ҰЛТҚА ДОСҚАНШЫЛДЫҚ ЖӘНЕ ҒАРИФОЛЛАШЫЛДЫҚПЕН ҚАРАУ ҚАУІПТІ

Ұлт – табиғи, мемлекет – тарихи қоғамдық-саяси категория. Соған қарамай, олардың екеуінің арасын еш бөле-жара талдап, талқылауға болмайды. Өйткені, ол тұтас ағза. Ұлт – жан, мем­лекет – тән. Ал, қазіргі ғаламдастыру деген ұғым-түсінік оның екеуін де жоққа шығарып, жал­пы­ха­лық­тық, жалпыелдік, яғни, бір орталыққа бағынған эко­но­ми­ка­лық-идеологиялық баланстағы қаржылық-интернеттік жүйе қалыптастырғысы келеді. Біздің ұлт – жалқы, халық, ел – жалпы есім деуіміздің сыры сонда.

Қоғамдық-саяси айналымдағы «біз көпұлтты Қазақстан хал­қы» деген ұғым-түсініктің теріс мағынада пайдаланылып кеткендігі соншалықты, соңғы кездері елімізде кейбір біл­гіш­тер­дің «қазақстандық ұлт» атты абстракциялық қолды-аяққа тұ­рып, көңілге қонбайтын, са­наға сыймайтын, шарды ыстық ауамен үргенге (түбінде жарылып, қоғамдық-саяси, мемлекеттік, ел-жұрттық тыныштықты бұзатын) саятын, тарихи-та­би­ғи негізсіз терминнің пайда болуына ықпал етуіне жол ашуда. Ол Досқан Жолжақсынов секілді қазақ тілінде сөйлеп, сол тілге ие ұлттың нанын жеп, суын ішіп, отын оттап отырып, атақ-дәрежесін ала жүріп, білімсіз де біліксіздік таныту ар­қы­лы ұлтты жоққа шығарушылардың санын арттыруында. Тіп­ті, оны айтасыз, сенатор, академик Ғарифолла Есім болса «Қа­­зақ­­стан халқы ассамблеясының мемлекеттік және қо­ғам­дық қыз­мет­те­рі­не қатысты жаңа лексиканы қол­да­нуын­да, ай­та­лық баяндамада бұрын жиі айтылатын «ұлт­ара­лық қа­ты­нас», «ұлттық мүдде», «ұлттық мәдени ор­та­лық­тар», «ұлт­ара­лық келісім», «ұлттар мен ұлыстар» деген сияқ­ты терминдерді таңдаймыз, оның орнына жаңа ма­ңыз­ға ие бол­ған «ел бірлігі», «этносаралық келісім», «этно-мә­де­ни ор­та­лық­тар», «эт­нос» сияқты жаңа лексикалар қолданылған. Әри­не, әлі де бол­са қалыптасып қалған бұрынғы түсініктер шыр­ма­уында­ғы­лар (?) бұрынғы түсініктерді қолдануда. Сірә, бұл іске уа­қыт керек шығар» дей келіп, «әдет, дағдыға айналып қал­ған ескі тү­сі­нік­тер­дің қолданылуы тек теорияға ғана емес, идео­ло­гия­ға да тікелей қатысты. Сондықтан, журналис­тер, саясаткерлер, саясатшы-ғалымдар ендігі жерде қа­жет­ті лек­си­ка­ны бү­гін­гі нақтылық тұрғысынан алып, қол­дан­ған­да­ры жөн деп санаймын» дейді. Міне, осы бір сөз­дің өзі­нен-ақ Ға­ри­фол­ла Есім мырзаның «ұлт» сөзінен өлер­­дей қор­қа­тын­ды­ғын бай­қау­ға болады емес пе?
