ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОЛҒЫМ КЕЛМЕЙДІ

Бүгінде қоғам және экономика, идея мен идеология, тіпті, елі­міз­де­гі адами-моральдық қарым-қатынас пен әлеуметтік-тұр­мыс­тық дағдарыс жөнінде өздерін тәуелсіз санайтын қа­зақ-орыс басылымдары да аз жазып жүрген жоқ. Ел-жұрт ау­зың­да­ғы әң­гі­ме өзінше бір төбе. Бірақ, солардың бірде-біреуі соң­ғы жыл­дар­да­ғы қазақтың ұлттық сана-сезімі дағдарысына жет­пей­ді. 1986 жылғы желтоқсан көтерілісінен соң қазақ намысы ұзақ ұй­қы­ға кеткендей. Ал, әр тұстан бір бой көтерген ұлттық бұл­қы­ныс­тар­ды үкімет пен жергілікті басшылар басып тастап отыр. Әри­не, ол күшпен жүргізіліп жатқан жоқ, дегенмен оның су асты ағысындай құйтырқы іс-әрекеттермен атқарылып жатқанын қа­лың көпшілік біледі де сезеді. Бұл өз ұлтын, өзге ұлт өкіл­де­рі алдында жығып беріп, «біз көпұлтты мемлекетпіз» деген ұс­та­нымда­ғы жалаң достыққа құрылған жүйенің кескін-келбеті емес пе? Оның бірден-бір көріністері – Маловодное мен Шелек және Маң­ғыс­тау­да­ғы оқиғалар. Ал, оны «Қазақ миссиясы» тұ­жы­рым­да­ма­сын жазушылар «Ұлт әлсіздігінен белгі беретін сипаттар» дейді. Біздіңше, ол – керісінше, билік басындағылар мен өзін ұлт зиялылары санайтындардың «әлсіздігінен белгі беретін сипаттар». Өйткені, олар дәп сол тұста қазақ мүддесін жанын салып қорғап қала алмай, оның ұлтшыл өкілдерінің түрмеде отыруына бірден-бір себепкер болды. Яғни, қорғай алмады. сонда қа­зақ қайда барады? Қайда барып тілі мен ділін, әдеп-ғұ­рып, салт-санасын қалыптастырып, сезімін сергітіп, намысын оятады.

Шынында да, қазіргі ғаламдастырудың кең етек жайған ке­зін­де қазақты қай тұстан іздеп, Қазақстанды ұлттық мемлекет ретінде қандай мәртебе-мәтінде және қадір-қасиетте көріп-білуге тиіспіз? Оның ішінде ұлт зиялылары кімдермен бірге, сосын, олардың көздегені қай кеңістік пен ендіктегі Қазақстан? Ол еуропа ма, әлде Азия ма немесе орыс бағыт-бағ­да­рын­да­ғы кіші ға­лам­дас­ты­ру­ға келетін, арысын князь Н.Трубецкой, П.Са­вицкий, Г.Вернадскийден тартып, берісі марқұм Л.Гу­ми­лев­тен өріп, қазір Дугинге ұласқан еуразиялықпыз ба? болмаса оларға (зия­лы­лар­ға немесе қазаққа) үш жүз жылғы патшалық ресей отар­шыл­ды­ғы мен ұлы орысшылдық ниет-құ­лық­та­ғы ұс­та­ным­ды берік тұғырнама еткен, аз ұлттар мен ұлыс­тар­ды жұ­тып қоя­­тын (кейбіреулерін жұтып та қойған) жа­йын­құ­лық­ты уто­пия­лық-ин­тер­на­цио­нал­дық-коммунизм бағыт-бағ­да­рын­да­ғы КСРО-ның «барлық ұлттар тең құқылы» деген мә­де­ниет­ті отар­лауы сал­қы­ны­нан әлі де болса арылмаған, тәуелсіздік ал­­ға­­ны­­на 17 жыл болғанына қарамай жасқаншақ, жа­сық та жал­пақ шешей Қа­­зақ­­стан керек пе? Әлде, Кеңес Ода­ғы құ­ла­ған­нан ке­йін­гі демократия, жалпыадамзаттық-аза­мат­тық және ашық қо­­ғам, адам құқы секілді шарды ыстық ауамен үр­ген­дей, де­мо­го­гия­ға саяр­лық құн­ды­лық­тар­ға малданған (ал­дан­ған десе де болады) және ба­­тыc­­шыл­­дық­­тың балалық ауруына шал­дық­қан тек­сіз либерал қа­зақ қажет пе? Бұл жолда бізге еш­қан­дай да III Дү­ние­жү­зі­лік соғысты күтудің керегі жоқ. Ол елі­міз­де тә­уел­сіз­дік ал­ған­нан бері жүріп жатыр. Онда атом не­месе сутегі бомбасы жарылып, аспан мен жерден оқ жаумаса да, одан да қа­тер­лі қару-жарақ қолданылуда. Ол – өзін­дік идео­ло­гия­лық нейтрон, атом, химиялық және бак­те­рия­лық қа­руы бар со­ғыс. Оның аты – ғаламдастыру терісін жа­мыл­ған идео­ло­гия­лық және идеялық майдан. Қазақ сана-се­зі­мі­нің қай­та қал­­ғып кетуі мен еңсесінің езілуінің сыры сонда. ендеше, қа­зақ­тың ежелгі ру­хани ой-орамы, мәдениет пен наркескен намысы қайда қал­ды деп басымызды тау-тасқа ұруы­мыз­дың қа­же­ті жоқ. Біз сол III Дүниежүзілік соғыста бұдан бұ­рын­ғы ал­ған ұлт­тық позиция­ларымызды тастап, біртіндеп шегініп бара жатырмыз. Оның қаншаға созылатынын әуелі Құдай, содан соң өзін ұлт зиялылары санайтын азаматтар біледі.
