Мақалалар

МЕН ҚҰДАЙДАН ҚОРЫҚПАҒАНДАРДАН ҚОРҚАМЫН

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының назарына!

Білімің жетпейтін нәрсеге пәтуа айтпа!
Беззаз риуаят еткен
Хадистен.

Қалтай МҰХАМЕДЖАНОВ: «ШЫҢҒЫСХАН ТУРАЛЫ ЖАЗУҒА ШАМАМ ЖЕТПЕДІ…»

«Қазақ әдебиеті» газетінің тапсырысымен 2001 жылы 12 наурызда қазақтың көрнекті жазушы-драматургі Қал-ағаң – Қалтай Мұхамеджановпен сұхбаттасқан едік. Бұның қадірменді де құрметті абыз ағамызбен соңғы әңгімеміз болатынын қайдан білейік. Содан бері де 3 – 4 жылдың жүзі болды. Үнтаспаға жазылып алған осынау сұхбат кезінде «Қа­зақ әдебиеті» газетінде ықшамдалып басылған болатын. Бү­­гін сол ардақты жанмен болған әңгімені толық, ауызша сөйлеу мәнерін со қалпында сақтап, назарларыңызға ұсы­нып отырмыз. Үнтаспа болса Қал-ағаң үйіндегі жеңгейге тапсырылды.

ТАҒЫ ДА СОЛ БАТЫСШЫЛДЫҚ ТУРАЛЫ

Басын ашып алайық, әлдебіреулер айтып-жазғандай біз еш­қан­дай Батысқа, орысқа, еврейге қарсы емеспіз, біз қар­сы бол­сақ көзсіз, сана сарабына салмай, елітіп-еліккіш ба­тыс­шыл­дық­қа, орысшылдыққа, еврейшілдікке қар­сы­мыз. Бая­ғы­дан айтып-жазып та келе жатқанымыз со пікір, со іс-әрекет. Сон­дай-ақ, біздің ешкімнің жағасынан алып, етегінен бас­қы­мыз да, кез келген «ұлы тұлғаға орынсыз сын айтып, оны «ұлт­тың жауына» айналдырғымыз да жоқ, бар болғаны Лев Толс­той­дың: «Вера в авторитеты делает то, что ошибки авторитетов берутся за образцы» (Исповедь, Тайный дневник, 1998 г.) деп күн­де­лі­гін­де жазғанындай принципте ой-пікір қоз­да­та­мыз. сосын, біз Әуез­хан Қодар сыртымыздан кесіп-пішкендей, «Сен гегельді, хайдеггерді оқыма, тек мені оқы» да демейміз, керісінше, образбен айтқанда, «асқазаның қорытса тас шайнап, тұз жала, сосын мұхиттың суын ішіп қой», ол сенің еркің дейміз. Тек соны ұлт мақсат-мүддесіне негіздеп бойыңа да, ойыңа да сі­ңі­ріп қо­ры­та біл. Міне, мәселе қайда.

ҚОҒАМДЫ МЕҢДЕГЕН ТӨРТ ДЕРТ ТУРАЛЫ ОЙ

Немесе Әзімбай Ғали Морозов та, Геббельс те,
провактор да емес, ол өз елінің патриоты

