Мақалалар

РУХАНИ ИММУНИТЕТ

Неге кезінде үш миллион литвалық музыкатанушы Ландс­бер­гис­тің сөзіне сеніп, неге Грузия халқы филолог Гам­са­хур­ди­дің соңынан ерді? Неге азғана шешен жұрты Дудаевтың бас­тауымен өре көтеріліп, күні қазірге дейін өлім мен өмір арасында тұрса да дегенінен қайтпай отыр? Неге Беларусь елінің бү­кіл­ге дерлігі Ресейге қайта қосылудан бас тартып, Президенті, айта берді Үкіметімен текетіресе алаңға шықты?

ШЕТТЕН КЕЛЕТІН АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫ ШЕКТЕЛДІ, ЕНДІ, ИДЕОЛОГИЯ ТАУАРЛАРЫНА ШЕК ҚОЙЫЛА МА?

Экономикалық дағдарыс. Ол қайда да, қай кезеңде де түр-түсі, мән-мағынасы, порым-пошымы, түп-тұяғы, төр­кін-төрі біркелкі, құлатар ор, шығарар биігі бір-біріне ұқсас құ­бы­лыс. Онда тіл, діл, дін деген секілді қасиетті ұғым, түй­сік-түсінік болмайды. Сондықтан, оның ілгері-кейінді, тө­мен­ді-биікті, құлдырау мен шарықтау сияқты аумалы-төк­пе­лі кезең-кезеңі қандай ел, қай қоғамда да болып тұ­ра­ды. Бола береді де.

ТӘУЕЛСІЗДІК ТЕРІСІН ЖАМЫЛҒАН ТӘУЕЛДІ ГАЗЕТТЕР

Халық – жалпы, ұлт – жалқы есім. Сондықтан да, ұлт болып ұюға ұмтылмаған халық тобыр болуға лайық. Әсіресе, рухтар теке тірестігі мемлекеттілігіміз бен ұлтшылдығымызға, отан­шыл­ды­ғы­мыз бен тәуелсіздігімізге әр түрлі айла-әрекет, әр тұс­тан шабуыл жасалып, ұлы мақсат-мұратқа барар жолда аяқ­қа оралғы болып жүргендер еңсе көтере бастаған кезде, ол тіпті күр­де­ле­не, қиын­дай түсуде.

ЖЕРДІ САУДАҒА САЛУ САЯСИ МӘСЕЛЕ

Оған он ойланып, тоғыз толғану керек.

Жер – өмірлік кеңістік, тіршілік көзі. Соңғы кездері оның тө­ңі­ре­гін­де­гі болып жатқан сауда-саттық әңгімесі сан жылдық қа­лып­тас­қан санаға түрпідей тиіп, көңіл қаузайды. Осыдан аз ғана уақыт бұрын оны сату жөнінде қызу талас-тартыс, пікір қай­­шы­­лы­­ғы­­ның алаңына айналған кейбір оң басылымдардың бү­гін­де екпіні басылып, сап-сап көңіл сабырға ден алдырған.

ТӘУЕЛСІЗДІК ПЕН РУХ ОППОЗИЦИЯНЫ КӨТЕРМЕЙДІ

Ел тағдыры – ұлт өмірбаяны. Тарихшылар да сол үр­діс­тен табылып, қым-қиғаш қайшылықтарға барып жататыны да сонда. Болмаса, сырт көздің алдымен біздің гео­гра­фия­лық жағдайларымызды зерттеп, біліп алмай, ұлттық өмір­бая­ны­мыз­бен танысуға пейіл білдіруінде сыр жоқ дейсіз бе? Бол­ғанда қандай! Бір жағы ол заңдылық та. Өйткені, олар қандай ниет, қалай келмесін қарсы алатын жергілікті жұрт.

ӨЛМЕС ӨМІР, ӨШПЕС ҒҰМЫР

Фатима Ғабитова дүние салғалы 30 жыл! Отыз – жігіттің Орда бұзар жас шағы.

Мен халық жауын іздеген жоқпын

Қайта Парламент талқысын татып, Конституциялық кеңес сүзгісінен өтіп, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев қол қойған «Тіл туралы» Заңды қорғадым.

«КАРАВАН» синдромы қашан тыйылады?

