МЕН ҚҰДАЙДАН ҚОРЫҚПАҒАНДАРДАН ҚОРҚАМЫН

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының назарына!

Білімің жетпейтін нәрсеге пәтуа айтпа!
Беззаз риуаят еткен
Хадистен.

Все неудачи русского обще­ства
происходили и происходят
от нашего космополитизма.
Достоевский.

Біз осыдан екі жыл бұрын Абайды қорлаған едік, енді алланы қорладық.
Біз сосын, іле-шала көктен түскен төрт кітаптың бірі Құ­ран­ды қорладық.
Біз сонан соң, мұсылмандықты қорладық.
Біз сол арқылы исі мұсылман мен ұлтты қорлап, ақыры оның дінін қорладық.
Нақтылай, турасын айтқанда, жоғарыдағы қасиетті ұғым­дар­ды қорлап қана қоймай, әлдебіреулерге қорлаттық.
Сөйтіп, біз талдауға, талқылауға жатпайтын киелі ұғым­да­рымызды қорладық, қорлат­тық, қорлауға жол бердік.
Кімге? Неге? Қашан?

* * *

Егер Хадистерімізге жүгінсек, дініміз бен ділімізге үш түр­лі адамнан қауіп төнеді екен. Оның біріншісі: ниеті бұзық ға­лым­нан; екіншісі: залым патшадан; үшіншісі: өзін білермен санайтын сопыдан. Со Хадисте «Алдыңғы екеуі қоғам ісіне байланысты. Залым ғалым да, залым патша да халықтың арасына іріткі салып, шындықты бұрмалайды, ел ішіне алауыздық таратады. Ал, үшіншісі – надан сопы ғылымнан хабары жоқ болса да, ешқандай қатысы жоқ істерді дінмен байланыстырып, өзінің жеке басының мүддесі үшін бас­қа­лар­ға тұзақ кұрады. Бұл қауіптің ең зоры» дейді.
Ендеше, біз Алламызды сондай «қауіптің ең зоры», ғы­лым­нан хабары жоқ надан сопыға, яғни, тағы со Хадисте айт­қан­дай, «Ең зиянды адам – шала ғалымға» қорлаттық, сөйтіп солармен бірге қорладық.
Сөз басында біз Абайды қор­ладық деген едік. Енді, соны сәл-пәл тарата, оқиғаны оқырман есіне салсақ, техника ғы­лы­мы­ның кандидаты Досым Ома­ров деген «Абайтануға кіріспе», сосын «Ұлылар үндестігі» деген кітап жазып, олардың соң­ғы­сын ғылым саласындағы аттары дардай Зәки Ахметов, Қуа­ныш Әлжанов, Ізбасар Ерғалиев, Қанат Нұрланова қолдап «кришна дінін» насихаттаған со шығармаларды «құнды, пайдалы ең­бек» деп бағалаған болатынбыз. Міне, сол арқылы «біз абайды қорладық». Әмірхан Меңдеке айтпақшы, «Абайдың ілі­мін, дү­ние танымын, көзқарасын қорладық», сондай-ақ, «біз дінімізді, яғни, мұсылман дінін қорладық».
Дәп сондай оқиға, енді, тағы да қайталанып отыр. Бұл жолы, қайталап айтамыз, Алланы, Құранды қорладық.
Неге? Қашан? Қайда? Тағы кімге қорлаттық?
Құрметті оқырман, сіздердің қолдарыңызға тиді ме, тимеді ме, білмеймін. Ал, менің қолымда жаңадан жарық көре бас­та­ған «Тамыр» атты альманах (№3) жатыр. Ондағы Әуезхан Қо­дар­дың «Союз писателей, некогда самое твор­ческое заведение в Алматы, пре­вращается в похоронное бюро» дегенінен бастап, Израилге өз жан қалауымен, ежелгі ата-жұртына кеткен белгілі жазушы Морис Симашко туралы «Будь он обогрет и обласкан в Казахстане, не стал бы он ехать за тридевять земель, а спокой­но остался бы на Родине» дегеніне дейінгі жаптым жала, жақтым күйесінен бастап, сол журналдағы оралтай Бі­лә­лов­тің жазғандарын оқысаңыз, қолыңыз жағаңызға еріксіз барады.
Енді, сол Әуезхан Қодар жаңа мен өткеннің арасын шала-шарпы, негізсіз салыстыра келе «…наших казахстанцев можно подразделить на два разряда: «мустанги» и «пони»» (Те­ңе­уі­нің түрін қараңыз – А.Ә.) дейді. Оның айтуынша, бұның еке­уі­нің де оңып тұрғаны жоқ, «жақсы мен жайсаң» өздері ғана көрінеді. Олар (қазақстандықтар) сол «мустанг» және «пони» болғанның өзінде де, олардың өзінше құдай беріп, та­би­ғат жа­рат­қан жетістігі мен кемшілігі болады ғой. Тіпті, бол­ма­ған­да бір-бірінен айырмашылығы да сонда. Ендеше, Құ­дай та­ға­ла­ның жаратылысында артықшылық та, кемшілік те тепе-тең сақ­­та­­лып, қоғам тұтастығын құрайды екен. Ал, сол кем­ші­лік­тен арылу ол басқа әңгіме…
