Мәскеу Мекке емес, Путин пайғамбар емес ендеше, Балташ Тұрсымбаев ол жаққа неге сөз тасиды?

Иә, осынау тақырып біреулердің құлағына түрпідей тиіп, одан олар қоғамдық саяси астар іздеп әлек болуы бек мүм­кін-ау деген ой бізді ә дегенде мазалаған. Сөйтсек, онда тұрған еш­те­ңе жоқ екен. Өйткені, шындығында да, кейбір сонау бір келмеске кеткен кеңестік кезеңді аңсаған «саққұлақтар мен қы­ра­ғы­лар» 2000 жылы құрылған Еуразиялық Экономикалық Қа­­уым­­дас­­тықтың соңғы кездері саны артып, жақында өткен ре­сей­де­гі Қа­­зақ­стан жылының салтанатты ашылуы мен ЕурАзЭҚ фо­­ру­­мы­­ның тұспа-тұс өтуі, әлгілердің КСРО туралы сөне бас­та­ған үміт шамын қайта жаққандай болды. Оған соңғы кездері кең етек жая бастаған Еуразия идеясын қоссақ, жаңағылардың санын ша­па­ғат­тау­ла­ры­ның ұлғая түскенін көреміз. Сөйтіп, олар­дың біреуі Мәскеуге барса, Меккеге барғандай, Пу­тин­нің қо­лын алса, пайғамбармен ұшырасқандай күй кешіп жүр­ге­ні­не куә болып жүрміз. Мәскеуден кеудесіне құрмет белгісін та­ғып келген кей­бір депутаттардың іс-әрекет, келелі жерде сөй­ле­ген, енді, бір сөздері жоғарыдағыдай ой-тұжырымға жетелейді. Олар­дың КСРО-ны аңсап, Меккелікті Мәскеуден, пай­ғам­бар­лық­ты путиннен іздеуден әлі де үміті үзілмегенін байқаймыз.

Шынында да, бүгінде Мәскеудің үлкен, үлкен болғанда шектен шыққан алып қаржы империясының орталығына айналып отырғаны бесенеден белгілі жай. 10 миллиондай тұрғыны бар алып қала Ресейдің барлық экономика көзін бақылауға алған Мәс­кеу банкілерінің тұрағы болып отыр десек те, қателеспей­міз. осыдан екі-үш жыл бұрын Ресейде баяғыдай ұлы қо­ғам­дық-сая­си идея жоқ болатын. Ал, енді, Путиннің билікке ке­луі­мен ол қайта қалыптасып, жойылған ұлы империяның «араны» басқа кеңістік пен уақыт деңгейінде ашылуда. Сөй­тіп, гамлет сөзімен айтқанда, «распалась связь времен» деген ұғым бүгінде бірте-бірте құнын жоғалтып, өткен ке­ңес­тік ке­зең­де­гі құрылымдар жүйесі қайта қалыпқа келе бастады. мысалы, соңғы уақыттағы Путиннің Ресей күш құ­ры­лым­да­рын жаң­ғыр­тып, оларға кезіндегідей тұтастық беруінің өзі соны бай­қа­та­ды емес пе?
