Мақалалар

ЕҢ МЫҚТЫ ҰЛТ қандай болуы тиіс?

БҮГІНДЕ тәуелсіздік алып, егемендікке қол жеткізге­ні­міз­ге он үшінші жылға аяқ басты. Егер бұған өткен кеңестік ке­зең­де­гі бес-жылдықтар белесімен қарасақ едәуір уақыт. Ал, оған тарихи тұрғыдан келсек, онда бұл жас баланың қаз тұрып, мектеп табалдырығын аттағанынан кейінгі әлі де болса жақсы мен жаманды толық айырып болмаған кезі. Ендеше, біз мәселеге соңғы пікір-тұжырым тұрғысынан келгеніміз жөн. Құдайға шү­кір, Қазақстан қазір өзінің экономикалық-әлеуметтік, саяси-қо­ғам­дық жағдайымен ТМД, яғни «үшінші әлем» (тәуелсіздікке жаңа қол жеткізген мемлекеттерді батыс солай атайды – А.Ә.) елдері арасында ең алдыңғы саптағы мемлекет қатарында болмаса да, көштен қалып жатқан жоқ. Бірақ қазақтың қазіргі қа­сі­ре­ті тәуелсіздіктің қадір-қасиетін толық түсінбей, әлі де болса әлдебір, әлдеқайдағы Батысқа не Америкаға, тіпті бол­ма­ған жағдайда, іргеміздегі «сендерді жарылқап тастаймыз» дегендерге алаңдап отыратындығы. Мұндай синдромнан арылмай болмайды.

БАЛЫҚТЫҢ ТІЛІН БАҚА БІЛЕДІ НЕМЕСЕ ДУГИННІҢ ДОСЫ КІМ?

Дугин түсінігіндегі «Казахские нацисты» маған неге ұна­май қалды? «Нацистер» мәскеулік десант – Дугин на­си­хат­та­уын­да­ғы Еуразия идеясының ұлт үшін қаншалықты қауіпті екенін жақсы біледі. Білгесін со кісінің қатысуымен алматыда өт­кен баспасөз мәслихатында және Болат Әбілов жүргізетін «Өзін­дік пікір» бағдарламасында оған, яғни, оның Еуразия идеясы туралы айтқан ой-тұжырымдары мен пікірлеріне күй­ре­те соққы берді. Әрине, сосын да о мырза талағы тарс айрыла, қазақты ұлтшыл деп айыптап отыр.

ТАҒЫ ДА ЕУРОАЗИЯ ЖАЙЫНДА

«Дін құрыса, тіл сақтайды, тіл­ құрыса, үн сақтайды, бәрі құ­­ры­­са, діл сақтайды (иаһуди-еврейлер мысалы). Діл, тіл, дін тізе қосқанда оны оқ қана жеңеді». Бұл А.Сүлейменовтен қал­ған сөз. Түсінгенге, жетесіне жеткенге оқтың ар жағында өлім ғана жатыр емес пе? Ендеше, қазіргі екі топ – текке (генге) негізделген дәстүршіл топырақта өніп-өскен тиянақшылдар (кочевники) мен либерал-радикал, көзсіз, сана сарабына салмай елі­тіп, еліккіш батысшылдықтың «балалық ауруымен» ауыр­ған­дар арасындағы талас-тартысқа мұрындық болып жүрген кейбір интеллигенция өкілдерінің ой-өрісі оған жетпесе, кім кі­нә­лі? Осы тұста ескертетін бір жай, біздіңше олардың сана-сезімі жетпейді емес, дұрысы өздері оған ойларын саналы түр­де жеткізгілері келмейді. Өйткені, кеңестік кезеңдегі аяқ-қо­лын жылы суға малған, нақтылай айтқанда, «ішкені алдында, ішпегені артында» қызығынан айрылмасақ дейді. Ол кезде ел-жерлік, салт-дәстүр, сана-сезімнен қол үзген орыс идеясымен су­ға­рыл­ған, жалпыорыстық-интернационалистік ас­си­ми­ля­ция­ға ұрын­ды­ра­тын идеологиямен қаруланған мақсат-мүдде со­лар­ға қыз­мет ететін. Сөйтіп, оларды өз ұлтының ішіндегі «ақ қар­ға» ретінде ерекше ұстайтын.

Мәскеу Мекке емес, Путин пайғамбар емес ендеше, Балташ Тұрсымбаев ол жаққа неге сөз тасиды?

