«ГРЯДУЩИЙ ХАМ»

Пиғылы жатпен бір отырма.

Құтып

Құрметті оқырман, мына тақырып Сіздердің құ­лақ­та­ры­ңыз­ға тым қатқыл тиіп, көздеріңізге тосын көрінер. Тіп­ті, кө­ңілдеріңізге де қона қоймас. Осы жолдарды жазып, тө­мен­де­гі ойды қозғап отырған пенделеріңіз мұны барынша се­зі­ніп, жақсы біледі. Қайтесіздер, бұ да бір журналистік тә­сіл, бұ да бір көп қырлы да сырлы амал. Әйтпесе, Құдайға шү­кір, алшылы-шікті, азды-көпті, барлы-жоқты, жетістік-кем­ші­лік­ті ізденісімізбен басқа да тақырып қоюға болатындай шама-шарқымыз да жоқ емес, бар. Сонымен…
Білсеңіздер, осыдан он жылдан астам уақыт бұрын біз ұлт, жеке тұлға – азамат ретінде де социал-коммунистік қоғамның ұжым­дық тәрбиесінде болып, «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бә­рі­міз үшін» принципінде, образбен айтқанда, бір қазанның қай­на­уы­нан шығатынбыз. Тіл, діл, ой жүйеміз, оны айтасыз күн­де­лік­ті тыныс-тіршілігіміз қоғамдық-өмірлік қарым-қатынасында бір қа­лып­та (стандарт, штамп десе де болады – А.Ә.) дамып, бо­ла­шақ «коммунизмге» нық басып бара жататынбыз. Әрине, бұл тұста о «сара жолдың» бәрі де бұрыс та дұрыс емес десем мен қатты қателесемін. Бірақ, оның әйтеуір бір мүкісі барын ке­ңес­тер одағында астыртын шығатын «Самиздаттан» жарық кө­ре­тін ба­сы­лым­дар­дан оқып та, біліп те жүретінбіз. Егер, тағы да бір со қо­ғам­да отыз-қырық жыл өмір сүргенде біздер шынында да, В.И. Лениннің: «Це­лью социализма является не толь­ко уничтожение раздробленности человечества на мелкие государ­ства и всякой обособленности на­ций, не только сближение наций, но и слияние их» дегеніндей дәре­жеге де же­тіп жы­ғы­лар едік. Әйтеуір, Құдай сақтады.
Адам өзінің ежелгі бұзылып, жүре келе жалған да жасанды жалғасқан о бастағы табиғи имандылық сезім екпінін сақтап, бүгінде утопиялық гуманизмнен бас тарта отырып, өзінің тарихи-табиғи тектік имандылыққа негізделген мораліне қол жеткізу үшін ұлт – халық, жеке адам – көпшілік арасынан өзінше бір Тұл­ға болып қалыптасуын бастады. Ұлттың тұлғалылығы – ұлт­тық және унитарлық мемлекет негізі болса, ал, жеке адам тұл­ға­лы­лы­ғы – ұлт айнасы. Мұның екеуінің де анықтауышы – ан­тро­по­ло­гия­лық-психологиялық өздеріне ғана тән қасиеттер жиын­ты­ғы. Ендеше, қазір қазаққа мынау айран асыр, бірін-бірі жұ­тып, жойып жіберуге әзір әлемде ұлт ретінде де, азамат ретінде де Жеке тұлғалық ауадай қажет. Мұны Достоевский өзінің күн­де­лі­гін­де: «Нация есть ничего больше, как народная личность» деп тұжырымдаған болатын. Бұл метафо­ра не көркемдік тә­сіл емес, солай. Мұнда Рухани әрі тектік тұтастық бар. Мұны жо­ғалт­қан күні Ұлт та, жеке адам да ешкім емес. Ол бейтүс, бейтіл, бейділді, өмірі және тыныс-тіршілігі, болмыс-бітімі хаос (былық, тәртіпсіз, ұйқы-тұйқы) жан иесі ғана. Ал, жеке тұл­ға ретінде қалыптасқан ұлт та, адам да, жалпы халықтан, адамзаттан қол үзбейді. Қайта оларды құрап, толықтырады.
