ҰЛТ МӘСЕЛЕСІ сабырлы да салмақты сөзді ғана көтереді

Ресейдегі орыс ұлтшылдығы. Ол туралы қаншама пуб­ли­цис­ти­ка­лық мақалалар мен ғылыми зерттеп-зерделеу ең­бек­те­рі, сон­дай-ақ, қаншалықты философиялық ой-тұжырымдар айтылып, әлі де болса оны болашақта да, соншалықты қарама-қай­шы­лық­қа толы мәселе ретінде көтере беретіні де анық. Тіпті оны айтасыз американдықтар тарапынан өрген «Орыс фа­шиз­мі» деген пікірдің қалыптасқаны тарихтан белгілі. Мұндай ұғым-түсініктерді кім таратып, ел арасына кім іріткі салады? шынында да, жоғарыда келтіргеніміздей «орыс ұлтшылдығы мен орыс фашизмі» бар ма? Болса, ол қаншалықты дәрежеде. Біз­дің­ше, әрине, осынау айналымға түскен, әрі ұлттың қадір-қа­сие­тін кетіретін келеңсіз жайларды шынайы көрсеткіш ретінде пайдаланып жүргендердің ар жағында қандай ойлар жатыр және олар кімдер? Түптің түбінде осындай – қашпа, шарды ыстық ауамен үр­ген­дей ел арасына іріткі салатын ұғым-түсініктер қазақтар тарапына да айтыла ма? Міне, осынау мәселе төңірегінде ой-толғап, өзіміздің журналистік, сонымен бірге азаматтық көз­қа­ра­сы­мыз­ды білдірсек деген ниет көптен көкейімізде жүретін.

Осы бір мәселе жөнінде ой толғап жүргенімізде, қолымызға Ресейде шығатын ең бір ұлттық-патриоттық журнал саналатын «Наш современник» басылымында жарық көрген белгілі ақын, қоғам қайраткері және орыс ұлтының патриоты станислав Ку­няев­тің «Россия – для коренных народов россии» деген ма­қа­ла­сы тиді. Онда ол жоғарыда біз тілге тиек еткен мә­се­ле­лер­ді жан-жақты зерттеп, зерделейді. Онда ол «орыс ұлт­шыл­ды­ғы мен фашизмі» төңірегіндегі болып жатқан әң­гі­ме­лер­дің ақиқа-ты мен аңызына барынша кең тоқтала келіп: «Но я бы предостерег вольных или невольных провокаторов от истошных криков о «русском фашизме». Все это уже было в нашей истории. Все это мы уже проходили. И не только в 1988 – 1991 годах, но и гораздо раньше.» дейді. Шынында да, Қа­зақ­стан­да­ғы қазақтың ұлттық мүддесіне қарсылық танытушылар секілді Ресейде де орыстың ұлттық мақсат-мұраттарына кедергі кел­ті­ру­ші­лер­дің барлығын біз жақсы білеміз. Ендеше, станислав Куняевтің аталған мәселедегі күрделілікті тілге тиек ете отырып, кейбір ел арасына іріткі салып арандатушыларға жо­ға­ры-­да­ғы­дай жайлар­ды құлаққағыс етуі орынды да түсінікті. Ол ақын­ның жанайқайы.
Жалпы, ұлттық мәселе – уақыт пен заман ағымынан түс­пей­тін мәңгілік тарихи-табиғи категория. Оны Отаны жоқ немесе сол Отанынан, тілі мен ділінен, әдет-ғұрпы, салт-дәс­тү­рі­нен қол үзген космополит-негилистер ғана сөз еткенді ұнат­пай­ды. Өйткені, оларға қай жерде жақсы да тыныш өмір сүр­се, содан соң, қай ел-жерде әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы оң болып, ісі жүр­се сол жер Отан. Ендеше, мен орыс ақынының өзінің ұлты жө­нін­де­гі жанайқайы мен толғанысын жақсы түсінемін. Ол өз Ре­се­йі­нің, оның ішінде орыс ұлтының ешкімнен кем бол­ма­ға­нын қа­лай­ды. Мұндай ұлттық-патриоттық сана-сезім мен іс-әре­кет біз­дің қазақтың әрқайсысында да болуы тиіс.
