Мақалалар

ҰЛТТЫҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ

ҚАЗАҚСТАН – Еуразия кеңістігі, әрі ТМД елдері ішіндегі дәс­түр-салты, тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпымен бірге, ай­мақ­тық-ау­мақ­тық орналасуы да ерекше мемлекет. Бұлай дей­ті­ні­міз, оны кім жаулап алып, қандай жұрт аяқасты еткісі келмеді дей­сіз. Со­ған қарамастан, ол елдік қадір-қасиетін толық жоғалта қой­ған жоқ. Қа­зақ­станды айта берді ежелгі Египет ми­фо­ло­гия­сын­да­ғы ажал төніп келе жатқанда жанып кетіп, сосын қайта күл­ден өне жаңарып, жаңа туғандай күй кешетін Феникс құспен те­ңе­се де болғандай. Ендеше, оның иесі қазақ та сол Феникс құс­қа ұқсас. Сондықтан, ұлттық идеяны алыстан іздеп, тон піш­пей, сол қазақтың өзінен іздеуіміз керек. Оның негізі – ұлттың тағ­дыр-талайы аумалы-төкпелі өмірбаянында. Сонымен бірге, ұлт­тық иммунитетінде. Ал, иммунитет дегеніміз – адам бо­йын­да­ғы белгілі бір қоздырмалы ауруды улы әсері болғанына қа­ра­мас­тан бойына толық сіңірмей, оған қарсы көрсететін әре­ке­ті то­лық­қан­ды жетілген қасиет. Қазақтың пәлен ғасырлық жоң­ғар-қал­мақ, орыс, тағы да басқа сырт жаугершілігінен аман қа­луы­ның сыры сонда. Сондықтан, мына алып Қазақстанның иесі алдымен қазақ, ал, ондағы диаспора саналатын ұлттар мен ұлыс­тар соған ортақ, яғни, қазандас халық.

Сақтануға үндейтін саяси сандырақ немесе жириновскийдің пиғыл-ниеті туралы

Сақтануға үндейтін саяси сандырақ немесе жириновскийдің пиғыл-ниеті туралы

Бұл мақаланы Ресей мемлекеттік думасының әр оты­ры­сы­ның шырқын өзінің айқай-шуы, бас бұзар іс-әрекеті, даукеспе іліп-қақпаларымен бұзып отыратын Владимир Жириновский­дің кезекті бір сандырағы деп жазбай-ақ қоюға болар еді. Оның үс­ті­не «Ит үреді, керуен көшедіге» сайдыра салсақ, еш­те­ңе­міз де кет­пей­тін. Бірақ, соның бәріне қарамай біз азамат, әрі журналист ретінде олай ете алмадық. Олай етпейтін де едік. Оның се­бе­бі, жақында мәскеулік әріптес достарымыздың қо­лы­мыз­ға ти­гіз­ген В.Жириновскийдің «Последний бросок на Юг» кітабы. Бұл «еңбек» немқұрайлы қарауды, сондай-ақ, үн­де­мей қа­лу­ды кө­тер­мей­ді. Аталған жинақ алғаш рет 1993 жылы ақ­пан айында жа­рық көріп, екінші басылымды бастан кешіріп отыр. Яғни, бұл атал­ған кітапқа, кітаптағы идея мен идео­ло­гия­лық ой-тұ­жы­рым­ға, автор ұсынған бағыт-бағдарға ресейде қы­зы­ғу­шы­лар көп деген сөз.

«ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰЛТ» ТУРАЛЫ БІРЕР СӨЗ

Соңғы кездері еліміздегі басылым беттерінде «Қа­зақ­стан­дық ұлт» атты пікір-тұжырым төңірегінде едәуір әңгіме болып жүр. Кезінде ол туралы бірлі-екілі газетте өз ойымызды да біл­діргеніміз бар. Енді міне, сол бір пікірлеріміздің басын біріктіріп, «Қазақ­стандық ұлт» туралы мақаламызды на­зар­ла­ры­ңыз­ға ұсынып отырмыз.

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ КІМ?

Басын ашып алайық, әлдебіреулер айтып-жазғандай біз еш­қан­дай Батысқа, орысқа, еврейге қарсы емеспіз. Біз қар­сы бол­сақ көзсіз, сана-сарабына салмай, елітіп-еліккіш ба­тыс­шыл­дық­қа, орысшылдыққа, еврейшілдікке қар­сы­мыз. Бая­ғы­дан айтып-жазып та келе жатқанымыз со пікір, со іс-әрекет. Сон­дай-ақ, біздің ешкімнің жағасынан алып, етегінен бас­қы­мыз да, кез келген «ұлы тұлғаға орынсыз сын айтып, оны «ұлт­тың жауына» айналдырғымыз да жоқ, бар болғаны Лев Тол­стой­дың: «Вера в авторитеты делает то, что ошибки автори­тетов берутся за образцы» (Исповедь, Тайный дневник, 1998 г.) деп күн­де­лі­гін­де жазғанындай принципте ой-пікір қоздатамыз.

