ҚАЗАҚСТАНДА ҚАЗАҚ МӘСЕЛЕСІ ҒАНА БАР

Егемен ел, тәуелсіз мемлекет атануымызбен қатар, бағымыз ба, әлде сорымыз ба, аталған құндылықтарға ілесе қоғам, мемлекет, ұлт сана-сезіміне, салт-дәстүріне, тұрмыс-тіршілігіне барынша кері ықпал ететін ой мен ерік еркіндігі, сөз бостандығы секілді батыстық халық ұлт үлгісіндегі радикалдық-либерализм ұс­та­ным­да­ры да өмірге келді. Сөйтіп, олардың ең тұрпайы түрі алдымен мерзімді орыс басылымдары «Караван», «Времядан» бас­тап, «КТК» телеарнасы секілді ақпарат құралдары арқылы қа­за­қы менталитетімізге тән адами-моральдық қарым-қатынасымызды бұ­за­тын идеология қанатын кеңге жайды.

Бірақ, солардың бәрінен де бұрын ұлтқа, ұлттың басты құн­ды­лы­ғы егемендігі мен тәуелсіздігіне тигізетін қайғы-қа­сі­ре­ті мол қорқыныш – ол елің мен жеріңнің суын ішіп, отын оттап отыр­ған диаспора өкілдерінің моноэтникалық және унитарлық мем­ле­кет­тің заңдылықтарына бой ұсынбауы, ұсынғысы келмеуі. Сосын, аталған құндылықтарды күйретуге батыл шақыратын идея мен идеологиялармен қаруланған әр түрлі қоғамдар мен ұйым­дар­дың көбеюі. Олардың кейбіреулері өздерінің бағыт-бағ­дар­ла­ры мен ұстанымдарын ашық және жариялы түрде жүр­гіз­се, ал, енді бір екіншілері, оны су асты ағыстарындай астыртын жүр­гі­зу­де. Бұның екеуі де қауіпті. Сондықтан да, ұлттық-мем­ле­кет­тік қауіпсіздік және қазақ мүддесі кез келген ой мен ерік еркіндігі әрі сөз бостандығынан жоғары тұруы тиіс.
Жалпы, мен Ресейдегі орыс ұлтшылдарынан қорықпаймын. Өйткені, әрбір азаматтың өз ел-жерінде Отанын сүюге құқы бар. Бірақ, ол қандай дәрежеде. Міне, мәселе сонда. Мен қо­рық­сам, сол орыс тілінде сөйлеп, өз тілінің қағынан жерінгендер мен түп­кіндік Ресейден қол үзіп, Қазақстанда жүре келе орнығып, кезінде өздері отарлауға қатысқан осы мемлекетті кіші отанына айналдырғандардан қорқамын. Кеңестік кезеңде «халықтар отбасы» саналып, дамыған Қазақстан үшін ұлттық идеяны қа­лып­тас­ты­руы­мыз­дың қиындығы, оның қазаққа отандас атанып, іштен шала, жат пиғыл көрсететін қарсыластарының көп­ті­гі. Өйт­ке­ні, қазақ жерін оттап, суын ішкен диаспора өкіл­де­рі­нің кей­бі­реу­ле­рі кіндік ұлт – қазақ билік алса, бізге қиын болып кетеді деп ойлайды да, жергілікті ел-жұрттың тілі, ділі, ді­ні­нің қа­лып­ты дамуына барын­ша кедергі келтіреді. Бетін аулақ қыл­сын, егер Қазақстанда анау-мынау жағдай (соғыс т.б.) болса, ең алдымен тарихи, ел-жерлік жауапкершілік қазаққа түседі. Сон­дық­тан, біз еш уақытта қалғуға тиіс емеспіз, қалғып бара жат­қа­ны­мыз­ды қағып жіберіп ояту азаматтық парызымыз болуы керек. Жақында, «Караван» газетінің №25 санында «здравствуй, фашизм» атты мақала жарық көрді. Ол мақалада Қа­зақ­стан­да фашизмнің бой көтеріп келе жатқандығын тілге тиек ететін идея айтылады. Автор өзінше жемқорлық пен жеке мен­шік туралы айтып-жаздым деп отырып, республикамызда фашизм негізі қаланып келе жатыр деуге саятын тұжырым пікір біл­ді­ре­ді. Қа­зақ­стан­да­ғы күш-құрылымдары туралы айта келіп ол: «такой же принцип – уравновешивания силовых структур – поначалу дей­ствовал в Германии того периода, аналогии с которым невольно лезут в голову». И действовал довольно эффективно – до 30 июля 1934-го, ночи длинных ножей, когда боевики СС вырезали боевиков СА» – дейді. жалпы, мақала өзінің өн бойында Қазақстандағы өтіп жатқан кей­бір жағ­дай­лар­ды 1934 жылғы фашизм негіздерімен салыстырады. Бұл не? Аспан мен жердің айырмашылығын ажырата алмау ма, әлде әдейі қаскөйлік жасау ма?
