Ұлтсыздықты «Атабаевша» ұлықтау немесе нигилизмнің озық үлгісі

Национальность, как здоровье:
их начинаешь действительно
ценить только, когда потеряешь.

Латын мақалы

Осыдан көп жылдар бұрын дәріс алған ұстаздарымыздың бірі белгілі ғалым Белгібай Шалабаевтың «Өмірде не болмайды» атты кітабын оқып, оның өзінен осы тақылеттес сөздерді есіткенде күлетінбіз. Сөйтсек, ол кісі оны өзінің шау тартқан шағындағы жасына орай көріп-білгендерін көкейіне хаттап, көңіліне түйгеннен кейін айтады екен ғой. Бүгінде сол ұс­та­зы­мыз­дың тілге тиек еткендерін өзіміз де осы күні айтып та, жазып та жүрміз.
Бір жолы белгілі бір газеттен «Для меня национальность не имеет никаго значения, есть замечательное выражение по этому поводу: это все равно что гордиться тем, что ты родился во вторник или в Чевтерг. Национальность – это не беда и не заслуга» деген пікір-тұжырымды оқып таң­ғал­ға­ны­мыз бар. Сонда, атақты ұстазымыздың «Өмірде не болмайды» деген сөзіне тағы бір көз жеткізген едік. Ал, енді на­зар­ла­ры­ңыз­ға ұсынып отырған сөздің иесі – белгілі ресейлік режиссер эльдар Рязанов. Енді, Құдайдың құдыретіне қарасаңызшы, дәл сондай сөзді қазақ режиссері Болат Атабаев мырза да жөн жо­сық­сыз қайталайды. Ол «Многие представители старшего поколоения вводят в заблуждение нашу молодежь, заявляя: «Я горжусь, что родился казахом». Что значит гордиться тем, что родился казахом? По сути, это же самое, что гордиться тем, что родился в девять утра», — дейді. Осылардың еке­уін­де­гі басты кемшілік те, адамды түңілдіретін де жағдай – олар­дың тексіздікті насихаттауы. Ұлттан безуді ұлықтаған эльдар Рязанов пен Болат Атабаевтың ұқсастығы неде, әрі басты қа­сиет­те­рін­де­гі үндестік қай тұста жатыр? Ол ең алдымен, өз­де­рін белгілі азамат санайтындардың өз тегі мен ел-жұр­тын ұмы­тып, көктен түскендей көңіл-күйде өмір сүрулері. орыста «Иван, не помнящий родства» деген ұғым-түсінік бар. Біз­дің­ше, осы бір сөз аталған қалың ел-жұртқа белгілі ре­жис­сер­лер­дің көзқарасындағы ұстанымдарға байланысты айтылған се­кіл­ді. Жалпы, ұлт мәселесінде Рязановты мен түсінемін, ал, атабаевтыкі не жорық?
Атабаев мырза «Многие представители старшего поколоения вводят в заблуждение нашу молодежь» дегенде кім­дер­ді меңзеп отыр екен. Үлкеннің алдын көрмегеннің, үл­кен­нің сөзін тыңдап өспегеннің айтары қашанда да осындай болып келеді емес пе? Ондайды қазақ «тексіздік» деп таниды. Ұлт­сыз­дық­ты ұлағаттаудың ең озық үлгісі – осы сөз. Әйтпесе, қа­зақ­тың әдет-ғұрып, салт-дәстүр, сана-сезімінің қаншалықты тәр­бие­лі де, иманды екенін білетін өнер адамы олай айтпаған болар еді. латында «Тегін құл немесе қу жасырады» деген қа­нат­ты сөз бар. Біз бұл жерде Атабаевты «Құл да, қу да» деп отыр­ған жоқ­пыз. Бар болғаны реті келгенде аталы сөзді алға тарт­тық. Ол мырза тіпті бір кезде «Ұлттық мемлекет құру идеясы абсурд» дегенге саятын сөз айта келе, «Ұлттық мемлекет құру тек қана киіз үйде отырып, қымыз ішіп, домбыра тартумен шектелмейді. Уақыт оған ырық бермейді де» деген де болатын. Біз білмейміз, ол мырзаға «ұлттық мемлекет болу үшін оның азаматтары киіз үйде отырып, домбыра тартулары керек» деген пікірді айтып жүрген адамды. Сөз жоқ, қазақ ұлт ретінде уа­қыт пен заман талабынан қалмауы керек. ендеше, Ата­баев­тың алға тартып отырған уәжі де орынсыз. Ал, оның жо­ға­ры­да­ғы­дай пікірлерін «Время» сияқты газеттер «золотые слова» деп насихаттап жатады. Бұны қазақ «қу мен қу намазшамда жолығады» дейді.
Міне, осындай пікір қайшылығына толы ойлар айтып жүр­ген адамның қазақ сахнасына өнер туындыларын ұлттық дең­гей­де қалай шығарып жүргеніне таңқаласың. Шынында да, өмір­де не болмайды, ұзақты-қысқалы ғұмырыңда кімді көр­мей­сің. Солардың бірі де, бірегейі Эльдар Рязанов пен Болат атабаев сияқтылар.

«Заң газеті». 2 сәуір, 2009 жыл