Мұның бәрін тәптіштеп айтып отырғанымыз, өткен ға­сыр­дың 20 жылдарының басында орыстың ұлы ақыны Сергей Есе­нин­нің мас болғанына қарамай, аузына құдай салды ма, Кремль­дің нақ түбінде тұрып: «Бей коммунистов – спасай россию» дегенінен бастап, бүгінгі кезінде КСРО-ны таратуға белсене ат­са­лыс­қан Ресей ақыл-ойының жетекшісі саналып, қоғамды қоз­ға­лыс­қа келтіре отырып, белгілі саяси күшке ықпалын жүр­гіз­ген интеллигенциясының «целились в коммунизм, а попали в россию» дегенінің арасында соншалықты алшақтық жоқ екендігін байқаймыз. Олар өздері тәуелсіздік алған он жыл ішінде алып, империя Ресей билігін құлатқандарына көздері жетіп, бү­гін­де оны қайта қалпына келтіру үшін әртүрлі құйтырқы идея­лар­ға барып жүр. Оны жіті байқаған орыс газетінің бір журналисі: «Я думаю даже, что в результате Казахстан может ока­заться дальше от мирового рынка, чем сегодня. Произой­дет это по той простой причине, что место западных инвесторов у нас займут российские финансово-промыш­ленные группы, и мы будем торговать со всем миром уже через них» деп жазса, біз неге таң қаламыз. Бұ да бір пікір. Әйтпесе, президент «ТМД аясында интеграциялық процестерді жал­ғас­ты­ру керек» дегенде, ол әлгі әлдебіреулерге «Мәскеуді мекке де, Путинді пайғамбар көр» деген жоқ қой. Ендеше, кей­бі­реу­лер­дің «мысық тілеулері» бұл тұста артық кетіп жатыр-ау, сірә. Болмаса, біздің қай-қайсымыз да сан ғасырдан бері іргелес тұрып, тарихи, рухани, экономикалық-әлеуметтік бай­ла­ныс­та­ғы елден қол үзсек деген ойдан аулақпыз. Сосын, енді, біреулер соңғы кездердегі көтеріліп жүрген Еуразия идея­сынан да КСРО-ны көріп-білгендей, оны тағы сол орталығы Мәс­кеу де, билігі Путинде болатындай сезінуінің өзі адамға ой салады емес пе? Өткен ғасырдағы тарихшы Г.Вернад­ский­дің: «российское государство есть го­сударство евразийское, и все отдельные народности Ев­разии должны чувствовать и сознавать, что это есть их государство» дей келіп: «русский народ есть основная сила Евразийского государства; русский язык есть основная стихия евразийской культуры» десе, сосын ол одан әрі жоғарыдағы пікірлеріне «история русского народа … есть пос­тепенное освоение русским народом своего месторазвития – Евразии» дегенді қосса, шынында да, әлгі Мәскеуді Мек­ке, Путинді пайғамбар көріп жүр­ген­дер­дің «мысық тілеулерінің» жаны бар ғой деп те ойлап қалуың бек мүмкін ғой. Ал, мұндай ойдан әлгілерді арылту үшін, Қа­зақ­стан тарихшылары, оның ішінде қазақ тарихшылары еуразия идеясының саяси мән-мағынасы мен тарихи астарына кең талдау жасауы керек-ақ. Оның экономикалық-әлеуметтік-тұр­мыс­тық жағына Президент Н.На­зарбаев айқын түсініктеме берген. Бар мәселе біздің тарихшыларымыздың Г.Вернадский, князь Н.Тру­биц­кой, П.Савиц­кий секілді тарихшылардың сонау 1920 жыл­дар­да­ғы Прагадан, тіпті, одан да әрі патшалық ресей кезінен бас­тал­ған Еуразия қозғалысына, оның бүгіндегі мұ­ра­гер­ле­рі­нің сол жолдағы атқарып жатқан іс-әрекеттері мен алға қой­ған мақсат-мүдде, жалпы идеясының ауқымдылығына мән бермей отыруы қатты қапалан­дырады. Еуразия идеясына байланысты Путиннің кеңесшісі болып отырған тарихшы әрі философ Дугин де сол өздерінің қандастары, жоғарыдағы аталып өт­кен та­рих­шы­лар­дың ой-пікірлері мен тұжырымдарын бү­гін де іске асы­ру­ға белсене атсалысып жүргенін күнделікті ресей басылымдарынан оқып-біліп отырмыз. Ал, біздің тарихшылар болса, былқ етпейді. Егер, олар осынау Еуразиялық, идеяға тарихи тұр­ғы­дан келіп, оның қыр-сырын халқымызға түсіндірсе, әлгі Мәс­кеу­ді Мекке көріп Путинді пайғамбар санайтындар өз­де­рі­нің жаңылыс ойларынан бас тартар еді. Шындығына келгенде, біз тәуелсіз мемлекет, егемен елміз. Оны Президентіміз үздіксіз айтып, сол жолда аянбай еңбек етіп келеді. Ендеше, азуын айға білеген тарихшыларымыз бен философтарымыздың, сосын сая­сат­кер­ле­рі­міз­дің ресейлік әріптестерінен кейін қалып, не со­лар­дың орыс мүддесіндегі идеяларын қолдап-қорғап отыруларын қа­лай түсінеміз? Бұл бізде әлі де болса ұлттық идеяның қа­лып­та­сып, өз ой-пікірін білдіретін интеллигенцияның етек жинап, жады жаңартпағанының көрінісі болса керек.