Немесе көзі қарықты, көкірегі ашық, еңселі кеңседегі зиялыларға құлаққағыс.

Бұл мәселені Достоевскийше: «Кстати и на всякий случай, вверну здесь одну турецкую пословицу (насто­ящую турецкую, не сочинен­ную): «Если ты направился к цели и станешь дорогою останавливаться, чтобы швырять камнями во всякую лающую на тебя собаку, то никогда не дойдешь до цели».

«АҚИҚАТТЫ АЙТУ – АРДЫҢ IСI»

«АҚИҚАТТЫ АЙТУ – АРДЫҢ IСI», –дейді Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Заманбек НҰРҚАДІЛОВ

– Зәке, Сіз соңғы кезде Парламент, айта берді еліміздің саяси өміріндегі елеулі оқиғалардың, талас-тартыстың ортасында жүрсіз. Оны сан-саққа жүгіртіп, алып-қашпа әң­гі­ме­ге ар­қау еткенді былай қойғанда, сыртыңыздан тон пі­шу­ші­лер­дің де жоқ еместігін өзіңіз де ұзынқұлақтан хабардар болып жатқан шығарсыз. Олардың арасында Нұр­қа­ді­лов ақи­­қат арашасысы болса, бұрын қайда қалды деу­ші­лер де бар­­шы­­лық. Бұған «Ана тілі» газетіндегі (№47, қа­ра­ша­ның 21-і) «депутат соттасуға дайын. Пре­мьер ше?» деген мақала да отқа май құя түскен секілді. Оның үстіне кешегі қа­был­дан­ған «Бюджеттік жүйе туралы» заң жобасын «ха­лық­қа қар­сы жоба» дедіңіз. Осынша ширығып, тас тү­йін пікірге табан тіреуіңіздің сыры неде?
– Сұрағыңыз орынды. Мен әңгімені халық даналығы, бір аңыз­дан бастасам деймін. Баяғыда үш адам жолығыпты. Біреуі ке­рең, біреуі соқыр, біреуі таз екен.
Үшеуі отырып алып, осы біз біраз өмір сүрдік, көргеніміз де аз емес шығар. Енді, содан көңілге түйіп, көргенімізді ай­та­йық­шы депті. Сонда керең: «Ой, жігіттер, мен естігенімді айтсам, сендер құлап қаласыңдар» депті. Сонда, соқыр орнынан ұшып тұ­рып: «Сен де айта береді екенсің ғой. Мен көргенімді айтсам сендер құлап қалмақ түгілі түгел асылып өлесіңдер» деген кө­рі­не­ді. Оны іле, басында бір тал шашы жоқ таз: «ойпырмай, жі­гіт­тер екеуіңнің айтқандарыңды естіп төбе шашым тік тұр­ды емес пе» дейді. Меніңше, олар бұл әңгімені жетіскеннен айтпаса керек. Мұның астарында талай-талай сырлар бар.
Ал, бұл әңгімеге таң қалатыным, қазір бізде көзі бар адамдар соқыр, жақсы еститін құлақтар керең болды, шашы бар­лар­дың төбе шашы тік тұрмай-ақ таз сияқты жүріп жатыр. Міне, мен со­ған таң қаламын.
Кеше ғана, 16 желтоқсанда Президентіміз тәуелсіздігімізге орай баяндама жасады. Онда ол өткен өмірді хал-қадірінше шолып өтті. Сондағы айтқаны, тағы да күтіңдер, бәрі жақсы болады. Әңгімесі қайта өтіп кеткен өмірге бәрі бір оралу жоққа саяды. Әрине, өткен 5 жылдың ішінде талай су ағып кетті. Оны қай­та­рып, кері ағызуға тырысу ақымақтың ісі. Мен оның бә­рін тү­сі­не­мін. Сол баяндаманың ішінде шет ел болмаса, біз түс­кен ауыртпалықты көтере алмаймыз деген де пікір бар. Оған да қо­сы­ла­мын. Әрине, жалғыз ағаш орман бола алмайды. Сон­дық­тан, Қазақстан бүкіл дүниежүзілік орамға келетін бол­сақ, жал­ғыз ағаш сияқты өсуі мүмкін емес.
Біздің шет елден несие алуымыздың сыры да сонда. Ақ­ша­ның иісі жоқ дейді ғой, ақшаның иісі де болмайды. Бірақ, сол қаржыны алғаннан кейін қайтару да керек қой. Ол несие бола ма, жоқ болмаса іске жаратсын деп берілген инвестиция ма? Бәрі бір. Судың да сұрауы бар. Бұған біз біраз ойлануымыз тиіс. Оны бекер бермейді. Қарыздың қайтарымы бар деуіміз де сон­дық­тан. Ол бір жыл бола ма, он жыл бола ма, елу жыл бола ма, қай­та­ры­ла­ды.
– Сонда, оған кім кінәлі? Алушы ма, әлде беруші ме? Соны нақтылай түсіңізші. Халық та хабардар болсын.
