ТЕГЕУРІНІ МЫҚТЫ ҰЛТ ТЕПКІГЕ КӨНБЕЙДІ

Айтар әңгімемізге байланысты, құрметті оқырман, алдымен бір мәселенің басын ашып алайық. «Ұлт» және «этнос» дегеніміз не? Олардың айырмашылығы неде? Этнос – грек тілінен аударғанда «халық» ұғымын білдіріп, өзіндік этникалық сана-сезімге негізделген адамдар жиынтығын көрсетеді. Яғни, «халық» өзін-өзі толыққанды болмыс сезінбеген жерде этнос жоқ. Ал, ұлт – тарихи, аумақтық және экономикалық, әлеу­мет­тік-саяси құрылымға ие, бір тілді психологиялық сосын рухани, одан әрі өзіндік мәдениеті мен өркениеті қалыптасқан өзге ұлыс­тар мен ұлттарды біріктіруші, өз атында мемлекеті бар категория. Жер шарының қай түкпірінде болмасын өмір сүрген қа­зақ­тар со тұрған жерінің атын алған ұлтпен бірге ғұмыр кешкен «ха­лық» саналады да, ал, қазақстандағылар болса ұлт санатына қо­сы­ла­ды. Бұдан келіп шығатын қорытынды, қазақтар өз отанымызда ұлт саналады екенбіз. Бұл қай «ұлт», қандай да «ха­лық­қа» болмасын тән қасиеттер. Бізді құрметті оқырман, дұрыс тү­сі­ні­ңіз­дер. Бұ жерде біз мәселенің теориялық бір жағын ғана әң­гі­ме­леп отырмыз. Әйтпесе, ұлттың жеке тұлға азаматы қай жерде жүріп-тұрса да со ұлттың өкілі болып қала беретіні анық.