Сосын, оның жазғанының ендігі ең дәйексіздігі – Тәңір мен теңгені жаңылыстырып, бір-бірімен үш қайнаса сорпасы қо­сыл­май­тын ұғымдарды үйлестіре «Ең зиянды адам – шала ға­лым­дық» танытуы.
Ол ол ма, Әуезхан мырза одан да әрі кетіп: «… почему надо возрождать идею Тенгри? Это нужно для того, чтобы нам, казахам, отличать себя от мира ислама…», – дейді. Бұ мыр­за­ның, тәңірлікті кемсітпей айтқанда, онда оны теориялық жа­ғы­нан негіздейтін кітап та, канон да жоқтығын ескермейтіндігін былай қойғанда, сол арқылы мұсылмандықтың діңгегі исламды жоққа шығарғысы келетіндігін қайтерсің. Сөйтіп, Әуезхан мұ­сыл­ман­дық­ты қорлайды, қорлатқан тағы біз. Өйткені, бізді қор­лау­ға бола­ды. Намыстанбаймыз. Қарсы шара қолдануға да құл­қы­мыз жок. Бұл аталған мырзаны қаматып, жойып жіберу деген сөз емес, бар болғаны ондайларды тию керек деген пікір ғана. Әйт­­пе­­се, «сөз бостандығы», «ой еркіндігі», «демокра­тия» се­кіл­ді қасиетті ұғымдар да дәрі секілді, дәріні шектен тыс ішіп, не пайдаланып қойсаң, өзің немесе өзгені өл­ті­ре­сің. Соны түсініп, білмейтіндер ғана бейпілауыздыққа ерік бе­ріп, ел ұйытқысын бұзады. Ділінен, дінінен аздырады. Құ­ран­да мұндайларды көзі де, көңілі де тұмшаланғандар дейді…
Ендігі қорлау мен қорлықтың көкесі алда. Оқыңыздар, оралтай Біләлов со журналда «Меня раньше, призна­юсь, раздражали исламисты своим возгласом «Аллах Акпар», что означает в переводе на нормальный язык «Аллах самый крутой небесный босс», произнося это свое ритуальное заклинание к месту и не к месту. Раньше это меня раз­дражало, поскольку казалось глупым религиозным рвением, теперь я знаю в чем дело и раздражаюсь еще больше» дейді. Бұдан өткен көр­ген­сіз, бейбас «көзқарас» бола ма? Әй, қайдам! Болмас-ау, болмас!… Ол тағы да одан әрі кетіп «…обращаться надо именно к нашему Богу – Кок Тенгри, а не к какому-нибудь кришне или Аллаху» деп өзінің жүгенсіз, жөн-жосықсыз «көз­қа­ра­сын» біл­ді­ре­ді. Бұны қалай түсініп, не айтамыз?
Жақында сол Оралтай Біләловтің «Қоңыр» деген кітабы қо­лыма тиді. Оған алғысөз жазған тағы сол Әуезхан Қодар. Еріксіз айтуға тура келеді «Апама жездем сай» телқоңырлар. Сонда «біз Абайды ұлттық ұлы ақынымыз» десек, соңғы мырзаның жазуынша: «Біздің тұңғыш ақынымыз – Абай. Ол ашық түрде дәстүрге қарсы шығып…» жеке тұлғалық танытады екен. Абай тұлғалығына шек жоқ, бірақ, оның дәстүрге қарсы шыққанына кү­мә­ні­міз бар. Егер, ол дәстүрге қарсы шықса, ұлттық ақын атанбас еді ғой. Сосын «біз тахуа тарихтан сабақ аламыз, ол бо­ла­шақ­қа бастаудың негізі дей келе, өткенге салауат» десек, ал, Әуез­хан болса «…тарих – мойны өткенге ғана бұрылған шала-жансар кәрі шал» дейді. Бұл не, заңдылық па, әлде қай­та­лап айтамыз «шала ғалымдық» па? Біздіңше – соңғысы. Өйт­ке­ні, тахуа тарих – мемлекет пен халық, қоғам, оның ішінде адам­зат­тың ғұмыры мен өмірінің жиынтығы. Сонан соң, атақ­ты ақын Р.Гамзатов: «Өткенді (тарихты – А.Ә.) пистолетпен атсаң, ол сені пушкамен атады» дейді емес пе? ендеше, өткенге, яки тарихқа топырақ шашу – тек білімсіз де біліксіздің қолынан келетін іс.
Бұлар неге Алла мен Дінге соншалықты шүйлігеді десек, олар­дың ойы Әуезхан Қодардың өзі жазғандай «…көптеген ха­лық­тар қайта жасалу (?) дәуірінен өткен. Діндерін қайта тексеріп (?), жаңа сатыға (?) көтерілген» деген «теория» мен «прин­ципке» негізделген екен. Мұны, айрандай ұйып отырған қа­зақ халқының арасына діни сына қағу демегенде не дейміз? Бар гәп те, мәселе де осында жатыр. Біздің Беззаз риуаят еткен хадистен «Білімің жетпейтін нәрсеге пәтуа айтпа!» дегенді келтіргендегі мақсатымыз да, олардың «шала ғалым» екендігін тағы бір дәлелдеу еді.