Жеме-жемге келгенде, ұлт, ұлтшылдық секілді терминдер архаизмге айналатын, яғни, көнерген сөз саналатын құ­бы­лыс­тар емес. Олар мәңгі тарихи-қоғамдық саяси категория. Оны философ, академикке түсіндіріп жатудың өзі ұят. Ешқандай да, жаңа лексика олардың орнын алмастыра алмайды. Дәл сол сияқты, Дос­қан мырза да «қазақстандық ұлттың» түр-түсі, психология­сы мен әдет-ғұрпы, тілі мен ділі қандай екенін айтып бере ала ма? Әй, қайдам! Өйткені, Алла тағала «қазақ­стандық ұлт» деген ұлтты жаратпаған. Ондай ұлт бола қалған жағдайдың өзінде де ол жасанды, жалған, түбінде күйреп тынатын қоғамның негізі болып қалары тағы анық. Бұл тұстарда досқаншылдық пен ға-
рифоллашылдық жүрмейді. Өйткені, ол туралы орыс саясаттанушысы Егор Холмогоров «Идея, что в России живет много наций, это бомба и под единую русскую на­цию, и под государственность и вообще подо все, что есть в Рос­сии хорошего» десе, біз оны неге жоққа шығарып жатсынуымыз керек. Қазақстанның да қазіргі жағдайы дәп сол орыстікіндей, біздің көпұлттылығымыз бен көпдінділігімізді алға тартып, өздерінің іс-әрекеттерін өмірмен қоян-қолтық араластырып жүргендер де аз емес.
Жалпы, «Біз бәріміз қазақстандықтармыз, бізде бір-ақ ұлт, қазақстандық ұлт» деуші журналистер мен кейбір сая­сат­кер­лер­дің айтып та, жазып та жүргендері европеизм мен ат­лан­тизм­нің шалығы тигендегі көңіл-күйдің көрінісі. Мұндай өр­ке­ниет­тік те, мәдениеттік те, саяси-қоғамдық та модель қазақ то­пы­ра­ғын­да ешуақытта да өз негізін таппайды.
Сөз басында, ұлттың – жалқы, халық, ел – жалпы есім екендігін тілге тиек еткен болатынбыз. Ендеше, осы бір қо­ғам­дық-саяси айналымдардағы сөздердің ара жіктерін ажыратып алмай, біз еш уақытта да Қазақстандағы диаспора саналатын ұлт­тар мен ұлыстарды, сондай-ақ, ел, жер иесі қазақты дұрыс саяси-қо­ғам­дық тыныс-тіршіліктегі жалпы ұғым «Қазақстанның ел бірлігі» доктринасын сауатты да салиқалы, білімді де, білікті зерттеп-зерделеуге ұйымдастыра алмаймыз. Осындайда ұлы философ николай Бердяевтің «На­ция есть категория историческая по преимуществу, конкретно-истори­ческая, а не абстарктно-социологическая» деп, ұлттың мемлекеттегі алатын орнын жан-жақты талқылай келіп, «Она есть (ұлтты айтып отыр) порождение совершенно сво­еобразной исторической действи­тельности, и тайна ее недоступна тем, которые совершенно лишены чувства исторической действитель­ности, которые пребывают целиком в абстрактных социологических ка­тегориях. Вы, люди абстрактного социологического миросозерцания, не можете понять тайны национального бытия, потому что вы во­обще разлагаете нацию на абстрак­тные социологические элементы» деген сөзі еске түседі. Осы бір сөз түйін – маған Бердяев тарапынан Досқан Жолжақсынов пен Ғарифолла Есім мырзаға қаратып айтылған секілді болады да тұрады. Ел бірлігін, халықаралық қатынас тыныштығын біз де қалаймыз, бірақ, ол «Қазақстанның ел бірлігі» док­три­на­сы­ның терісін жамылып, ұлт атты ұғым-түсінікті жоққа шығару болмаса керек. Санада тұрмайтын сусыма, жалпы абс­трак­ция­лық ұғым-түсінікке әуес Ғарифолла мен Досқан мырзаның есіне тағы бір рет сол Бердяевтің «Наибо­лее правы те, которые определяют нацию как единство