МЫСЫҚ ТІЛЕУМЕН ӨМІР СҮРУ МЫҚТЫЛЫҚ ЕМЕС

Қазіргі біз тілге тиек еткелі отырған мәселені көтеріп жүр­ген Дмитрий Рого­зин Ресейдің ең белді де белсенді, орыс мақ­сат-мүддесіне қатысты кез келген мәселенің басы-қасында жүріп, со жолда қандай да болмасын іс-әрекетке мұрындық болып келе жатқан «саяси элита» өкілдерінің бірі. Яғни, бұл оның сө­зін тың­дап, айтқанына ұйыйтын ел-жұрт, саяси тілмен айт­қан­да, электорат бар деген сөз. Сол мырзаға «Завтра» (2006 жыл №21) га­зе­ті­нің журналисі «Должны ли русские, живущие на бывших окраи­нах (окраина деп отырғаны бұрынғы КСРО құ­ра­мын­­да­ғы республикалар – А.Ә.) Российской Империи, превращаться в русские диаспоры?…» деген сауал қояды. Сонда, Рогозин мырза болса оған қалай жауап береді дейсіздер ғой. Оны да толық келтірейік. Алдымен Рогозин, біз Ресей құрамына Украина, белоруссия мен Қазақстанды қосып алатын мемле­кет құруды армандамауымыз керек, арман екіұшты нәрсе, ол біздің басты мақ­­са­­ты­­мыз болуға тиіс дейді. Бұрын солай болған да, ал қазіргі жағ­дай­­да не істеуіміз керек дей келе, саясаткер «Если мы признаем, что Украина, Белоруссия и Казахстан являются составными частями единого русского целого, то не следует стимулировать отьезд русских оттуда в Российскую Федерацию» дейді. Яғни, бұны жақында ғана Ресей президенті Путиннің жақын ТМД және алыс шетелдердегі орыстарды өздерінің түп-төркіні отанына тарту туралы пікір-тұжырымына қарсы іс-әрекет деп қа­рау­ға болады. Өйткені, Рогозин мырзаның бойындағы пат­ша­лық Ресей мен Кеңестік кезеңдегі орыстың отарлау сая­са­ты­ның қайта қозып, оның әлі де болса со бір «шуақты» шақ­­та­­рын естен шығармайтын қасиеті аталған сөздерден-ақ кө­рі­ніп тұр емес пе? Бұл – ұлттық эгоизмнің сарқыншағы. Тә­уел­сіз­ді­гі­міз бен егемендігімізді арада қаншама жыл өтсе де мойындамау орыстың белгілі саясаткері үшін үлкен айып емес пе? Және оның әлемдік деңгейдегі құжаттармен бекітілгендігін еле­ме­уі­нің өзі неге тұрады. Бұл – саяси соқырлық.

