Мақалалар

НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Заң адамды бағындырады, заңды ақыл бағындырады.

Не істеу керек? Бұл классикалық, дәстүрлі сауал. Қашанда алдымыздан кесе-көлденең мәселе көтерілгенде, не белгілі-бір жағдайда тығырыққа тірелгенде, болмаса халық тағдырына қа­тыс­ты көкейкесті сұрақ туғанда осы сауалды қоямыз. Бұл жолы да солай болып отыр.

ҚАЗАҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯСЫ ҰЛТТЫҚ ЭЛИТА БОЛУҒА ӘЗІР МЕ?

Сен – бас болсаң, қызметші халқың – аяқ болады.
Құтып

Негізгі әңгімені бастардан бұрын, алдымен оның кілті болатындай ойға ие белгілі орыс философ-тарихшысы П.Фло­рен­ский­дің: «Политическая свобода масс государствах, с представительным правлением есть обман и самообман масс… представительное правление ведет к господству случайных групп и всеобщей продажности; пресса, – к лжи» деген пі­кір-тұ­жы­ры­мы­на иек артқымыз келеді.
Өйткені, мұнда төменде тілге тиек болатын жайға қатысты сырдың бір ұштығы бар секілді. Шынында да, біз қазір жо­ға­ры­да келтірілген пікір тұжырымдағы көңіл-күй мен іс-әрекетті бастан кешіп жатырмыз. Бүгінде не көп, партия көп, тағы не көп, газет көп. Көп… көп… Ал, олардың сапасы қалай. Ұстанған ба­ғыт-бағдарлары мен мақсат-мұраттары қоғамдық, мемлекеттік, ұлттық мүддеден шыға ма? Олардың қай-қайсысы болмасын өзінше шырылдап шындық айтады, аһ ұрып ақиқатқа жүгінеді. Бірақ, соның көбісі өтірік, көбісі демагогия, боссөзділік, абстракция… Олардың қозғаушы күші – ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯ.
Ол кім? Оған қояр талап-тілек қандай? Оның шет-шегі қай­­да? Адамды несі, кандай іс-әрекеті үшін интеллигент дей аламыз? Егер, оған этимологиялық тұрғыдан зерделей қарасақ, яғни, те­рең­дей тамырына үңілсек, онда біз оқығанның бар­­лы­­ғын интеллигент деуіміз керек. Ол латын тілінде: «іn­tel­li­ge­ns: понимать, знать, мыслить, иметь понятие о чем-либо» деген ұғым­­­ды біл­ді­ре­ді. Бірақ, өкінішке орай бұл пікірде бір­жақ­ты­лық басым. Өйт­ке­ні, жоғарыдағыдай талап-тілекке жауап бе­ре­тін­дер­дің бар­лы­ғы жақсы адамдар емес.

МАҒАН ЦЕНЗУРА ЕМЕС, ЗАҢДАРДЫҢ ОРЫНДАЛҒАНЫ ҚАЖЕТ

Құрметті окырман, ақылдасып алғанымыз болсын, ә дегеннен бұқаның мүйізінен алғандай болмай, алдымен тілге тиек болатын мәселенің басын ашып алайық. Ол үшін әңгімені қа­шан­да, қандай жағдай, нендей мәселеге болмасын ши жү­гір­ту­ге әуес «Мегаполис» газетінің әнеу күнгі бір санындағы біз­­дің аты­мыз­ға айтылған сын-сықпыртпадан бастасақ дейміз. сонымен, ондағы қазақ басылымдарына жасалынған қа­йы­ры­мы қыс­қа шолулардың бірінде газет: «А.Алим ссылается на российские источ­ники, из которых становится ясно, что опре­деленные российские умы озабочены экспансией западных глобальных телесетей. Но при чем тут Казахстан?» дейді. Қош сонда, біздің қазіргі Қазақстандағы тәуелсіз те­ле­ди­дар­ла­ры­мыз­дың бағыт-бағдары қайда негізделген? Егер, мегаполистіктер білмесе айтайық, ол со өздері айтып отырған ресейге қа­рап тү­зел­ген. Бізде жалпы, теледидарларымызда өзін­дік шын шы­ғар­ма­шы­лық­тан туған хабарлар жоқтың қасы. ресей Еу­ро­па­ға, яки, Ба­тыс­қа еліктеп-солықтаса, ал, біздікілер со­лар­дың екеуіне де қарап сап түзейді. Тіпті, кейде, менің пенде басым «осы біз Ре­сей­дің провинциясы емеспіз бе?» деген де ойға беріліп қа­ла­ды. мысалы, «Рахат» ТВ-дан «Полицейский патруль», «криминальная Россия» секілді хабарлар мен тағы да басқа бағ­дар­ла­ма­лар­ды көрсеңіздер Сіздер де дәп мендей ойда қалар едіңіз. ондай мысалдарды өздерін тәуелсіз санайтын теледидарлардан сандап келтіруге болады. Мұның бәрін жасайтындар сол өзіміз, бір кезде тілге тиек еткен өздерінің шы­ғар­ма­шы­лық мүм­кін­дік­те­рі жоқ, қалам қарымы әлсіз, өзгенің ойы мен жаз­ға­нын компиляция жасайтын, яки, көшіретін телепузиктер. Сөй­тіп отырып, әлгі менің «Мегаполистегі» әріптестерім «Но при чем тут казахстан?» дейді.