исторической судьбы: сознание этого единства и есть национальное сознание. Но единство исторической судьбы и есть иррациональная тайна» дей отырып, «В этой точке националь­ное сознание погружено в глубину жизни, в недра исторической реаль­ности, единой и неповторимой» де­ген мағыналы сөзін сала кеткіміз келеді. Сон­дық­тан да, ел бірлігі мен мемлекеттің негізін қалайтын және оған бас-көз болатын ұлттық тұтастықтың ара-жігін ажыратып беру өзін патриот санайтын әрбір зиялыға тән қасиет болуы тиіс. Осы­ған байланысты, мен жалпыхалықтық, жалпыелдік деген жайылма ұғым-түсінікпен қаруланып, адамдарды абс­трак­ция­лық, утопиялық космополиттік ұстанымдарға итермелейтін зия­лылардан қорқамын. Яғни, олардың өздері қияли да, өмір­­дің заңдылығы мен тарихи-табиғилығына қарағанда, кез­дей­соқ­ты­ғы­на иек артатын сусыма ұғым-түсініктермен уланып қана қой­май, өзгелерді де улайтындығын ескерсек, ондайлармен бай­ла­ны­су­дың өзі қауіпті. Олар туралы дінтанушы Сергей булгаков: «про­клятая русская (бұны қазақ деп оқысаңыз да болады) интеллиген­ция! Сначала одурила свою собственную голову,а потом разврати­ла весь народ», – дейді. Біздің бұған қосып-алар ештеңеміз жоқ.
1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін-ақ қазақтың ұлттық рухани және діни салт-дәстүр, әдет-ғұрып, күнделікті аралас-құ­ра­лас тыныс-тіршілігіне жан-жақты «қызыл шабуыл» басталды. Ол нигилизм мен космополитизмнің басты көзі болып саналатын марксизм-ленинизмнің коммунистік, жалпы коммунизм-ге қол жеткіземіз деген утопиялық-социалистік негіздің тұ­ғы­ры еді. Содан бері іргеміздегі Ресейді былай қойғанда, қазақ хал­қы ұлт ретінде басынан не кешпеді. Енді бір 100–150 жыл ішінде біз өзіміздің түп-тамырымыздан қол үзіп, «со­вет хал­қы» болып қалыптасып, ұлттылығымызды жоғалтар едік. Қа­зір­гі «қазақстандық ұлтты» ойлап тауып жүргендердің бастау алатын көзі де сол «совет халқында» жатыр. Осы бір жы­мыс­қы, негізсіз терминнің өмірінің қысқалығын КСРО-ның таратылуы қаншалықты дәлелдеп те, анықтап та бергеніне қарамай, Қа­зақ­стан халқы ассамблеясы идеясы терісін жамылғандар одан еш қол үзгілері келмейді. Бір кездегі әлемді коммунизм елесіндей кезген утопиялық сана-сезімнің жемісі, бұл күнде ел-жұр­ты­мыз­дың арасын «қазақстандық ұлт» деген атпен кезіп жүр. Тіп­ті, оны айтасыз, енді бір өзін саясаттанушы деп білетін, ресейлік Игорь Чубайс де­ген философия докторы аталған мә­се­ле­ге дос­қан­шыл­дар­дан да терең кетіп, айналымға «исламские нации» деген ұғым-түсінікті түсіргісі келеді. Ол «Последние десятилетия слова «ислам», «исламский фактор», «ислам­ское влияние» звучат постоянно в разных контекстах и с разными интонациями. И здесь, именно в этой культуре, зародился новый социальный концепт – ислам­ская умма. Речь идет о формирую­щейся исламской нации.