ПАТРИОТИЗМ мен БАҚ немесе баспасөздегі ұлтшылдық туралы үзік ой

CОНЫМЕН, Елбасымыз жаңа «БАҚ туралы» заңға қол қой­ды. Сол сол-ақ екен, әдеттегідей Қазақстан журналистеріне тән демократия, оның ішінде сөз бостандығы мен ой және ерік еркіндігі туралы дау-дамай басталды да кетті. Сонда бай­­қа­­ға­­ным, олардың біріншілері – шетсіз де шексіз демократия құн­ды­лық­та­рын талап етіп, мемлекетіміздің бос сөзділіктен ада ұлт­тық-аймақтық, жергілікті ел-жұрт тұтастығына, сосын елі­міз­дің адами моральдық қарым-қатынасын бұзатын батысшыл ра­ди­кал­дық-либералдық бағыт-бағдарды талап ететін орыс, сосын өзін тәуелсіз санайтын кейбір қазақ басылымдарының журналисте-рі. Ал, екіншілері не болса да, қандай жағдайда да шет-шек болатынын мойындап, Алланың іс-әрекеті мен сөзі ғана шет-шексіз екенін біліп, мемлекет, ұлт, қоғам, дәстүр-салт жа­уап­кер­ші­лі­гін сезінетіндер. Міне, осы екі топ арасындағы қарама-қай­шы­лық­тар­дың іштей де, сырттай да жүріп жатқандығын айтпай-ақ сезіп-білуге болады.

Кез келген сөз бостандығымен, ой және ерік еркіндігінен биік тұратын құндылықтар бар. Солардың қатарындағы ең бастылары – еліміздің егемендігі мен мемлекетіміздің тә­уел­сіз­ді­гі.
Міне, соны жақсы сезініп білген журналист немесе ақын-жазушы, тіпті қарапайым адам да шетсіз де шексіз демократия құндылықтарын талап етпейді. Өйткені, олардың қай-қай­сы­сы­ның болмасын демократияны демагогияға айналдыратын, арты ел-жұртты хаосқа апаратын қарым-қатынастағы сөз бос­тан­ды­ғы мен ой және ерік еркіндігін талап етулері қылмыспен пара-пар. Бұл қандай да болмасын қалам иесінің патриоттығы мен ұлт­шылдығына сын құндылықтар.
Осы тұста айтарымыз, патриотизм, ол аймақтық-аза­мат­тық ұғым да, ұлтшылдық тектік (ген) – ел-жерлік тү­сі­нік. Ал­­дың­­ғы­­лар­­да интернационалдық-жалпыазаматтық, ма­те­риал­дық мақ­сат-мұ­рат­тар басым болса, кейінгілерде ұлт­тық-мемлекеттік, дәс­түр­лік-моральдық тұжырым-пі­кір­лер жоғары тұрады. Иә, ал­дың­ғы­лар да өзі тұрған, отын оттап, суын ішіп отырған ел-жұрт­ты құр­мет­тей­ді. Бірақ, оларда өздерінің қосалқы баратын жері, асатын тауы болғандықтан екіжақты тыныс-тіршілік басым болады. Сондықтан, оларға қазақ тілі, шекарасы, оның ұлттық құн­ды­лық­та­ры туралы айтуға қарағанда, жалпыадамзаттық заң­ды­лық­тар жайында сөз қозғау тиімді. Ал, екіншілерінде ел-жер, мемлекет деген ұғым-түсініктерге жан-тәнімен беріле қа­рай­тын қадір-қасиеттер артық. Бұны тәп­тіш­теп, таратып айтып отыр­ған себебіміз, Елбасымыз қол қой­ған «БАҚ туралы» заң­ға көз­қа­рас­тар қайшылығының бір немесе бірнеше қырын көр­сетуі.
Әйтпесе, Т.Калеева, О.Кациев, В.Жовтис секілді өзін демократ санайтындардың сөзіне сеніп, іс-әрекетіне ден қоя талдап-тал­қы­ла­сақ, оларға жоғарыдағы айтқанымыздай шетсіз де шек­сіз бағыт-бағдардағы демократиялық құндылықтар керек екендігін байқаймыз. Ендеше, ол бағыт-бағдар біздің тұ­тас мем­ле­кет­ті­лі­гі­міз бен ел-жұрттылығымызға көк тиынға қа­же­ті жоқ қа­дір-қасиеттер. Мысалы, мен жақында «Ка­раван» га­зе­ті­нің №25 санынан Мюнхеннен жазған Андрей Шухов де­ген­нің «здрав­ст­вуй, фашизм» атты мақаласын оқыдым. Ол, Қа­зақ­стан­­ға, елі­­міз­­де­гі кейбір іс-әрекеттерге фашистік түр-түс, мазмұн-ма­­ғы­­на беріп, мемлекетімізді қаралап отырған бір­ден-бір шетсіз де шексіз сөз бостандығымен, ой және ерік-ер­кін­ді­гі­нің кө­рі­ні­сін айқындайтын мақала. Ендеше, мәселеге осы тұр­ғы­дан келгенде кешегі Елбасымыз қол қойған «БАҚ туралы» заң­ға қарсы­лық білдіріп, тіпті, кейбір журналистердің батыстан кө­мек күтіп, оны қайтарып алуды талап етулері басы артық іс.
Мемлекеттің іргесін шайқап, оның кіндік иесі ұлттың тү­бі­не жететін, сонан соң олардың мәңгілік мекен-жерінің тұ­тас­ты­ғы­на нұқсан келтіретін сөз бостандығымен, ой және ерік ер­кін­ді­гі кімге керек? Міне, мәселе сонда.

«Заң газеті».
3 тамыз, 2006 жыл