«ОҚЫ, ОҚЫ ЖӘНЕ ОҚЫ»

Бiр кезде ұлы күн көсем атанып, аты-жөнi Адам атадан бастап, ең соңғы пайғамбар Мұхаммед алеиһис саламға дейiнгi ара­лық­тағы пайғамбарлардың бәрiнен жоғары қойылып, айтылып та, жазылып та келген Ленин айтқан «Оқы, оқы және оқы» деген қанатты қағидаға негiз болған Құран кәрiмдегi:

1.Читай (и возгласи) !
3. Читай!
4. Он – Тот, кто (человеку дал) калам (перо)
и научил письму, – (96:1-4)

деген қасиеттi де киелi сөздi оқып, бiлiп өскен мұсылман ел-жұр­ты­ның бүгiнде бiлiмнен сонша артта қалғанына таң қаласың. Келтiрiлген алғашқы аяттардан-ақ Ислам иiсi адамзатты на­дан­дық­пен артта қалушылықты емес, iлiм-бiлiмге және оқып үй­ре­ну­ге әрi жазуға шақырғанын, сонымен бiрге Мұхаммед алеиһис саламның «iлiм iздеу әрбiр мұсылман еркек және мұсылман әйел­ге парыз», сондай-ақ, «бiлiм Қытайда болса да ал» деге­нiн ұмытпасақ мұсылман әлемi бiлiмнен мұншама артта қалар ма едi?
Кезiнде Ислам әлемге тек қана Орта Азияның өзiнен Әбу насыр әл-Фараби (870 – 950), Әбу Әли Ибн Сина (980 – 1037), Әбу райхан әл-Беруни (973 – 1050), Ұлықбек (1384 – 1449) секiлдi ғұ­ла­ма­лар мен мемлекет қайраткерлерiн берген едi. Бұның бәрi бү­гiн­гi ғылым-бiлiммен, оқымысты да бiлiмдарлармен са­лыс­тыр­ған­да өткен шақ. Бүгiнде солар сияқты ғұламалар неге жоқ? Неге олардың насихаты өзгелердiң оқыған-тоқығандарына қа­раған­да аз? Бүгiнгi бiлiм шыңына шығып, ауыздан-ауызға iлi­нiп жүр­ген, Нобель сыйлығын алған мұсылман әлемiнiң ғұ­ла­ма­ла­ры қанша? Болса нелiктен әлем ғалымдарындай насихатталмайды? Әлде оларды айдарлатып, айбынды көрсетуге мерзiмдi телеарналарымыз бен баспасөздерiмiз жетпей ме? Осының бар­лы­ғы сұрақ. Бiздiңше Еуропа және Батыс ақпараттық құ­рал­да­ры­на қарағанда мұсылман әлемiндегi ең басты қа­рым-қа­ты­нас құ­ра­лы және идеологиялық қаруы саналатын, осынау ең қа­-жет­тi нәр­се­ден мұсылман әлемi барынша артта қалған. Мiне, со­ның салдарынан мұсылман мемлекеттерi өздерiнiң өткенiн былай қой­ған­да, бүгiнгi қоғамдық-саяси, мәдени-өр­ке­ниет­тiк тыныс-тiр­шi­лi­гiн, болмыс-бiтiмiн дүниежүзiне толық таныта алмай келе жатыр.
Қызық жағдай! Менiң қолыма тиiп, тiлiме тиек болып отыр­ған фактiге жүгiнiп отырып, осылай демеске амал жоқ. Егер, құр­мет­тi оқырман алдарыңызға тартқалы отырған көрсеткiштер рас болатын болса, онда шынында да мұсылман әлемi өзiнiң о бас­та­ғы оқып-бiлуге, бiлiмге деген құштарлығын соншалықты жо­ғал­тып алғанына ерiксiз таң қаласың. Бүкiл Ислам әлемiндегi елу жетi елде 1450 млн. халық тұратын болса, оларға 500 ғана университет қызмет етедi екен. Ал, бiр ғана АҚШ-тың өзiнде 5758, Үндiстанда 8407 университет бар екен. Сондай-ақ, әлемде ең озық жоғарғы оқу орыны 500 болса, оған мұсылман елдерiнен бiрде-бiр университет кiрмейтiн көрiнедi. Тiптi, оны айтасыз христиан әлемiнiң орта деңгейiнiң 90 пайызы сауатты болса, ал, мұсылман әлемiнiң орта деңгейiнiң сауаттылығы 40-ақ пайыз. Оны айтасыз, алдыңғылардың көпшiлiгiнiң 98 пайызы орта мектептi бiтiрсе, соңғы мұсылман әлемiндегi ел-жұрт­тың 50 ғана пайызы орта мектептi бiтiредi екен. Осы көр­сет­кiш­тер­дiң өзi-ақ, жалпы, мұсылман әлемiндегi бiлiм деңгейiнiң қан­ша­лық­ты екенiн аңғартса керек. Мысалы, АҚШ-та 1 млн. адам­ға 5000 оқымыстыдан келсе, бүкiл Араб әлемiнде 1 млн. адамға 50 техниктен ғана келедi екен. Осының бәрiн оқып, бiлiп отырып, бiр кезде Жаратқан иемiздiң бiлiмге, бiлiктiлiкке ша­қыр­ған ұрпағының соншама деңгейдегi бiлiмсiздiкке түсiп кеткенiне ерiксiз көңiл құлазып, жүрек егiледi.
Сонда, бұдан шығатын қорытынды не? Ең алдымен бiз­­дiң­­ше мұсылман әлемi материалдық құндылықтарға қарағанда, Алла та­ға­ла­мыз бен пайғамбарымыз о баста насихаттаған бi­лiм­ге ұм­ты­луы керек. Болашақ ұрпағымызды пайғамбарымыз тiл­ге тиек еткендей жердiң қай түкпiрiнде болса да, бiлiмге, бi­­лiм­­дар­­лық­­қа ден қой­дыр­ма­са болмайды. Адам өзiн-өзi қолға алмаса, Алла да олар­­дың жағдайын өзгертпейдiндiгi хадисте айтылған. ендеше, бұ­­дан шығар қорытынды оқу, бiлу, оларды көңiлге то­­қып еуропа мен Батыс әлемiндегi бiлiмдiлiк пен бiлiктiлiкке ұм­­ты­­лу мұ­­сыл­­ман әлемiнiң басты бағыт-бағдары, ұстаным-ұла­ға­ты бо­лу­ға тиiс.

«Заң газеті».
26 ақпан, 2009 жыл