«Распутинщина» індеткен тұста әйел етекке сүрінеді, еркек жетекте бүлінеді

Сонымен, «Распутинщина» не «распутин шайындылары» – бүгінгі қоғамды жайлаған әлеуметтік-психоло­гия­лық, айта берді, саяси құбылыс. Әйтпесе, оқырманның бұ­лың­ғыр – академиялық былдырмен басын қатырмай, қа­зақ­тың жалпақ тілімен айтқанда, ол жұқпалы күйе, кімнің, ненің болса да басын байлап, дуалап алатын сиқыр. Онда жыныс болмайды. Әдетте мұндайлар қылмыскерлерден де қа­уіп­ті. Қылмыскерлерге құрар қақпан, тастар тор бар. Ал, ал­­дың­­ғы­­лар үшін еш шара, айла-шарғы жоқ. оларды кө­­зің көріп, көңілің ғана сезеді. Ерекше бір қызығы, олар бір-бі­рін алыстан танып, бір-біріне тез жұғысады.

Оны айтасыз, олар адамға, оның ішінде беделді де жоғары лауазымды жанға алдымен психологиялық «террор» жасап, соңы өзінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын, сол ортадағы идеологиясын қалыптастырып алады да, өзі қызмет етіп жүрген ортаны көзге көрінбейтін үрейде ұстайды. Өйткені, ол сол лауазымды адамның сенім қолтығына кіріп алған. Оны «дуадан» басы айналып қалған әлгі басшы сезіп білмейді де. Ал, қал­ған­дар­дың оларға көрсететіні «үнсіз», іште «өліп» жатқан қар­сы­лық қана. Оны қазақ «іштен тыну» дейді. Бұл қоғамдық дерт.
Сонымен, сөз басындағы біреу біліп, біреу білмейтін григорий Распутин кім?
Басында, Вырубова дегеннің таныстыруымен орыстың соң­ғы ағзамы Николай II мен оның әйелі, ханым Александра Фе­до­ро­ва­ның сеніміне кіріп, арты олардың, айта берді, бүкіл ресей империясының тағдырына ықпал еткен Григорий распутин оңай жан емес еді. Ол өзінің шала сауат, жалған да аяр дін­дар екендігіне қарамай, патшаның жеке отбасына, сол арқылы ұлы ресей империясының мемлекеттік, саяси, қоғамдық өміріне ерекше ықпал етті. Николай II-нің үйіне кіріп, қызмет сарайынан шыққан оның беделінің күштілігі сонша, сол пат­ша­лық­та­ғы белді-белді деген қызметкерлерді орнынан алып, олардың орындарына өзіне жақын да, айтқанынан шықпайтын адамдарды қойғызатын дәрежеге дейін жетті. Кезінде князь феликс юсупов «Конец Распутина» атты кітабында ол туралы: «Под маской лицемерия и фальшивой святости грязной проходимец, полуграмотной мужик, вор и развратник распутин длительное время роковым образом подчиняет себе частную жизнь царской семьи и влияет на политическую судьбу Российской империи» деп жаза келіп: «Распутинство – кубок темных интриг, личных эгоистических расчетов, истерического безумия и тщеславных домогательств» деген еді.
Мұны жазып, тілге тиек етіп отырғанымыз, соңғы кездері осыдан 1 ғасырға жуық бұрынғы Ресей патшалығындағы бол­ған келеңсіздік бүгінде бізде, жоғары лауазымды қызметкерлер арасында әртүрлі порым-пошымда қайталанып, кең етек алған сы­ңай­лы. Мемлекеттік деңгейдегі қызметтегі лауазым ие­ле­рі­нен бастап, облыс әкімдеріне дейінгі аралықтағы ше­неу­нік­тер­дің арасын жайлаған індет іспетті «распутинщинаға» көз жұма қа­рау­ға болмайды.
Бұл тұста біреудің атын айтып, түсін түстеудің өзі ар­тық. Сол «распутинщина» өкілдерінің жоғары лауазымды қыз­мет­кер­лер­дің отбасына, ондағы жандардың қызмет орындарына ла­йық­ты «қамқорлықтар» жасау арқылы, олардың беделдерін қан­ша­лық­ты түсіріп, оларды халықтан қаншалықты қол үздіріп бара жатқанын айтсақ жеткілікті. Олар сол Распутиннің іс-әре­ке­тін­дей қылықтарға барып, қаншама адал да жақсы қызмет іс­теп жатқан жандарды жұмыссыз қалдырып, олардың орнына айт­қан­ға көніп, айдауға жүретіндерді қоюда?
Сөз соңында айтарымыз, қай дәрежедегі болсын лауазым иесі бүгінде індетке айналған «распутинщинаға» жол бермей, айналасындағы өздерін сол «аялап, қамқорлығына ал­ған­дар­ға» сындарлы да сын сөзбен қараса екен. Кезінде белгілі бір об­лыс­тың әкімі «Короля делает свита» дегенді тілге тиек етіп, жандайшап сол «распутинщинаға» саятын сөз айтқан еді. шынында да «распутинщина» індеткен тұста әйел етекке сү­рі­не­ді, еркек жетекте бүлінеді емес пе?

«Заң газеті»,
2004 ж.