Соңғы кездері мені журналист ретінде де, тіпті, азамат ретінде де қоғамымыздағы қатты белең алып бара жатқан төрт мә­се­ле қатты ойландырып, толғандырады. Оның біріншісі – кей­бір азаматтарымыздың ауырмай-сырқамай күнделікті тыныс-тіршілігіміздегі кездесетін қиындықтарға шыдамай өздеріне-өз­де­рі қол салуы. Мысалы, оған куә жақында ғана Орал қа­ла­сын­да­ғы «Металлист» зауытының жұмысшысы А.Комаровтың үс­­ті­­не бензин құйып, отқа орана тоғыз қабат үйдің шатырынан құ­­лай, өзін-өзі өлімге итеруі. Ал, оны қашанда қоғамдағы, мемлекеттегі, тіпті, Үкімет тарапынан кездесетін кейбір кемшіліктерді қалтқысыз аңдып отырған, өздерін оппозиция санайтын топтар іліп әкетіп қоғамдық пікір қалыптастырады. Оның куә­сі, жұмысшылар қозғалысының төрағасы Сақьпжамал Жа­ңа­бае­ва әлгі оқиғаға біз тілге тиек еткендей астар беріп, шу кө­те­ріп жатқаны. Ал, ол марқұмның ағайындары болса, кезексіз келген өлімнің қиындығынан ес жия алмай әрі-сәрі күйде. Қасірет шегуде. Сонда, әлгі біз айтып отырған Сақыпжамал ханымның іс-әрекетін қалай түсінуге болады. Егер Александр мырза өзіне-өзі қол салса, ендеше оны қоғамнан көру, тіпті, мемлекеттен, одан әрі кеткенде Үкіметтен көруге бола ма? Әлде, бұл саяси ұпай жинау ма? Иә, айлық берілмей қалған шығар, иә, жалпы қа­зақ­стан­дық­тар­ды, тіпті, ТМД еддерін, одан әрі кетсек бүкіл әлемді шар­пы­ған қиын-қыстау күндер кімнің басынан өтпей жатыр. Ал, ол үшін біреуді кінәлап, қолдан жасалынған өлімді ақтауға бола ма? Тіпті, мәселеге одан да ары барып, қайта оралсақ, әлем­де­гі ұлы төрт дін, соңдай-ақ, әлемдегі халық өзіне-өзі қол сал­ған­дар­ды ешуақытта ақтамаған. Дәлел, Құран Кәрімнің Ниса сү­ре­сін­де: «Көктегі әрі жердегі нәрселер Алланыкі. сондай-ақ, Алла әр нәрсені толық меңгеруші», – делінген. Яғни, адам өзіне-өзі қол салғанда, өзінің емес Алланың ісіне қол салады екен. Бұл кінә емес күнә. Ендеше, бізге ғұмырды өмір сүрсін деп беріпті. Ел «тұз-дәмі таусылды» дегенде, «Алла өзі берді, өзі алды» деген ойды меңзейді емес пе? Ал, біз болсақ, біз бол­ған­да кейбір басылымдарымыз бен телеарналарымыз соны ерлікке балап насихаттайды. Ол туралы кезінде аристотель: «умирать по причине бедствий, или любви, или каких-нибудь вообще не удач недостойно храброго мужа. человек, стремящийся к смерти как благу, тем самым лишь избегает трудностей, с которыми соединено достижение настоящих благ», – десе, блаженный Августин: «Самоубийца есть человекоубийца, и он тем более виновен, чем менее у него было причин к лишению себя жизни. Шестая заповедь говорит: «Не убий…» нужно уважать тех, кто умеет жить среди неприятностей, а не тех, кто ищет от них спасения в смерти», – дейді. Тіп­ті, оны айтасыз, І Петр 1716 жылы: «Ежели кто себя убьет, то подлежит тело его палачу в бесчестное место отволочь и закопать, волоча прежде по улицам. А ежели кто учинит убий­ство себя в беспамятство, болезни, меланхолии, то оное тело в особ­ливом, но не бесчестном месте похоронить» деген де жар­лық шығарған. Мен мұның бәрін тәптіштеп айтып жат­қа­ным – біз­дің кейбір басылымдарымыз бен те­ле­ар­на­ла­ры­мыз­дың оған, яки өзіне-өзі қол салған іс-әрекетке оң өң беруі еш­қан­дай са­на­ға сыймайтын жағдай екендігін айту. Міне, бірінші мені алаң­да­та­тын осы жай.