Осындай жеңілістерден кейін менің қазақстандық бол­ғым келмейді. Өйткені, кім көрінген қазақстандық бола алады (ал, менің қазақ болу – міндетім). Ол бүкіл жақын ТМД және алыс Батыс пен Еуропадан қазақ жеріне келіп, еліне сі­ңіп, жақсы өмір сүруі мүмкін. Сөйтіп, қазақстандықпын дейді. содан соң қазақстандық жалпыазаматтық пен адамзаттық прин­циптерін ойға да, бойға да сіңіріп, жердің иесі қазақты өз то­пы­рақ-негізінен, қағынан жерінген құландай жеріндіреді. Сосын, жергілікті ел-жұртты өзінің қазақтығы мен мұсылман­ды­ғы­нан бейтараптандырып, кең байтақ жеріміз бен мемлекетімізді кескін-келбет, мазмұн-мәнсіз, ең бастысы тексіз, «қай жерде қа­рын тойдырсам, сол жер Отаным» деген адами-моральдық қа­сиет­те қалыптастырады. Әсіресе, ол қалада батысшылдықтың ба­ла­лық ауруына шалынған өзінің тілі мен дінін, тек-тұяғын мо­йында­майтындардан тұрады. Мысалы, үкімет басшысы К.Мә­сі­мов өт­кен Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігіне орай жа­­са­­ған «На­зар­баев­тың нұсқасы» атты баяндамасында ел мен жер­­дің иесі қазақ ұлты туралы бірауыз сөз айтпастан, жалпы қа­зақ­стан­дық тәуелсіздіктің ұзын-ырғасын, ұғым-түсінігін баян­дап берді. Сонда, үкімет басшысының баяндамасында неге көп жылдардан соңғы «жылап көріскен» қазақ тәуелсіздігі, содан соң, оның сол жолдағы көрген қиянаты мен кешкен мех­на­ты сөз етілмейді? Бұ да бір «жаны ашымастың қасында, бас ауыр­мас­тың» кері емес пе? Жалпы, «Қазақ миссиясын» жазып та, айтып да жүргендердің «азаматтар ұлтының қа­лып­та­суы» мен «этникалық бірігуден мәдени және тілдік бі­рі­гуі болуы қа­жет» және ұлттық сана-сезімнің оянуын «ең жоғарғы шегі азаматтар ұлтының қалыптасуы болуы тиіс» деп жүр­ген­де­рі, сол жалпыазаматтық және жал­пы­адам­зат­тық деген ұғым-тү­сі­нік­тен өрген күңгірт те кө­мес­кі, абстракциялық тұ­жы­рым. Сондай-ақ, соңғы кезде бой көрсетіп, ел-жұрт, айта берді кейбір ғалымдарымыз бен Ел­ба­сы­мыз­дың аузында жүр­ген «Қа­зақ­стан елі» деген ұғым-түсінік те жо­ға­ры­да­ғы­дай та­қы­лет­тес пікірлердің көрінісі. Бұл ұлт сөзінен қор­қып немесе бой алып қа­шу­дың бірден-бір көзі. Ассимиляция сөзі қан­­ша­­лық­­ты қа­тер­лі болса, көп қанды қадір-қасиеттің өзі де сон­ша­лық­ты қа­уіп­ті. Қазақтың физиологиялықтан тыс тек тазалығы рухани тұ­тас­тық­тың негізі рулық пен жүздік құрылымда жатыр. Оны кейбіреулер қарақан басы үшін пайдаланып, жа­ғым­сыз ма­ғы­на­да­ғы рушылдық пен жікшілдікке айналдырса, енді біреу­лер осынау қасиетті де киелі қадір-қасиетті теріс пайдаланып, қа­зақ­ты қазаққа айдап салу арқылы оның мемлекеттілігі мен тұ­тас­ты­ғы­на зиян тигізсе, оған қазақ және оның руы мен жүз­ге бө­лі­не­тін тектік қадір-қасиеті ешқандай да кінәлі емес. Қа­зақ­тың «те­гін білмеген тексіз» деуінің де сыры сонда.
