Мақалалар

Модернизм… Постмодернизм… Одан кейін қандай… Изм?!

Осы біз «измнен» жалыққан жоқпыз ба? Тексіз, топырақта өсіп-өніп, тамыр жаймаған жаңашылдық кімді ұшпаққа шы­ғар­ған. Талант таусылып, шығармашылық мүмкіндік сарқылған кезде сөзбен ойнау басталады. Сөйтіп, дәстүрді жоққа шы­ға­ра­тын құйтырқы «измдер» бой көтереді. Олардың жаны сірі. Әр ға­сыр­да көктен түскен дәстүрлі жеті өнерді күйрету үшін барын салып-ақ бағады. Бірақ, өкінішке орай, дәстүр қашанда да дәс­түр­лі­гін көрсеткен.

Үрей

Қай газеттен оқып, қай күні қойын дәптеріме жазғаным есімде жоқ, әйтеуір, айнала бір парақтағанда көзіме түскені: «мынау болса – Қазақ. Мұның жағдайы ешқашан өз­гер­мей­ді. Абайдан бері солай!..» деген сөйлем. Сіздің не ұқ­қа­ны­ңыз­ды қайдам, менің білетінім осынау сөздің астарында үл­кен ҮРЕЙДІҢ суық көлеңкесі жатыр. Бұны жазған өзге емес, өз қазақ газетіміз. Құдай қаққанда аты-жөні, оның жазылған уа­қы­ты есіме түспей тұрғаны. Мұны неге айтып отырсың дейсіздер ғой. Тоқталайын. Осынау тұжырымнан есік-тереземізден ӨТІРІК пен ҮРЕЙ сығалап тұр. Ол – рухани ҮРЕЙ.

«ҚАСҚЫР ДА ҚАС ҚЫЛМАЙДЫ ЖОЛДАСЫНА»

Бір үнтаспа, екі хат қолымызға тиді. Үшеуінде де бір мә­се­ле қозғалған екен. «Жазушы қиянат көрді, сендер айт­па­ған­да кім айтадыны» алға тартады. Біз қа­лам­дас­та­ры­мыз­дың бұл өтініштерін орындағымыз жоқ. «Кезінде талантты жазушы Нұрдәулет Ақыштың тап осындай бір ренішін жариялап едіңдер ғой», – дейді. «Солдаттың» өзіне ба­рың­дар, өздері жауап берсін», – деп уәж айтамыз біз. Со­ны­мыз­ға қарамай адамшылыққа жат бірқатар жайттар ай­тыл­ған үнтаспа «реті келсе көріңдермен» қолымызда қалды. Бі­рақ оны жариялаудан аулақпыз. Алайда, әңгіме көбейіп барады, алды бейресми газеттерде жариялана да бастады. Осы ретте жазушы болғаннан кейін де талантты қа­лам­да­сы­мыз марат ҚАБАНБАЙДЫҢ асыл затына дат түспеуін қа­лап, тө­мен­де­гі мақаланы жариялауды жөн көрдік. Көкейде бір ғана сұрақ: Кереметтей жазушы неге қақпақылға түсті? Көр­кем бір кітап жазғанда, ұрпаққа одан да пайда көп емес пе еді?

Масанов – камердинер емес пе, осы?

Иә, сонымен тағы да со Масанов… Тағы да со гөй-гөйі… Мен үшін бұл тақырып, бұл адам жайлы жазып, мәселе көтеру жабылған секілді еді. Амал жоқ, қайта айналып соғуға мәжбүр болып отырмын. Оның себебі, жақында «Караван» газетінің 20-санында «Мало их мочили…» деген тақырыппен Нұр­бо­лат­тың туған халқы туралы адам жанын түршіктіретін, ой-тол­ғам­ға келмейтін, өзіндік шектен шыққан тұжырым-кесімі жа­рық көрді. Бұл о кісінің аталған тақырыпты бірінші рет тілге тиек етуі емес. Бізде де қайт жоқтығы болар, қанша қойдық дегенмен тағы да сөзге арқау етіп отырмыз.

ӨЗ ТАМЫРЫҢДЫ ӨЗІҢ ЖОЯ АЛМАЙСЫҢ

Жақында «Комсомольская правда» газетінің 10 наурыз күн­­гі санында «В КАЗАХСТАНЕ РЕСТАВРИРУЕТСЯ феодализм? К такому выводу пришли представители научной и интеллектуальной элиты, собравшись в Алма-Ате, в немецком доме. Разобрав затем по косточкам казахстанскую политическую элиту, они констатировали: политической элиты у нас нет. В результате «круглый стол» родил идею «национального круглого стола» деген тақырыппен Любовь краснова ха­ным­ның ма­қа­ла­сы жарық көрді. Обалы не керек, автор атал­ған оты­рыс­тың мән-мағынасы мен сол жердегі өт­кен талас-тартыс жағ­да­йы­ның қыр-сырын барынша ашуға ты­рыс­қан.