Екіншісі, соңғы кездері елімізді жайлаған ұлтымыздың әдет-ғұрпына, салт-санасына, дәстүріне жат бауыр-етіміз баланы сату. Иә, тағы да қайталап айтамыз халқымыз не қиын­дық көрмеген. Сонау ашаршылық пен аштықта да сана-сезімі, ой-өрісі дұрыс жөн-жосықтағы ата-ана баласын сатқан ба еді? Міне, бұл да мәселе. Жақында Оңтүстік Қазақстан об­лы­сын­да­ғы Түркістан қаласының 20 жасар тұрғыны бір жас­қа толған қызын өзінің жерлесіне сатып, кейін оны біреу ұр­лап кетті деп полицияға мәлімдеген. Сонда деймін-ау, әлгі 20 жас­та­ғы қарындасымыздан қоғамның алдында да, адамның алдында да, тіпті, сол түркістандық жерлестеріміздің алдында да не үміт, не қайыр? Оны айтасыз, Қарағанды облысының Шахан се­ло­сын­да­ғы біреу өзінің жаңадан туған сәбиін 5 мың теңгеге сат­қан. Мен мұндай фактілерді көптеп келтірер едім. мысалы, алматы облысында 38 бала соңғы үш-төрт айда шетелдіктерге сатылып кеткен. Ал, оның саны Қазақстан бойынша 400 екен. Бұл құжатқа түскен ең соңғы көрсеткіштер ғана. Түспегені қан­ша­ма. Осындайда мен ойлаймын, апыр-ау, біздің елдігіміз, бір кездегі айрандай ұйыған, қиындық көрсе бір-біріне қол берген, айта берді бір-бірінің баласын асырап алған бауырмал дәс­тү­рі­міз қайда. Міне, бұл да проблема. Содан кейінгі үшінші бір мәселе, «Мегаполис» газетінің №31 санындағы Казис То­гуз­баев­тың «Кто вы, доктор Гали, – мальчик Морозов или доктор Геббельс?», сосын сол «Мегаполистегі» Жандарбек Сү­лей­ме­нов­тың «Казахский язык и казахскоязычная пресса: мифы и реальность» (№30), сондай-ақ «В XXI веке» басылымының 24-са­нын­да­ғы Амантай Ахетовтің «Патриотизм это любовь к отчей земле, а не ненависть к своему ближнему», сондай-ақ, «начнем с понедельника» газетінің №33 санында Владимир Вое­вод­тың «Идеология национализма неприемлема для нашего общества. Ответ политологу Гали Азимбаю – провокатору социальных катаклизмов» деген мақалаларын оқып отырып, ойыма түйіп, көңіліме қаттағаным – МЕНІҢ, СЕНІҢ, ОНЫҢ, БІЗДІҢ туған жерімізді, үлкен Отанымыз Қазақстанды, сон­да­ғы кіндік ұлт қазақты сүюге, оларды мақтан етуге ешқандай құ­қы­мыз жоқ екен. Болса біз, яғни, мәселені нақтылай айтқанда, қа­зақ хал­қы­ның ерекшелігі мен бойындағы асыл қасиеттерін мақ­та­ныш ете отырып, қазіргі елімізде жүріп жатқан табиғи процестегі қазақ халқының орнын, сондай-ақ, оларды насихаттаудағы қазақ басылымдарының ерекшеліктерін тілге тиек еткен ға­лым, әрі өз Отанының патриоты Әзімбай Ғалиды фашист деп, тіпті, оны Қазақстанда тұратын өзге ұлттың жауы ретінде көр­сет­пе­ген болар едік. Оны олай деп атап, көрсетіп жүрген өзінің бар нәр­се­сі­мен мақтана алмайтын, яғни, ұлтының ең игі қасиеттерін жоқ­қа шығарып, әрі мансұқ етіп, өзгенің жетегінде жүрген, өзін­дік пікірі жоқ, өзгенің көлеңкесіндей күн кешкен жалған интернационалистер. Мен олардың қазаққа интернационализм туралы бірнәрсе үйретуін еш қаламаймын, өйткені, қазақ – туа бітті интернационалист халық. Ол қай ғасыр, қай заманда да өзі­мен іргелес еш ұлтты, еш жерді жаулап алып, болмаса қо­қан-лоқ­қы көрсеткен емес. Шама-шарық, хал-қадірінше барын бөле жеген, қуанышына ортақтасып, қайғысын бөліскен. Қа­зақ­та мақал бар, «Үй таңдама, көрші таңда» деген. Міне, осы бір мақалдың өзі-ақ біздің халықтың қаншалықты ақ­жар­ма, өзі­нің даласындай кең пейілін көрсетсе керек. Ендеше, Әзім­бай Ға­ли­ды сол Отанын, сол Ұлтын, сол Халқын, сол Жерін сүйгені үшін фашист деу кімнің санасына кіріп шығады? Өзінің өскен ұя­сын, жерін сүю жануар екеш жануарға да тән қасиет. Қа­зақ – жыл­қы мінезді халық. Ал, жылқыда туған жерді сезініп білу сезімі қатты жетілген. Сондықтан болу керек, қазақта «Ат айналып, қазығын табады», «Ер туған жеріне, ит тойған жеріне», «Өзге жерде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген қа­нат­ты сөздер кеңінен етек алған. Оны айтасыз, Жандарбек Сү­лей­ме­нов секілділер өзінің ана тілінің сөздік қоры аз екенін айта келіп, оның ақпараттық кеңістікте алатын орны