Ендеше, ешқандайда «ұлт» не «халық» арасында біреуін «кем», болмаса екіншісін «артық» санайтын құбылыстар мен қа­сиет­тер болмайды екен. Болса олардың тыныс-тіршілігі, қа­рым-қа­ты­на­сы, қалыптасқан өзіндік мәдениеті мен өр­ке­ние­тін­де ғана айыр­ма­шы­лық болады. Дәп осы мәселені зерттеп-зерделеу үшін орыс ғалымы Николай Миклухо-Маклай Жаңа Гви­нея­ға ба­рып, папуастардың өмірін електен өткізіп, жо­ға­ры­да­ғы біз айт­­қан мә­се­ле­де нәсілдердің «төмен» және «жо­ға­ры» сана се­зім­ді­сі болмайтындығына көз жеткізген. Сонымен бір­ге, ол па­пуас­тар­дың нәсіл ретінде өзге халықтардан био­ло­гия­лық та, ин­тел­лек­туал­дық та айырмашылық жоқтығын ғы­лы­ми тұр­­ғы­­да дә­лел­деп берген еді. Омбылық тарих ғылымының докторы николай томилов жаңағы біз сөз етіп отырған «ұлт» пен «этнос» туралы өз ойларын білдіре келіп, нақты бір мысалға тоқ­та­ла­ды. Онда ол: «например, одна моя подруга, казашка, в силу некоторых обстоятельств долгое время общалась почти исключительно с русскими. Дело обернулось тем, что у нее пропало понимание с казахами; она может начать говорить что-то такое, о чем у казахов вслух не говорят, и в быту ведет себя несколько иначе. А если завтра таких людей станет много?
Для решения таких проблем нужны знания, а у нас – этнографическое невежество» дейді. Міне, осындай «казашкалардан» «әлем азаматы» деген ұғым қалыптасады. Сөйтіп, жо­ға­ры­да­ғы біз айтқан «ұлт» атты қасиетті ұғымға кірбің түседі де, оған деген бүкіләлемдік сенімсіздік қалыптасады. Ал, ол ұл­ты­мыз­ды қырына алғандарға таптырмайтын қол. Сөйтіп біз жан-жақты қарауылға ілінеміз.
Сонау 1986 жылғы желтоқсан көтерілісінен бастап бүгінгі күн­ге дейін қазақ ұлты туралы жағымсыз пікірді осындай мәң­гүрт­тер қалыптастырып келеді. Ал, ұлт құрайтын жеке адам­дар­дың аталғандай әлсіз тұстарын және жалпы мұндай проблемаларды шешу үшін білім керек, білім болғанда өзің сөз еткелі отыр­ған ұлттың өткені мен бүгінін, айта берді, жалпы, тарихи-та­би­ғи болмысын зерттеп-зерделей алатын, сөйтіп, ол туралы үзіл­ді-кесілді пікір айта алатындай дәрежеде білікті­лік­пен, тағы қай­та­лап айтамыз, білім ауадай қажет. Ондай бол­ма­са­ңыз атал­ған та­қы­рып­қа барып, сөз етудің өзі қылмысқа пара-пар іс-әре­кет.
Сондықтан да, мен белгілі тарихшы және саясаткер, бір кездегі ел аузында жүрген жоғарғы шенеунік иесі Рой медведев мырзаны аталған тақырыптағы «невежествоны» қа­лып­тас­ты­ру­шы әрі тудырушы «невежда» (білімсіз, ибасыз, надан) дер едім. Енді, құрметті оқырман, Сіздің «оның сыры неде?» де­уі­ңіз­ге болады. Айталық, әлгі Рой мырза Сенай тауынан түс­кен пай­­ғам­­бар­­дай қазақ ұлты жөнінде: «Литературная россия» га­зе­ті­нің 2003 жылғы №13 санында «У казахов, надо говорить объективно, нет культуры, необходимой для создания государст­венности. В России раньше даже не знали разницы между киргизами и казахами. И тех, и других называли киргизами. У них нет того культурного слоя, который мог бы оформить казахов как нацию. Я думаю, понимание этого придет само» деген пікір айтады. Хош, бір адамды жоққа шығаруға болар, ал, тұтас ұлтты түкке алғысыз ету қай ақылға сияды. Мұны Рой мырза ойлады ма екен.