Иә, осынау тақырып біреулердің құлағына түрпідей тиіп, одан олар қоғамдық саяси астар іздеп әлек болуы бек мүм­кін-ау деген ой бізді ә дегенде мазалаған. Сөйтсек, онда тұрған еш­те­ңе жоқ екен. Өйткені, шындығында да, кейбір сонау бір келмеске кеткен кеңестік кезеңді аңсаған «саққұлақтар мен қы­ра­ғы­лар» 2000 жылы құрылған Еуразиялық Экономикалық Қа­­уым­­дас­­тықтың соңғы кездері саны артып, жақында өткен ре­сей­де­гі Қа­­зақ­стан жылының салтанатты ашылуы мен ЕурАзЭҚ фо­­ру­­мы­­ның тұспа-тұс өтуі, әлгілердің КСРО туралы сөне бас­та­ған үміт шамын қайта жаққандай болды. Оған соңғы кездері кең етек жая бастаған Еуразия идеясын қоссақ, жаңағылардың санын ша­па­ғат­тау­ла­ры­ның ұлғая түскенін көреміз. Сөйтіп, олар­дың біреуі Мәскеуге барса, Меккеге барғандай, Пу­тин­нің қо­лын алса, пайғамбармен ұшырасқандай күй кешіп жүр­ге­ні­не куә болып жүрміз. Мәскеуден кеудесіне құрмет белгісін та­ғып келген кей­бір депутаттардың іс-әрекет, келелі жерде сөй­ле­ген, енді, бір сөздері жоғарыдағыдай ой-тұжырымға жетелейді. Олар­дың КСРО-ны аңсап, Меккелікті Мәскеуден, пай­ғам­бар­лық­ты путиннен іздеуден әлі де үміті үзілмегенін байқаймыз.

«ГРЯДУЩИЙ ХАМ»

Пиғылы жатпен бір отырма.

Құтып

Құрметті оқырман, мына тақырып Сіздердің құ­лақ­та­ры­ңыз­ға тым қатқыл тиіп, көздеріңізге тосын көрінер. Тіп­ті, кө­ңілдеріңізге де қона қоймас. Осы жолдарды жазып, тө­мен­де­гі ойды қозғап отырған пенделеріңіз мұны барынша се­зі­ніп, жақсы біледі. Қайтесіздер, бұ да бір журналистік тә­сіл, бұ да бір көп қырлы да сырлы амал. Әйтпесе, Құдайға шү­кір, алшылы-шікті, азды-көпті, барлы-жоқты, жетістік-кем­ші­лік­ті ізденісімізбен басқа да тақырып қоюға болатындай шама-шарқымыз да жоқ емес, бар. Сонымен…

ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ ТУРАЛЫ ҮЗІК СЫР

Қазақстанда «Отан», «Ақжол» секілді қанша партия барын білмеймін, бірақ, олардың әрқайсысының көш­бас­шы­сы болғысы келетінін жақсы білемін. Солардың бас­шы­ла­ры­ның не қосшыларының бірінің аузынан, не бағ­дар­ла­ма­сы­нан Ұлттық идея туралы естіп, оқымаппын. Сонда, олар­дың кімге, қай ұлт-елге қызмет еткісі келетінін тү­сін­бей­мін. Ал, ол жалпы қазақстандық болса, оның ұлтсыз, ойдан-қыр­дан жиналған американдықтардан айырмашылығы неде?

ТӘҢІРЛІК пен МҰСЫЛМАНДЫҚТЫ жаңылыстырып жүргендер кімдер?

Білімің жетпейтін нәрсеге пәтуа айтпа!

(Беззаз риуаят еткен Хадистен).

Құран Кәрімде: «О, халық! Не нәрсені де талқыла, сонда сен шындыққа жетесің» деп көрсетеді де, көзқарастар қай­шы­лы­ғы­нан ақиқатқа қол жеткізуге болатындығын таратып айтады. Сол қағидаға сүйенсек, газет бетіндегі кейбір айтылып, жа­зыл­ған ой-пікір, айта берді пышақ кесті тұжырымдарға өзі­міз­дің көзқарасымызды білдіріп жатуымыздың еш артықтығы жоқ. Ал, ол жаңағы Құран Кәрімде көрсеткен ақиқатқа қол жеткізе ме, жеткізбей ме, елеп-екшеу Сіздердің еншілеріңізде. Сон­дық­тан да, біз кез келген ел, жер, ұлт және халық мәселесіне келгенде ұстанған принципімізден таймай, оппоненттерімізді сынға алып жатсақ, мұнда да ерсілік болмас. Тіпті, ағымыздан ақ­та­ры­лып айтсақ, біз қарсыласымыздың жеке азамат басын емес, ұстанған принциптері мен ұстануға ұсынған идеяларын сынаймыз.