ЖУРНАЛИСТІК МАМАНДЫҚТЫ ЖЕЗӨКШЕЛІКПЕН ЖАҢЫЛЫСТЫРМАЙЫҚ

Таңданбасқа қоймайтын бұ Құданың құдіретін қой­­са­­ңыз­­шы, әлде бір кітаптан оқып, қайдағы бір жанның айтуына қа­ра­ған­да жезөкшелік (проституция) пен журналистика ең ежелгі әрі көне мамандық көрінеді. Со білгіштердің айтуынша ал­­ғаш­­қы­­сы бірінші, соңғысы екінші орында тұрады екен. Енді, олар­­ға, жа­қын­да тағы бір білгіштің пайымдауынша, үшінші болып «адам құқығын қорғаушы» деген кәсіп қосылыпты. Мына қы­­зық­­ты қараңыз, олардың соңғы екеуі өздерінің ма­ман­дық­та­ры­ның әр жақты, әр түрлі қоғамдық жағымсыз пі­кір­лер­ге ар­­қау болып жүр­ге­ні­не қарамай оларды мақтаныш етіп, өз­­де­­рін де­мо­кра­тия­лық бағыт-бағдардағы журналиспіз, адам құ­­қы­­ғын қор­ғау­шы­мыз дейтінін қайтерсіз. Осынау тыныс-тіршілік пен он­да­ғы адам, қоғам, мемлекет, ұлт, саясат қа­ты­на­сын­да­ғы ең лас талас-тартысты қатынасқа мұрындық болып, екі­жүз­ді­лік танытып жүр­ген­ді­гін көргенде, оларды еріксіз «мен жез­­өк­­ше­­мін» деп айтудан ұялмайтын ежелгі де көне мамандық иесіне ұқ­сат­тыр­ма­ған­да не дейсің.

КЕТЕБАЕВ СИЯҚТЫЛАР КЕРІ ТАРТАДЫ

Немесе телерадио хабарларын таратуды реттеуге қарсылық көрсетіп жүргендердің көздегені не?

Мен осы бір тақырыптағы мақалаға кіріскенше, оның әуе­лі кілтін, сосын есігін таба алмай біраз әурелендім. Былай қа­ра­ғанда ол мерзімді басылымдар мен телеарналарда аз сөз болмай жүр­­ген секілді. Мұны айтып отырғанымыз, жаңа газетшілдік пен тә­уел­сіз­дік терісін жамылған әлдекімдерге тәуелді газеттер мен те­ле­ви­зия­ның етек алып, олардың заңдық-құқықтық тәр­тіп-тә­­лім­­ге бой ұсынбауы Қазақстанның ақпараттық кеңістігіндегі ең басты мәселе болып отыр. Олардың стратегиялық болмыс-бі­ті­мі қазақтың ұлттық сана-сезімге негізделген ойлап-сезіну, қа­был­дау жүйесін өзгертіп, сосын Қазақстан халқының күн­­де­­лік­­ті тыныс-тіршілігіндегі қарым-қатынасты өз дегендері бойынша қалыптастыру. Яғни, сонау 1917 жылдағы большевиктер се­кілді ескі деп қабылданатын дәстүрді күйретіп, өзге ел-жұрт­­тан телінген «жаңаны» сіңіріп, енгізу. Мұны революциялық-ре­­фор­­ма­торлық негіздегі большевизм демеске амалымыз жоқ. Олар­­дың көз­де­ге­ні дәстүрлі қоғамға, қалыптасқан отбасы институтына, діни наным-сенімге, сондай-ақ, басқа да ұлт­тық құн­ды­лық­тар­ға өз­де­рін­ше батыстық, не америкалық реформа жүргізу.

