Бейнематериалдар

Аманхан Әлім «Айтылмаған әңгіме» ток-шоуына қатысты

Ақиқат» журналының бас редакторы Аманхан Әлім  31-телеарнаның «Айтылмаған әңгіме» бағдарламасына қатысты. Бағдарламаның  арнайы саны қазақ поэзиясының падишасы Фариза Оңғарсыноваға арналды. Сайт оқырмандарына осы бағдарламадан қысқаша бейнематериал ұсынамыз.

Аманхан Әлім «Мәдениет» телеарнасында «Жүздесу» бағдарламасының арнайы қонағы болды

Аманхан Әлім «Мәдениет» телеарнасында «Жүздесу» бағдарламасының арнайы қонағы болды.

«Отырар» телеарнасындағы тікелей эфир бағдарламасының бейнематериалы

Баспасөзге жазылу науқанына байланысты Оңтүстік Қазақстан облысына іссапар кезінде «Ақиқат» журналының бас редакторы Аманхан Әлім және «Үркер» журналы бас редакторының орынбасары Жарас Сәрсек облыстық телеарнадан сөйлеп, оқырмандармен көгілдір экран арқылы жүздесті. Облыстық радиодан сөйледі. «Оңтүстік Қазақстан» облыстық газетіне сұхбат берді. Мақала жақын арада газетте жарық көреді. Ал қалалық «Отырар» телеарнасындағы тікелей эфир бағдарламасының бейнематериалын сайт оқырмандарына ұсынып отырмыз.