– Мақұл. Мысалы, көп фирмаларға ақшаны несиеге бердік. Ол ақшалардың қазіргі құны, берген саны 1,5 миллиард доллардан асып кетті. 100 фирмадай несие алған. Ал, қай­та­рыл­ма­ған несие болса 967 миллион доллар екен. Яғни, 1 мил­лиард­тың шамасында. Несие алдың ба, оны қайтар. Сол сияқты, қа­рыз ал­ған­дар да кезінде пайдаланғандарын жадынан шығарып алуы бек мүмкін.
Қайтқан несиелерді жұмсайтын бүгінде алды жабылып, соңы жабылуға таяу емделу, ғылым, өнер орталығы бар емес пе? Өзім депутат болғаннан бері ауылдан қатынап тұратын адамдар бар­шы­лық. Олар маған ол жақтағы көріп-білгендерін айтып келеді. со­дан ұққаным, менің округымдағы ауылдарда ауруханаларды жауып жатыр екен. Ауру ауданға барып емделсін дейтін кө­рі­не­ді. Ол онда қалай барып емделеді. Оған көлік ке­рек емес пе? Ең өкі­ніш­ті­сі аурухананы жаптық, клубты жаптық, кітапхананы да жап­тық. Қазір мектептердің көбіне от жағылмайды, 1 – 2 класты қо­сып, 50 – 60 баладан бірге оқытады. Мен мектепке 50-ші жылы барғанмын. Бізді былай оқытқан жоқ. Одан бері, міне, 46 жыл өтіп кетті. Сонда, біз қайда бара жатырмыз. Несіне күліп, несіне тойлап жетісеміз. Біз мұндай тәуелсіздікті армандап па едік? Алған ақшаларымыз көрінгеннің қолында, көрінгеннің қал­та­сын­да кетті. Аз ғана адам­дар байып жатыр. Оны көрмеген жа­ңа­ғы соқыр, керең, таз Терещенко еді. Ол кетті. Бүгін, мінеки, Қа­жы­гел­дин тап сондай бо­лып отыр. Ол Президентке барып: «Біз­­дің істеп жатқандарымыздың бәрі дұрыс» дейді. Қалай дұ­рыс, айналайын-ау. Іздеуші жоқ болса, алушы алаңсыз өмір сүр­мей ме?
– Зәке, соңғы сөзіңіздің иін қандырып, жеріне жеткізе түс­сеңіз?
– Жарайды, бір ғана Кармет комбинатының жағдайын айтайын. Оны былтыр, осыдан бір жыл бұрын Қажыгелдин сатты, Испатқа. Сонда айтатыны документ барлығы. Оған қоса, сол Испатқа ең жақсы шахтыларды да береді, технологиясымен қоса. Жылу электр орны, ТЭЦ- мә, оны да қосып ал дейді. испат болса: «Менің қалтамда ақшам аздау» десе, «Ақшаң аз болса, айналайын, оған 71 миллион долларды қосып беремін» деп те жіберген. Сол документке қол қойған да Қажыгелдин. керек болса тағы да беремін деген қолхаты да бар. Бұл не деген сұм­дық! Мен бір ғана Кармет комбинатын айтып отырмын.
Ал, біздің Хромды алайық. Хром дүние жүзінде екі-ақ жерде шығады. Бірі – Оңтүстік Африкада. Екіншісі – бізде. Біз сол арқылы жер шарының жартысы бол­маса да біразын дірілдетіп қолымызда ұстап тұратын қаһарымыз бар ғой. Хромсыз ме­тал­лур­гия­ның жағдайы жағдай емес. Ол кімнің қолында, қандай пайда әкеліп жа­тыр? Үкімет оны халыққа жариялап, бізге айтып берсін! Мынаны бердік, мынадай пайда келіп жатыр десін. Тіп­ті, болмаса бүгін, немесе ертең болады десе де қарсылық жоқ қой.
Мұнай мен газ кімнің қолында кетіп жатыр. Шевронды қоз­ға­ға­лы, мінеки, 8 – 9 жылдың айналасы болды. Мен сізге айтай­ын, 1942 жылы неміс басқыншылары Кавказдың мұнайын бү­кіл Қызыл Армиядан, Совет Одағынан қиып тастаған кезінде, біздің Гурьев пен Ақтөбенің мұнайы бүкіл Қызыл Армияға, елге жеткен. Ол кезде басқа жерде мұнай шығарылмайтын. Оған Ембі мұнайын қосыңыз, сол мұнайымыз қайда? Ол кезде біз не жапон технологиясын іздедік пе, жоқ болмаса Шевронды із­де­дік пе, екен. Немесе Ессені іздедік пе?