Біздің мұны айтып отырған себебіміз, жақында белгілі ақын, қоғам қайраткері және Парламент депутаты Мұхтар Ша­ха­нов­тың «Халық рухы» партиясын құру ниетіне қарсы жергілікті, яғни, Қазақстандағы орыс-словян ұйымдары өре түргеліп қар­сы­лық көрсетті. Оның ішінде өзіміздің Жақсыбай Бәзілбаев секілді азаматтар да бар. Сонда дейміз-ау, ұлт мүддесін Қа­зақ­стан­да қазақ қорғамағанда кім қорғайды. Қайта отандас, тіпті, жерлес ретінде ел-жер иесі қазақтың мақсат-мүддесін қол­дап пат­риот­тық танытудың орнына, оған қарсы шығып жүр­ген орыс-словян тектес еліміздегі диаспора өкілдерінің ниет-құ­лық­та­рын түсінбеймін. Егер, жоғарыдағы ізгі-ниеттерге қарсылық ұйым­дас­ты­рып жүрген «Ресейлік отандастар бірлестігі» атты рес­пуб­ли­ка­лық ұйымның төрағасы Геннадий Беляковтар секілділер көп болса, онда қазақ бағының ұлт ретінде ашыла қоюы өте қиын. Өйткені, ондайлар өздерінің қазақ жерінде өсіп-өніп жат­қан­дық­та­рын елеп-ескермей, осыдан көп ғасырлар бұ­рын не­гіз­гі отандары Ресейден әртүрлі тарихи жағдайларда осынау кең далаға ауып келгендіктерін ұмытып, қазір оның тә­уел­сіз де егемен ел атанғандығын жоққа шығарғысы келеді. содан келеді де, жергілікті ұлттың мақсат-мүддесіне қарсы іс-шарада аянбай күрескерлік танытып, оның тілі мен ділінің, әдет-ғұр­пы, сана-сезімінің қалыптасуына барынша қарсылық көр­­се­­те­­ді. Г.Бе­ля­ков мырзаның «Халық рухы» партиясын құру ұлт­­ара­­лық келісім-саясатына қайшы (Сонда «Лад» славян қоз­ға­лы­сын қайда қоямыз – А.Ә.)» деп қана қоймай: «Бұл партия жеке ұлттың мүддесін, яғни, қазақ ұлтының мүддесін қорғайды» («Лад» қазақ мүддесін қорғай ма? – А.Ә.) дегендей мәселені кө­те­ріп, ел арасына іріткі салуының өзі неге тұрады. Ресейде орыс мә­се­ле­сі ғасырлап көтеріліп келе жатса, онда ол орынды болса, ал, Қазақстанда қазақ мәселесі көтерілсе орынсыз ба? Сон­дық­тан, Бе­ляков секілді мырзалар аталған проблемаларға келгенде Қазақстан мемлекетіне және Үкіметіне, содан соң қа­зақ хал­қы­на Ресейдегі қойылатын талаптарды қоймауы керек. Олар қай кезең, қай мезгілде де мемлекет атын алған ұлт­тың арасында ынтымақтаса өмір сүріп, сол мемлекеттің негізгі ұс­та­ны­мы­на қарсы болмай ғұмыр кешулері заң­ды­лық­қа айналуы тиіс. Ал, егер оған бағынбаймын және бой ұсын­ғы­мыз келмейді дегендей астам пиғылда болатын болса, онда о мырзалар өздерінің тілі мен ділі, әдет-ғұ­рып, салт-санасы жан-жақты дамып жатқан Ресейге кө­шіп кетсін. Ол әр­кім­нің азаматтық ұстанымы. Ондай бол­ма­ған жағ­дай­да олар әлемдік қалыптағы моноұлттық және уни­тар­лық мемлекеттердің ұстанымындағы бағыт-бағ­дар­да дамып келе жатқан тәуелсіз де, егемен елге, сонымен бірге бір-бірімен тату-тәтті өмір кешіп келе жатқан қа­зақ­стан­дық­тар­дың арасына іріткі салмауы керек.
Шынында да, Қазақстанда қазақ ұлтшылдығы мен фашизмі бар ма? Әрине, жоқ. Қазақ ұлтшылдығы бола қалған жағ­дай­дың өзінде де, ол үнемі қорғанып, қорғаныста келе жатқан идея мен идеология. Сондықтан, Қазақстандағы қазақ тілінің дамып, оның қоғамдық және саяси өмірде, мемлекет және үкімет ара­лық қарым-қатынаста барынша кең етек алуына кедергі кел­ті­ріп жүр­ген И.Климошенко, Ю.Бунаков және Г.Беляков се­кіл­ді­лер тек қана өздерінің бас мүдделерін ойлап қана қоймай, сонымен бірге өздері өмір сүріп жатқан ел мен жердің иесі қа­зақ­тың да ұлт ретіндегі талап-тілектерін аяқасты етпеуі тиіс. Өйт­ке­ні, қазақтың Қазақстаннан басқа екінші Отаны жоқ. Отан ту­ған Анаң сияқты бір-ақ беріледі. Белгілі ақын Станислав Ку­няев­тің орыс жалақорлары мен арандатушыларына қарсы жоғарыдағы біз келтірген сөздерді айтуы заңдылық, ендеше біз де, дәл сол сөзді қайталап айтқымыз келеді. Бұлай деуіміздің тағы бір сыры, осыдан біршама уақыт бұрын Андрей Шухов дегеннің «караван» газетінде «Здравствуй, фашизм» атты мақаласы жа­рық көрді. Онда ол әлдеқандай бір «…ермеков-еңбеков