Бұның бәрін соншама тәптіштеп тарата айтып жа­туы­мыз­дың сыры, жақында біз «Све­точ» қоғамының директоры алек­сей лобанов пен қазақстандық орыс мәдениет орталығының төр­аға­сы всеволод Лукашев дайындаған орыс диаспорасы жақын арада нені әрі оны қалай атқаруы керек дегенге саятын бағдарлама-жобасымен танысуымызда болып отыр. Олардың дайындаған жоба-бағдарламасының ең басты мақсаты, Қазақстанның сая­си-қоғамдық өміріндегі қазіргі жүріп жатқан бейбіт процестер барысына орай, Назарбаев және Үкімет басындағылардың орыс диаспорасына оң қабақ танытып, қазақша айтқанда жал­пақ­ше­шей­лік көрсетіп тұрғанда, «нужно добиваться предоставле­ние русскому языку статуса государ­ственного» деуінде жатыр. Оған олар алдымен Қазақстанға қос тілділікті енгізіп алып, содан соң орыс бағыт-бағдарындағы негізгі мәселеге көшу. Бұл оларша жергілікті ұлттың тіліне қысым жасалмай, қазақ пен орыс мақсат-мүддесі үшін жүргізілуі тиіс көрінеді-мыс. Жақ­сы арман. «Светочтықтар» болашақ іске асырар әрекеттерін саяси, экономикалық және күнделікті жағдайға байланысты өз­ге­ріс­тер мен оқиғаларға негіздей жүргізуді көздеп отырғанын да жасырмайды. Олардың олай деуінің себебі өз сөздерімен айт­қан­да: «фактом является то, что русским в Казахстане в очередной исторический раз не удалось создать сколько-нибудь заметного организо­ванного сообщества» деуімен қатар «…русскоязычная диаспора в новей­ший период не участвует в борьбе за власть и не имеет амбиций, вытека­ющих из обладания властью, и при этом более консервативна, чем ка­захское население…» дегенге саяды.
Ресейдегі орыс ұлтшылдары өздерінің Отанын то­лық­қан­ды ұлттық және унитарлық мемлекет ретінде көргісі келсе, ал, біздегі олардың қандастары Қазақстанды унитарлық және мо­но­эт­ни­ка­лық мемлекеттіліктен ада, азаматтық қоғам ретінде қа­был­дап, кіндік ұлты жоқ көпұлтты ел-жұрт негізінде көріп-біл­гі­сі келетінін қайтерсің. Оларша қазақтар азаматтық қо­ғам­ның бір ғана бөлшегі (бөлігі) болып қалуы тиіс. Содан соң, олар біз­ге «титульная нация» деген атақ-дәреже (!) беріп, кіндік ұлт деген ұғым-түсініктен алшақтатқысы келеді. Яғни, олар­дың түп­­кі мақсаты «формирования единого граждан­ского общества». Міне, осыдан келіп шығатын қорытынды, олардың ойларынша егер Қазақстанда азаматтық қоғамның рөлі артса, «казахстане статус Граж­данина станет выше этнического» болып шығады екен.
