Өлеңдер

ҚАРАША

Тыраулаған үнінен тырналардың,
Лебі есіп жайсыздау тұр хабардың.
Ауыр тартқан ауаның салмағынан,
Сай-сүйегім сырқырап, мұңданармын.

ҒАШЫҚТЫҚ ХАТТАР ЖАУАБЫ

«Мен кеше жұлдыздармен сырласқанда…»
Сен мендей ғашық па едің түнгі аспанға?
Өзіңдей сыймай кетем бөлмеге мен,
Кеудемді әлдеқандай мұң басқанда.

ТІРЛІК

Ұлыған аш қасқырдай боран мына,
Сілкілеп жатыр түндік, қораңды да.
Қисая кетті қартың қырын қарап,
Алаңсыз ала тонға орандыда.

АУРУ СЫҒАННЫҢ ЖЫРЫ

О, Тәңір-ай, соншалық,
Қинайтындай не еттім?
Тағдырыма қол салып,
Ауруыңды сый еттің.

БЫЛТЫРҒЫ ҚЫС

Қатқыл тиіп денеге тұрғаныңды,
Арқау ете алсам мен жырға мұңды, –
Алдыменен аяусыз айыптар ем,
Табаныма төсеген сырғағыңды.

БАЛЛАДА

Қызылқұм – қызыл теңіз доға жалды,
Құдайдың желі қайдан соға қалды?
Құлатты құныс қырдан қатпа қара,
Қапыстан жапырылған қоға малды.

КӨЛ ТАҒДЫРЫ

Қуалай соққан көздей жайма көлді,
Ұнатам Мамырдағы майда желді.
Көргенде шымырлайды жүрек тұсым,
Жағасын жайлап жатқан қайдағы елді.

ЖОЛ МЕН ҚЫЗ

Дегенге келіп жөнсіз жөн ауды өзге,
Тығылған борбас құмды жол-ау көзге.
Бір қызды жемге үйренген қол құсындай,
Есімде ұнатқаным сонау кезде.

ӨМІР

Қап-қара түн алатын Айсыз естен,
Теңіз кейде.
Күрсінеді сыртта жел жайсыз ескен,
Мені іздей ме?..

БОРАНМЕН СЫРЛАСУ

Ех, боран, боран сайтаның,
Қозған-ау, сірә, сезем мен.
Қайтемін, үйге қайтамын,
Өте алмай мұзды өзеннен.