сын) Әңгіме арасында тілге оралған «ПЕН-КЛУБ» туралы орыс журналы «Наш современникте» Олег платонов «массонский заговор в России» де­ген көлемді ең­бе­гін­де (№8 1996) «Создан был в России и аналог широко рапространенной на Западе формы массонского контроля над литературной средой – «Пен-Клубовской» организации. Им стал так называемый «Русский Пен-центр», сразу же превратившийся в место собирания антирусских сил и обьединивший в своих ря­дах ярых литераторов-космополитов и антипатриотов» деп ащы да болса ақиқатына жүгінеді. Біз­де­гі, Қа­зақ­стан­да­ғы «ПЕН-КЛУБ» соның шалығы. Әйтпесе, доллар жақ­сы, бірақ ұлттық мүдде одан да жоғары тұрса, нұр үс­ті­не нұр емес пе? Бұл қазақ зиялыларынан бастап, қарапайым ауылда адал да, қиын күн кешкен әрбір қазақ азаматына тән қа­сиет бол­ған­да ғана ұлт болып қалыптасып, ұлағатты ел боламыз. болмаса кез келгеннің жетегіне еріп, егемендігімізге ақау тү­сі­ріп алатынымыз жасырын жай емес.
Бұл жолда біздің орыс ұлтшылдары (жақсы мағанадағы) мен шын мәніндегі патриоттарынан үйренетін мәселе ұшан-те­ңіз. Олар қандай жағдайда да, қандай күйде де болсын бей­ұлт­тық нышан түгілі, бейұлттық мінез танытпаған. Оларға, болмаса, «огонек» журналына шығармаларыңызды басамыз және қа­лам ақы барынша қойылады деңізші, сізге «бөжей» көр­ген­дей қа­рап, теріс айналар. Ал, біз ондай принциптен жұрдаймыз. Ұлт­тық мүд­де­ге қарағанда өзгенің сойылын соғуға әзірлігіміз де сон­дық­тан.
Неге мен бұның бәрін тәптіштеп, таратып айтуға тырысып жатырмын. Бұлай болатын себебі, біз алғы ғасырларға ұлт болып енуді ойласақ тәрбиені алдымен қазақ зиялылары өзі­міз­ден бастауымыз керек. Қашанда да егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болып жаңа қалыптасып келе жатқан ұлттың қашанда, қай кезде де ұлттық санасына қарағанда ұлттық сезімі алдымен әре­кет етіп, алдыңғысы кешеңдеу қалыптасқан. Міне, дәл осы уа­қыт­та өркениетті ел атанып тәжірибесі ілгері кеткен мемлекеттер жас мемлекеттің жетілмеген тұсын дөп басып жұтып қой­ма­са да өңешіне жақындатып қояды. Ұлт болса тосын, тү­сі­нік­сіз на­рық жетегінде кетеді де рухани бағыт-бағдарын жоғалтады. зиялы ұлт­тық тұтастық керектігі де сондықтан. Онсыз сол пр. ковалевский жазғандай: «Либеральная бюрократия… систематически по­давляла все национальное… В то время, как эти либе­ралы мечтали о всечеловечестве, о вселенской правде, о вселенском единении, о призвании русского народа всем служить и всем уступать, народ дичал, покинутый без всякого культурного руководства» дегендей күй кешіп қалу қа­зақ­қа да тууы бек мүмкін. Дәп осы тұста, космополиттік зиялылар халықтың ұлттық сапасы жайында ойланады, болмаса оң істер атқарады деген ойдан шама келгенше аулақ бол­ған жөн. Олардың қауіптілігі сол, ұлт ішіне іріткі салып, жік­ке, топ­қа, айта берді қазақ жағдайында ру-руға бөлуге дайын тұ­ра­тын­ды­ғын­да. Идеологиялық құралдарының қай-қайсы да сол ба­­ғыт­­та қызмет етеді. Космополиттік және бейұлттық бюрократия өз мүддесін ойлап қоюшы ғана емес, сол жолда аянбай тер тө­ге­тін ұлт жаулары. Ал, оларға Құдайды, мемлекетті, президентті, Отанды, от басы ошақ қасы дегендей асыл қа­сиет­тер­дің ең бастысы -Тілді жоққа шығарып, аталғандардың орнына еш­те­ңе бере алмайтын, болмаса ала алмайтын нигилистерді қос­­са­­ңыз мәселе бұрынғыдан да күрделене түседі.