Жалпы, қазақ халқы жоқ іздеген жұрт. Ол жоғын іздей-іздей тапса да, таппаса да, шаршап-шалдығып, өсіп-өнген ата-жұр­ты­на қайта оралады. Оны қазақтың «Ананың көзі балада, ба­ла­ның көзі далада», «Ер үйде туып, түзде өледі», «Ер азы­ғы мен бөрі азығы жолда», «Бала белде, қатын жолда» деген ма­қал-мәтелдерінен қарап білуге болады. Осындағы үнемі да­лаға алаңдап, түзге елеңдеу біздің ұлтымыздың қан­сің­ді қа­сие­ті әлі күнге дейін қалмаған. Оны біз қазіргі аумалы-төк­пе­лі сая­си-қоғамдық жағдайдағы басын тау-тасқа ұрған із­де­ні­сі­нен бай­қай­мыз. Демократияның ә деген кезінде сөз бос­тан­ды­ғы мен ой еркіндігін барынша малданып, өзінің дәстүрлі дала демокра­тиясынан қол үзбесе де, соған таяу қалған іс-әре­кет­те­рі соны аң­ғар­та­ды емес пе? Соңғы бір-екі жылдың ішінде ұл­ты­мыз қай­­та­­дан өзі­нің дәстүрлі тыныс-тіршілігі, салт-дәстүрінен өткен ештеңе жоқ­ты­ғы­на кез жеткізген сыңайлы. Міне, осындайда әлгі жоқ іздеп, сырт аңсаған жұрт жоғарыдағы келтірген бүкіл мақал-мә­тел­де­рін жоққа шығарып, «Ат айналып қа­зы­ғын табады», «Өзге жерде сұлтан болғанша, өз еліңде ұл­­тан бол», «Ер ту­ған жеріне, ит тойған жеріне» деген секілді фи­ло­со­фия­лық, тұ­жы­рым­ға толы мақал-мәтелдер шы­ға­ра­ды. Осы біріне-бірі қа­ра­ма-қай­шы мақал-мәтелдерден қазақ хал­қы­ның бү­кіл болмыс-бітім, тыныс-тіршілік, ұлттық-пси­хо­ло­гия­лық, өмір­лік кредосын айқындайтын қасиетті де киелі ұғым­мен бір­ге, оның мәң­­гі­лік қозғалыстағы тұрмыс-салтын көруге болады емес пе. осыны таратып, індете бүкіл әлемдік фи­ло­со­фия­лық дең­­гей­­ге де­йін кө­те­ре­тін оқымыстыларымыздың немесе атал­ған са­ла­да­ғы ға­лым­дар­дың жоқтығына еріксіз таң­ға­ла­мыз. Бұл қа­зақ, шынында да, үнемі сол жоқ іздеген жұрт кү­йін­де қал­май, бү­­кіл ха­лық­тық деңгейдегі өркениет пен мә­де­ниет­ке өзін­дік ерекшелігімен қол жеткізген ұлт күйінде көруді ар­ман­да­ған ниеттен туған пікір. Бұл тақырыпты қаузап, індете жазуы­мыз­ға түрткі болған жай, жақында әлгі бір өзін ақиқат құр­ба­ны санайтын га­зет­тер­дің бірінде «демократшыл» және сөз бос­тан­ды­ғы мен ой, һәм ерік еркіндігін шектен тыс аңсап, мем­лекет, ел-жұрт қа­мын жеген кейіпке ене, тәуелсіздік те­рі­сін жамылып, әл­­де­­бі­­реу­­лер­­ге тәуелді болып жүрген жур­на­лис­тер­дің «ашық қо­ғам жаршысы», ақшалы қалта Соросқа жазған ашық хаты болып отыр.
