ҚАНДАСТАРЫМЫЗ ҚАҒАЖУ КӨРМЕУІ ТИІС…

КСРО-ның тарағанына он бес жыл. Қайта құру мен тә­уел­сіз­дік­тің алғашқы кездегі қиындығы мен дағдарысы бүгінде біршама болса да артта қалып, қай ел-жұрт болмасын белгілі бір кезеңнен өтті. Соған қарамай, оның қиындығымен, тіпті, қия­ме­ті деуге келетін аумалы-төкпелі жай-күйі кімге болмасын оңай тиген жоқ. Әлі де оңайға түспей тұр десе де болады. Бұлай дейтініміз 1991 жылдан бастап Ресейде адам өсіміне қарағанда өлі­мі артып, бүгінде онда жыл сайын жанбасы 300000 – 800000-ге дейін қысқарады екен. Ал, оның саны 2015 жылы 1500000-ға же­те­тін көрінеді. Бұл, әрине, болжам. Адам өлімі мен өмірін зерттейтін ғылыми орталықтардың шығарған қорытындысы. Пен­-де­нің тыныс-тіршілігі Алланың қолында дегенмен де, осынау бір сараптама қорытындысында бір шындық бары тағы рас.

Бүгінде халық санының қысқарып, айтарлықтай азаюынан секемденген Ресей Президенті осы бір дағдарыстың алдын алу мақсатында ең басты деген іс-шараларды батыл қолға алды. Ол алдымен көп балалы аналарға тиесілі қаржының көлемін арттырып, отбасылық көпшілікке қол жеткізгендерге жақсы жағ­дай жасау болса, одан кейінгі діттегені – ТМД елдеріндегі қан­дас­та­ры арқылы қаңырап қалған орыс селоларын қайта толтыру. Ол үшін Президент Путиннің арнаулы тапсырмасымен мемлекеттік бағдарлама да қабылданды. 1990 жылдан басталған жат жұрттық болып кеткен орыс көшінің Ресейге қарай бет бұ­руы­ның шарықтау шегі 1994 жылдың еншісіне бұйырыпты. Сол жылы Ресейге 841 000 адам қайта оралып, ежелгі кіндік кесті ұлы Отанына орныққан. Соған қарамай, ондағы демографиялық жағ­дай әлі де болса жақсарып кете қойған жоқ. Міне, осындай от­ба­сы­лық дағдарыста тұрған халықтың жағдайын жасау үшін ресей Президенті Путин бүгінде бар мүмкіншілігі мен қол­да­ғы бү­кіл әлеуеттік жағдайларды пайдалануда.
Сонымен, Ресей Президентінің аталған ұстанымдағы ба­ғыт-бағдары, тапсырысымен жасалынған Мемлекеттік бастамасынан не күтуге болады? Осы бір мәселені елекке салып, кө­ңіл кө­зі­нен өткізгендегі байқағанымыз, бүгіндегі ре­сей­лік­тер­дің от­ба­сы­лық жағдайы соншалықты адам көңілі толарлықтай емес екен. Өйт­ке­ні «Балық судың тереңін іздейді, адам жанына жайлы жерін қалайды» дегенге саятын мақалы бар орыс ел-жұрты әзірше біздің бейбіт те әлеуметтік-экономикалық және ұлтаралық қа­ты­нас­та­ғы жағдайымыздың жақсылығынан Қазақстаннан қоз­ға­ла қоятын түрлері жоқ. Қайта сол 1991 – 1994 жылдар ара­лы­ғын­да түп-төркініне қайтып кеткендер қайта келіп жатыр. Оған бір ғана мысал, Қостанай облысының Арқалық қа­ла­сын­да­ғы жағдай куә. Бір кезде үй-жайын иесіз тастап кеткен аға­йын­дар, араға жылдар салып кезінде есікті қатты жауып кеткендіктерін елеп-ескермей қайта оралуда. Қайта оралуды айтасыз, сол өздері қаңыратып бос тастап кеткен үй­лер­ді жергілікті үйсіз-күйсіз жандар иеленіп, қайта жөн­деу­ден өт­кіз­ге­ні­не қарамай дау-дамай шығарып соттасып жат­қа­нын қайтерсіз. Осынау келеңсіздікті көрген жергілікті бас­шы­лар­дың істерге шара, айтарға амал таппай қалуы өзінше бір әң­гі­ме. Яғни, Қазақстанның жағдайы қиын бір кезеңге кездесіп, халық дағдарысқа ұшырағанда шаңырағын көтере көшіп кеткен әлгілер үшін республикамыз тек қарын тоқ кезде ғана керек екен. Әйтпесе, осынау алып мекеннің құны оларға көк тиын көрінеді. Бұл не деген келеңсіздік? Сонда, қазақстандық патриотизм деген ұғым-түсінігіміз қайда қалды? Біздің жарғақ құ­ла­ғы­мыз жастыққа тимей қазақтың отаншылдығын жоғары қоюы­мыз­дың сыры да сонда.