Егер, біз осы бір түсінікті қабылдасақ, түптің-түбінде Қа­зақ­стан­да қазақ ұлты жоғалып, кейбіреулердің аңсап-ті­ле­ге­нін­дей «қазақстандық ұлт» пайда болатыны анық. Оларға аза­­мат­­тық және ашық қоғамның ауадай қажеттігі де сондықтан. Және олар ол ойларын жасырмай: «чем шире будет открываться казахстан миру, тем лучше будут условия для русской диаспоры и для русскоязычных во­обще. Никто из заходящих в Казах­стан не заинтересован в поддержке национализма (қан­дай национа­лизм – А.Ә.), скорее даже наоборот» деуінің сыры да сонда. Содан соң, бізге американдықтар сияқты «граждане казахстана по­ставят своей целью создание граж­данского общества, воспитуя и са­мих себя и своих детей в чувстве принадлежности к Казахстану не на этнической основе, а на основе общегражданских ценностей» де­ген ұстанымды ұсы­на­ды. Ал, біз үшін ол ұлттық мемлекет деген қадір-қа­сиет­ті әрі ұғым-түсінікті жоққа шығаратын бағыт-бағдар. Сондай-ақ, о шір­кін­дер өздерінің ұстаным – бағыт-бағдарларында біз­ге сая­си-эко­но­ми­ка­лық әрі әлеуметтік-тұрмыстық тыныс-тір­шілік­пен қа­тар білім саласында да реформаны қалай жүргізу керек екендігін үйретуге тырысады. Сондықтан да, қазақ үшін қа­зір үш ғасыр бойы Қазақстанның қоғамдық-экономикалық, саяси-идея­лық өміріне, сонан соң қазақтың ұлттық тыныс-тір­ші­лі­гі­не, әдет-ғұрпына, тілі мен діліне орыс ықпалының қан­ша­лық­ты бол­ға­нын елеп-екшеп алатын уақыт жетті. Әрине, оны насихаттап жазудан орыс басылымдары қанша бас тартса, теледидарлары соншалықты көрсетіп, айтуға енжарлық танытады, тіп­ті, қар­сы болуы да мүмкін. Өйткені, өмір заңдылығы мен қа­­зақ мүд­де­сін­де­гі ақиқат оларға тиімсіз. Басқа жақты қайдам, Сол­­түс­­тік пен Шы­ғыс Қазақстандағы орыстардың арманы – ұлт­­тық-еге­мен­дік «таба нанынан» қазақтан артық қарпып қалу немесе тіп­­ті өзіне иеленіп алу.
Осы тұста Қазақтың ақпараттық-саяси өмірінде ассимилянттар, қазақша айтқанда ұлттық қағынан жерінгендер еш­қан­дай рөл атқармауы тиіс. Өйткені, бұрынғы империялық ниет­те­гі орыстар соларды ұлтқа қарсы басты құрал ретінде пайдаланады немесе пайдаланғысы келеді. Ол ойларын «све­точ­тық­тар» да жасырмайды. Мысалы, олар ол туралы «…граж­дан казахстана в массе своей русскокультурна» дей келіп, орыс мүд­де­сін жоғары қою барысындағы іс-әрекетте: «Особое место в этой работе должно занять отноше­ние с русскоязычными казахами, которые составляют заметную часть титульного населения» дейді. Міне, осының өзінен-ақ орыстардың ассимилянттарды қалай пайдаланып жүргені көрініп тұр емес пе? Өйт­ке­ні, олар жобаны дайындаушылардың айтып-жазуларынша: «ментально русская интеллигенция и русскоязычные казахи близки по культуре, языку, зачастую по образу жизни и приоритетам (отношение к образованию, политике и т.д.)» де­ген ұғымдағы қадір-қасиетке ие жандар көрінеді. Ендеше, қа­зақ ең басты қауіпті таза орыстар тарапынан емес, өзінің ана тілі деген қасиетті қағынан жерінгендерден күтуі керек. Олар өз­де­рін қазақпыз деп сезінбейді және өздерінің қара бас қам­да­ры үшін ұлт мүддесін сатып та кетеді. Қазіргі мемлекеттік ті­лі­міз­дің кең етек жаймауына бірден-бір кедергі бо­лып жүргендер де солар. Сосын, олардың ұстанымы «жалпыадамзаттық» ұғым түсінігіндегі құндылықтар.
Жалпы, жобадағы тағы бір қауіп, оны дайындаушылар­дың біздің мемлекеттік ұстанымымыз бен ұлтымызға жабатын жалалары. Мысалы, олар ойла­рын одан әрі «численность рус­ских в Казахстане, вероятно, сни­зится до 15%» деп қо­ры­та­ды. Олардың бұндай көрсеткішті қайдан алғанын қайдам, бі­рақ біздің білуімізше кезінде ежелгі Отаны Ресейге қайтып кеткендері мен Қазақстандағы экономикалық-әлеуметтік жағ­дай жақсарған соң қайта оралып жатқандарының саны бүгінде артып отырғаны. Яғни, бұ да жала!