Қазіргі ұлтқа жүргізіліп жатқан террордың бел ортасында жүр­ген­дер­дің қатарында өзіміздің қазақ зиялылары да бар. Олар­дың кейбір әрекеттеріндегі жамандық – бейұлттық қана емес, одан да өткен ұлтқа ашықтан ашық қарсылықтарында. Олай болатын себебі, олардың дүние танымы мен көзқарасын қа­лып­тас­тыр­ған социа­лизм мен космополитизмнің идеалдары мен принциптері. Осылардың ішіндегі ең қауіптілері әлеуметтік космополитизм мен сепаратизмге бой алдырғандары. Бұлар өз ұл­ты­ның ашық жаулары. Бұның элементтері Масанов секілділерден анық байқалады.
Міне, сондықтан біз қазір ұлттық сананы қа­лып­тас­ты­ру­ға күш салуымыз керек. Қалың көпшілік ұлттық сезім дең­ге­йін­де күн кешсе, керісінше шын мәніндегі зиялылар ұлт­тық сана биігінен ой толғайды. Рухани террорға негізгі қар­сы­лық­ты көр­се­те­тін де солар болуы тиіс. Бұл жерде бізді біреулер ұлт­шыл­дық­тан сақтандырады да. Ол орынды. Ондай шек­сіз­дік­ке бой ал­дыр­ған ұлтшылдық – қылмыс. Ал, оны айыптайтындар қа­шан­да да қай ғасырда да алдымен космополиттер мен «либералдар», «демократтар» мен «интернационалист зиялылар» бол­ған. Және атал­ған саяси ағымдардың бәрі де «ұлтшыл» ұғы­мы­нан бұ­рын өмір­ге келген. Ал, Н.Бердяевтің жазуынша «национальное сознание и национализм – явле­ние XIX века». Мені тағы бір таң қал­ды­ра­тын­ды­ғы, қазақ зиялыларының арасында «ұлт­жан­ды» деген сөз қалыптасқан. Осыны орысшаға аударып көріңізші не болып шығады екен, орынсыз-ақ. Маған «ұлт­жан­ды» деген «қа­тын­жан­ды» болып естіледі. Құдай-ау, ұлт­шыл­дық дегенде не тұр. Оны құбыжық көрсетіп жүргендер сол космополиттер мен нигилистер емес пе. Оларға шолақ ойлы көкірек көзі тұм­ша­лан­ған «демократтарды», «интернационалистерді», «либералдарды» қосыңыздар. Әйтпесе, орыс ойшылы И.А. Ильин сол ұлт­шыл­дық туралы: «Национализм есть любовь к историческому облику и творческому акту своего народа во всем его своеобразии. Национализм есть вера в инстинктивную и духовную силу своего народа, вера в его духовно призвание… национализм есть система поступков, вытекающих их этой любви, из этой воры, из этой воли и из этою созерцания» (Ильин И.А. Наши задачи. 2-х тт. 1992) – деп жазады. Ендеше, әлде қайдағы, әлде біреулердің бық­сық-шаласынан қорқып, ұлт­шыл­дық деген қасиетті ұғымды жарымжан жалтақ, жасық «ұлт­жан­ды» деп көлгірсиміз. Ал, бәле іздеушілер болса қайдан да болса табылады.
Тек адамның ниетін қара етпесін деңіз. Жалпы, адамның ұлт­­тық сана сезімінің қалыптасып, ой-өрісінің кеңеюі өз ұл­ты­ның бір бөлшегі екенін сезінгеннен кейін барып туатын қа­­сиет. Міне, осындай асыл қасиеттерді бойға да, ойға да сі­ңір­ген­нен кейін барып Ұлттық идея пайда болады.
Бұл жерде аталған жайды патриотизммен жаңылыстырып алу­ға болмайды. Дейтұрғанмен де, ұлтшылдық пен пат­рио­тизм­нің арасы алшақ емес. Екеуі де Отанға, туған жерге деген сү­йіс­пен­ші­лік­тен туатын қасиеттер. Бірақ, ұлтшылдық – психо-ан­тро­по­ло­гия­лық ұғым болса, ал, патриотизм – тарихи-гео­гра­фия­лық түсінік. Әйтсе де, рухани террорға қарсы күреске келгенде екеуі де тел, теңескен қасиетке айналып кетсе бек дұрыс. Тек, ол – бейұлтшылдық, бейпатриотизм болмасын. Және олар өз­ге­ге қиянат жасау арқылы іске аспауы керек.
