ТІЛ МЕН ДІН

Осынау бір қасиетті де киелі қос телі де тең ұғымдардың та­би­ғи да тарихи ерекше құбылыс екенін кім білмейді. дегенмен, оған күдікпен қарап, олардың арасына ши жүгіртушілер­дің барына еш шүбә болмасын. Оны күнделікті телерадио және мерзімді басылымдардан сәт-сағат сайын кездестіріп, оқып та, кө­ріп те отырмыз. Мысалы Н.Масанов атындағы талдап-тал­қы­лау клу­бы­ның үйлестірушісі Д.Әлжанов деген біреу тіл мә­се­ле­сі­не келгенде «…язык не является главным признаком нации, русский язык был и останется в Казахстане надолго и т.д.» деп кө­ре­ген­дік көрсетіп көлгірсісе, елімізде 4 мың(!) діни ұйым мен 46 конфессияның басын біріктіретін секталардың қа­зақ­стан­дық­тар­дың адами-моральдық, айта берді отбасы мен күн­де­лік­ті тұрмыстық-тіршіліктік қарым-қатынасын бұзып отыр­ға­нын құлағына қыстырмай, сосын, қазақтың 10 пайызы әр­түр­лі секталарға мүше болып, үй ішінен үй тігіп жатқанын елеп-ескермей Қазақстандағы халықаралық адам құқығы жө­нін­де­гі бю­ро­ның, директоры Е.Жовтис мырза дін туралы заңы мә­се­ле­сі­не орай: «– Ничего такого в стране не произошло, что заставило бы принимать этот драконовский закон. маразм – по-другому я это не назову» дей келіп, «Это дремучее литерное мышление советского образца абсолютно неграмотных и некомпетентных людей» дейді де, «Кому это нужно не знаю, но таким образом Казахстан отбрасывают на десятилетие назад, которое мы хоть и с трудностями, но прошли. Кроме того если этот закон будет принят, то либо ОБСЕ прекратит свое существование, либо Казахстан не будет председателем ОБСЕ» деп түйін түйеді. Бұл не? сонда о мырзаны Қа­зақ­стан­да­ғы халықтың діни ұстанымдағы ба­ғыт-бағ­да­ры, қа­рым-қатынасы, тыныс-тіршілігі, отбасы, пси­хо­ло­гия­­сы бұ­зы­лып жатқаны еш толғандырмай ма? сосын «ЕҚЫҰ – жұ­мыс іс­теуін қойып немесе Қазақстан оған төр­аға­лық етпейді» деу не деген сөз. Қорқыту ­ма немесе кекету ме? евгений мыр­за­ның кескін-келбеті осынау сөзінің өзінен-ақ анық бай­қа­лып тұр­ған жоқ па? Бұған не деуге болады? Ал, Әлжанов туралы ше? О да бір тамырсыз немесе суық шалған ағаш та бір демеске амал жоқ.

Егер, біз әр ел-жерден келген алып-қашпа діни секталарды заңдастырмасақ, пәлен ғасыр өзімізді-өзіміз кейін шегеретін көрінеміз. Адам бұзатын моральдан тыс іс-әрекеттер кім­ге керек? Осыны о мырза біле ме, екен? Білмейді деп те айта ал­май­сың, біледі, біле тұра алып Қазақстанымызға жаны ашып, басы ауырмастық танытады. Өйткені, ол оның Отаны емес секілді. Әл­де­қай­да бір аспаннан түскен, соңы сол аспанға кө­те­рі­ліп кететін жандай. Міне, біздің кейбір өзін оқыған санайтын адам­да­ры­мыз­дың тіл мен дін ту­ралы түсінік пайымы жо­ға­ры­да­ғы­дай. Бұл тіл қырқып, дін бұзушылардың кескін-келбеті. Содан соң, жоғарыдағы пікір-тұжырымдарды оқи отырып қазақтың тіл­дік, діндік, идеологиялық және ақпараттық кеңістікте ақсап жат­қан тұ­сын осынау құбылыстардан бек байқауға болады емес пе? Бұл елімізде көпдінді, көптілді деген бағыт-бағдардағы ұс­та­ным­ның көрінісі.
Міне осыдан келеді де бір орыс тілді журналист жазған­дай «Екі басты барс» өмірге келіп қалыптасады. Ол туралы о журналист «Казахстанский барс смотрит в разные стороны: русскоязычный – в будущее, казахскоязычный – в небытие» деп те жазып үлгерді. Әрине, бұл пікірде ұшқарлық пен қате тұ­жы­рым бар. Тіл еш уақытта да құрдымға тартпайды, қайта кескін-келбетін, мазмұн-мәнін ашады. Бірақ, қазіргі біздің би­лік ба­сын­да­ғы­лар­дың тіл мен дін мәселесіндегі ұстанымына қа­­рап әріп­те­сі­міз­дің айтқанын еш жоққа шығара алмаймыз. Өйт­­ке­­ні, қа­зір қазақ болашаққа бастайтын жақсылы-жаманды үш жол айы­ры­ғын­да тұрғандай. Ол тіл және дін содан соң, діл­дің то­ғыс­қан тұсы. Осынау унитарлы еліміздің үш тұғыры зиялылар тарапынан қол­дау көріп, жалғасын халықтан таппаса мемлекетіміздің ұлттық қа­уіп­сіз­ді­гі­не үл­кен қатер екендігін есімізден шығармауымыз керек. Ал, біз­дің оқы­ған­да­ры­мыз болса осыған атүсті, жүрдім-бардым қа­рай­тын секілді. Осындайда менің есіме ұлы Абайдың жиырма бесінші сөзіндегі «Бірақ, осы күнде орыс ғылымын баласына үй­рет­кен жандар соның қарауымен тағы қазақты аң­ды­сам екен дейді. Жоқ ­ондай ниет керек емес» деген түйінді де кө­ше­лі тұжырым-пікірі еріксіз түседі. Осыдан екі ғасыр бұ­рын ай­тыл­ған пікірдің бүгінгі күнде де, келешекте де өміршең болып қала беретініне таңқаласың. Сол таңқалыс шетелге оқу­ға «Бо­ла­шақ» бағдарламасымен кетіп жатқан, сондай-ақ, келіп жат­қан жастарымыздың Абай қағидасын білмейтіндігіне тағы да кө­зі­міз­ді жеткізеді. Олар үшін өзіміздікі мансұқ да, өзгенікі таң­сық. Егер осындай батысшылдықтың балалық ауруынан арыл­ма­сақ, онда тіліміз де, дініміз де, діліміз де айықпас дертінен арыла алмайды. Оны арылтпайтын да өзіміз болып шығамыз. Ал, қазақ бо­ла­ша­ғы­на атүсті қарайтын азаматтар ішімізде де, сыртымызда да толып жатыр. Олардың атын атап, түсін түстеп жатпай-ақ жо­ға­ры­да келтірілген бір-екі адамның сөзінен байқауға болады емес пе? Бұндайды данышпан халық «теңіз дәмі тамшысынан» деп баяғыда-ақ айтып қойған. Біздікі соған пікір қосу ғана.

«Заң газеті».
30 шілде, 2008 жыл