БАЛЫҚТЫҢ ТІЛІН БАҚА БІЛЕДІ НЕМЕСЕ ДУГИННІҢ ДОСЫ КІМ?

Дугин түсінігіндегі «Казахские нацисты» маған неге ұна­май қалды? «Нацистер» мәскеулік десант – Дугин на­си­хат­та­уын­да­ғы Еуразия идеясының ұлт үшін қаншалықты қауіпті екенін жақсы біледі. Білгесін со кісінің қатысуымен алматыда өт­кен баспасөз мәслихатында және Болат Әбілов жүргізетін «Өзін­дік пікір» бағдарламасында оған, яғни, оның Еуразия идеясы туралы айтқан ой-тұжырымдары мен пікірлеріне күй­ре­те соққы берді. Әрине, сосын да о мырза талағы тарс айрыла, қазақты ұлтшыл деп айыптап отыр. Әрине, қазақтың «дым білмес» болғаны Дугинге ауадай қажет. Ол қазақ, жал­пы­қа­зақ­стан­дық­тар атынан мәселені өзі-ақ шешіп қойған. мысалы, өзінің «основы евразийства» кітабындағы бір сұхбатында: «общая для всех казахстанцев национальная идея, может быть и есть. Это – Евразийство», – деп бір-ақ қайырады. сонда, біз неге басымызды тау-тасқа ұра, Ұлттық идеяны іздеп, мемлекет тірегін содан табамыз деп жүрміз? Иә, біздің пре­зи­ден­ті­міз кез келген ел-жермен экономикалық қарым-қа­ты­нас­та болып, интеграциялық байланысты нығайта түсуіміз керек дегеннен бір танбай, өзі соның бастауында болып жүр. Біз де сол жа­ғын­да­мыз. Бірақ, православиеге негізделген орыс космополитизмі мен шовинизмін насихаттайтын Дугин ба­ғыт-бағ­да­рын­да­ғы Еуразия идеясына еш мойынұсынуға болмайды. Бұл қолынан билік кеткендердің империялық пиғылын қоз­ды­ра­тын, яғни, кеткен есесін қайта алу үшін құрған реваншизм деп аталатын қақпан.