Қазақстан сөз жоқ әлемдік қауымдастықтың бір мүшесі. ендеше, осынау «отбасылық» тыныс-тіршілікте біз тәңірліктен өріп мұсылмандыққа ұласқан өркениетімізді негізге алып, өзі­-міз­дің ұлттық мәдениетімізбен дамуға тиіспіз. Ал, осы бір жолды таңдауымызға бірден-бір кедергі келтіретін де со сияқты ұйым­дар мен қоғамдар. Олар Қазақстанда өз­де­рі­нің эко­но­ми­ка­лық-әлеу­мет­тік, саяси-қоғамдық пікір-тұ­жы­рым­да­рын қа­лып­тас­ты­рып қана қоймай, сонымен бірге діни ұс­та­ным­да­рын да назардан тыс қалдырмайды. Олардың «нрав­ственным стержнем и духовной опо­рой должна являться Русская пра­вославная церковь» деуінің сыры да сонда. Сөз жоқ қай кезең, қан­дай заманда да ұлт тағдырында діннің алатын орны ерекше. Бұны «све­точ­тық­тар» жақсы түсінеді. Түсінеді де оны тек шіркеуде ғана пайдаланып қоймай, орыс мектептеріне де күнделікті сабақ ретінде енгізгілері келеді. Ал, ол қазақ, Қазақстан жағдайында қан­дай мән-мағынаға ие болатынын Сіздер біз айтпай-ақ тү­сі­не­сіз­дер. Өйткені, сіздердің әрқайсыларыңыздың ұл-қыздарыңыз сол орыс мектептерінде оқиды емес пе. Сонда, оларды шо­қын­ды­ру керек пе? Оған сөз жоқ «светочтықтар» да өз қарсылықта­­рын білдіреді, бірақ атқарылып жатқан немесе атқарылар іс-әре­кет өмірмен қоян-қолтық келгенде балалар оған еріксіз тартылады ғой. Жобаны дайындаушылар мұны сырттай білдірмегенмен, іш­тей жақсы сезінеді. Олардың орыс православия шіркеуінің «единственным нравственным и ду­ховным центром, способным объе­динить и сплотить русскую диаспо­ру» деуінің сыры да сонда. Сондықтан да, біздің діни орталығымыз осынау мә­се­ле­ге келгенде сергектік танытып жұмыстарын тек мешіт тө­ңі­ре­гін­де ғана шек­темей, қазақ өміріне қатысты кез келген қо­ғам­дық ортада жүргізуі тиіс.
Қазақстандағы әміршілдік-әкімшілік жүйе кемшілігі ұлт­тық патриоттық бағыт-бағдарға қарағанда интернационалдық-космополиттік утопия негізінде жұмыс істеуге ден қоюы. Міне, осындай ұстанымнан соң, әрине, елімізде «Светоч» секілді ұйым­дар­дың кең етек алуы заңды да. Жалпы, іштен іріп-шіріген жал­ған интернационализмге бой алдырған ел-жұрт еш уа­қыт­та ұш­пақ­қа шықпайды. Соның бір көрінісі КСРО болатын. Біз қа­зір соның кішкене көшірмесі сияқты мемлекетпіз. Түп­тің-тү­бін­де, ол бір тұстан сыр беретіні анық. Жобада бұл да назардан тыс қалмаған. Мысалы, жобаны дайындау­шылар «самая системная и успеш­ная диаспора мира, конечно, еврей. И именно у них синагога – своеоб­разный «национальный клуб», где встречаются «все наши», перети­раются новости от бытового уровня (в том числе матримониальные), вплоть до бизнеса и политики. По­чему бы в Казахстане для русской диаспоры такую роль не сыграт РПЦ» дейді. Осыған қа­ра­ған­да Қа­зақ­стан­да еврей немесе орыс мәселесі бар сияқты. Өкі­ніш­ке орай олай емес. Республикамызда бір ғана ұлттың мә­се­ле­сі бар. Ол қазақтардыкі. Себебін айтсақ, алдымен тілі ты­ғы­рық­қа тіреліп тұрған кімдікі – қазақтыкі. Алыс ауылдағы тығыз ор­на­лас­қан ел-жұрттың тыныс-тіршілігі ауыр болса, онда кім тұ­ра­ды, тағы сол қазақ. Қалада пәтерден-пәтерге көшіп, кез келген орыстың босағасында телміріп жүргендер кімдер – тағы да со қазақтар. Қазақтардың әлеуметтік-тұрмыстық жағ­да­йы Қа­зақ­стан­да­ғы кез келген диаспора өкілдерінен нашар. сонымен бірге, Қазақстандағы кез келген диаспораның ұлт­тық бағ­дар­ла­ма­сы болса, оған қоса олардың басын біріктіретін мәдениет ор­та­лық­та­ры бар. Бұл деген сөз жергілікті ел-жұрттан отауыңды оқ­шау тікке бастайтын бірден-бір жол. Оны біз халықтар дос­ты­ғы­ның көзі санаймыз. Сөйтеміз де, кіндік ұлттың несібесін аузынан жырып алып өзгеге береміз. Олардың бүйректен сирақ шығарып, әмір­ші­лік-әкімшілік қызметте орыстар