(!) иначе говоря, в рамках данной цивилиза­ции нациеобразующим фактором является религиозная принадлеж­ность» дей отырып, өзі­­нің со­қыр сезім – көңіл-күйіне құрылған пікір-тұжырымын «Для нас важно другое – исламская умма находится в ста­дии формирования, а фактор, по­рождающий здесь нацию, – это ис­лам» деп қорытады да, оқыған зиялылардың сана-сезіміне ла­йық емес абсурдқа ұрынады. Сөйтіп, ел-жұртты интеллектуалды аран­да­ту­ға итермелегенді былай қойғанда, сана-сезімдік тер­рор­ға жол береді. Бұны жауапсыздық демегенде не дейміз? Оның тағы бір қатерлі қателігі «Нацию формирует госу­дарство» деуінде жатыр. Біздің қазіргі «Қазақстанның ел бір­лі­гі» доктринасы дегенді алға тартып, «қазақстандық ұлт­ты» қа­лып­тас­ты­ру­шы­лар­дың ұстанымы да сол. Олардың көз­қа­рас­та­ры бойынша мемлекет аталған доктрина арқылы «қа­зақ­стан­дық ұлтты» қалыптастыруы керек екен. Ал, саналы зия­лы­лар­дың түсінігінде ұлт мемлекетті қалыптастырады және сол жолда бар ғұмырын, яғни, ұлттық идеясын алға тартады. Егер, мә­се­ле­ге Игорь Чубайсша келетін болсақ, онда оның өзі тұ­рып жат­қан Ресейдегі жағдай «Если нация – это порождение государства, языка и культуры, то в России живут россияне» болып шы­ға­ды. Алайда, оған қосылып жатқан ресейлік са­налы ұлт өкіл­де­рін көріп отырған жоқпыз. Соған қарамай, әл­де­қай­да­ғы алыс та, жақын Ресейдегі айтылған сөздің Қа­зақ­стан­да жаң­ғы­рып, доктринаға айналуы адамды таң­ғал­ды­ра­ды. Бұ­ның барлығы да орысшыл ұғым-түсініктегі сана-се­зім­нің ша­йыл­ған түрі емес пе? Ал, Чубайс мырза болса, жо­ға­ры­да­ғы сөз­де­рін: «понятно, что этот тезис не станет достоянием общественно­го сознания единовременно, к нему надо постепенно и продуманно при­ближаться. Таким образом, посте­пенно будет формироваться единая нация – нация россиян. (!) И начи­нать действовать в этом направле­нии надо не через 100 лет. Соб­ственно, это сближение, как одна из тенденций, проявляется постоянно. Пора ее сделать основной!» деп жал­ғас­ты­ра­ды. Бұл түйін-тұжырымдар ұлт сөзінен өретін кие­лі де, қа­сиет­ті іс-әрекеттерден жеріндіретін мақсат-мұрат пен ұс­та­ным екендігінде еш дауа болмаса керек. Ең басты өкі­ніш­ті­сі, осынау бір абсурдқа келді, негізі де, түп-тұқияны, тегі жоқ пі­кір-тұжырымның Қазақстанда жаңғыруы жан ауыртып, жү­рек­ сыздатады. Оны қос қолдап қолдап отырған дос­қан­шыл­дық дерті ел ішін аяқасты келген індеттей жайлап кете ме деп те қор­қа­сың. Біздің досқаншылдықты жоққа шығарып, оның пі­кі­рі­не пышақ кесті кесім айтуымыздың бірден-бір сыры, ұлт – бір тілді, өзіндік мемлекет құрған, аумақтық-аймақтық тұр­ғы­лық­ты жері бар, табиғи-тарихи қоғамдық қалыптасқан құ­бы­лыс. Тіп­ті, оны айтасыз, біз бір кездегі социалистік-коммунистік идея мен идеяологиядан қол үзген кезімізде Ленин том­да­рын­да­ғы бірлі-екілі пікірге ден қойсақ, ұлт туралы мәселе «нельзя было из феодализма перейти к ка­питализму без национальных идей» (Полное собрание соч. Том 26, стр 35.) болып шы­ға­ды. ендеше, Лениннің тағы бір пікіріне көз жүгіртсек «сформировавшаяся На­ция имеет отчетливо выраженный «экономический признак» (Ленинс­кий сборник, 1937, с.53)» екен. Бұ­дан келіп шығатын қорытынды ә деген кездегі ұлт мә­се­ле­сін­де­гі Ле­нин ұстанымы соншалықты қатерлі болмаған. Со­ған қа­ра­май, соци­ализм мен коммунизм құрылысын қалау ба­ры­сын­да­ғы ұстаным кілт өзгереді де, ол кейін келе-келе уто­пия­лық ұғым-тү­сі­нік­ке айналып, ұлт бастапқы әлеуметтік-типтік мән-ма­ғы­на­сын жоғалтып, өзінің социалистік таптық құ­ры­лы­мын саяси тұрғыдан қалыптастырып, рухани