Жарайды, тапқан екен, сол 8 – 9 жылдың ішінде бірдеңе шы­ға­ра­тын уақыт бол­ды ғой. Алыстан іздемей-ақ түркімендерді ала­йық­шы. Олар осы күнге дейін шет елден көк тиын қарыз алмапты. Өзінің мұнайы, газы арқылы күн көріп отыр. Халқынан газға, суға ақша алмайды. Оларды қинайтыны өздерінің наны жоқ­ты­ғы. Өткен жылы мұнай-газ арқылы жүз шақты өндіріс орындарын ашыпты да. Осыдан бір ай бұрын Ниязов Ресейге барды. Ол қарыз сұрап барған жоқ, қарызын сұрап барды. Ал, біз сонша байлығымыз бола тұра Ресейге қарызбыз. Екібастұзды, екі разрезді сатып жібердік. Сол қарызымыздың бодауында кетті. Бұл кімнің байлығы? Немене, Қажыгелдиннің, болмаса Те­ре­щен­ко­ның байлығы ма? Ол халықтың байлығы. Олар сатқанда ха­лық­пен ақылдасты ма? Мен сондай сұрақ та бердім. Әлі де болса ол Үкіметтің қарызы, кімге бергені түсініксіз, оны сұрау керек. Ал, сұрасаң біз Ресейге қарызбыз дейді. Қарыз алып құ­ты­ла алмайтын бол­са, онда неге Екібастұздың разрезін беруіміз керек. Ол біздің мақтанышымыз емес пе? Неге мына тұрған Үкі­мет­тің демалыс үйлерін, санаторийларын, ақыры Ақмолаға кө­ше­ді екен, тіпті, неге Ақ үйін сатпасқа. Оған Ресей, елшілігі болмаса осын­да­ғы басқа фирмалары отырар. Өздері бараққа кірсін. Мен мұны айтқанда, мені жақсы қызметке қояды де­ген ойдан ау­лақ­пын. Ондай жастан кеттім де. Пайғамбар жасына да тақап қалдым.
Президент сол баяндамасында «Кейбіреулер ескі өмірді аң­сай­ды» дейді. Неге жақсылығын аңсамасқа, жаманды алып келсе, Желтоқсан оқиғасы сияқты көп сойқандарды жасаса, ондай жерлерін кесіп тастау керек қой. Мысалы, үйде етің сасып, құрттай бастаса құрттаған жерін сылып тастамайсың ба? Қо­лың­да гангрена жара болса, қолыңды кесіп тастайды, өйт­ке­ні, бүкіл өмірді сақтап қалу керек емес пе? Сондықтан да, біз неге кешегі өмірдің барлығын жаман деуіміз керек. Енді, барымызды жоғалтып, жұтаң өмірді кешіп отырмыз. Кешегі қара кедей Қытайдан да үлгі ала алмадық.
Қазақтың өмірін ғана алайық. Баяғыда, Хрущев заманында ауыл мен қаланы теңестіреміз дедік. Сол кезде әр үйде бір сиырдан, бес қойдан артық болмасын деген сөз шықты. Сөй­тіп, артық малды сатқызды да. Содан кейін-ақ, біздің ауыл ша­руа­шы­лы­ғы­мыз­ға үлкен нұқсан келді. Әрине, оны түп тұяғымен жойып жіберген жоқ. Міне, сол кезден бастап жастар ауылдан қа­ла­ға кете бастады.
Ал, біз ауылда үлкен мектептен өтетінбіз. Сол мектепті жоя бастаған кезде есіміз кіріп, қайта малды көбейте бастадық. димаш Ахметұлының қойды 50 миллионға жеткіземіз де­уі­нің сыры да сонда. Өйткені, біздің байлығымыз малда. Қазақ әу бастан-ақ алдымен «Мал-жан аман ба?» деп амандасқан. Көр­ді­ңіз бе, малды бірінші қояды. Қазақтың байлығы малы мен жері.
Сол байлықты қазір біз не істеп жатырмыз. Оны екі бө­тел­ке араққа, не бір әшмүш шәйға айырбастап жатқан жайымыз бар.
Биыл демалыс кезінде жайлауға бардым. Бізде атақты Қар­қа­ра, ІІІалкөде деген қос жайлау бар. Екеуі де Жібек жолының бойында жатыр. Баяғыда мал бір үйден екінші үйге ұласып сың­сып тұратын. Қазір оларды дүрбімен іздеп табу қиын. Қай­да кетті сол малдар. Мен әлі қазақтың психологиясы бір күнде жерді жыртып, соқа ұстап, сол жерге бір нәрсе өсіреді дегенге сенбеймін. Оған да уақыт керек. Иә, қазақты жерге үйретуге тиіс­піз, бірақ ол бір күнде болмайтын нәрсе еді ғой. Баяғы кол­лек­ти­ви­за­ция­ға зорлап енгізгеніміздей, бүгінде антиколлективизация жүріп жатыр. Ауылдың бос қалуының сыры да сонда.