(2001 жыл. «Қазақ әдебиеті», «Тағы да сол батысшылдық, туралы» мақаламнан)

«ӨЗІҢДІ ӨЗІҢ ЖАТТАЙ СЫЙЛА, ЖАТ ЖАНЫНАН ТҮҢІЛСІН»

СІЗДЕРДІ қайдам, құрметті оқырман, менде бір ұлы арман бар. Әрине, адамның бүкіл арманы, көздеген мақсат-мұраты, талап-тілегінің бәрі ешқашан уақыт пен кеңістікте орындала бермеген. Орындала бермейді де. Оның өкініштілігі мен ак­сио­ма­лы­лы­ғы да сонда. Соған қарамай, олардың құдіреттілігі мен құн­ды­лы­ғы – адамзатты үнемі алға жетелеп қана қоймай, то­қы­рап-тоқ­тап қалуға жол бермейтіндігі. Қазақтың «Құдайдан үмі­тім бар», «Үмітсіз — шайтан» деуінің де сыры сонда.

ҚАЗАҚСТАНДЫ КОСМОПОЛИТИЗМ ЕЛЕСІ КЕЗІП ЖҮР

Бұл мақаланың негізі бір кезде жасалынып, кейбір ой-тұ­жы­рым­да­ры­мыз мерзімді басылымдарда үзік-үзік жарияланып жүрді. Соған қарамай, үнемі ізденіс үстінде жүретін әдетпен кө­кей­де көптен жүрген жайларды алдарыңызға толық әрі жан-жақ­ты тартсақ деген ой көптен көкейімізде болатын. Оны асық­тыр­ған жақындағы Парламент депутаттары О.Әбдікәрімов, Ж.Тұяқ­бай, Ғ.Байназаров, Х.Ережепов, Ғ.Қалиев, Қ.Тұрысов, М.Сағ­диев­тің өз әріптестері Айталының тіл туралы көтерген мә­­се­­ле­­сі­­не өре түрегеле қарсы болуы мен күні кеше ғана «литературная газета» 23 наурыз күнгі №10 санында жарияланған александр Ду­гин­нің православияға негізделіп, орыс шовинизмі құ­­лық-ние­тін­де­гі Еуразия идеясына байланысты «Евразийство наследует дух и стиль Московской Руси. Это продолжение той Руси, того русского государства, где элита и массы говорят на одном языке и где этот язык национальный» дей келіп, «сейчас наблюдается бум евразийсива в двух странах – в казахстане и Турции» деген ойды қозғай «… в казахстане это означает ускоренную реализацию Евразийского союза – проекта назарбаева» деп айтқан пікір-тұжырымы болды. Бұ­лар­­дың екеуінен де аңғарғаным Қазақстанды көптен бері космополитизм елесінің кезіп жүргендігі. Сондықтан…

ЕУРАЗИЯ ИДЕЯСЫ МЕН ЕУРАЗИЯ ОДАҒЫ ЕКІ БАСҚА ТҮСІНІК

Бұл мақаланың негізі бір кезде жасалынып, кейбір ой-тұ­жы­рым­да­ры­мыз мерзімді басылымдарда үзік-үзік жарияланып жүр­ді. Соған қарамай, үнемі ізденіс үстінде жүретін әдетпен кө­кей­де көптен жүрген жайларды алдарыңызға тағы да тартсақ деген ой аяқ астынан келді.

Қоғамда жақсы адамдар көп, бірақ олар каскадерлар сияқты

«Ақын әрқашан екі некелі:
ерте ме, кеш пе, ол бәрібір
қиялымен бас қосады».
Ален БОСКЕ,
(1919 ж.т.) француз ақыны,
прозаик, өнертанушы

«Распутинщина» індеткен тұста әйел етекке сүрінеді, еркек жетекте бүлінеді

Сонымен, «Распутинщина» не «распутин шайындылары» – бүгінгі қоғамды жайлаған әлеуметтік-психоло­гия­лық, айта берді, саяси құбылыс. Әйтпесе, оқырманның бұ­лың­ғыр – академиялық былдырмен басын қатырмай, қа­зақ­тың жалпақ тілімен айтқанда, ол жұқпалы күйе, кімнің, ненің болса да басын байлап, дуалап алатын сиқыр. Онда жыныс болмайды. Әдетте мұндайлар қылмыскерлерден де қа­уіп­ті. Қылмыскерлерге құрар қақпан, тастар тор бар. Ал, ал­­дың­­ғы­­лар үшін еш шара, айла-шарғы жоқ. оларды кө­­зің көріп, көңілің ғана сезеді. Ерекше бір қызығы, олар бір-бі­рін алыстан танып, бір-біріне тез жұғысады.

БІЗ ЖУРНАЛИСТИКА МЕН КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТІ ЖАҢЫЛЫСТЫРЫП АЛДЫҚ

Қазақ радиосының тікелей әуе толқынынан берілген «Ашық әңгіме» хабары. Хабардың қонағы – «Заң газетінің» қыз­мет­ке­рі, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты, ақын, публицист Аманхан Әлім. Хабарды жүргізген Әлібек Шегебай.