Сондай-ақ, ол аталған сұхбатының тағы бір жерінде: «Но почему русский должен репатрироваться в Россию с Украины, если Украина тоже его роди­на? Киев, Крым – это родина русских. петропавловск, Павлодар. Усть-Камено­горск, ермак, город верный, он же Алма-Ата – это родина русских», дей­ді. Дәл осындай сөзді біз Жириновскийдің аузынан есіт­кен болатынбыз. Рогозиннің қайталап отырғаны сол пікір, сол тұ­жы­рым. ендеше, осындай астам пиғылды сөздер мемлекеттік дума де­­пу­­тат­та­ры­ның аузынан шығып отырған болса, онда біз қа­зақ­тар үшін тә­уел­сіз­ді­гі­міз бен егемендігіміз әлі де тым баянды бола қой­­ма­­ған­­ды­ғы. Ол өзінің жоғарыдағы сөздерін нық се­нім­мен айта келе, бү­гін­гі күндегі тарихи-табиғи жағдайға кү­дік­пен қа­рай отырып, үміт соңынан өледі деген принципті ұс­та­на келеді де: «Но мы ве­рим в нашу «русскую звезду» и понима­ем, что пройдет 10, 20, 30 лет и в резуль­тате нашей целенаправленной работы объединение этих территорий все равно произойдет. поэтому не следует выво­зить оттуда наших братьев и сестер ко­торые станут основой конструкции но­вой русской нации» деген «келелі де көшелі» пікір-тұжырым біл­ді­ре­ді. Бұл арандату ма, әлде шын мағынасында сонау бір жыл­дар­да­ғы орыстың отарлау сая­­са­­ты­­ның қайтып келмеске кет­кен­ді­гін елеп-ескермеу ме? «завтра» газеті Ресейдегі орыс бағ­да­рын­да­ғы ұстанымдарды ашық және отарлау ниетте жүр­гі­зе­тін бірден-бір басылым. Оның ме­­нің жур­налист ретіндегі қо­ғам­дық-саяси және әдеби-көр­кем­дік кө­­ңіл көк­жие­гім­ді ке­ңей­те­тін­ді­гі сонда десем, еш қа­те­лес­пей­мін. сонымен бірге, атал­ған­дай бағыт-бағдардағы газеттер ір­­ге­­лес ел саясаткерлері мен әде­биет­ші­ле­рі­нің бұрынғы КСРО ел­­де­­рін­­де­­гі ұлттар мен ұлыс­тар ту­ралы пікірлерін де білдіріп отыратын бірден-бір құрал десем де болады. Құдай бетін аулақ қыл­сын, егер әлдеқандай бір заман туа қалатын болса, біздің тә­уел­сіз­ді­гі­міз бен егемен­ді­гі­міз­ді ең алдымен мойындамайтын сол рогозиндер мен Жи­ри­нов­ский­лер­дің «шинельдерінен шық­қан» жандар болады. Олар мә­се­ле­ні бейбіт жолмен немесе әлем­дік құ­жат­тар­мен бекітілген негіздерде шешпей, Ро­гозин тілімен айт­­қан­­да, «В отношениях между государствами существует только одно – национальные интересы. Как лю­бят говорить американцы. «переговоры идут успешнее, если на столе лежит кольт» деген ұғым-тү­сі­нік­те шешуге ұмтылуы бек мүмкін. Яғни, бұл «кольт» бү­кіл мә­се­ле­ні шешеді деген сөз. Сонда, осы бір сөз­­дер­­дің ар жа­ғын­да халықты қаруға шақыру бар емес пе? Әри­не, солай. ендеше, біздің әрбір жазған мақаламызда ұл­ты­мыз­ды қа­уым­дық сана-сезім­нен жоғары қоғамдық сана-сезімнен өрген тұ­тас­тық­қа шақыруымыздың сыры да сонда.
Менің түсінбейтінім, неге Рогозин секілділер Қазақстан­ның тәуелсіздігі мен егемендігін мойындамайды. Оған кім кінәлі? Әлде, оның сыры өзіміздің жалпақшешей жалтаңдығымызда жатыр ма? Әйтпесе, кез келген мәселелерді шешуде іргеміздегі Ресейге алаңдап, өзімізше саяси шешім қабылдай алмайтын то­лық­қан­ды егемен де, тәуелсіз ұлтқа тән мінезіміздің қа­лып­тас­па­ған­ды­ғы­нан ба? Қандай жағдайда да болмасын, әйтеуір орыс ұлтшылы бізді кекетіп, кемсітуге дайын тұрады. Сөйтіп, олар біздің ғасырлар бойы аңсап қол жеткізген егемендігіміз бен тәуелсіздігіміздің ерікті ел ретінде еркін дамуына үнемі кедергі, әрі кесір болып келеді. Қашанғы сондай бола бермекші? Міне, осындайда менің есіме ұлы Достоевскийдің ұлтынан қол үз­ген космополит-нигилистерге және батыстың Ресейді өз ұс­та­ны­мы­нан тайдырғысы келгендерге қарап айтқан: «неужели и тут не дадут и не позволят русскому организму развиться нацио­нально, своей органической силой, а не­пременно безлично, лакейски подражая Европе? Да куда же девать тогда рус­ский-то организм? Понимают ли эти гос­пода, что такое организм?», – дегені есіңе түседі. Шынында да, Ресейдің озық үл­гі­лі азаматтары өз Отанының Еуропаға алаңдап, құлдық мі­нез-құ­лық­та өсіп-өнгенін қаламаса, біз неге Ресейге қарап ба­ғыт-бағ­дар түзеуіміз керек. Иә, сөз жоқ, олардан жақсы қа­сиет­тер­ді алып, үлгі етуге тиіспіз. Бірақ, ол құлдық, бас игіш жал­­пақ­ше­шей­лік болмаса керек. Неге ресейлік «саяси элита» өкіл­де­рі осыны түсінбейді, неліктен түсінгілері келмейді? Олар өз­де­рі тарапынан Қазақстанға, оның ішінде қазақтарға қарсы жүр­гі­зіп отырған идеологиясы мен идеясының біздің еліміздегі орыстарды да, сонымен бірге өз қағынан жеріген орыс тілді қа­зақ­тар­ды да шарпитынын білмей ме? Білсе, біле тұрып солай істесе, бұл рого­зиндер тарапынан шыққан «саяси сепаратизм». Ал, оған өзін тәуелсіз де еге­мен мемлекет санайтын еш ел жол бермейді. Және ол әлемдік құқықтық-заңдық талап-тілегінен табылмайтын іс-әрекет боп есептелінеді. Біз соны ажыратып алмай еш уақытта да егемендігіміз бен тәуелсіздігімізді нықтай алмаймыз.

«Ақиқат». №10, 2006 ж.