неге аз деген секілді ұлт­ара­лық тепе-теңдікті сақтау керектігін заңдастыруға ұм­ты­лып, аз­шы­лық мүддесін ойлағыш бола қалуларының да сыры сонда. ендеше, Қазақстанда тек қана қазақ мәселесі ғана бар. Кешегі «Ша­ңы­рақ­та­ғы» болған қанды оқиға қазақ мәселесінің Қа­зақ­стан­да өткір тұрғандығының тағы да бір көрінісі емес пе? Өз отанында аздыққа ұрынып, тығырыққа тірелген қазақ күн­кө­ріс­тің қамымен жүріп өздерінің қандай қоғамда, нендей жағ­дай­да өмір сүрулері керектігіне ой жүгіртпей жүргенде «све­точ­тық­тар» «рус­ская диаспоры должна бороться за гражданское общество в том пла­не», дей келіп, өздерінің қызметін «звание «Гражданин Казахстана» стало выше этнической принад­лежности» деген ұстанымда жалғастыруы керектігін тілге тиек етеді. Жоба иелерінің қазақтың саяси элитасымен қоян-қолтық жұмыс істеуіміз керек деулерінің сыры да сонда. Оны айтасыз, олар Қазақстандағы білім саласына да белсене ара­лас­қы­сы келеді. Олардың «вымывание из общего казахстанского образовательного про­странства той его части, которую занимает русский язык, является недопустимым» деуімен бірге «Расширение пространства казахского языка не должно производиться за счет сужения (причем часто искус­ственного) сфера применения русского языка» деп көз жастарын көлдетулерінде де сыр жоқ емес. Мен білетін бір нәр­се қазіргі Қазақстанда орыс тілінің жағдайы мемлекеттік қа­зақ тіліне қарағанда әлдеқайда артық әрі жақсы. Бұл олардың «қо­рық­қан бірінші соғадының» кері немесе «жыламаған балаға емшек бермейдіге» саятын саясаты ғана. Әйтпесе, олар Кеңес Ода­ғы кезінде біздікі болмаса болды, «Өзгенің көз жасы – су» принципінде өмір сүрді емес пе? Енді келіп егемен ел, тәуелсіз мемлекет атанғанымызда бізді азаматтық және ашық қоғам мен «жал­пы­аза­мат­тық», «адам құқы» секілді құндылықтар ұс­та­ны­мын­да өмір сүруге шақырады. О, шіркіндер осы ойлары мен тұ­жы­рым­да­рын Ресейде айтып-жаза алар ма екен. Әй, қайдам. Олай бола қалған жағдайда, оларды алыс та жақын қандастары ұлт сатқыны ретінде қабылдап, ел-жұрт алдында аяусыз әш­ке­ре­лер еді.
Жалпы, осынау бағдарлама-жобаның қамтыған аумағы өте кең. Олардың «неплохо было бы создать свой «банк ватикана» – православный банк, другие корпо­ративные структуры и многое дру­гое» деулерінің өзі неге тұрады. Қазақтың ұлт­тық қа­ғы­нан жерінген бизнесмендерін пайдалану арқылы, олар өз­де­рі­нің материалдық-экономикалық жағдайын да гүлдендіре түс­кі­сі келеді. Жобада оған қол жеткізетін бірден-бір жолды да нақ­ты көрсеткен. Оның басты көзі: «С точки зрения политического процесса, в среднесрочной перспективе нужно добиваться предоставления русско­му языку статуса государственного. Но в этом плане нужно четко пони­мать, что это будет возможным только после создания в стране реального двуязычия» деген ұғым-түсініктен көрінеді.
Осындай жағдайларды көріп-біліп отырып, егер біз ру­лық, жүз­дік, яғни, қауымдық сана-сезімнен арылмасақ, қо­ғам­дық сана-сезімге қол жеткізбесек, Қазақстанды жайлаған диас­по­ра­лар­дың талап-тілегінің астында қалып, келе-келе шын мә­нін­де­гі «Қа­зақ­стан­дық ұлт» атануымыз еш ғажап емес. Қазір біз пас­сио­нар­лық әлсіреу кезеңін бастан өткізіп жатырмыз. Оның түп­кі сыры әлі де болса әлгі айтқан қауымдық сана-сезімнен қол үзбей, қоғамдық сана-сезімге қол жеткізе алмай жүр­ген­ді­гі­міз. Міне, осы тұста менің есіме кез келген батыс үл­гі­сін­де­гі реформашыл радикалдық-либерализм ұс­та­ным­да­рынан жоғары тұратын орысшыл, орыс мемлекетшілігі П.Сто­лы­пин­ның «Им нужны великие по­трясения, нам нужна великая россия!» дегені түседі. Соған қарағанда бізге де бір-бір столыпин керек-ау, сірә!

«Заң газеті».
25 шілде, 2006 жыл