Әлемде өздерін моноұлтты және унитар мемлекет са­на­ға­ны­на қарамай, үш көп – ұлтты ел-жұрт бар. Олардың біріншісі – Үндістан, екіншісі – Америка Құрама Штаттары (шын ма­ғы­на­сын­да аты айтып тұрғандай), үшіншісі – Ресей. Біз оған төр­тін­ші ретінде Қазақстанды қосар едік. Қазақстанның көп­ұлтты­лы­ғы олардан бірде-бір кем емес. Соған қарамай, ал­дың­ғы үш мемлекет өздерінің ұлттық (Американы оларға қо­су­ға да болады, қоспауға да болады. Онда кіндік ұлт жоқ) қа­дір-қа­сие­тін сақтағысы келсе, неге біз қазақтығымыздан бас тартып, қа­зақ­стан­дық болуға тиіспіз? Ло­гика қайда? жалпы, біз­дің көшбасшы санап жүрген адамдарымыздың қай-қайсысы да ең алдымен екі ұстанымда тәрбиеленген, оның біріншісі, ұлт­тық патриотизмге қайшы интернационализм болса, екіншісі, мұ­сыл­ман­дық­ты жоққа шығаратын атеизм. Оның басында маркс пен Ленин тұрды. Қалғандарын айтып жат­па­сақ та белгілі. содан келеді де, қоғамдық санаға қа­ра­ған­да қа­уым­дық са­на­ның қа­лып­та­суы ерекше белең алып отырады. мысалы, немістер «біз Германияны қорғап, асырауымыз керек» десе, біз, қа­зақ­тар, «Қазақстан бізді асырап қор­ға­уы ке­рек» дей­міз. Бұл азаматтық тұрғыдан келгенде біз­дің үш жүз жылғы ез­гі­ден есеңгіреп, намысымыздың аяқ­асты болып қал­ған­ды­ғын көр­се­те­ді. Отарлау саясатының сан түр­лі құй­тыр­қы­лы­ғы­нан өт­кен қа­зақ тағдыры, міне, бүгінде осындай. Ұлт зия­лы­ла­ры­ның барын салып, ел-жұртымыздың рухани сана-сезімін оятып, қа­лып­тас­ты­ра­тын тұсы да осы кез. Біздің ұлт мә­се­ле­сі ат­үс­ті­лік­ті кө­тер­мей­ді деуіміздің де сыры сонда. Бү­гін­де рес­пуб­ли­ка­мыз­да­ғы жауыннан соңғы қо­зы­құй­рық­тай қау­ла­ған пар­тия­лар­дың еш­қай­сы­сын­да да ұлттық идея мен идео­ло­гия­ға бастайтын бағдарлама жоқ. Олар тек жал­пы­қа­зақ­стан­дық деген тү­сі­нік-түйсікті ғана берік ұстанып, оны ұлт тағ­ды­ры­нан барынша алыстата түскеннен басқа іс-әрекетке барып жүр­ген жоқ. Тіпті, Кон­сти­ту­ция­мыз­дың өзінде қазақ ұлт ретінде субъект болып көрсетілмеген. Онда Қазақстан халқы де­ген ұғым-тү­сі­нік объекті ретінде жан-жақты қамтылған. Олай дейтініміз ұлт – субъект, халық – объект. Ендеше, Ата Заңымызда ең алдымен алып Қазақстанның иесі әрі кіндік ұлты қазақ субъект ретінде ерекше бөле-жара көрсетілмесе, біз еш уа­қыт­та да толыққанды тәуелсіздікке қол жеткізе алмаймыз. Ал, бүгінгі экономикалық-саяси, рухани-мәдени тә­уел­сіз­дік деп жүр­ге­ні­міз­дің барлығы әзірше түбі бос шелек сияқты қалт-құлт етіп тұрған ұғым-түсінік қана. Әрине, бұған да шүкір деуге болар еді, бірақ осынау жайынқұлықты аз ұлттарды жұ­тып қоя­тын ғаламдастыру кезінде барға қанағаттану түптің-түбінде қа­зақ­ты орға жығуы мүмкін. Сондықтан да, біз қазір жар жа­ға­лап жантақ іздеген жалғыз түйедей күй кешуге тиіс емеспіз. Ұлт зия­лы­ла­ры­ның барын салып қалатыны да осы тұста. Өйт­ке­ні, тарих бізге екі мүмкіндік берді. Оның біріншісі, пат­ша­лық Ре­сей­дің құлауы да, екіншісі, КСРО-ның ыдырауы. Оның екеуінде де біз жер бетінен ұлт ретінде жойылып кетер едік. Енді, бұдан кейін қазаққа осындай тәуелсіз ел-жұрт болатын мүмкіндік беріле ме, берілмей ме, бір Құдай білсін. Біз, сон­дық­тан да, осынау қолымызға тиген егемендік пен тә­уел­сіз­дік­ті бағалай біліп, қызғыштай қорғауға тиіспіз. Өзін ұлт зиялысы санайтын әрбір азамат қазақ үшін, қа­­зақ­­ты­­ғы үшін күресуі керек.

«Жас қазақ».
3 маусым, 2008 жыл