Қазір Қазақстанға келген тәуелсіздікпен бірге, мемлекет пен қоғамнан саяси «тепкі» көрген «данышпандар» мен «пай­ғам­бар­лар­дан» аяқ алып жүре алмайтын дәрежеге жеттік. Олар шеккен «азап» пен кешкен «қиямет-қайым күнді» адам баласына бермесін. Оны айтасыз, олардың Қазақстанды жерлеп, оның жаназасын шығарып қойғаны қашан. Бастарын ақиқаттың ақ жолына «тігіп», өздерін демократия «құрбандары» санайтын ондайлар үшін Қазақстанда «басар жер, асар тау» қалмаған. Бар табан тіреп, соңғы бекінер қамалы, шығар мінбері мен сөй­лер жері – Ресей теледидары мен баспасөзі. Сосын, әлгі сорос пен Батыс. Олардың айтуынша, Қазақстанның болашағы күң­гірт, онда экономика тұралап, өркениет пен мәдениет дамымай қал­ған. Тіпті, айта берді, ол кері – феодализмге шегініп бара жатқан көрінеді. Ел-жұрты болса, сауатсыз, саяси соқыр. Бар­лық жақсылық пен игілік, демократия Батыс пен Ресейде. Оны ай­тасыз, Қазақстанды АҚШ не Қытай жақын күндері жаулап алып, Ресей сыбағасыз қалатын көрінеді. Ендеше, Ресей тез «Қа­зақ­стан­ға қарай бет бұрмаса» болмайды екен.
Өйткені, Балташ Тұрсымбаев тілімен айтқанда, «казахстан уходит от России все дальше и дальше», сондықтан, ол «россия должна вспомнить о своих соотечественниках в нашей республике и оказать им поддержку» дейді. Не де­ген жан­ашыр­лық, неткен көріпкелдік?! Мұндай «интернационалдық» қол­ұшын орыстарға бұған дейін ешкім бермеген көрінеді. «казахстан, КОТОРЫЙ МЫ ПОТЕРЯЛИ? В Астане путин популярней Назарбаева» (Московский комсомолец. 18 қаңтар, 2002 жыл) деп, тағдырымызды сырттан кесіп-пішкісі келетіндер де со Балташ Тұрсымбаев секілділер. Соңғы он жыл ішінде Қа­зақ­стан­ды өздері «жерлеп», өздері «жоқтауын» айтатын белгілі бір топ пайда болды. Олардың әулиелігі сонда, қай кезең, қай уа­қыт­та да топ күйінде аты-жөндері өзгеріп, жаңармайды. Жа­ңа­ра қалғанда да, ондай «жоқтаушылар» оларға жолдан қо­сы­ла­ды. Қазақстанда қандай жағдай болмасын, ол қалай да­­мып, қандай кеңістік пен уақытта өрістемесін, оларға бәрібір. Әй­те­уір, «жоқтау» айтып және оны өз ел-жұртында айтса екен-ау, жоқ, қапысыз сыртқа шығарып, сыртта, тіпті, болмаса, сөз­сіз оны ресей жаққа, сосын Батысқа қарап айтулары тиіс. Со шіркіндер Мәскеудің көз жасына сенбейтінін, ал, Еуропаның, тіпті, сенгісі келмейтінін де білмейтін болулары керек.