және «Ең­бек» ЖШС-де» жұмыс істейтін жастардың әрекеттерінен жал­пы­қа­зақ­тық фашизм бой көтеріп келе жатыр дегендей ойға саятын пі­кір-тұжырым жасауға ниет етуінде не сыр жатыр? Мысалы ол әлгі мақаласындағы «Главной темой патриотической прессы германии в тридцать третьем и тридцать четвертом годах тоже была беспрецедентная травля…» деген сөзбен кімді және нені меңзеп отыр. Егер, ол шынымен де қазақ басылымдары мен қазақ журналистерінің жазып та, айтып жүр­ген­де­рін сонау жылдардағы Германия фашистерінің ұстанымы және ба­ғыт-бағдарымен салыстырса қатты қателеседі. Ол әлгі «ермеков пен еңбековтерді» қанша сынаса сонша сынасын, бірақ одан әлдеқайдағы бір фашизмді іздеуі қараңғы бөлмеден қара мы­сық­ты іздегенмен бірдей. Сондай-ақ оның «…в Мюнхене, когда экстатические личности начали проповедовать идеи превосходства – своего над иноземным, коренного над приш­лым, национального над инородным. словом – одних над другими, – простому народу не то что было до фени, простой народ был очень даже за» деуінде қандай идея мен идеология жатыр. Оны ол Баварияда жатып жазады. Демек, оның бұл пікірі ел-жұрт­та­ғы соңғы кездердегі жаңалықтарды сырттай ғана ба­қы­лап, қолдағы бар «өлі» фактімен ғана қанағаттанып, жалпы Қа­зақ­стан­да­ғы кейбір кез келген мемлекетке тән кетік-кемшілік пен келең­сіз­дік­тен «фашистік» үрейді көру ғана. Сондықтан да, біз станислав Куняевтің «Но я бы предостерег вольных или невольных провокаторов от истошных криков о «русском фашизме». Все это уже было в нашей истории. Все это мы уже проходили. И не только в 1988 – 1991 годах, но и гораздо раньше» деген сөзін сәл таратып және өзімізге бұра тартып шухов мырзаға «қазақ фашизмі» деген ұғым түсініктен ойы­­ңыз­ды аулақ салыңыз дегіміз келеді. Өйткені, ол тағы бір сө­­зін­де «Здесь, в Баварии семьдесят лет назад о защите интересов государства и народа тоже говорили так часто, что эти слова – der Siaat и das Volk – в конце концов утратили всякий смысл и превратились в навязчивый звуковой фон. На этом фоне и вызрела диктатура» дейді. Бұл қор­қы­ныш­қа қа­ра­ған­да қараптан-қарап жүріп еліміздегі кейбір ке­лең­сіз­дік­тер кө­лең­ке­сі­нен үрейленіп, мемлекет пен халықты сүюден бас тар­ту­ға итермелеуге саятын пікір-тұжырымдар десек қа­те­лес­пей­тін сияқтымыз. Сондықтан да, Шухов секілділер Қа­зақ­стан­да­ғы тарихи-табиғи процестерді сырттан бақылап емес, олар­дың ішкі-сыртқы даму динамикасына тереңдей үңіліп жазса нұр үстіне нұр болар еді. Өкінішке орай, бұл мәселеде орыс журналистері қашанда да атүсті пікір айтып, келте және кетік-кемшілікке толы тұжырымдар жасайды.
Міне, сондай пікірлердің бірі Станислав Куняевтің ма­қа­ла­сын­да да бар. Онда ол: «Десятки, сотни тысяч русских людей были изгнаны в эти страшные годы из нынешних стран СНГ. Их президенты с удовольствием приезжают в Москву, но за эти годы мы ни разу не слышали о том, что где-то в душанбе, в Алма-Ате, В Кишиневе, в Ташкенте прошел хотя бы один судебный процесс, над погромщиками, убийцами, насильниками, грабителями.» дейді. Міне, бұл Куняев тарапынан білместікпен жазылған кесіп-пішті пікір. Мысалы, өзі «правда» газетінде қорғап-қолдаған 1986 жылғы Желтоқсан кө­те­рі­лі­сін­де қаншама қазақ жастары жазықсыз жазаланды. Әри­не, мұны о мырза білмейді және оны жеріне жеткізіп жазып, ресейліктерге дұрыс та шынайы мағлұмат беретін бізде орыс журналистері жоқ. Егер де, сол кездегі қазақ жастары тарапынан шыққан іс-әрекеттерді жергілікті орыс басылымдары нақты да қос­па­сыз жазғанда жоғарыдағы Куняев тарапынан шыққан сөз­дер айтылып та, жазылмас еді. Сондықтан да, мен орыс ақынын кі­нә­лау­дан аулақпын. Бірақ, дәл соған әділ баға, ресейліктерге бұ­рып-бұрмаламай ақпарат беретін Қазақстандағы орыс журналистеріне не айтуға болады. Мәселе сонда.

«Заң газеті».
15 маусым, 2007 жыл