жоқтығын бас­па­сөз­ге жазып, әлемге жар ететінін қайтерсіз. Аталған ав­тор­лар­дың қай-қайсысының да ұлт мәселесіне келгендегі жаз­ған ма­қа­ла­ла­ры­ның кез келген жерінен үзінді алып, аталған сө­зі­міз­дің рас­ты­ғы­на куә етерліктей мысал келтіруге болар еді. Бі­рақ, біз оны ар­тық деп санап отырмыз. Олардың әңгімесінің бар тү­йі­нін тарата айтсақ, ол жоғарыда айтқанымыздай қазақ қа­зақ­ты еш мақ­тан етіп, оның кең байтақ территория­сын үлгі етуге еш болмайды екен. Тіпті, оның баспасөзін де мақ­та­ма. Мақ­та­саң – сен Геббельссің, не фашиссің, сосын «про­во­ка­тор­сың». Әзім­бай Ғалиға ұлардай шулап жабылып жатқан қай ба­сы­лым­ның болсын мақсаты, оны әйтеуір ел-жұртқа құбыжық етіп көр­се­тіп, бәр бәлені жабу. Әйтпесе, ол өз елінің, туған жерінің, өс­кен ортасының патриоты болмағанда кімі болады. Бір қызығы және оны жамандап жазатын да, айтатын да өзіміздің қан­дас­та­ры­мыз, яки орыс тілді, өзін-өзі құрметтемейтін, өз қадір-қа­сиет­те­рін білмейтіндер. Сондықтан, бізге ойланатын жағдай өте көп.
Тағы да бір төртінші айналып өтпеуге болмайтын жай, ол – ұлтты ҮРЕЙ билеу мәселесі. Жақында мен Аягөзге іссапармен бара жатып, өзін зиялы санайтын, оқыған бір азаматтың аузынан «Біз қайда барамыз, болашағымыз күңгірт. Ел болып қа­луы­мыз қиын шығар» дегенге саятын, адамның бойын шымырлатып, әрі-сәрі әсерде қалдыратын әңгіме естідім. Менің бай­қа­ға­ным, аталған азаматты әлеуметтік-тұрмыстық та, қоғамдық-саяси да, тіпті одан арысы күнделікті ғұмыр кешіп жатқан тыныс-тіршіліктегі ҮРЕЙ билеген. Ал, ол ҮРЕЙДІ туғызатын екі жол бар. Оның бірі, бұрынғы жазғанымыздай, Құдай Тағаланың әмі­рі­мен болатын, пешенедегі жазылған ҮРЕЙ де, екіншісі, бұ­қа­ра­лық ақпарат құралдары арқылы, сосын қазақы ұзын­құ­лақ­тан туатын ҮРЕЙ тасқыны. Осы аталған екі ҮРЕЙДІҢ ең қа­уіп­ті­сі – соңғысы. Демократияны, сөз бостандығын, ой еркіндігін демагогияға айналдырып, сол арқылы елді үнемі ҮРЕЙДЕ ұс­тау­ға тырысатын кейбір аздаған топ, аталған қатерді дертке айналдырып, еліміздің сана-сезіміне күндіз-түні әртүрлі жолдар ар­қы­лы ҮРЕЙ індетін себуде. Сол әртүрлі жолдардың ішіндегі ең қа­тер­лі­сі – Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы күнделікті күн­діз-түні тынбай таратылып жатқан жаманат хабарлар. Әсі­ре­се, телеарналардағы көзбен көріп, көңілге түйген сұмдық жағ­даят­тар адамды еріксіз ҮРЕЙГЕ жетелейді. Мұны насихат, насихаттау соғысы дейді. Нені, қалай санаға сіңіріп, көңілге құя біл­сең, соның жемісін көресің емес пе? Ол біреулерге қажетті – сол ҮРЕЙ жемісі. Ендеше, біздің халық, біздің ұлт ҮРЕЙГЕ бой алдырмауы тиіс. Осы тұста менің есіме ұлы Достоевскийдің: «Не запугивайте себя сами, не говорите: «Один в поле не воин» и проч. Всякий, кто искренно захотел истины, тот уже страшно силен», – дей келіп, ойын одан әрі: «Не подражайте некоторым фразерам, которые говорят поминутно, чтобы их слышали: «Не дают ничего делать, связывают руки, вселяют в душу отчаяние и разочарование» и проч. и проч. Все это фразеры и герои поэм дурного тона, рисующиеся собой лентяи. Кто хочет приносить пользу, тот и с буквально связанными руками может сделать массу добра», – дегені тү­се­ді. Сон­дық­тан да, біз ұлт ретінде кез келген жолдармен, әрі бас­қа да ақ­па­рат­тық құралдармен тарқатылған ҮРЕЙГЕ бой алдырмауымыз керек. Иә, қайталап айтамыз, бүгіндегі кездесіп жат­қан қиын­дық аз емес, бірақ, соған қарай қол жеткен табыстарымыз да жоқ емес қой. Біз соның соңғысын мақтаныш етіп көр­се­те білуге тиіспіз. Ал, қиындықтан арылудың жолын іздеу – әр­бір қазақтың, әрі қазақстандықтардың үлесіндегі іс.