Міне, осындайда есіңе еріксіз А.Блоктың «Двенадцать» жы­рын­да­ғы жылаңқы дауысты «Предатели! Погибла россия!» деген ұзын шашты ділмәрі мен бір кітаптағы Вавильон өзе­­ні­­нің жағасында отырып, қуғын-сүргінде көз жасын көлдеткен жа­­рымкө­ңіл жан түседі. Әйтпесе, сол біз тілге тиек еткен ма­қа­ла­сын­да балташ Тұрсымбаев мырза: «С приходом к власти нового президента, Владимира Путина у казахстанцев появляется надежда на то, что Россия наконец начнет заме­чать своего южного соседа. Это может быть удивитель­но, но сегодня в казахстане, по результатам независимых социологических исследований, рейтинг В.Путина (46,4%) опережает рейтинг нашего президента Назарба­ева (18,9%)…» демес еді ғой. Құдай-ау, осындай өтірік пен оның себеп-салдарсыз көл­­гір жасына кім сенеді? Жалпы, мен Ре­сей газетінде жа­­рия­­лан­­ған осы бір сұхбатқа дейін Балташ Тұрсымбаев мырзаның елі­міз­дің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-тұрмыстық, экономикалық-мә­де­ни өміріндегі алатын орнын білмей дал болып жү­ре­тін­мін. Ал, мәскеулік Михаил Ростовскийге берген сұхбатынан кейін, оның бет-пердесі толық ашылды. Енді, тағы бірде ол журналист сұрағына орай: «На словах, в интервью различным россий­ским СМИ, наш президент выступает за самое тесное сотрудничество с Россией. На деле же все происходит наоборот: Казахстан уходит от России все дальше и дальше. любые попытки России решить какой-нибудь, хотя бы локальный вопрос в Казах­стане считаются у нас «вмешательством во внутренние дела суверенного государства». В качестве подтвержде­ния можно привести имеющую место скрытую политику казахстанских властей по вытеснению из власти предста­вителей русского населения. Имеются случай физичес­кого воздействия на политиков, которые пытаются про­тивостоять такой дискриминации. Но ни один такой слу­чай не получил адекватной оценки ни со стороны казах­станских властей, ни со стороны российских. Еще, одно подтверждение сказанному – это темпы миграции руссию: казахстан уже покинуло более 2,5 млн. русскоязыч­ных» деп сайрайды. Сонда бұл не, сатқындық па, әлде сөз жа­уап­сыз­ды­ғы ма? Ендеше, біз де Қазақстандағы Бал­таш Тұрсымбаев айтып қой­май­тын БАҚ-тың жағдайы мен жоғары оқу орын­да­рын­да­ғы кейбір цифрлар мен фактілерге жүгінейік. Және орыс ті­лін­де: «… на русском языке обуча­ется почти 70 про­центов студентов, на казахском – 30 процентов.
В 61 высшем учебном заведении Ка­захстана, из 255800 студен­тов обучаются: на казахском свы­ше 77 тысяч студентов, на русском – 177 тысяч» болса, ал, енді БАҚ-қа келейік: «Из 1425 издающихся в Казахстане газет: на русском языке выходят 581, на русском и казахском языке (смеш.) – 514, на русском, казахском и других языках – 84. Из 334 журналов: на русском языке выходят – 147, на русском и казахском – 49, на русском, казахском и дру­гом – 64. В Казахстане на месте печатаются газета «Известия», «Труд», «Комсомольская правда», «Аргументы и факты», «Новая газета» екен. Мұн­дай фактілер мен цифрларды көптеп келтіруге болады. Ал, ресейден Қазақстанға кеткендердің қайта оралып, тіпті, олардың саны күннен-күнге артып жатқанын қайда қоямыз? Сонда дейміз-ау, Балташ Тұрсым­баев не дейді, алдарыңыздағы фактілер мен цифрлар не дейді? Бұл көзі ашық кез келгенімізге өтірік пен шындықтың арасын толық ашып береді ғой деп ойлаймыз. Мұн­­дай Ресей мен Қазақстан арасына іріткі салып, ши жүгірту өзін үлкен азамат санай­тын жанға жараспаса керек.