БИЛІКТЕН ГӨРІ БІРЛІКТІ ОЙЛАСАҚ ҚОЙ

Соңғы кездерде теледидар мен мерзімді басылымдағы өз­де­рін жаңа олигарх санайтындар мен биліктің қай саласында болмасын құрылымдар арасындағы мылтықсыз майданды кө­ріп, оқып, біле отырып, қоғамымыздағы Мемлекет пен Биз­нес­тің мақсат-мүдде, бағыт-бағдарларында қайтып қалыпқа келуі екіталай көзқарастар қайшылығы қалыптасып қалыпты-ау, деген ойға еріксіз беріледі екенсің. Әйтпесе, Президент пен Үкі­мет, сондай-ақ, қылмысқа қарсы күресетін тиісті органдар жем­қор­лық­пен күресті қайта қолға алмас еді ғой. Біздіңше, кейінгі 7 – 8 жылда қанаты қатайып, тісі беки бастаған бизнес-элита: «Біз билікті сатып аламыз, сондықтан, ол бізге қызмет етуі тиіс» дейтін сыңайлы да, ал, Елбасымыз бен Үкіметіміз: «Жоқ, ке­ші­рі­ңіз­дер, сіздер өздеріңіздің бизнестеріңізбен ай­на­лы­сы­ңыз­дар. Саясатта шаруаларыңыз болмасын. Сосын, мем­ле­кет­тің ісіне араласпаңыздар» деген талап-тілек қояды. Со­ған қа­ра­май олигарх-элитаның лидерлері мен идеологтары өз­де­рі­нің ба­қы­лау­дан тыс, мемлекеттік, қоғамдық, ұлттық жа­уап­кер­ші­лік­тен ада еркіндіктеріне шаң тигізгісі келмейді. Олар­дың ал­­дың­­ғы­­ла­­ры – Қажыгелдин шетел асып, енді бірі – Жа­қия­нов осын­да­ғы со­­лар­­дың елшілігіне тығылып, қазір істі болып те­мір тордың ар жа­ғын­да отырса, тағы бірі Әбілязов құрыққа мық­тап түсіп, ке­ші­рім сұрап, жанашырлары демократияны алға тартып, кә­дуіл­гі қылмысты саясатқа айналдырып, рес­пуб­ли­ка­мыз­дың ел-жұр­тын дүрліктіруде. Сонда, бізге халық мақ­сат-мүд­де­сін қол­­дап-қорғайтын заң, әлде сан алуан құй­тыр­қы­лық­пен өт­пе­лі әрі аяқастынан келген қиын-қыстау кезеңде байып ал­ған бизнес-элита керек пе? Міне, дәп осы тұста Қазақстанның қа­лың жұрт­­шы­лы­ғы бизнес пен саясаттың арасында адаспай, өз­де­рі­нің мемлекет, қоғам, ұлт мүддесіндегі талап-тілектерін олар­дың қай-қай­сы­сы­на да қоя білулері керек. Әйтпесе, халық, бизнес және үкімет өз қоғамына, өзінің мемлекеттік құрылымына қыз­мет етуі тиіс.

ТЕГЕУРІНІ МЫҚТЫ ҰЛТ ТЕПКІГЕ КӨНБЕЙДІ

Айтар әңгімемізге байланысты, құрметті оқырман, алдымен бір мәселенің басын ашып алайық. «Ұлт» және «этнос» дегеніміз не? Олардың айырмашылығы неде? Этнос – грек тілінен аударғанда «халық» ұғымын білдіріп, өзіндік этникалық сана-сезімге негізделген адамдар жиынтығын көрсетеді. Яғни, «халық» өзін-өзі толыққанды болмыс сезінбеген жерде этнос жоқ. Ал, ұлт – тарихи, аумақтық және экономикалық, әлеу­мет­тік-саяси құрылымға ие, бір тілді психологиялық сосын рухани, одан әрі өзіндік мәдениеті мен өркениеті қалыптасқан өзге ұлыс­тар мен ұлттарды біріктіруші, өз атында мемлекеті бар категория. Жер шарының қай түкпірінде болмасын өмір сүрген қа­зақ­тар со тұрған жерінің атын алған ұлтпен бірге ғұмыр кешкен «ха­лық» саналады да, ал, қазақстандағылар болса ұлт санатына қо­сы­ла­ды. Бұдан келіп шығатын қорытынды, қазақтар өз отанымызда ұлт саналады екенбіз. Бұл қай «ұлт», қандай да «ха­лық­қа» болмасын тән қасиеттер. Бізді құрметті оқырман, дұрыс тү­сі­ні­ңіз­дер. Бұ жерде біз мәселенің теориялық бір жағын ғана әң­гі­ме­леп отырмыз. Әйтпесе, ұлттың жеке тұлға азаматы қай жерде жүріп-тұрса да со ұлттың өкілі болып қала беретіні анық.

АЛЛА МЕН АДАМ ЖАРАТЫЛЫСЫН ЖАҢЫЛЫСТЫРМАЙЫҚ

Алла тағала өзін бүкіл жер патшасымын
деп жар салған мақтаншақты ұнатпайды,
тек бір Алла ғана бүкіл әлемге билік ете
алады.
(Мұхаммед пайғамбардың хадистерінен)

Құрметті оқырман, Сіздерден Алла алдымен жандыда адамды, жансызда Қаламды жаратқасын ба, о екеуіне де тән; азамат ретінде де, сосын, со Қалам жолына түскесін көп білемін деуден ада, түртпектеніп ізденіп жүретініміз барлығын жасырмаймыз. Олай дейтініміз, кейбіреулердің біздің осы бір ізденістерімізді тырнақ астынан кір іздеушілік деп қабылдайтыны да бар.