Әзірше, біз кімбіз, қайда бара жатырмыз. Мұны анықтап білу, әрі болашаққа нық баруымыз үшін өзіміздің халық ара­сын­да­ғы ұлт ретіндегі де, сол ұлт ішіндегі азамат ретіндегі де жеке тұл­ға­лы­лы­ғы­мыз­дың көзін ашып, олардың рухани желеп-жебеу­шісі болуға міндеттіміз. Әйтпесе, біздің болашағымыз, қа­зақ­тың ұлт ретіндегі ертеңі, әлемге тән қоғамдық өмірі, тыныс-тіршілігі ұлт­тың, Қазақстанның соңғы жанталасқа толы тұяқ серпілісі (агония) болуы бек ғажап емес. Ал, ұлтты, оның ішінде жеке тұл­ға – қазақты құртып, жоқ қылып жіберу үшін еш­қан­дай атом, не ядролық қарудың қажеті жоқ, бар болғаны оны жадынан жаңылыстырып, ақыл-ой, сана-сезімі мен ті­лін жо­йып жіберсең болғаны. Бұл әлімсақтан келе жатқан Еу­ро­цен­тризм­нің, қазіргі ғаламдастырудың баяғыдан бері бір-бі­рі­не жал­ғас­қан әрі алға қойған мақсат-мүддесі.
Біз бұның бәрін неге қозғап, ділмәрсіп жазып отырмыз. Енді, тақырыбымыздағы «Грядущий хамға» келейік. Осыдан көп жылдар, кеңестер кезеңі кезінде «Са­миздата» жарық кө­ріп, қол­дан қол­ға беріп, жасырын оқитын орыс философы әрі дін­та­ну­шы­сы дмитрий Мережковскийдің осы тақырып аттас ма­қа­ла­лар жи­на­ғын бүгінгі ашық жарияланған басылымында: «В начале XX в. наблюдалось резкое ухудшение че­ловеческого качест­ва, а это при­вело к нарастанию хамства в об­щественной и личной жизни. Хам­ство – это не озорство, а «острая политическая опасность». Хамство – одно из самых распространен­ных психологических насилий над личностью, против которого об­щество так и не создало защитных средств. нравственные уголовни­ки чувствуют себя в полной безна­казанности – на них, как прави­ло, нет управы» деген жолдар бар. Мұндай жағдайлар испан философы ортега-и-гассет жаз­ған­дай «ешкімге бағынбайтын» «Тобыр кө­те­рі­лі­сі» (восстание масс) басталған кезде көзге ұрып, көңілге қаяу тү­сі­ре­ді. Бір қы­зы­ғы орыс философының тілге тиек етіп, кө­те­ріп отыр­ған мә­се­ле­сі дәл сол күйінде XXI ғасырдың басында қай­та­ла­нып отыр­ға­ны­на еріксіз таң қаласың. Біздің тарихтан сабақ ал­май­тын­ды­ғы­мыз­дың да сыры сонда. Шындығында да, қазір өзін мо­ги­кан­ның соңғы тұяғы, тіпті, қоғамның қай саласында болмасын өз­де­рін ұлы тұлғалар санайтындар көбейіп кетті. Олар кім­дер? Олар бір кез­де өздеріне социал-коммунистер жағ­дай (аура) жа­са­ған, ұжымдық тәрбиенің бар жылы-жұмсаған жеп дә­нік­кендер. Мұндай «хамдар» өзінен басқа өзгені көр­мей­тін қа­сиет­ке ие құбылыс. «Хам» тойымсыздығы мен ме­щан­ның өзі­нен-өзі ісіп-кеуіп, бұтқа толып жүретіндігінің арасында еш­қан­дай айыр­ма­шы­лық жоқ. Олар ел-жұртқа бермейді, керісінше, ел-жұрт­тан алады. Өйткені, олардың өмір сүру принциптері солай. оларды көзбен көріп, көңілмен сезінгенмен де, қол­мен ұс­тап со­тқа бере алмайсың.
Сондықтан да, ондайлар кез келген жерде өздерін еркін ұс­тай­ды және өздерін сол жүрген жерде қожайындай сезінеді. Мұның бәрі сол ірі тұлғаның жоқтығынан. Кім кө­рін­ген мо­ги­кан­ның соңғы тұяғы, тұлға деген қасиетті ұғым­дар­ды өз­де­рі­не қалқан етіп алған. Соны­мен қорғанады. патша за­ма­нын­да­ғы сөз тасып, ел бұзарлығы басым болған «рас­пу­тин­ши­на­ның» мұрагер-мирасқорлары да солар. Олар өз заманына қа­рай құбылып, хамелеондық танытып өмір сүре, мысық тілеулі мысықтабан жүріспен өздеріне жағдай жасап алады. Ал, оған кедергі келтірсең ешқандай аяу жоқ. Мережковскийдің «грядущий хам» деп отырғандары солар. Орыс ойшылы С.Қара-Мур­за­ның: «Хамы» забыли свое место, смешались с духовной аристократией, раствори­ли ее в себе, портили ее расу» деуі де сондықтан. Мұндай көріністі тежейтіндер тек қана шын мә­нін­де­гі ұлт тұлғалары. Ендеше, бізге қазір тұлға тәр­бие­леу­мен айналысу керек. Именіп, жасқанатыны жоқ ұлт пен адам Құ­дай­дан да қорықпайды. Ол имансыздықтың көрінісі. Иман – тіл­мен айтқанды, ділмен (жүрекпен) бекіту, әрі оны өзі­нің іс-әре­ке­ті арқылы нықтау.