«Заң газеті».
5 қыркүйек, 2001 жыл

МӘДЕНИ ИМПЕРИАЛИЗМ

Мақаланы «бұқаның» мүйізінен алғандай болмай-ақ, не күл­те­ле­мей-ақ төтесінен, Ресей басылымы «Советская Россия» газетіндегі (№118. 12.10.2000.) «Разве информационно-идеологический яд, распространяемый западными СМИ (включая Би-би-си) и их последователями-русофобами в нашей стране менее опасен, чем смертельный газ зарин Секо асахары для национального самосознания и физического здоровья всех народов России, ее государственности? Можно сказать: только лица с «коротким замыканием совести», раболепст­вующие перед Западом, могли выдать соответствующие лицензии для «Русской редакции» Би-би-си, для религиозно-террористической секты «учителя истины» Секо Асахары или подобным ему сектантам-фанатикам – свидетельства о регистрации в России, то есть разрешение на ведение ими своей вредоносной агитации и пропаганды» деген жолдардан бастап, автордың со тақылеттес радио-теле және де басқа идея-идео­ло­гия­лық құндылық-құралдарына рұқсат, яғни, қа­зір­гі заң тілімен айтқанда, лицензия бергенін айыптауын да орынды дер едік. Неге біздегі Қазақстанды өзінің Отаны санайтын орыс журналистері, сосын өзіміз мемлекетіміз бен ұлт мә­се­ле­сі­не келгенде проблеманы осылай қоймаймыз? Әлде, бізге мем­ле­ке­ті­міз­дің ұлт­тық қауіпсіздігін әртүрлі қитұрқы идео­ло­гия­лық-сая­си (дін, білім, т.б.) бейұлттық мақсат-мүдде ниет­те­рі­нен қор­­ғау жат па?! Бүгіндегі тәтті де қасиетті ұғымға айналған тә­уел­сіз­ді­гі­міз­дің негіздері де соларда жатқан жоқ емес пе?!

ӘДЕБИЕТ, КИНЕМАТОГРАФИЯ, ТЕЛЕВИДЕНИЕ

Әдебиет. Кинематография, Телевидение… Індете үңілсек, сана-сезім мен көзқарас қалыптастыруға келгенде таптырмайтын құрал. Қазіргі Рухтар теке-тірестігі бірде ашық, енді бірде астыртын жүріп жатқан кезеңде, олардың қоғамдық-саяси өмі­рі­міз­де алатын орны ерекше. Сондықтан, Әдебиет, кинематография, телевидение бәсекелестігі мен тайталасы – қай уа­қыт­тан бері де жүріп келе жатқан құбылыс. Олардың бірі ал­ды­ға кетіп, екіншісі артта қалды, тіпті, үшіншісі «өлді» деген қо­ғам­дық ой-пі­кір­дің өзі де «мың өліп, мың тірілген». Соған қа­ра­май, на­ғыз қа­сиет­ті өнердің қай саласы болмасын бүгінде өз­де­рі­нің қал-қадерлерінше өмір сүріп, қоғамдық-саяси, ең бастысы, мо­раль­дық-адами, ар-ождан – Иманға негізделген қарым-қа­ты­нас пен мінез-құлықты қалыптастырып келеді.