мазмұн-мә­нін уто­пия­лық негізде жалғастырады. Бұл туралы Үлкен советтік энциклопедия «но­вые черты социалистических Нация формируются под решающим воз­действием рабочего класса, веду­щей интернациональной силы» дей келіп, «Одной из самых существен­ных черт социалистических Нация является их братское сотрудниче­ство и взаимопомощь на основе принципов социалистического интернационализма, которые приводят к развитию новых интернациональ­ных общностей, таких, как советс­кий народ, (!) крепнущее содруже­ство социалистических народов» десе, ол одан әрі ұлттың жойылып кетуіне бірден-бір себептің сыры коммунизм құрылысының етек алуына байланысты болатындығын айта келіп, «В ходе строительства коммунизма ускоряется процесс сближения нация, который ведет к стиранию их различий, связанных с устаревшими формами жизни, и даже к слиянию отдельных малочис­ленных этнических общностей» десе, оның қо­ры­тын­ды­сын «…полная побе­да коммунизма во всем мире создаст условия для слияния Нация и все люди будут принадлежать к всемир­ному бесклассовому и безнациональ­ному (!) человечеству» деп түйіндейді. Міне, бұл біздің қазіргі ұс­та­ным, бағыт-бағдарымыздың толық көрінісі. Яғни, біз мемлекет ретінде КСРО-ның шағын көшірмесі екенбіз, егер ел-жұрт­қа тал­қы­лау­ға ұсынылған доктрина қазіргі күйінде қа­был­да­нып кетсе, сөз жоқ біз ыдыраған КСРО-ның кейпін киеміз. Өйт­ке­ні, доктринаны дайындаушылардың сана-сезімдері болашаққа қа­ра­ған­да, өткеннен ары аса алмай, «советтік кезеңдегі уто­пия­лық достықтың немесе бірліктің» шеңберінен шықпай қал­ған. Ал, оның алыс болашақта Қазақстанның тарихи-та­би­ғи эво­лю­ция­лық жолмен дамып келе жатқан бірлігіне ши жүгіртіп, «қа­зақ­стан­дық ұлт» деген негізсіз де, тексіз, жалаң да, құрғақ тер­минді қа­лып­тас­ты­рып, түбі елімізді азамат соғысына бастайтыны анық. Өйткені, оны әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. КСРО-ның тарауы да сол жалған достық пен бірлікке құрылған, уто­пия­лық коммунизм идеясы және идеологиясымен суарылған «совет халқы» деген жалқыға қарағанда жалпы ұғымның негізінде жатыр. Рес­пуб­ли­ка­мыз­дың «қазақстандық ұлт», «қазақ­стандық ел» дегенді таң­да­уы­ның өзі болашағы нық мемлекетіміздің негі­зін шай­қал­та­тын құбылыс. Ендеше, неге билік ұлттың өзінің әлім­сақ­тан бері құрып, қалыптастырған, кейін әртүрлі тарихи жағ­дай­лар­мен күні кешеге дейін жоғалтып алған тәуелсіздігі мен егемендігін, мемлекеттігін өзіне қимайды. Оны қолдап, қор­ғау­шы­лар­ды көргенде жүрегің тағы да сыздайды. Кезінде ондайлар жайында белгілі ұлт пен ұлтшылдық туралы зерттеуші Э.гелл­нер «чело­век без нации бросает вызов обще­принятым нормам и потому вызы­вает отвращение. У человека долж­на быть национальность, как у него должны быть нос и два уха; в любом из этих слу­чаев их отсутствие не исключено, и иногда такое встречается, но это всегда результат несчастного случая и само по себе уже не­счастье» десе, еш таң­ға­лу­ға болмайды. шынында да, кейбір демогогтар өздерінің жүріп тұр­ған жерлерінде ұлт, ұлтшылдық деген қасиетті ұғым­дар­дың тонын айналдыра түсіндіріп, оны құбыжық көрсететінін кім­нен жасырамыз. Оны көріп те, біліп те жүрміз.