Әр ғасырдың өз «хамдарының» пайда болуы заңдылыққа ай­нал­ған тұста қоғам күйрейді. Бұ да бір сол «ешкімге ба­ғын­бай­тын», ештеңені мойындамауға тырысатын иман­сыз­дық­тың кө­рі­ні­сін­дей әсерден туған қылықтар емес пе. Жаңағы «ешкімге бағынбайтындар» тура­лы әлгі Ортега-и-Гассет: «У вла­сти – представители масс. Они настолько всесильны, что свели на нет саму возможность оппозиции… Когда такое правительство ищет самооправданий, то не поминает всуе день завтрашний, а, напро­тив, упирает на сегодняшний и говорит с завидной прямотой: «Мы – чрезвычайная власть, рожден­ная чрезвычайными обстоятель­ствами». То есть злобой дня, а не дальней перспективой… Масса – это те, кто плывет по течению и лишен ориентиров. Поэтому массовый человек не созидает» дейді. Ендеше, тағы да қайталап айтамыз, қа­зір қазақ ұлт ретінде республикамыздағы өзге халықтарды бі­рік­ті­ріп, тұ­тас­ты­ра тартып тұратын «магнит» болып, ал, азаматтарымыз адам ретінде жеке тұлға болуы тиіс. Кей кездері алаң­ға шы­ғып ай­қай­лап жүрген, болмаған жағдайда топтаса қо­ғам­дық тәр­­тіп­­ті бұ­зу­шы­лар сол тобырлар тобына жатады. Ал, өзін интеллектуал санайтын, енді, бір топтың өкілі Әуезхан Қо­дар мырза «алдымен ұлт деген сөздің өзін түсініп алайық. Ұлт – тарихи категория. Тарих қалай өзгерсе ол солай өз­ге­ре­ді» деп сол оңы-солын білмейтін тобырдың қолтығына су бүр­ки­ді. Бұл не деген абсурд. Логика қайда? Әуезханның аузына осы сөзді салып отырған қай Құдай, не қандай адам. Түсініксіз, Ә.Әуез­хан демекші, бұ секілділер қоғамымызда шаш етектен. Олар­дың кітаптары мен мінбелерде айтқан сөздері том-том болып шығып жатады. Соған қарамай, кітап пен сөз басты нәр­се емес. Ол тілмен айтылып, қаламмен жазылса да – діл (жү­рек) мен іс-әрекет арқылы бекітілуі тиіс. Міне, осы басты нәр­се. Оны тек тұлға ғана бір-бірімен ұштастырып, өзі өмір сү­ріп отырған қоғам мен мемлекет, ұлт мүддесіне пайдаланады. Ұжым оған көмектеседі, қолдайды, қорғайды. Сөйтіп, әлгі жеке тұл­ға­ны әлемдік деңгейдегі азаматтыққа көтереді. Мұны білмеген, не білсе де құлаққа ілмейтіндер әлем аузындағы андрей Са­ха­ров­тың «Меморандумындағы» (1968): «чело­вечество может безболезненно раз­виваться только как одна семья, без разделения на нации в каком-либо ином смысле, кроме истории и традиций» деп жазғанындай өмірге бейімделіп әрі сұранып тұрады. Бұларды біз батысшылдықтың балалық ауруымен ауырғандар дейміз. Оның көрнекті өкілдерінің бірі олжас Сү­лей­ме­нов. Осы бір ірі тұлға болуға барлық мүмкіндігі бар адам­ның бүгінгі күнге дейін өзінің тұрақты, берік позициясын азамат ретінде қалыптастыра алмай жүргеніне таң қа­ла­мын. Ол уақыт тамырын басып, оның лүпілін аңдыған дә­рі­гер секілді. Со лүпілді сезінген сәтте соған бейімделіп шыға келеді. Яғни, онда қандай бір қоғамда болмасын айнымай тұ­ра­тын принцип жоқ. Оның кемшілігі, тіпті, драмасы деуге де келетін жай, өзінің азаматтық-шығармашылық тұл­ға­сы­ның құ­дай­сыз­ды­ғы немесе нақты айтқанда – атеистігі, ал гуманис­ті­гі – сая­сат­тан­ған­ды­ғын­да. Әрине, Олжекең, Олжас Сү­лей­ме­нов ел-жерді, қо­ғам­ды, ұлтты, адамдарды сүйеді, бірақ, оның сү­йіс­пен­ші­лі­гі коммунизм құрылысшысының прагмативтік (Нақ­ты мәң­гі­лік ақи­қат емес, өтпелі шындыққа негізделіп, уа­қыт­ша қо­ры­тын­ды шы­ға­тын іс-әрекет деген ұғым. – А.Ә.) сү­йіс­пен­ші­лі­гі сияқты. Яғни, ол сүйіспеншілік мұсылмандық, не хрис­тиан­дық­қа да жатпайды. сосын о сүйіспеншілік шыны не мұз қа­ла­ны жобалаушы ар­хи­тек­тор­дың сүйіспеншілігі десе де болады. Және бұл қа­сиет­тер­дің жұқ­па­лы­лы­ғы сонша, қазір, оның со­ңы­нан бір топ со секілді азаматтар тәрбиеленіп, ұлт мен­та­ли­те­ті­нің қайта қа­лып­та­сып, мейлінше өзін-өзі сақтап қалуына кері әсерін тигізуде.