Тағы да қайталап айтамыз, жоғарыда келтірілген Балташ Тұр­сым­баев тарапынан шыққан сөздер сатқындық па, әлде сөз жа­уап­сыз­ды­ғы ма? Егер, сатқындық болатын болса, онда ол туралы айтылған сол Балтекеңнің бір газетке берген сұх­ба­тын­да­ғы өз сөзін келтірейік: «Предательство осуждалось в любом обществе во все времена, пусть он будет не предате­лем, а врагом. Я могу привести афоризм восточных философов: «лучше иметь одного смелого, сильного врага, чем сто слабых, трусливых друзей-предателей» дейді онда ол. осындай жоғары қызудағы, ұлағатты сөз айтып отырған оның Ре­сей­дің «московский комсомолец» газетіне бер­ген сұхбатын, сосын өзін кім және қандай аспектіде қабылдауымыз керек. болмаса ол Бал­те­кең­нен «үйіңіздегі теледидарыңыздан ұлттық не кө­ре­сіз? Не ұл-қызыңыз, сондай-ақ, немерелеріңізбен қатар отырып, мамыражай кешкілік әдемі бір көңіл-күйде телекино, болмаса, дені сау хабар көре аласыз ба?» – деп сұрасақ, қалай болар еді? Өті­рік­тің де шегі болмай ма?
Жалпы, біз бүкіләлемдік қалып (стандарт) бойынша, мо­но­ұлттық елміз. Қазақтар Франциядағы француздарға, Ис­па­ния­да­ғы испандарға, Англиядағы ағылшындарға қарағанда, Қа­зақ­станда артықпыз. Неге олар өздерін унитарлық, ұлттық мемлекет­піз дейді де, біз өзімізді көпұлтты елміз дейміз. Тіпті, ір­ге­міз­де­гі украин, латыш, эстон, грузинцер де солай. Біздің солардай болуымызға кім, неге қарсы? Ал, ондай мемлекетте, әрине, жер­­гі­­лік­­ті жердегілер қызметтің әр саласында да аз да болса, көп­­ші­­лік болады. Ендеше, Балташ Тұрсымбаевтың: «орыстар Қа­­зақ­­стан­да 40%, ендеше билік саласында да олар сонша болулары керек» дегенге саятын ой айтуында не сыр бар? Бұл со­­ла­­қай­­лық па, әлде сорлылық па?.. Оның Қазақстанға, сонымен бірге, сол елдің азаматтары атына Ресейдегі пәлен миллион оқыр­ма­ны бар газетте ғайбат сөздер айтып, қаралауы сол езі айтып отырған сатқындық емес пе? Жалпы, қарапайым ха­лық не көрсе де, өзінің интеллигенциясынан көреді. осындайда есіңе орыс философы Сергей Булгаковтың: «На пиру богов» еңбегіндегі интеллигенция туралы айтылған: «проклятая русская интеллигенция! Сначала одурила свою собственную голову, а потом отравила и развратила весь народ» деген сөзі түседі. Сондықтан, ағайын, демократия мен демогогияны жа­ңы­лыс­ты­рып, ел-жұртымызға, әрі оның азаматтарына сырт елдегі әртүрлі, әр саладағы ақпараттық құралдарды пайдаланып, топырақ шаша бермейік. Қазақстан, сосын ондағы аза­мат­тар­дың қай-қайсысы да бүкіл жетістік-кемшілігімен біздің өз­ге­ге үлгі тұтарлық қадір-қасиетіміз. Ал, ол қадір-қа­сие­ті­міз­ді жат­жұрт­тық­тар­дың алдында кетіре берсек, неміз қалады?!

«Жас Алаш».
21 маусым, 2003 жыл