– Зәке, 1997 жылға арналған «Бюджет туралы» заң жобасына қарсы болғандардың қатарында өзіңіз де болдыңыз. Оны «халыққа қарсы жоба» деп мәлімдеуіңіздің сыры неде еді?
– Қарсы жоба дегенім, бұл жобаның сыры, не қыры жоқ. бюджет жүйесі жөніндегі заң, яғни, оны қалай құрамыз деген негіз соңғы сәтке дейін болмады. Мысалы, біздің Ата Заңымыз конституция болса, бюджеттің Ата Заңы оның құрылымы болу керек еді. Алдымен жергілікті Үкімет құрылымының заңын бірге қа­ра­ма­дық. Бұл заң халыққа қалай жұмыс істейді. «Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» демекші, бәрі осы бюджеттен басталады емес пе? Бюджетке қарсы болуымның тағы бір сыры, сөз басындағы несие алғандардың қарыздарын қайтармауынан болып отыр.
Қажыгелдин болса, ел несие ала бастаған кезде оны реттейтін заң болған жоқ дейді. Қойшының бір-екі қойы не сиыры жоғалса оны соттаймыз. Олардың артында он баласы немесе 20 туысқаны қалды ма, жоқ па, онда шаруамыз жоқ. Оған заң бар. Ал, миллиондап, он миллиондап, жүз миллиондап доллармен несие алғандарға заң жоқ екен. Сонда, осы бес жылда керекті-керекті деген заң шығармай Ай қарап отырдық па? Жоқ болмаса, бұл әдейі ішіп-жеп қойғандарды келе-келе ақтап алу үшін жасалынған саясат па?
– Зәке, кезінде осының бәріне, яғни, жасалынған қыл­мыс­тар­ға тосқауыл қоюға болатын ба еді?
– Әрине, қоюға болатын еді. Кезінде мен КРАМДС пен ет ком­би­на­ты­ның былығын аштым. Сонда, оған қоса Те­ре­щен­ко­ның да қылмысын аша бастағанымды сезбеппін. Қызметтен ке­туім­нің себебі де сонда шығар деп ойлаймын. Мысалы, ет комбинатынан шет елге мыңдаған тонна ет кетті. Оған лицензия берілді. Байқасам оның: «Шетке шығаруға болады, сырттан ештеме алып келуге болмайды» деген құйтырқылығы бар екен. Бұл ет қана болса ғой. Оның арасында мыс та, алюминий де бар, оған қара металды қосыңыз. Оның ішінде жүз мыңдаған терілер де кетті. Сол кезде жақсылап тұрып тексеріп, барлығын анық­та­сақ, бұдан да өткен сорақылықтар шығар ма еді. Қазір оны кім тексеріп жатыр.
Қажыгелдин депутаттар алдында, «Терещенко ұры емес, ол іс білмейтін жан» деп тұжырымдады. Ертеңгі күні басқа Үкі­мет басшысы «Ойбай, білмей қалыппыз, Қажыгелдин де сондай екен» демесіне кім кепіл. «Аңдымай сөйлеген, ауырмай өле­ді» деген осы емес пе? «Ауыл өлмейді» деген де сол Қа­жы­гел­дин. Ауыл өлмейтін болса, оларды сондай күйге жеткізбес үшін Үкі­мет не істепті? Жауап жоқ. Менің ойымша, ауылдың жағ­да­йы осылай болып тұра берсе, Қазақстанның көп ұлтты хал­қы­ның ең зардап шегетіні, азаптанатыны, келешекте мәңгүрт болып қа­ла­ты­ны да қазақ. Оны басқа ұлттардың азаматтары да жақ­сы тү­сі­ніп, осы президент пен Қажыгелдинге қазақ халқы не жа­ман­дық істеп еді деп менен сұрайды. Ұялғаннан жерге кі­ріп кете жаздаймын.
– Қазіргі көші-қон, келіп кетушілер жайлы қандай пікірдесіз? Сырттан келіп, алған несиелерін қайтармай кетіп жатқандар туралы мәліметіңіз бар ма?
– Жоқ. Олар бар да шығар, қайдам. Бірақ Қазақстаннан ке­тіп жатқандардың ара­сында өзіміздің қандастарымыз бен отандастарымыз да жоқ емес. Мысалы, «Жаңа қазақтар» деп аталатын кәсіпкерлер өз республикамызда атқаратын істеріне жол таба алмай, шет елге кетіп жатқаны анық. Оны кім біліп зерттеп жатыр. Малахов кетіп қалды, ең бірінші кетіп үлгі көр­сет­кен сосковец. Ол осында Министрлер Кабинетінің бірінші орынбасары қызметін атқарды. Кеткеннен кейін, екі-ақ күнде Ресей үкі­ме­ті­не бірінші орынбасар болып шыға келді.
