Кітаптар

Атақоныс

Атақоныс

Әлімұлы А.
Ә 55 Атақоныс / Өлеңдер мен толғаулар. — Алматы: «Жазушы», 2013.-224 бет.
ISBN 978-601-200-448-9
Белгілі ақын Аманхан Әлімұлының жаңа жыр жинағындағы өлеңдердің барлығы дерлік мерзімді басылымдарда жарияланып, олардың енді біреулері қайта қаралып, жаңарған күйінде жарық көріп отыр. Жинақ Алла жаратты табиғат пен адам, жалпы жаратылыс үндестігін паш ететін лирикалық өлеңдерден тұрады. Олардағы тіл, образ, музыка «Ақынның үндестік ұлы» екендігін көрсетеді. Әсіресе, ол «Мәскеу саздары» мен «Қызылқұм» топтамаларында анық байқалады.
Жинақ жыр сүйер қауымға арналған.

Өткірдің жүзі

Өткірдің жүзі

Әлімұлы А.
Ә 55 Өткірдің жүзі: Публицистикалық мақалалар жинағы. — Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2011. — 520 бет.
ISBN 9965-22-317-3
Танымал журналист Аманхан Әлімұлының публицистикалық ма­калалары және ой-толғаулары, сыр-сұхбаттары, әрі қоғамдық пікірлері оқырманды бей-жай қалдырмасы анық. Олардың қай-қайсысы бол-масын автордың ел мен жерге, ұлтқа және Қазақстанға деген ерекше ыстық сезіммен жазылған. Тәуелсіздік пен егемендіктің алғашқы жылдарында жарық көрген дүниелердің кұндылығы сол, автор олардың барлығында да ешкімді немқұрайлы қалдырмайтын жайларды қозғайды.
Жинақ қалың оқырманға арналған.

Ай нұры алақанымда

Ай нұры алақанымда

Әлімұлы А.
Ә 55 «Ай нұры алақанымда». — Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2003. -288 бет.
ISBN 9965-22-064-6
Белгілі ақын Аманхан Әлімұлының жаңа жыр жинағындағы өлеңдердің барлығы дерлік мерзімді басылымдарда жарияланып, олардың енді бірен-сарандары қайта қаралған күйінде жарық көріп отыр.
Бұл кітап ақынның барынша толық шығармашылық қарымын танытады.