Жалпы, ұлтшылдық адамның оған деген көзқарасына орай әр­түр­лі мазмұн-мағынада құбылып тұратын қасиет. Егер, кім болса да ол туралы жақсы мағынада ойласа, оның ұлт мә­се­ле­сі­не келгендегі іс-әрекеті оң болып тұрады да, ал, оған теріс ниет-пиғылмен көзқарас қалыптастырсаң, одан шовинистік пи­ғыл­дың иісі мүңкитіндігі бек мүмкін. Сондықтан болуы керек, ресейлік Егор Холмогоров ұлтшылдықты «Нацио­нализм – это технология мобилиза­ции нации, а никак не ее создания. И в качестве технологии национа­лизм действительно современен» дейді де, досқаншылдық «қазақ­стандық ұлт» пен Игорь чу­байс­шіл­дік «единая нация – на­ция россиян» деген ұғым-тү­сі­нік­тер­ді жалған да, қасаң-қатқыл, абстракциялық пайым ретінде қабылдап, ойдан ұлт ойлап табуды жоққа шығарады. Ол туралы холмогоров «Если нация может быть «изобрете­на», то получает совсем другой ста­тус. …Историческая концепция на­ции позволит отличить нации-под­делки от подлинных наций, а запад­ный «конструктивизм» их смешива­ет» дейді. Ендеше, ұлт мәселесіне келгенде ешқандай да уто­пия­лық коммунизмшілдік, жалған интер­национализм мен космополитизм сын көтермейді екен. Яғни, «қазақ­стандық ұлт» та, «российская на­ция» деген ұғым-түсініктің өзін былай қойғанда, тер­мин­нің өзі де «на­ции-подделки» деген қисынсыздықтың негізі болып табылады. Сондықтан да, ұлт (нация) пен халық, ел (народ, народность) деп аталатын ұғым-түсініктердің ара-жі­гін ажыратып алмай, «Қазақстанның ел бірлігі» доктринасына еш сенуге болмайды. Ал, Ғарифолла Есім мырза болса, өзі­нің доктрина тура­лы ойларын білдіре келе, «біз қазақ ұлты дегеннен оған қа­ра­ған­да ауқымы және мазмұны әлдеқайда кең «Қа­зақ елі» дегенге ынталымыз» дейді. «Біз» дейтіні өзі секілділер болуы керек, ал, біздің түсінігіміздегі ел-жұрт, халық – жалпы ұғым да, ұлт – жалқы ұғым. Сондықтан да, оның екеуін араластырып, наурыз көже жасауға болмайды. Бұл тұрғыда Егор Хол­мо­го­ров­тың «однако меж­ду народом и нацией надо проводить строго различие. Народ – это носи­тель культурной самости, носитель идентичности, которая утверждает­ся и отстаивается в историческом конфликте. Но народ может быть и не конфликтен, может существовать «в себе», не входя в «большую историю», но и не теряя от этого своего лица. Нация рождается в конфликте, нации не существует до тех пор, пока на горизонте истори­ческого существования народа не появится «другой», причем этот дру­гой выступает как в той или иной степени «враг» – представитель не просто иной культуры, но конкури­рующих притязаний на то же жизненное пространство» деуінде үлкен мән бар. Бірақ, бұған қа­рап ұлт қақ­ты­ғыс арқылы, (конфликт), немесе жау (враг) із­деу ар­қы­лы қа­лып­тас­пай­тын­ды­ғын ескергеніміз жөн. Оны айтып отыр­ған се­бе­бі­міз, жо­ға­ры­да­ғы Холмо­горов сөзіндегі «конфликт, враг» тір­кес­те­рін дұ­рыс түсіну керектігін меңзегеніміз. Ал, Ға­ри­фол­ла Есім мырза қорқатын «ұлт», «ұлтаралық қатынас», «ұлт­тық мүд­де», «ұлт­тық мәдени орталықтар», «ұлтаралық келісім», «ұлттар мен ұлыс­тар» терминдері ешқандай да қорқынышқа толы «божей» тір­кес­тер емес. Қайта, жалпы, жайылма ұғымға қарағанда жал­қы, әрі нақтылыққа негізделген әлемдік айналымдағы сөз­дік қор­ла­ры­мыз­дың бірі де бірегейі. Оны ел-жұртқа теріс жа­ғы­нан көр­се­ту орынсыз.