Жақында, «Қазақ әдебиеті» газетінде шығыстанушы Ға­лым Боқаштың «Әшкере сөз» айдарымен жарияланған «Жара» атты ма­қа­ла­сын­да «…Салман Рушдидің түсіне кірмейтін тағылықтың куә­ге­рі болғыңыз келсе, көрмеге қойылған (Жаңа ашылған өнер туын­ды­ла­ры­ның көрмесі – А.Ә.) «Құран» атты экспонатқа көз са­лы­ңыз», – делінген. «Өзге жұртты білмеймін, өз то­пы­ра­ғы­мыз­да – Түр­кі өлкесінде Құдайдың сөзі ешқашан мұндай қорлауға ұшы­ра­ма­ған шығар…
Түрік баспасынан шыққан кәдімгі Құран теріс төң­ке­рі­ліп қойылған. Қасиетті кітап күйдіріліп тесілген де, үңі­рей­ген ортасына сарғыш ренкті тас тығылып, үстіне қою жасыл бояу шашырай төгілген… Меніңше, бұл жай ғана бояу емес, әр ұлттың өз Құдайы болуы керек деп өзеуреген, өзін-өзі ұстай алмайтын мәдениетсіз «мәдениеттанушының» құ­сы­ғы. Ауру ахуалымыздың алғашқы жарасынан аққан ірің. дарынсыз суретшінің (атын атау артық болар тексіздікті жар­на­ма­ла­сақ керісінше ұтыламыз) дабырасы» деген жолдарды оқы­­ған­­да, «Құран» деген экспонат суретшісінің ой-пікір, мақ­сат-мүд­де­сі Оралтай Біләлов пен Әуезхан Қодармен үн­де­сіп жатқанына таң­ғал­мас­қа шара жоқ. «Бұлар идеялас, әрі бір идео­­ло­­гия­­ға қыз­мет істейтін адамдар емес пе?» деген де ойға еріксіз қа­ласың.
Ағайын арасына от тастап алауыз қылатын жо­ға­ры­да­ғы­дай «ойлар мен пікірлерді», «теореялар мен принциптерді», «ғы­лы­ми тұжырымдарды» оқығанда еріксіз есіңе «Құдайдан қо­рық­па­ған­нан қорық» деген қанатты сөзбен бірге, Хадистегі Лұт пайғамбардың жолдан тайып, жөнге көнбейтіндерге: «Уа, жа­рат­қан ием! Бұл адамгершіліктен, ардан жұрдай болған қа­ра­бет­тер­ді қатаң жазалап, тезірек тәубесіне келтірмесеңіз, олар жасап жүрген оңбағандық іс қала адамдарын бұ­зып, тура жолдан тайдырды» дегені түседі. Сондай-ақ, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заңындағы «Азаматтардың дінге көзқарасына қарай олардың құқықтарын тікелей немесе жанамалап шектеу немесе қандай да бір артықшылықтар белгілеу немесе соған байланысты өшпенділік пен жеккөрушілік туғызу, не аза­маттардың сезімдерін жәбірлеу, соңдай-ақ, қайсыбір дінді ұстанушылар қа­дір тұтатын заттарды, құрылыстар мен орындарды қорлау Қа­зақ­стан Республикасының заңдарыңда белгіленген жауапкершілікке әкеліп соғады» деген жолдардағы Алла мен дінге, Құ­ран­ға байланысты «өшпенділік пен жеккөрушілік туғызу, не азаматтардың сезімдерін жәбірлеу, сондай-ақ, қайсыбір дінді ұс­та­ну­шы­лар қадір тұтатын заттарды, құрылыстар мен орындарды қорлау» бізді еш уақытта немқұрайлы да бей-жай қал­ды­ра алмайды. Біздің бұл келеңсіз де келіссіз жағ­дай­ды Қа­зақ­стан Мұсылмандарының діни басқармасы назарына ұсы­нуымыз­дың да сыры сонда. Осы тұста бір айтарымыз, жергілікті жерлердегі заң және құқық органдары мен діни ұйым­­дар­­дың да аталғандай мәселеге келгенде сақ та сергек қа­­ра­­ған­­дық­­та­­рын қалар едік.
Әрине, біз жоғарыдағы Хадис сөздері мен пікірлерді, заңды келтіргенде оларға ешқандай да жамандық не қиянаттық ойламаймыз. Біздікі тек қана «Алланың өзі мен сөзін растау» ғана, болмаса қалға­ны Алланың жазғанында емес пе?..
Сөйтіп, біз ең қасиетті ұғымдарымызды қорладық, қор­лат­тық, қорлатуға жол бердік.
Сосын кімдерге, неге десеңіздерші?! Өкінішті…
Сонда, біз өзімізді де, дінімізді де, ділімізді де қорлатуға жа­ралғанбыз ба?

«Заң газеті».
21 мамыр, 2001 жыл