«АУ, ЗЕМЛЯКИ…» ол кімді, неге шақырып «ұлиды»

…в такой стране у подрастающего

поколения нет будущего.
Юрий Киринициянов,
собственный корреспондент
«Российской газеты».
Уроженец г. Семипалатинска.
Прожил в городе 14 лет с
1949 по 1963 гг.
(451 по Фаренгейту, №8. 1999 г.)

МЕН НҰРҚАДІЛОВТЕН НЕГЕ КЕТЕМ?

Құрметті Заманбек ҚАЛАБАЙҰЛЫ, әңгімені сонау 1996 жыл мен 1997 жылдың басындағы «Заң газетіндегі» Өзіңізбен болған екі сұхбатпен бастағым келіп отыр. Аталған кезде Сізге орыс басылымдары тарапынан шабуылдар жүріп жатты. Сонда, Сіздің қасыңыздан қазіргі «Жас Алаш», бір топ қазақ журналистері, солармен бірге «Заң газеті» арқылы мен пақырыңыз да табылғанмын.

ӨЗІҢЕ ӨЗІҢ ҚОЛ САЛМА, ол Құдайдың да, адамның да, қоғамның да алдында күнә

Қай заманда да өзіне-өзі қол салғандардың іс-әрекеттері ақ­тал­ма­ған. Қайта қатаң айып тағылып, күнәһар ретінде қа­ра­лып отырған. Тіпті, орта ғасыр заң шығарушылары өзіне-өзі қол салғандардың мүліктерін тәркілеп, оларды жарлы-жақыбайларға беріп отырған. Ал, Францияда ондай іс-әрекеттерге барғандарды қала орталығындағы алаң­да аяғынан дарға асып, іліп қойған. Цюрихте болса, өзі­не-өзі қол салған жанды есік табалдырығының астынан қа­зыл­ған тесіктен шығарған. Сондай-ақ, адам өзін-өзі суға тұн­шық­ты­рып өлтірсе, оны сол судың астында жерлеген, ал, ол өзіне-өзі пышақ салса, оның қабірінің басына пышақ қа­дал­ған ағаш қойған.

ҒАСЫР БАСЫ МЕН СОҢЫНДА ҚАЗАҚ ТҰРМЫСЫНДА ҚАНДАЙ ҰҚСАСТЫҚТАР БАР?

1. Алдымен басын ашып алатын бір жай, қойылған сауалдың екі жағы барлығы. Бірінші жағы, оның жағымдысы да, екіншісі жағымсызы. Жағымды жағы ешқайда қашпайды, ал, кемшілікті жөндеуіміз керек. Қазіргі қазақ жағдайындағы мақсат – ға­сыр басы мен аяғындағы ұқсас кемшіліктерді көріп, олардан са­бақ алу, қорытынды шығару керек. Сонымен, қазіргі «жаңа қа­зақ» немесе өзін реформаторлар санайтын белгілі бір топтың психологиясы, іс-әрекеті, белсенділігі, ғасыр басындағы «был­ға­ры курткалы» революционерлердікінен еш аумайтындығында. Екеуінің де мақсат-мұраты – бас-көз жоқ барды күйретіп, орнына өздерінің бейұлттық, одан да әрісі бейхалықтық қо­ғам­ды бойға сіңіру.

БҰЛ ЖОЛЫ ПРЕЗИДЕНТ ТЕ, ПАРЛАМЕНТ ТЕ ҚАТЕЛІК ЖІБЕРМЕУІ ТИІС

Кеше: «Адамға табын, жер енді!», – дедік
Бүгін: «Сатамыз сені, жер енді!», – дейміз

Хош, сонымен «Жер туралы» заң жобасы талқылануға ұсы­ныл­ды. Заң жобасына берілген түсініктемеге сенсек, аталған Заң жерге меншік иелерінің құқығын қорғап, жер нарығын нақ­ты дамыту үшін жағдай туғызады екен. Оны айтасыз, жерді және жер пайдалану құқын кепілдемеге қою арқылы ипотечті несиелеуге мүмкіндік береді-мыс. Сонымен бірге, шаруа жерді сатып алып қарық болып қалатын көрінеді. Не деген батпан құй­рық десеңізші.