Рухани террор жасаушылар, ол мейлі космополит, нигилист, жалаң интернационалист болсын бәрі бір, олар ұлттық түрі, түсі, тілі жоқ бос ұғым. Карамзиннің тілімен айтқанда космополит «существо метафизическое», Ол – схоластика.
1806 жылы Фихте Германияда ұлттық тәрбиені күшейту жө­нін­де насихат жүргізеді. «Союз добродетели» деген үйірме де құрған. Ол таза ұлттық үйірме болып қалыптасып, немістің бірнеше буын ақын-жазушыларын қалыптастырған. Одан ұтыл­ған олар жоқ, әрине, оның да қарсыластары аз болмағаны тағы анық. Бұның бәрі немістерді рухани күйреуден сақтап қа­лу­ға бірден бір әсерін тигізгені бүгінде ғана белгілі болып отыр.
Рухани террордың мақсаты:
1. Тілімізді қайта қалыптастырмай, сол «жөргекке» зор­лық­пен «оралған» күйінде тұншықтырып, келе-келе пайдаланудан қалдыру
2. Ұлтымызды діни нанымынан айнытып, жікке бөлу
3. Әдеби тұрғыдан да бөлшек-бөлшек ету
4. Өз егемендігіміздің қызығын өзімізге көрсетпеу
5. Қазба байлықтарымыздың көздерін сарқып, тауысу, т.б.
Бұлай дейтінім, әлемде 2000-ға жуық ұлт, 150-дей мемлекет бар екен. Солардың қай-қайсы да алдымен жергілікті ұлт мүд­де­сі­нен шығып, содан соң барып қалғандарды да қарық қы­лу­ға тырысады екен. Бірақ та, соған қарамай кейбір іргелі елдерде, сондай-ақ, АҚШ-та азғана топ лоббистер, конгрессмендер мен сенаторлар президентке қысым жасаса, үнсіз қа­ла­тын топтар да жоқ емес. Бұны айтып отырған себебім, олар еңсе көтере бас­та­ған ұлтқа да әр түрлі қысым көрсетуден тайынбайды. мысалы, экономикалық, саяси, тіпті, әлеуметтік әре­кет­тер­ге де баруы мүмкін. Өйткені оларға еркін қозғалып жүретін ке­ңіс­тік керек. Сон­дық­тан да, олар кез келген рухани террорға бара алады. Қа­зір­гі кең өріс ала бастаған «Новое тысячелетие» қо­ры­ның мақ­са­ты да сол. Аталған қордың мақсаты жаңа хро­но­ло­гия­лық, әлеу­мет­тік-мәдени кезеңді желеу етіп, 2001 жыл­ға дейін ғы­лым, мә­де­ниет және білім саласында әрекет ету. Әри­не, бұл жұ­мыс ұлт­тық және аймақтық шекараларды да қамтуы тиіс. Оған пла­не­тар­лық мән беріліп отырғаны да сондықтан. Я.В. сиверц ван Рейземнің «Философия планетаризма» деген кі­та­бы­ның на­си­хат­та­луы­ның сыры да соған саяды. Ол кітап туралы В.Рож­дест­вен­ский деген сыншы «Книги отмечена духом времени. Дух этот – учение о планетарной культуре» деп баға береді. Осы­ның өзі-ақ қазіргі қиын-қыстау кезеңді басынан өткізіп жат­қан ұлт­тар үшін қазылған жаңа рухани ор емес пе? космополитизм планетаризммен астасып, ұлт, жер деген ұғымдарға шек қоя­ды. Пла­не­тар­лық әрекет деген ұғымның да шығу себебі сол. Бұл туралы «литературная газета» (7.8.96): «Западная цивилизация побеждает не оттого, что у нее мощные компьютеры (японцы могут делать лучше), а именно потому, что за ней стоит такой проект –иудеохристианский мессианизм нового мирового порядка». И ее глобальный культурный экспансионизм с точки зрения права сильного вполне естествен» деп жазды. Алпауыттардың бұл құлаш тастарымен санаспауға тағы болмайды. Қазіргі біздің мемлекетімізге шым-шымдап