Сіз ойлап көріңіз, мысалы Англияда біреу Премьер-ми­нистр­дің орынбасары болып тұрып, екі күннен кейін Фран­ция­ның Премьер-министрінің орынбасары болып шыға келсе, англия­да сол үкіметтің тас талқанын шығарады. Ал, біз не іс­те­дік, үн­де­ге­ні­міз жоқ. Әрине, кім-кімде болмасын содан кейін кете беруге болады екен деп ойлайды. Ау, Сосковец болса бекер адам емес қой. Ол біздің Үкіметтің қыр-сырын, айта берді құ­пия­сын да жақсы біледі емес пе? Неге біз оны сол құпиясымен жі­бе­ріп алдық. Соның артынша құдасы Саламатин кетті. Іле шумовтан да қол үздік. Ол болса бұрынғы ішкі істер министрі. Ке­ші­рі­ңіз, Терещенко да кетеді. Менің деректерім бойынша оның Из­раиль­дің азаматы деген қалтасында паспорты да бар. Ол туралы Израиль елшілігінен сұрау салып отырмын. Жауап та келіп қа­ла­тын шығар.
– Зәке, жаңа қабылданған «Бюджеттік жүйе туралы» заң­ға қай­та оралайықшы. Оның қабылдануына қарсы бол­ға­ны­ңыз­да, оған қандай толықтырулар енгізуді ұсынған едіңіз?
– 1995 жылдың бюджеті Терещенконың былығын жапқан бюджет. Несиеге алғандардың ақшалары қайтарылған соң, оны 1997 жылғы бюджетке қосайық дегенмін. Оның жалпы есебі 10 миллиард 24 миллион теңге. Аталған қаржыны 1997 жылдың кі­рі­сі­не кіргізсе, оны несиеге алушылардан қайтарып алу да оңай­ға түсер еді. Яғни, қазір қағаз жүзінде жазып қойсақ, келесі жыл­ға көп жеңілдіктер жасалған да болатын еді ғой.
– Осыншама жауапкершілікті мойныңызға алып, арандап қаламын деп ойламайсыз ба?
– Мен несіне арандаймын. Қазақта «Айран ішкен құтылды, шелек жалаған тұтылды» деген сөз бар. Егер, біздің заң дәп сондай жағдайға жол беретін болса, онда ондай заңды заң деп есептемеймін. Бірақ, біздің заң олай болмаса керек деп ойлаймын. Сондықтан да, шелек жалаған емес, айран ішкен тұтылуы керек. Неге? Өйткені, ол халықтың айраны. Мұнда қандай аран­да­ту­шы­лық бар? Мен халықты қолына қару алып, көтеріл деп жат­қан жоқпын ғой. Менің айтып жатқаным ақиқатына көз жет­кі­зе­йік деу ғана.
– Зәке, бір сөзіңізде «Қазақ тілін мүсіркеу емес, құрметтеу керек» деген едіңіз. Бұл сөз нендей пайымдаулардан кейін ай­тыл­ған еді?
– Қазақ тілі мәселесіне келсек, қабылдап жатқан за­ңы­мыз­дың жөні де, жосығы да дұрыс. Ана тілімізді дамытып, жақ­сы жолға қою үшін көптеген мәселелердің басы ашылуы керек. Бі­рақ, оның бәрін тізіп айтып жатпай-ақ қояйын. Ол өз га­зет­те­рің­нен бастап, басқа да басылымдарда жазылып жүр ғой. Бі­рақ, бар­лы­ғы да қаржы мәселесіне тіреліп тұрғанын кімнен жасырамыз. Біздің есеп бойынша қазақ тілін дамыту үшін 15 – 20 миллиард теңге керек екен. Бұ да бюджет мәселесіне соқпай өт­пей­ді. Мұны айтып отырғаным, біз жалпы нарық туралы шама-шар­қы­мыз­ша айтқанымызбен Карл Маркстың «Капитал» кітабын ұмы­тып кеттік. Ол кітап коммунистер немесе коммунизм үшін жа­зыл­ма­ған. Оның сыры нарық туралы айтылуында. Біз оған онша мән бермедік. Жаңағы тілімізді қаржыландыру да осындай ұғымдарды ескермеуден келіп туады. Осыдан келіп айтарым, біз заң шығаруды да жоспарлауымыз керек. Оның жоспарсыз шы­ға­ры­лып, орындалмауы біреулерге қажет пе деп те қа­ла­мын. Сон­дық­тан, жоғарыдағы айтылған келеңсіздіктерді реттеу үшін заң шығарушы органдарға үлкен мұқияттылық пен тия­нақ­ты­лық қажет. Онсыз құқықтық мемлекет құруымыз қиын. Менің «Ақи­қат­ты айту ардың ісі» деуім де соған саяды.
– Әңгімеңізге рахмет.