Міне, осындай ұшқары да негізсіз айтылған пікірден соң қа­ра­па­йым адамға «ұлт» пен «этнос» ұғым-түсініктерінің арасын ажыратып алуға амалсыз тура келеді. Мұны Рой мырза біл­­мей­ді дейсіз бе? Біледі. Біле тұра бізді кемсітіп, ұлт ретінде жоқ­қа шығарғысы келеді. Аталған «азамат» пен Николай миклухо-Мак­лай­дың айырмашылығы осы тұста көрініп тұр емес пе? ендеше «этнографическое невежество» деген ұғым­ды қа­лып­тас­ты­ра­тын да со Рой Медведев секілділер екен. Сон­дық­тан да, «не­ве­жест­во­лық» сенің, менің, оның, біздің дип­ло­мы­­мыз­­­ға, не ал­ған білімімізге қарамайды. Құдай арғы жағымызға түй­­­сік беріп, туа бітті табиғи, қансіңді интеллигенттігімізден айыр­­­мағай.
Рой мырзаның бізді күйдіретіндігі, өзіндік тарихы, территория және экономикасы, әлеуметтік жағдайы мен саяси құрылымының дәстүрі қалыптасқан, бір тілді пси­хо­ло­гия­лық және рухани, әрі өзіндік сана-сезімге негізделген мә­де­ние­ті, сондай-ақ, өркениеті қанат жайған, айналасына өзге ұлт­тар мен ұлыстарды біріктіріп, өз атындағы мемлекеті бар ұлтты кемсітуі. Осындайда менің есіме Достоевскийдің: «В недоверии к себе мы доходили в эти годы до болезненных крайностей… до незаслуженного презрение к себе» дегені тү­се­ді. Шынында да, бізді ұлт ретінде жамандаушыларға сосын кемсітіп-кекетушілерге жол беріп жүргеніміз де өзіміздің то­лық­қан­ды ұлт екенімізді айналамызға паш ете алмай келе жат­қан­ды­ғы­мыз. Бойымызда үміт басым да, сенім аз. Өзімізге өзі­міз сеніп, барымызды мақтаныш ете, асқақтата алмаймыз. Ас­қақ­тат­қан­да да ол ұлттық ұғымға көтерілмей рулық, жүздік деңгейде ғана қалып қояды. Әрине, бұған қарап мен көпке қарсы топырақ шашты деп ойламаңыздар, әйтсе де сөзімнің белгілі-бір пайызында ақиқат барына сене беріңіздер.
Ал, енді, Сіздерді, құрметті оқырман, Достоевский сөзінің қа­зақ­қа қарап айтылғанындай әсер беретініне бір ғана мысал келтірейін. Жақында менің қолыма қай баспадан шыққаны көр­се­тіл­ме­ген, бірақ, мекенжайын: «480009, Алматы қаласы, пошта жәшігі 8» деп көрсеткен «Ұлы Абайдың нақыл сөзі және біздің өміріміз» атты кітап тиді. Оның алғы сөзінде «ежелгі кітаптарда білдірілген ақиқаттар қазақ мәдениетінде Абай­дың шығармалары арқылы расталуда» деген сөздер бар. Әде­мі-ақ тұжырым емес пе? Шындығында солай. Бірақ, Абай оны Құ­ран арқылы растай ма, әлде Таурат, Зәбүр, Інжіл арқылы растай ма? Міне, мәселе қайда жатыр. Мен кітаптан бір ғана мысал келтірейін. Онда мекенжайы жоғарыда көрсетілген, аты-жөні белгісіз автор Абайдың:

Безендірген жер жүзін тәңірім шебер,
Мейірбандық дүниеге нұрын төгер.
Анамыздай жер иіп емізгенде,
Бейне әкеңдей үстіңе аспан төнер,

деген шумағын келтіреді де, оған:

(Түсіндірме: Тәңірдің шебер ісі, өзі өндірген.
Жер жүзін сүйіспеншілікпен безендірген.
Анамыз жер иіп емізгендей,
Үстінен төнген аспан әке бейнесіндей.) –

деп түсінік береді. Сіз, құрметті оқырман, онда тұрган не бар дерсіз. Айталық. Ол одан әрі сол белгісіз автор «…ол (абайды айтып отыр – А.Ә.) Құдайды бейнелі түрде әкемен салыстырады. Оны бізге өз нұрын берді дейді. Ал, Құдайдың бізге берген нұры қандай нұр? Інжіл шарифте Исаның ха­лық­қа айтқан мынадай сөздері келтірілген: «Мен дүние үшін Нұр­мын. Маған ерген кісі енді түнекте жүрмей, шынайы өмір­дің Нұрына ие болады» дей келеді де, ендігі бір бө­лі­мі­не, «Абай­дың сөздері мен Исаның тәлімі» деп тақырып қоя­ды. «Ал­ла­ның өзі де рас, сөзі де рас» деген ұлы Абайдың көр­кем­дік образбен айтылған сөзін әлгі белгісіз автор иіп әкеліп, иисус Хрис­тос­қа байланысты христиандардың ұғымында өр­ген «трои­ца­ға» негіздейді. Ал, «Троица» түп-нұсқада бергенде: «…ипостасях: бога-отца, бога-сына и бога-духа святого», – деген ұғым­ды білдіреді. Сонда Абай кім… Ендеше, әлгі бел­гі­сіз автор Абай­­дың қазақы ұғымдағы образбен жеткізілген поэ­ти­ка­лық қуа­­ты күш­ті шумағын белден басып, абайды со «троицаны» насихаттаушы етіп көрсеткісі келеді. Тіпті, оны айтасыз ұлы ақы­­ны­­мыз­­ды «Інжіл Иса Мәсіхті бүкіл дү­ние­нің күнәларын өз мойнына жүктейтін «құрбандық тоқ­ты­сы» деп атайды. Иса ай­қыш ағашқа шегеленіп, қа­нын тө­гіп, жанын біздің кү­нә­ла­ры­мыз­дың құнын өтейтін құр­бан етті. 37-ші сөзде Абай былай дейді: «Ғайсаны дарға ас­қан кім? Ол – көп…» деген сөзінен ұс­тап: «Құрбан мейрамының кезінде қойды құрбандыққа шал­сақ, Құдай бізді кешіреді деген ежелгі дәстүр бар, бірақ, бұл жеткілікті ме? Келесі жылы қайтадан қой союға тура келеді емес пе? Адам жа­са­ған күнәларының барлығының құ­нын өтеуге жеткілікті болу үшін қанша мал сойылуы керек?» дейді де, одан әрі «Ал, құдай жіберген кітаптарының бірінде былай делінген: (Кітап неге көрсетілмейді? – А.Ә.) «қан тө­гіл­мей құдай кү­нә­ні кешірмейді» деп тұжырымдайды. Ау, сонда адам қаны тө­гі­лу керек пе екен? Әлгі белгісіз автор «Абай да соны насихаттап отыр» деген сыңай танытатын сияқты. Егер, солай болса, аталған кітаптың Абай қара сөз­де­рі­н насихаттаудағы жү­ген­сіз­дік­тер­ін қалай түсінеміз. Сон­дай-ақ, «Дүниедегі ең ұлы сый­лық» кітабының соңында «Құ­дай­дың кітабын көз жү­гір­тіп, дүниедегі ең ұлы сыйлық – Иса туралы оқып біл!» дейді. Бұл кітапта да аудармашының аты-жөні көрсетілмейді. Ал, енді, бір кітап «Әлемді өзгерткен өмір – Иса» аталады. таралымы 200 000 дана. Онда қазақша аудармасы және көр­кем­де­луі «Жаңа өмір» баспасы, «Стамбул» деп көрсетіледі де, кітаптың соңында «Ақмола полиграфия» жа­бық акционерлік қоғамы, «473000, Астана қаласы, Бей­біт­ші­лік көшесі, 25» деп жазылған. Енді, бір кітап «Құдай жолы – құт­ты жол» деп аталады. Онда Киелі кітаптағы Таурат, Забүр пай­ғам­бар­лар және Інжіл шарифтың жазбаларынан алған таңдамалы мә­тін­дер жиналған. Бәрі бар да тек Құраннан мәтін жоқ. Мұны қа­лай түсінеміз? Аталған кітаптың соңында дайын диапозиттерден «Дәуір» ЖАҚ-да басылды» деп көрсетілген. Сонда, осынша кітаптарды «нарыққа сай өмір сүреміз» деп ұлт рухын күй­ре­те­тін сан мен сапада шығаруға бола ма? Ендеше, біз осымен өзі­міз­ді кемсітіп, кекетуге және жамандауға барынша мүмкіндік бе­ріп отыр екенбіз. Мұндай кітаптардың жарық көруіне жол беріп жүргендер кімдер? Сол қазақтың бір өкілі болса, ал, оны аударып, баспаға дайындаушысы ше? О да қазақ. Осындайда, ендеше біз сыналып, кемсітіп, кекетуге тұратын ұлтпыз-ау деген ойға еріксіз беріледі екенсің.
Сөз соңында айтарымыз, атымызға қандай да кемсітулер айтылса, бәріне де өзіміз кінәліміз. Осы тұста, Достоевскийдің жо­ға­ры­да айтқан сөздері қазаққа ғана тән бола қоймас-ау, со­ған қа­ра­май негізгі жүк те өзімізге түседі. Тексіз ұлтты кім кө­рін­ген­нің тепкілеп, жоққа шығара беруі де со ұлттың өзіне байланысты жағдай. Ұлттың кеудесіндегі намыс атты қасиетті ұғым өл­ген тұстан, жалтақтық, жалпақшешейлік, өзгенің алдында өзің­ді-өзің кемсітушілік басталады емес пе. Ендеше, өзгелермен тең, тіпті, болмаған жағдайда жоғары тұрамыз десек, атымызға затымыз сай қазақ болғанымыз дұрыс-ау.

«Заң газеті».
14 мамыр, 2003 жыл