болса да еніп жатқан діни және әдеби ұйымдардың негізін содан іздестіру керек. Бұл ұлтқа деген рухани террордың бастамасы ғана. Бұ­ның арғы жағында жайын идеяның жалмап жұтып қоятын идеологиясы да қарап жатпағаны анық. Ал, қазақ секілді оңы-солын енді танып, егемендігіне малданған ұлт үшін ұсақ-түйек қор, ұйым, бірлестіктерге бөлшектенгеннен гөрі тұтас бір алып күш­ке айналған жөн. «ПЕН-КЛУБ-қа да айтарымыз осы. «Бала ба­сың­ды бақ» десе амал жоқ, онда алдарыңнан жарылқасын деймін. Жалпы, бұл мәселеге ұлтымыздың ең алдыңғы қатарлы зиялы оқы­мыс­ты­ла­ры ден қойып, социологиялық талдау жасағаны дұ­рыс болған болар еді. Сонда, біз қандай күшпен тайталасатынымызды байқап, білер едік. Әттең, оған ондай зиялы қайда? табыла қалса, менің астамшылдығымды олар кешіре жатар деп ойлаймын. Бұл жайдың тағы бір міндеттейтіні, өткенімізді жо­ғалт­пай жаңа ұлттық сапаға көшуді талап етуі бола ма деп те қа­лам. Қалай дегенде де бізге ұлт тұтастығы керек. Онсыз алғы ға­сыр­ға кірсек те сыр беріп қаламыз ба деп қорқамын…
Кезінде француздар революцияға байланысты бізде екі-ақ партия бар, олар өлілер мен тірілер партиясы десе керек. Ал, бізде олар үшеу. Біріншісі ұлт мүддесін ойлап басын тау-тас­қа ұрғандар болса, екіншілері сол ұлт ішінен шыққан «ұя­бұ­зар­лар», үшіншісі қалған топтар. Соңғы екеуіне тө­теп беру оңай жай емес. Олар жеме-жемге келгенде бірігіп кете алады. Жал­­ғыз қалатын сол алғашқысы. Ол қашанда да солай бол­ған, бола бермек те. Өйткені, соңғы екеуінің ойлау жүйесі, қа­был­дау қа­­сие­ті бірдей. Ұлтқа болдырмау. Және оны олар қажет жерінде ашық, үнсіз қалатын тұста «қандауырды» сырттан салады. Үшін­ші деп отырғанымыз – космополиттер. Бұлардың ең қа­уіп­ті­сі солар. Олардың ұйымдастырғыштық қабілеті ерен. Со­ған қа­ра­май оларға Н.Бердяев «Космополитизм есть уродливое и неосуществимое выражение мечты об едином, братском и совершенном человечестве, подмена конкретно-живого человечества отвлеченной утопией» деп баға береді.
Бұлардың ұлт үшін жаны ауырмайтын жөні де бар. Өйт­ке­ні, олар қай жер, қай ел болсын сіңісіп кете береді. Ұлтқа рухани террор жасаушылар да солардың қатарынан шығатындығы сондықтан. Қазіргі мектептердің қиын жағдайы болашақ ұр­пақ­тың ұлттық сана-сезімін қалыптастыруға үлкен зиянын тигізіп отыр. Осы тұстан тиетін соққы да ауыр болатыны анық. Етек-же­ңі­міз­ді жинап, ұрпақ тәрбиесіне баса назар аудармасақ болмайды.
Бір кезде социал-демократ, егемен Республика президенті рузвельт: «Американской гражданин только тот, кто всей душой предан Америке» деп ашық та батыл айтқан екен. Мен президент емеспін, бірақ өзін қазақстандықпын, қа­зақ­пын дей­тін­дер­дің қай-қайсынан да соны талап етуге құ­қым бар. Әсіресе, бұл өзгеге қарағанда өзімізге сабақ болуы керек-ақ. Болмаса, шынында да «Бөлінгенді бөрі жейді». рухани тер­рор­дың құр­ба­ны болып кетпейік десек, әдебиетте де, мә­де­ниет­те де, дінде де тұ­тас­тық танытып, оған бірлесе қар­сы­лық көрсетуіміз керек

ZAMAN-ҚАЗАҚСТАН.
29 қараша, 1996 жыл