ДЕМОКРАТИЯ МЕН ДЕМАГОГИЯНЫ ЖАҢЫЛЫСТЫРМАЙЫҚ

«…Всякое заимствование начинается с внешнего подражания и перенимания всего плохого, что есть на Западе. преклонение перед чужеземным сопровождается охаиванием отечественного богатства национальной культуры…» Бұл орыс философы Леонтий Савельевтан қалған сөз. Мұны келтіріп отыр­ған себебіміз, соңғы он жыл ішінде тәуелсіздік пен де­мо­кра­тия­ға қатар қол жеткізген кезімізде, біз Батыстан нені алып, қан­дай құндылықтарды игердік, сосын оның өркениеті мен мә­де­ние­ті­нен қаншалықты үйрендік деген мәселе төңірегінде ой қоз­ғау. Алдымен демократияға келсек, біз оны жоғарыдағы философ айтқандай оншалықты оң жеміс беретін жетістіктермен бас­та­ған жоқпыз. Оның айғағы бүгінде көз алдымызда өтіп жатыр. Көп партиялық па, азаматтық құқық пен еркін сайлау ма… жа­ны­мыз­ға не керек, бәрі бар. Ой мен сөз еркіндігінен де шет қал­ған жоқпыз. Кез келген деңгейдегі партия құрып, қай тілде, қан­дай кезде газет шығарамыз десек те шектеу қойылып жат­қан жоқ. Оны айтасыз, теледидар камерасының алдында, өсі­ріп айтқанда жалаңаш тұрып, Президенттен бастап кез келген деңгейдегі шенеунікті қандай сөзбен ластап, қандай іс-әре­кет­пен басына шықсаң да «әй дейтін ажа, қой дейтін қожа жоқ».

«БАТЫС СІЗДІ ӘУРЕ ЕТПЕЙ-АҚ, ӨЗІ КЕЛДІ… ҚАРСЫ АЛЫҢЫЗ!»

Бұл мақала жазылар, не жазылмас еді. Әдеттегідей, журналистік машықпен қойын дәптерімді парақтап отырғанмын. Бә­рі­не, со «кінәлі»… Онда «…қазақ қазақтығын істеді. миссияны түсінбеді. Екінші Шоқанның тумауы да мүмкін еді. Мас­қа­ра сонда болатын еді. Екінші Шоқан Олжас кейпінде ту­ма­ған­да біз ұлт ретінде мәдени майдан шебін бұзып, алға те­рең­деп еніп кетуіміз талай жылдарға шегеріліп кетер еді. Шо­қан­ды түсінбеу осындай қауіпке ұрындырды. Олжас – қа­зір қазақтың символы. Тіпті, ол түркі дүниесінің, әрі кетсек, Азия мен Шығыс дүниесінің символы бола алады. рабиндранат Тагор, Нагиб Махфуз, Махатма Ганди, Ясунари кавабата, Рюноскэ Акутагава тәріздес тұлғалардың тізімін олжас әрі қарай жалғастыра алады. Мұхтар Әуезов пен бауыржан Момышұлын туған қазақ Абай мен Шоқаннан соң, Мағжан мен Шәкәрімнен соң, Олжасты туды. Рахмет, Тә­ңір­ге. Тәңір біздің мұңымызды, көз-жасымызды көрді. 30-жылдары біз көп жылап едік.

ҚАЗАҚ ТАРИХЫН БІЛМЕЙТІН АДАМ «ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫН» ҚАЛАЙ ЖАЗЫП ЖҮР?

