АДАМ АЛЛАНЫҢ КӨШIРМЕСI ЕМЕС

Бiз мақаламызға тиек еткелi отырған тақырыпты кезiнде жазып, оқырмандарымызды дiни қандай да кiтапты оқыған кезде оның мақсат-мүддесi, ұстаным-ұстыны қандай екендiгiн ажырата бiлулерi керек екендiгiн ескерткен болатынбыз. Және оған әлi де сан оралатынымызды айтып өткенбiз де. Өйткенi, елi­мiз­де сан түрлi секталардың кең етек жайып, халқымыздың арасына сына қағып жүргенi бәрiмiзге де белгiлi. Ендеше, көше кезiп, үй аралап дiни кiтаптар таратқандарға да өте сақтықпен қа­ра­ға­ны­мыз жөн. Бұны айтып отырған себебiмiз, қолымызға тиген бiр кiтап сол бағыт-бағдардағы ұстанымды насихаттаған жи­нақ. Ол новосибирскiдегi «ЭКОР» баспасынан басылған О.Н. шатохин дегеннiң ағылшын тiлiнен аударған «манифест ислама» атты кiтабы. Авторы – Мухаммад Рафи-уд-Дин. Ол атал­ған кiтабында Исламның ұстанған бағыт-бағдарымен бiрге, оның мән-мағынасы және саяси-моральдық, қоғамдық тұр­ғы­да­ғы алатын орны туралы ой толғайды. Жалпы, автордың Ис­лам­ға деген ниетiнiң қаншалықты түзу екендiгiн бiлмеймiз, бiрақ со­ған қарамай аталған кiтапты оқып отырып көңiлiңе күдiк, кө­кi­ре­гi­ңе түйткiл орнығады екен.

Аталған жинақтың «Качества человека являются отражением качеств Создателя» деген бөлiмiнде автор «центральным свойством человеческого создания, как и божественного, является любовь со всеми сопутствующими ей качествами. Так как в человеке отражаются все качества Создателя, его можно назвать образом Божества. Поэтому Пророк (мир ему) говорил: «Аллах создал человека по образу и подобию своему» дейдi. Мiне, дәп осы тұста ол үлкен қателiк жiберiп қана қоймай, Алла мен Адам жаратылысын баяндау арқылы оқыр­ман­ды жаңылыс жолға салып отыр. Олай дейтiнiмiз, бiз бi­ле­тiн Құран мен басқа да Ислам дiнiндегi танымдық кiтаптарда олай демейдi. Мысалы, Рукайя Максудтың 2001 жылы Мәс­кеу­де шыққан «Ислам» атты кiтабында (ол да ағылшын тi­лi­нен аударылған – А.Ә.): «Бог всезнающ и всевидящ; Он совершенно «отличен» от сотворенной Им Вселенной, вне времени, вечен, без начала и конца» дей келiп, «В мире не существует ничего, подобного Богу (!), и ничто не может сравниться с Ним. Ничто не разделяет Его власть, и у Него, конечно же, нет «сотоварищей» или каких-либо «родственников» дейдi.
Ендеше, аталған автор Құран Кәрiмнiң 112-Ықылас сү­ре­сiн­де­гi: «Ол Алла, бiреу-ақ. (1) Алла мұңсыз. (Әр нәрсе Оған мұқ­таж.) (2) Ол тумады да туылмады. (3) Әрi Оған ешкiм тең емес (4) « дегенмен «Шуро» сүресiнiң 11-аятындағы: «Оған ешнәрсе ұқсамайды. Ол Естушi, Көрушi Зат» дегенiн жақ­сы бiлiп, жоғарыдағыдай ой-пiкiрiмен тұжырымға келген. ендеше, бiз де со жағындамыз. Алла не нәрсенi болса да жеңiл, шаршап шалдығусыз және еш демалыссыз сөз – бұйрық ар­қы­лы жаратқан. Сондай-ақ, ол адамды жаратушы ғана емес, оның бүкiл ғұмыры одан әрi бақылап, басқарушы да. Сонан соң, Алла өзi жаратқандардың өткенiн де, болашағын да бi­ле­тiн құдiрет. Сондықтан, адамды Алланың бейнесi ретiнде қа­был­дап, оған ұқсату астамдық.
Әлқисса, бiз тiлге тиек етiп отырған «Манифест ислама» атты кiтаптың қалың көпшiлiктi, әсiресе, орыс тiлдi оқыр­ман­дар­ды терiс жолға түсiрiп, ол туралы жаңсақ пiкiр қа­лып­тас­ты­ра­ты­нын айтқымыз келедi. Иә, «Библия» Құдаймен Адам жаратылысына басқаша көзқараспен келiп, оған өзгеше пiкiр бiл­дi­ре­тi­нi рас. Белгiлi дiн зерттеушiсi, философ Сергей булгаков өзi­нiң «Свет невечерний» кiтабында оның қыр сырын аша келе: «образ Божий в человеке. И сотворил Бог человека по образу Своему, по образу Божию сотворил его (Быт. 1: 27), И создал Господь Бог человека из праха земного и вдунул в лице его дыхание жизни; и стал человек душою живою (2: 7), Человек сотворен, но по образу Божию. Он создан из праха земного, из общей тварной материи, но в него вдунуто самим Богом дыхание жизни Из Себя Самого извел и как бы выделил Бог его сущность, И уже в силу такого своего происхождения человек является сыном Божиим» дейдi. ендеше, Алла мен Адам жаратылысына келгенде Ислам мен хрис­тиан­дық­тың арасында айырмашылық бар. Қорыта айт­қан­да, жоғарыдағыдай «Манифест Ислама» секiлдi кi­тап­тар­ды оқы­ған­да мейлiнше сақ болғанымыз жөн. Сөз соңында құр­мет­тi оқыр­ман­ға жеткiзерiмiз, Алла мен Адам жаратылысын ажырата бiлу – әрқайсысымыздың азаматтық та, мұсылмандық та мiндетiмiз.

«Заң газеті».
18 наурыз, 2009 жыл