ПАТРИОТИЗМ ЖӘНЕ МЕЩАНДЫҚ

Бұл мәселеге қайта оралуымыздың сыры осыдан біраз уа­қыт бұрынғы жазылған «Қазаққа патриотизм керек пе?» деген ма­қа­ла­мыз­ға орай редакцияға түскен хаттар мен шалынған те­ле­фон­дар­дың аз болмағандығынан болып отыр. Біз қазір сол хат­тар­дың ішінен іріктеліп алынған үшеуіне тоқталсақ деп отырмыз. Өйткені, әңгімемізге арқау болатын хаттардың қай-қай­сы­сы­нан да патриотизмге деген көзқарастың жалпыұлттық кө­­рі­­ні­­сін кө­ру­ге болады.

МЕН ӨЗІНІҢ АНА ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕП, ӨЗГЕ ТІЛДЕРДІ ЖАҚСЫ МЕҢГЕРГЕН ҚАЗАҚқА СЕНЕМІН…

– Бүгінгі қазақ руханиятындағы ең басты мәселе не?
– Қазіргі қазақ руханиятындағы ең басты мәселе – әлі де жо­ға­лып кетпей, ұлтымызды аман сақтап келе жатқан, бо­йы­мыз­да­ғы ұлттық иммунитет пен патриотизмді өлтіріп алмау. жалпы, рух, сол рухтан өретін руханият – нақты ұлттық сипатқа ие құ­бы­лыс. Ол өз тілі, өз ділі, өз болмыс-бітімі, мазмұн-мәні, тек тә­нін­де­гі қансіңді қасиеттерден қалыптаса келе, жалпыхалықтық контекстегі ұғым ретінде әлемдік айналымға түседі. Яғни, бұл ешкім, ештеңе негізсіз, себеп-салдарсыз болмайды деген түй­сік-түсінік.

ҚАЗАҚҚА ПАТРИОТИЗМ КЕРЕК ПЕ? («Совет өкіметін аңсаған» жазушыға хат)

Бұл мақала ертелі-кеш бір жазылар еді. Асықтырған, бұ­дан біраз уақыт бұрын бір ақынымыздың «бостандықтың аузын ұруы» мен жақында Талдықорған өңірінде жер шолып, ел шалып жүргенде тағы бір жазушымыздың (Дүние кү­­йіп кетсе де айтайық, Ғаббас Қабышев ағамыздың) «совет өкіметін аңсайтындығын» айтуы болды. Оған со Тал­ды­қор­­ған­­да бейтаныс бір жанның «Біз тағдырымызды На­зар­баев­қа тапсырғанбыз. Көтерген мәселеңізді сол шешеді. Біз­дің онда шаруамыз жоққа» саядымен жауапкершіліктен бас тартуын қоссақ, шынында да осы қазаққа патриотизм керек пе өзі деген ойға еріксіз қаласың. Оның үстіне орыс газетінде істейтін қазақ журналистің қазақтың кезінде шөлді де шөлейтті жерлерге күшпен көшіріліп, отаршылдық саясатынан тепкі көрген ұлтымыз туралы мақаланы басудан бас тартуын қоссақ, біз әңгіме еткелі отырған мәселе, тіпті, күр­де­ле­не түседі. Шынында да, осы қазаққа патриотизм керек пе?

ҰЛТЫМЫЗ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯДАН НЕ КҮТЕДІ?

Тәуелсіздігімізді жариялағанымызға да он жылға жуық уа­­қыт болды. Алғашқы жасқаншақтай басып, жалтаңдай қа­ра­ған кезек-кезең өтетін де мезгіл жетті. Енді, қазақ ұлт ин­тел­ли­ген­ция­­сы­нан ұлттық СӨЗ бен ұлттық ІС-ӘРЕКЕТ кү­те­ді. Құ­­дай­­ға шү­­кір, СӨЗ түсінетін, оны ІС-ӘРЕКЕТКЕ асыратын ұлт­тың тілі қыс­­қа­­рып, білек-қарымы тартылып қал­ған жоқ, әзір­ше. Бүгінгі қиын-қыстау, тығырыққа тірелгендей күй кешкен қа­зақ күн­нен-күнге шыңдалып, шымырланып келеді. Бү­гін­де оған сол ұлт интеллигенциясының қасиетті де, кие­лі СӨЗІ, әрі нақты да ор­нық­ты ІС-ӘРЕКЕТІ қажет.