Для понимания истории народа
и его культурной жизни нужно знать его язык.
Академик В.В. Бартольд

Жақында жоғары оқу орны студенттері мен аспиранттарына, сондай-ақ, тарих сүйетін қалың көпшілікке арналған Н.Ма­са­нов, Ж.Абылхожин, И.Ерофеева, А.Алексеенко, Г.Баратованың «история Казахстана: народы и культуры» деген Қа­зақ­стан тарихы туралы оқулығы қолымызға тиді. Бұлардың Қа­зақ­стан тарихын жазудағы ұстанған мақсат-мүдделері, ой-тұ­жы­рым­да­ры мен ниет-пиғылдары қандай?
Міне, біз аталған тарих оқулығы кітабын осы тұрғыдан қа­рас­тыр­ғы­мыз келді. Қала берді, жоғарыдағы аталған оқу­лық­ты жазған азаматтардың Қазақстан тарихын және оның ха­лық­та­ры мен мәдениеті туралы кітап жазуға моральдық, азаматтық, заңдық, тіпті, тарихшы ретінде құқықтары бар ма? Болса қан­дай? Жалпы, Қазақстанның, ондағы кіндік ұлт қазақтың тарихын жазуға қандай критерийлер мен принциптер керек? Әлде, өзін тарихшымын деп санайтын кез келген тарих факультетін бітірген адам Қазақстан тарихын жаза бере ме?

МАСАНОВ ҚАЗАҚТЫ АЯМАЙ ҚОРЛАП КЕЛЕДІ

Жалпы, осы бір «саудың тамағын ішіп, жындының сөзін сөй­ле­ген» жандай әсерде қалдыратын адам туралы жазып, сөз қоз­ғау­дың өзі ауыр. Оның Қазақстан егемен ел, тәуелсіз мемлекет болғаннан бері түн ұйқысының төрт бөлініп, ол біздің мемлекеттілігімізге, со мемлекеттің кіндік ұлты қазақтардың атына лоқ­сық сөздер айтып, өзінше кемсітіп-кеміткенді былай қой­ған­да ар-намысымызды аямай аяқасты етіп келеді. Және онысы үшін Масанов мырза ақталып, қателесіппін демейді, керісінше, «Но их брань (қазақ патриоттарын айтады – А.Ә.) меня нисколько не волнует» дейді. Әрине, оны бүгінгі күн­ге дейін шын мә­нін­де «тәртіпке» шақырып, жеріне жеткізе «ұры­сып» жатқан ешкім де жоқ. Әзірше, оның жазғандарын тілге тиек етушілер «Нұр­бо­лат-ау, мұныңды қойсайшы» деу­ден аса алмай келеді. Ал, енді біреулердің оның ұлтқа жапқан жала, жаққан күйесін сот­қа бергенмен де аяқсыз қалдырғанына қан­ша­ма уақыт. Біз де бұл тұс­та оны «жер аударып» жіберіп, «Ит жеккенге айдасын» демейміз, бірақ, оның жазып, айтып жүр­ген­де­рі­нің сөз бос­тан­ды­ғы, ой еркіндігі, демократия секілді қа­сиет­ті ұғым­дар­дың шекарасынан әлдеқашан асып кеткенін ескертеміз. Сол, өзін демократ санайтын, әрі туған ұлтының тілі мен ділін, тамыры те­рең­ге кеткен тарихын сезіп білмейтін «кітаби» масанов дәп қа­­зақ­­тың атына айтылған әрі жапқан жала сөз­де­рін басқа мемлекетте, тіпті, нағыз демократиялық ел саналатын аме­ри­кан­дық­тар­дың атына айтса, ол қазір қашан басқа жағдай, бас­қа орында басқаша сайрар еді. Өйткені, американдықтар үшін сөз бос­тан­ды­ғы, ой еркіндігі, демократия американдықтарды жамандатып қойып, олардың ар-намыстарын аяқасты ету емес.

ЕУРАЗИЯДА ҰЛТҚА ОРЫН БАР МА?..

Евразийство не удалось. Вместо пути проложен тупик.
Он никуда не ведет. Нужно вернуться к исходной точке.
И оттуда, быть может, откроются новые кругозоры,
протянутся новые и верные пути.
Георгий Флоровский.
«Современные записки». Париж, 1928 г.

Сонымен, белгілі орыс дін зерттеушісі, философ және тарихшы Г.Флоровскийдің жоғарыдағы біз келтірген сөздегі болжамы дұрыс келіп, «Еуразия» және «еуразияшылдық» бағыт-бағ­дар­да­ғы ой-тұжырымдар іске аспады. Оның қоғамдық-саяси өмір­де аз ғана уақыт болса да айналысқа түсіп, аяқсыз қалуына әр­түр­лі тарихи-әлеуметтік, мәдени-рухани жағдайлармен қатар, со кезеңдегі социалистік құрылыстың шетелдегі орыс эмигранттарына аса «сақтықпен» қарауларынан да еді.