Сондай, енді, бір топтың өкілдері қос Мұхтар Шаханов пен Мағауиннің бүгінгі Шыңғысхан туралы арты дау-дамайға ай­нал­ған талас-тартыстары. Яғни, өздерін жазушы әрі азамат санайтын қаламгерлердің жеке бастарынан туған эгоизмдері, одан ары кеткенде «Мен-мен» деген болмыстан өрген қа­сиет­те­рі ғана. Әйт­пе­се, өзін, өзінің шығармашылығын сыйлайтын жан еш­қа­шан «Өнбейтін дауды, өспейтін адам қуады» деген прин­цип­те­гі мә­се­ле­ні қоздырып, оны қоғамдық дертке айналдырмайды. Бір-бі­рі­нің жеке бастарын қазбалаған тартыс тұ­жы­рым­ды пі­кір­лер талқысы емес, ол – дау. Шығармашылық дау­кес­тік бас­тал­ған тұс­тан ақиқат шегінеді. Сосын, қаламгерлік мүм­кін­ді­гі тау­сыл­ған­дар қандай да болмасын әдіс-тәсіл, іс-әре­кет­тер­мен жұрт­­тың көз алдында жүргісі келеді. Қос Мұхаңның елді екі жарып, бір-бі­рі­мен дауластырып қоюы соның көрінісі. Әри­не, бұл сыннан әр­түр­лі жолдармен ақталуға болады. Бірақ, со­ның өзі дау­кес­тік­тің көрінісі болып шығар еді.
Бір кезде осы сөздерді жазып отырған пендеңіздің марқұм Қалтай Мұхамеджановтан өмірден өтер алдында сұхбат алғаны бар. Сонда о кісі пендеңіз қойған Шыңғысхан туралы сұраққа: «Шыңғысхан туралы 30 жыл ма­териал жинап келемін. Ол туралы біздің жігіттер жазды. Менің Шыңғысхан жөніндегі көзқарасым басқа. Мен ол туралы жазылған еңбектердің бә­рін оқыдым, бір-екі вариантын жаздым да. Ойымнан шық­па­ды. Өтірік. Шыңғысханды мен түсіне алмадым… Сон­дық­тан мен оны әрі айналдырып, бері айналдырып бұны жаза алмадым. Өйткені, «злой генийларды» жазу дейтін Құ­дай­дың азабы… Осы тұста айтарым: «Драматургия – это живая клетка челове­ка». Тірі клетканы сахнаға шығару – құ­дай­дың азабы, білдіңіз бе? Сіз оқырманмен бетпе-бет қал­ған «тірі клетканы» көз алдыңызға келтіріңізші. Оған ме­нің шамам келмейді. Не дейсің, Шыңғысхан туралы жа­зыл­ған­дар­дың қолыма түскендерін бәрін де зерттедім, зерделедім, бірақ, атақты қолбасшы туралы жазуға шамам жететін түрі жоқ…» деп жауап берген болатын. Көрдіңіздер ме, Қа­ле­кең Шың­ғыс­хан­ды бірде «злой гений» дейді, енді, бірде «атақ­ты қолбасшы» деп алдыңғысын жуып-шаяды. Бұл кемшілік емес, бұл тұлғаны жан-жақты танып, ол туралы пікір айта алмасына көзі жетіп, сөзін иманға жығып, өзін тәубеге шақыру. Әйт­пе­се, ол Мұхтар Шаханов не Мұхтар Мағауин секілді бір жақ­ты пікір айтса қолынан келмеді дейсіз бе, келді. Қа­ле­кең Шың­ғыс­хан­ды жамандаушылардың евроцентризм пікірін әлем­ге таратушылардың Шығыстың ұлы тұлғаларына тас лақ­ты­рып, Батыстың тұлғаларын көтермелеу ниеттерінен ту­­ған астам пи­ғыл­да­рын жақсы білетін. Мұнымен айтарымыз, егер, осындай мәң­гі­лік бітпейтін дау қуалайтын ақын-жазушыларымыз тұр­ған­да, біз ешқандай да жеке адамдарымызды ұлт тұл­ға­ла­ры­на әрі ұл­ты­мыз­ды өзге халықтар арасындағы тұлға ре­тін­де қа­лып­тас­ты­ра алмаймыз.