Сонымен, Ресей атамекеніне оралған оралмандарға не және қандай жерлер мен елді мекендерді ұсынады? Оның үш түрі бар екен. Бірінші, ең артта қалып, ел-жұрты көшіп, қаңырап қал­ған аймақтар, екіншісі, жаңа кәсіпорындар мен өнер­кә­сіп­тер салынып жатқан жерлер. Өйткені, онда жұмыс қолы жетпей жат­қан көрінеді. Үшіншісі, экономикалық дамуы қа­лып­ты, бі­рақ, со­ған қарамай жайлы жер іздеп кеткендердің орнын толтыру. Бі­рақ, соның бірі де Қазақстандағы қандастарын қы­зық­ты­рып отыр­ған жоқ. Бұл біздегі әлеуметтік-тұрмыстық жағ­дай­дың ресейден көш ілгері болмаса да жақсы болып тұр­ға­ны­ның белгісі.
Соңғы он бес жыл ішінде Қиыр Шығыс секілді үлкен де кең байтақ елді-мекендерден жақсы жай, жұмсақ орын іздеп кет­кен­дер­дің саны 20 пайызға артыпты. Олардың көбі Қа­зақ­стан­ға көшіп келіп жатыр деген де мәлімет бар. Мұндай кері көш көрінісін Ресейдің кез келген губерниясынан кездестіруге болады. Осыған қарап бір ауылдан екінші ауылға немесе үл­кен қалаларға бет түзеген қазақ көшіне шүкірлік ете­сің. Бір кездегі Кеңестер Одағының құйтырқы саясатынан қа­ла­да­ғы орыстанып кеткен қандастарымыздың Ана ті­лі­нің тү­зе­луі­не ауылдан келгендердің ықпалы өте күш­ті болады. содан соң, қаладағы әлі де болса орнын жо­ғалт­па­ған немесе жаңадан ашылған кәсіпорындар мен өнер­кә­сіп­тер­де ұлт­тық кадрлердің саны да, сапасы да артады. Яғни, уа­қыт талабы саналатын капитализмнің басты көрсеткіші – на­рық­қа сай жұмысшы табы қалыптасады. Сонымен бірге, қа­ла­лық интелигенция өкілдеріміз жаңа тың сана-сезім, әдет-ғұ­рып­та­ғы зиялылармен толығады. Біздің бұны айтып отырған се­бе­бі­міз, жоғарыдағы Ресей Президентінің өз қандастарын ресейге шақыруынан қорытынды шығарып, оны жан-жақты талдап-талқылай, зерттеп-зерделей келе өзіміздің көші-қон мә­се­ле­міз­де­гі жағдайларды оң шешіп алуымыз керек. Әйтпесе, Қа­зақ­стан­ның кейбір жерлерінде шет елден келіп жатқан қан­дас­та­ры­мыз­ға қырын қарайтын жандар да жоқ еместігін өмірдің өзі көр­се­тіп отыр.