«Заң газеті».
1 қаңтар, 1997 жыл

РУХАНИ ТЕРРОРҒА ТОСҚАУЫЛ ҚОЙМАЙ, ҰЛТ БОЛЫП ҚАЛЫПТАСУ МҮМКІН ЕМЕС

Заман озып, заң тозады. Қалатын уақыт пен кеңістік. Осы бір тел ұғымның аждаһа лебінен аман қалу кез келген ұлт, ұлыс­­тың пешенесіне жазыла бермеген. Ол оның рухы мен тегіне сын. Аталған уысқа тұрып, алақанға салуға келмейтін шек­сіз­дік­тер­ге со жолда кездесетін тосқауылдар мен қойылған қа­ра­уыл­дар­ды қос­сақ, олар онда тіпті күрделене түседі. Бүгінгі ұл­­ты­­мыз­­дың тілінен бастап тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, сана-сезіміне жасалып жат­қан қиянат, тобықтан қағып, аңдысын аңдыған қы­сас­тық, алуан түрлі атқарылып, әлі де атқарылатын іс-әре­кет­тер­дің, бәрі соған саяды. Көзге көрінбей толқыны шым-шымдай ғана бетке тепкен су асты ағысындай әсер етіп, қабылданған Заң­да­­ры­мыз бен шығарылған Жарлықтарымыздың солқылдақ тұс­та­рын мүлт жіберместен ашық та, астыртын да пайдаланып қа­рау­лық жа­сау­шы­лар­дың бары да өтірік емес.