Енді, ұлтты әрі жеке адамдарды тұлға етіп тәрбиелейтін бірден-бір көз, оның Ана тілі. Біздіңше, тіл екі бағытта дамуы тиіс. Бірінші, әкімшілік-территориялық бағытта, ол жоғарыдан, пре­зи­дент­тік әкімшіліктен бастап, яғни, Астанадан түк­пір­де­гі ауылға дейінгі аралықтағы ресми қатынас қа­ғаз­да­ры мем­ле­кет­тік тілде жазылып, оған жауаптар да со тілде болуы керек. сосын, елбасымыздан ба­стап, кез келген министр не өзге шенеу­нік­тер шетелге ресми сапарға шыққанда мемлекеттік тіл­де сөй­­леп, оны аударушы (тілмаштар) қазақ қос тілді, тіпті, одан да көп тілді болуы керек. Бұл жерде біздің айтып отыр­ға­ны­мыз, қай бір болмасын мемлекет өкілімен сөйлескенде аудармашыны (тіл­маш­ты) пайдалану, сөйтіп ана тіліміздің қа­ді­рін ар­ттыру. Әйт­пе­се, Қытай елшісі орысша білмейді дейсің бе, білгенде қан­дай. Бірақ, ол өз тілінде сөйлейді. Өйткені, ол принцип, өмір­­­лік қағида. Екінші, ол төменнен отбасы, та­бал­ды­рық­тан басталмай болмайды. Үйде, көшеде Президентіміз айт­қан­дай «қа­­зақ пен қазақ қазақша сөйлесуі» тиіс. Осы екі жолсыз тіл мә­­се­­ле­­сін­де тұйықтан шығу жоқ. Ешкімді зорлап, мемлекеттік тіл­ді мең­гер деп сөзіңді өткізе алмайсың. Сондықтан, қазақ ұлт ретінде тәжірибеден тыс қалған ақыл-ой, сана-сезім және тү­сі­ніп білуге болмайды дейтін ұғыммен емес, (оны ғылым ті­лін­де трансцендент дейді – А.Ә.) кез келген нәрсені өз табиғи болмыс-бітімі, тегі арқылы айналадағы нақты тыныс-тір­ші­лік­пен байланыстыра дамытып, жаңартып-жақсартуға болады деген та­би­ғи түсінік-түйсікпен өмір сүруі тиіс (оны ғылыми тіл­де имманент дейді – А.Ә.). Сонда ғана мемлекеттік тіліміз ұлт­ты әрі жеке азаматтарымызды тұлға ретінде қа­лып­тас­ты­ру­ға оң ық­пал етеді. Ал, оны жабыла қолға алмасақ тағы да болмайды.
Мақаламызды қорыта келе айтарымыз, «Грядущий хам» өкіл­де­рі кез келген уақыт, қан­дай да жағдайда болмасын қор­ша­ған ортамызды, атқарып жатқан қызметіміздегі аурамызды бұз­бауы тиіс. Олар үшін бір-ақ мораль бар – ол маған жағдай жаса деген ұғым ғана. Ондайларға тыйым салатын, оларды имендіретін сол Жеке тұлға. Жеке тұлғаның мысы әлгілерді басып отырып, еркінсіп кетуіне жол бермейді. Ұлт та солай. Ол да Қа­зақ­стан халқының ішінде ұлт ретінде тұлға болуы тиіс. сонда өзге халықтар оны сыйлайды. Сосын ғана біз Қа­зақ­стан­ның тұ­ғы­рын биік ете аламыз.

«Заң газеті».
8 қаңтар, 2003 жыл