Естеріңізде ме, осы жылдың басында Ресейдің «культура» телеарнасынан «Не істеу керек? Виталий Третьяковтың фи­ло­со­фия­лық сұхбаты» атты хабары көрсетілген болатын. Оған біздің кейіпкеріміз Дугин мырза да қатысқан. Онда ол өзі басы-қасында жүрген Еуразия идеясының мән-мағынасын аша келе, еуразияшылар көксеген орыс мақсат-мүддесіндегі «Із­гі­лік мемлекетіндегі» – (Дугин сөзі – А.Ә.) ұжымақ туралы айта келіп: «Міне, Шыңғыс Айтматов дегеніміз кім? Ол кімнің жазушысы? Кеңестік классик пе? Қырғыз, Кеңес, орыс жазушысы – мұның бәрі келмейді. Ол еуразиялық ұлы данышпан. Демек, еуразияшылдық дегеніміз не дегенде – бұл Шың­ғыс Айтматов демекпіз. Еуразиялық әдебиеттің классигі, еуразиялық данышпан. Бәрі де осымен түсінікті болады», – деді. Қандай жанға жағымды, жылы сөз. Ау, сонда бұл тү­сі­нік-пікірдің «Кеңес классигі», не «Кеңес жазушысы», болмаса «Кеңес данышпаны» деп қойылған көпшік-марапаттан айыр­ма­шы­лы­ғы неде? Сонда, қырғыз классигі, қырғыз жазушысы, қырғыз данышпаны деген қасиетті ұғымдар қайда қалады?
Әлгі аталған хабардың жүргізушісі Виталий Третьяков өзі­не дейінгі аға буын еуразияшылдардың идеясын тілге тиек ете келе: «…классикалық еуразияшылдар еуразияшылдық идея­сы­ның негізгі буыны Ресей екенін ашық айтқан. Сон­дық­тан да, кім бол­са да, нені айтпасын, қандай модель қол­да­ну­ға тырыспасын, осынау Еуразия одағының ор­та­лы­ғы мемлекеттік құрылым ретіндегі Ресей болатыны көз­де­ле­ді. осыдан келіп, бірден бұ­рын­ғы Кеңес одағының бей­не­сі көл­бең­дей­ді… өзім үшін осы кезеңде бұл кеудеден ите­ре­тін фактор емес, – деді. – Анығы да, қанығы да сол. Ал, сіз­дер Ре­сей­дің орталықтығы жөніндегі идеяға қалай қа­рай­сыз­дар?» – деп хабарға қатысушыларға сауал тастады. Міне, мұ­ның астарында жаңа қалыпқа бейімделген орыс космополитизмі мен шовинизмі жатқан жоқ па?
Дугин мырза қазақ ұлтшылдығын қоздырып, қазақ мүд­де­сін қорғап-қолдаған ұлт зиялыларына топырақ шашып: «Да, я патриот, но антисемитизм и расизм для меня неприемлем! А здесь, Казахстане, это есть я вижу…» – деп көлгірсіп, жалпы қа­зақ­қа күйе жағып кетті. Сонда деймін-ау, қазақ азаматы Әзім­бай Ғали, тағы басқа жігіттер қазақ мүддесін қорғаса, оңбаған екен де, ал, Дугин мен Третьяков патриоттар екен ғой. Міне, бұл таза кеңестік кезеңнен қалған айла-шарғы, адамды әлгіндей жаламен жасытып алатын амал. Сондай-ақ, ол Қазақстандағы «навигатор» деген интернет-газетке берген сұхбатында: «национальный со­став Казахстана прямое следствие предшествую­щей историчес­кой стадии, которую можно назвать «советским евразийством». «Советский народ» мыслился как евразийская общность нового типа», – дей келіп, ойын одан әрі: «Если закрепить за этносом территорию, мы приходим не к евразийст­ву…» деп өзінің ұлы орыстық шовинизмін ашықтан-ашық білдіреді де, қазақтың классикалық дәстүрлі мемлекетке ие ұлт болғанын қаламайтынын тігісін жатқыза жеткізе отырып, пікір-тұжырымын «Поэтому смысл евразийства в том, чтобы отделить юридически этнос от конкретной территории» деген «батыл шешіммен» аяқтайды. Сондай болған жағдайда, яғни «В евразийском Союзе вопрос о русских и казахах будет немедленно снят», – болады екен. Енді, қараңыздар, сонда «казахский нацизм существует» деп Дугин айту керек пе, әлде, біз керісінше ғып айтуымыз керек пе?
Бұл жолда орыс идеясына көмектесіп, белсене іс-әрекет жасап жүргендер Қазақстанда жеткілікті екен. Енді, сіздер олар кімдер дейсіздер ғой, әдеттегідей? Сөзді Дугиннің өзіне берейік. Ол: «…в этом направлении работают многие видные политики, в частности, Балташ Турсумбаев», – дейді. осыдан біраз уақыт бұрын Балташ Тұрсымбаевтың «Қазақстан ресейден алыстап, оның қолынан сусып шығып бара жатыр, ой­ла­ны­ңыз, Путин мырза» дегенге саятын пікірін қатты сынға алған едік. «Балықтың тілін бақа біледі» деген нақ осы шығар.
Қайтеміз, «многие видные казахские политики», сіздерге көп үміт артылады. Дугиннің сенімінен шығыңыздар» дейміз де. Ал, қазақ ұлтшылдары болса, шабуылға қарағанда қа­шан­ғы әде­ті­мен қорғаныстан танбас. Өйткені, сонау өткен ғасыр ба­сын­да­ғы ұлт қаймағы болған зиялылардың өздері де сондай күй кешті емес пе?

«Жас Алаш».
8 қараша, 2003 жыл