Жеме-жемге келгенде, ұлт болып қалыптасу әлімсақтан келе жатқан құбылыс. Біздің ұлт пен мемлекетті бөле-жара қа­ра­ма­уы­мыз­дың сыры да сонда. Мемлекет ұлт­ты қа­лып­тас­тыр­май­ды, қайта ұлт мемлекетті қа­лып­тас­ты­ра­ды. Енді, біз на­зар­ла­ры­ңыз­ға, өздеріңізден кешірім сұрай отырып, сол Хол­мо­го­ров­тың ұзақ та болса бір пікірін алдарыңызға тарт­қы­мыз келеді. Ол «пер­вые прото-нации появились тогда, когда древние племена впервые столкнулись в борьбе за территории и ресурсы, а настоящие нации появи­лись, когда ставкой в игре стали большие пространства, великие властные притязания и «общечеловеческие» религиозные и культур­ные идеи. эпохой рождения «настоящих» нации следует считать период «осевого времени», то есть эпоху, когда поведению и мифам эт­нических групп дается «общечелове­ческое» истолкование, порождаю­щее возможность настоящего не­примиримого конфликта» дей келіп, ойын одан әрі «первым докумен­том этого этического национализма является ветхий завет, конституи­рующий Израиль как «нацию», сот­воренную, подробно первому чело­веку, непостредственно богом. именно ветхозаветный дух придал особую интенсивность европейскому строительству наций и национализ­му, который далеко обошел национализмы других цивилизаций по сте­пени разработанности и уровню са­мосознания» деп таратады. Құ­ран­да да соны айтады. Сон­дық­тан да, әлемдік ай­на­лым­да­ғы қо­ғам­дық-саяси, әлеу­мет­тік-тұр­мыс­тық, эко­но­ми­ка­лық-мәдени қа­рым-қа­ты­нас­тың негізі болып саналатын мем­ле­кет­тің діңгегі ұлт сө­зін «өл­ті­ріп», оның орнына өзін­дік мән-мағынасы бар жалпы тү­сі­нік­ке саятын ел-жұрт, ха­лық тіркестері арқылы жал­пы­ұғым «қа­зақ­стан­дық ұлт» дегенді са­на­ға құю­ға тырысу қи­сын­ға келмейтін қия­нат әрі аб­сурд. Егер, 1954 жылы шыққан Х.Мах­му­дов пен Ғ.Мұ­са­баев­тың, тіп­ті, одан да бергі «қазақша-орысша сөз­дік­тер­ге» жү­гін­сек ел, ха­лық ұғым-тү­­сі­­ні­­гі­­нің ұлт ұғым-түсінігі арасында айыр­ма­шы­лық барын бай­қай­мыз. Оларды бір-бірімен шатастырып, қа­ра­па­йым ха­лық­ты еш адастыруға болмайды.