Иә, шет елден келген қандастарымыздың тұрмыс-тір­ші­лі­гі, өмірі мен қоғамдағы қарым-қатынастары, содан соң адами-моральдық ұстанымдары жергілікті қа­зақ­тар­дан сәл өзгешелеу. Бірақ, бұл ол оралмандарымыз қа­зақ емес деген түсінік-ұғымдарда қабылданбауы керек. ендеше, жо­ға­ры­да­ғы кейбір тұста кездесіп қалатын мінез-құ­лық, іс-әрекет, адами-моральдық қатынас түптің-тү­бін­де жал­пы­қа­зақ­тық, яғни, ұлттық құндылыққа айналатыны айдан анық. Сондықтан да, біз қашанда да, қай ке­зеңде де Мем­ле­ке­ті­міз­дің басты құндылығы адам, яғни, Қа­зақ­стан жағ­да­йын­да қазақ деуден бір танбай келеміз. Ол солай бола береді де. Өйткені, қазақтың Қазақстаннан басқа өзге Отаны жоқ. Ал, республикамызда тұратын басқа диаспора өкілдерін құ­рай­тын ұлттар мен ұлыстардың негізгі баратын үлкен Отаны бар. Сондықтан, оларды ұлтаралық қатынас мәселесінде Қа­зақ­стан Халықтары Ассамблеясы жергілікті ұлт қазақ тағдырынан бө­ліп қарамауы керек. Әйтпесе, әр жерден бір бой көрсетіп жат­­қан сепаратистік іс-қимылдар қазақ мүддесін аяқ асты еткісі келетіндердің іс-әрекеті екенін кімнен жасырамыз? Осы­­ның барлығы да бізде бетке ұстар ұлттық идеология жоқ­ты­ғы­ның көрінісі. Иә, жалпыхалықтық тыныс-тіршілікпен күн көруге болады. Бірақ, оның зияны қа­шан­да да жер-судың иесі ұлтқа тиюі бек мүмкін. Міне, осы мә­се­ле­ні, жоғары билік басындағы оқыған азаматтар Ресей президенті Путиннің бастамасы мен мемлекет бағ­дар­ла­ма­сын саяси сараптан өткізіп, өз еліміздің жағ­да­йын­да пайдаланып, талдап-талқылай алса нұр үстіне нұр болар еді. Өкі­ніш­ке орай жалған, негізі жоқ космополиттік-ин­тер­на­цио­нал­дық тәлім-тәрбие көрген кейбір олигархтарымыз бен би­лік басындағыларымыз ұлт мәселесінде ресейлік әріп­тес­те­рін­дей батыл шешімге бара алмай отыр. Жал­тақ­тық пен жалпақшешейлік басым.
Сонымен, соңғы кездері Қазақстанға заңсыз көш түзеген молдаван, сыған, тәжік, түркімендерді, қырғыз бен өзбектерді біз­дің ел-жұртымыздағы жақсы экономикалық жағдай мен қа­зақ­тың дархандығы қызықтырады әрі тартады. Мысалы, 1990 жылдары нақты статистика бойынша республикамыздан 2500000 орыстар мен немістер кетсе, қазір сөз басында айт­қа­ны­мыз­дай олардың көбісі қайта оралып жатыр. 2006 жыл­дың ал­ғаш­қы жарты жылында бұрын Германияға қоныс ау­дар­ған 1500000 неміс қайта оралыпты.
Іргелес жатқан Ресей мен Қазақстанның ұлт мәселесіндегі ұстанымы осындай көші-қон түзеуден басталса, онда ұлт­ара­лық қатынастың да жүйелі бір қалыпқа түсетіні анық. сонымен, Путин орыс орманын сырттан келетін қандастарымен толтыра ала ма, оған бас ауыртып қайтеміз, ал, біз алып даламыз бен орман-тауымызды қазақпен толтыруға тиіспіз. Оның жолы көп. Алдымен Республикамыздағы көп балалы ана­ла­ры­мыз­ға жағ­­дай жасап, содан соң, шеттен келген қандастарымызды шетке теппейтін шенеуніктердің ұлы патриотизмі керек. Жер­гі­лік­ті қа­зақ қамқорлығы мен мейірімі де назардан тыс қалмауы тиіс.

«Заң газеті».
31 қаңтар, 2007 жыл