Өлеңдер

МӘСКЕУДЕ ЖАЗЫЛҒАН ЖЫР

Ұстазым Көроғұлына

Наурыз нәркез Мәскеуде сәнденеді,
Шуағымен жылытып жан денені.
Мен отырмын өзіммен-өзім қалып,
Көз алдыма келтіріп хан Кенені.

ҚЫЗ КҮЛКІСІ

Елең қылмай ызғарлы күздің өтін,
Сидаң бақта жалаңаш біз білетін, –
Ай нұрына ақ жүзін аймалатып,
Еркелеу бір елітіп қыз күлетін.

ТҮНГІ АСПАН

Мық жұлдыз қара басқанда,
Бермейтін біздер сезіне, –
Адасып жүрген аспанда,
Жабайы мысық көзі ме?

ӨЗІММЕН-ӨЗІМ ҚАЛҒАНДА

Алмастырар нұрсіңді жарап Күнге,
Мысық көз Ай тұрсыз, Сіз, қарап кімге?
Көңілсіздеу сенімен ей, Аманхан,
Өмір жайлы сырласу барақ түнде.

АЯНҒА

Құдіреті болғасын сағынарлық,
Биыл балам ауылға тағы бардық.
Желіменен ойнағын желең, Қарғам,
Құйын қылық көрсеткін қағынарлық.

ЭТЮД

Берместен тоңми сөзге орам,
Қашқандай алдан бір құмай, –
Орайда-орай боз боран,
Соғып-ақ берсе, шіркін-ай!

МӘСКЕУ САЗДАРЫ

I
Жететін желең желдей беліңді асып,
Ес біліп, етек жиған елім қашық.
Мәскеуде сырахана ішінде мен,
Сан тұрдым сағыныштың шөлін басып.

ДИАЛОГТАР

– О, жан еркем, не қалайсың менен сен?
– Болды, жаным, өзіңменен тең көрсең.
– Айтшы, Апа, сенде нендей бар тілек?
– Бөлме нанды бүтін және жарты деп.
– Сен ше, асыл қарындасым нұр жүзді?
– Жылатпауды мен сияқты бір қызды.
– Жомарт көке, сен не дейсің ініңе?
– Айырғанды бар мен жоқтың құны не.
– Әке сен ше?
Қабір жақтан естідім:
– Өлгендерді ғайбаттама еш, Күнім.

ҚЫЗЫЛҚҰМ

Ә. Тәжібаевқа

I
Қызылқұм майға бөккен тары дерлік,
Өзіңдей момақанның бары да ерлік.
Кеудемді көптен буып келе жатқан,
Сағыныш саған деген сары белдік.