Қазақ орыс отарлауына көшкен сәттен бастап-ақ, ол то­лық­қанды ұлт болудан қалды. Халық өзінің ұлттық болмысын жо­ғалта бастады. Ол сол екпінмен күні бүгінге дейін созылып келеді. Біз көп диаспоралы елге айналып, осы тұста өзіміздің түп қа­зы­ғы­мыз­ды жоғалтып алудың үстінде тұрғанымызды мо­йын­дама­сақ тағы болмайды. Енді, XXI ғасырда өз тәуелсіздігіміз қо­лы­мыз­ға тигенде, болашақта толыққанды мемлекет бол­ма­сақ, онда өз обалымыз өзімізге. Сондықтан да, ұлттың мемлекеттен де, биліктен де жоғарғы құндылық екендігін жақ­­сы сезінбесек ел емеспіз. Мемлекет те, билік те ұлтқа қыз­мет етпесе, онда құнымыз көк тиын. Қазіргі ел тал­қы­сын­да­ғы док­трина сол бағытта дайындалуы тиіс. Ендеше, мемлекет ұлт­ты емес, ұлт мемлекетті қалыптастырғандығын бір сәт те естен шығармауымыз керек. Осыған орай, орыс филосо­фы николай Бердяев өзінің «О на­ции» деген еңбегінде «…всякая на­ция стремится образовать свое го­сударство, укрепить и усилить его. Это есть здоровый инстинкт нации. государст­венное бытие есть нор­мальное бытие нации. потеря на­цией своего государства, своей са­мостоятельности и суверенности есть великое несчастье, тяжелая болезнь, калечащая душу нации» дейді. Мұндай жағдайда ұлттың өзі құр­ған мемлекет арқылы өркениет пен мәдениетке дәстүрлі тұр­ғы­дан қол жет­кі­зіп, қазіргі ғаламдастыру талап-тілектерінен табылмаса бол­май­тын­ды­ғы­на қазақ та ұлт ретінде жан-жақты көз жет­­кі­­зуі керек. Заман мен уақыт ағымынан кейін қалып, ілгері баспау – ха­лық­тың толыққанды ұлт болып қа­лып­тас­па­ған­ды­ғы­ның басты бел­гі­сі. ендеше, қазақ ұлт ретінде Қа­зақ­стан­да­ғы диаспора өкіл­де­рі арасында саяси тұлғаға айналуға тиіс. Ол үшін мемлекет те, билік те өздерінің бетін Қа­зақ­стан­ның жер-суына ие, рес­публика атын алып отырған кіндік ұлтқа толық бұрмаса – үл­кен кем­ші­лік. Осындайда есіне тағы да сол Н.Бер­дяев­тің «через государ­ство раскрывает нация все свои по­тенции. С другой стороны, государ­ство должно иметь национальную ос­нову, национальное ядро, хотя пле­менной состав государства может быть очень сложным и многообраз­ным» дегені тү­­се­­ді. Сон­дық­тан да, болашақ ұрпағымызға өздерінің қазақ болып ту­ған­ды­ғын мақтан етіп қана қоймай, қазақ болып қалуы керектігін де ескертуге тиіспіз. Солай тәрбиелемесек те болмайды. Осы тұста, Н.Бердяевтің болашақ ұрпақ туралы «И то поко­ление, которое порвет всякую связь с национальным прошлым, никогда не выразит дух нации и воли нации. Ибо в духе нации и воле нации есть сила воскрешающая, а не смерто­носная. Пора, пора уже обратиться нам не к «народу», а к нации, т.е. перейти от поверхности к глубине, от количества к качеству. Нацио­нальное начало в общественной жизни есть начало качественное, а не количественное» деуінің өзінде үлкен мән жатыр.
Қазіргі қазақ қоғамын алаңдатып отырған жағдай, елімізде досқаншылдық пен ғарифоллашылдықтың кең етек алып, нақ­ты да, жалқы ұғым, ұлт атты қасиетті де, киелі пайым-тү­сі­нік­тен бас тарттырып, жалпы – жайылма жалқы ұғым абсурд та, абс­трак­ция­лық мән-мағынадағы және тексіз, түпқиян, негізсіз «қа­зақ­стан­дық ұлт» деген терминге бастаушылардың көбейіп тұр­ға­ны кезінде, қазақ жал­пы ұғым халықтан толыққанды сая­си ұлт дәрежесіне көтерілмесек, онда ғаламдастыру­дың біз­ді жұ­тып қоятыны анық. Ол үшін досқаншылдық пен ға­рифол­ла­шыл­дық­тар­ға жол бермеуіміз керек.

«Жас Алаш».
24 желтоқсан, 2009 жыл