Мақалалар

«ИIСI ШЫҚҚАН ТОҒАН СУДАЙ БОЛМА, ЖАҢА ҺӘМ ЖАҢАЛАН»

Күнi ертең, анау ақтаңдақ жылдары кәдiмгi адам секiлдi ре­прес­сия­ға ұшыраған Ұлыстың (қуатты мемлекет деген ұғым­­да – А.Ә.) ұлы мерекесi де табалдырықтан аттағалы тұр. ендеше, қош келдiңiз әз Наурыз! Бұл мерекенiң қасиеттiлiгi мен киелiлiгi, оның ұрпақтан ұрпаққа алмасып, тiптi, бiр кездегi қара орман қазақтай «мың өлiп, мың тiрiлгенiнде». Онда тә­ңiр­лiк­тен тамыр тартқан сенiм-наным, бағыт-бағдарлы ұстанымға не­гiз­дел­ген мұсылмандықтан өрген Иман, егемен ел, тәуелсiз мемлекет құнттаған зайырлылық та бар. 

АДАМ АЛЛАНЫҢ КӨШIРМЕСI ЕМЕС

Бiз мақаламызға тиек еткелi отырған тақырыпты кезiнде жазып, оқырмандарымызды дiни қандай да кiтапты оқыған кезде оның мақсат-мүддесi, ұстаным-ұстыны қандай екендiгiн ажырата бiлулерi керек екендiгiн ескерткен болатынбыз. Және оған әлi де сан оралатынымызды айтып өткенбiз де. Өйткенi, елi­мiз­де сан түрлi секталардың кең етек жайып, халқымыздың арасына сына қағып жүргенi бәрiмiзге де белгiлi. Ендеше, көше кезiп, үй аралап дiни кiтаптар таратқандарға да өте сақтықпен қа­ра­ға­ны­мыз жөн. Бұны айтып отырған себебiмiз, қолымызға тиген бiр кiтап сол бағыт-бағдардағы ұстанымды насихаттаған жи­нақ. Ол новосибирскiдегi «ЭКОР» баспасынан басылған О.Н. шатохин дегеннiң ағылшын тiлiнен аударған «манифест ислама» атты кiтабы. Авторы – Мухаммад Рафи-уд-Дин. Ол атал­ған кiтабында Исламның ұстанған бағыт-бағдарымен бiрге, оның мән-мағынасы және саяси-моральдық, қоғамдық тұр­ғы­да­ғы алатын орны туралы ой толғайды. Жалпы, автордың Ис­лам­ға деген ниетiнiң қаншалықты түзу екендiгiн бiлмеймiз, бiрақ со­ған қарамай аталған кiтапты оқып отырып көңiлiңе күдiк, кө­кi­ре­гi­ңе түйткiл орнығады екен.

«ОҚЫ, ОҚЫ ЖӘНЕ ОҚЫ»

Бiр кезде ұлы күн көсем атанып, аты-жөнi Адам атадан бастап, ең соңғы пайғамбар Мұхаммед алеиһис саламға дейiнгi ара­лық­тағы пайғамбарлардың бәрiнен жоғары қойылып, айтылып та, жазылып та келген Ленин айтқан «Оқы, оқы және оқы» деген қанатты қағидаға негiз болған Құран кәрiмдегi:

1.Читай (и возгласи) !
3. Читай!
4. Он – Тот, кто (человеку дал) калам (перо)
и научил письму, – (96:1-4)

деген қасиеттi де киелi сөздi оқып, бiлiп өскен мұсылман ел-жұр­ты­ның бүгiнде бiлiмнен сонша артта қалғанына таң қаласың. Келтiрiлген алғашқы аяттардан-ақ Ислам иiсi адамзатты на­дан­дық­пен артта қалушылықты емес, iлiм-бiлiмге және оқып үй­ре­ну­ге әрi жазуға шақырғанын, сонымен бiрге Мұхаммед алеиһис саламның «iлiм iздеу әрбiр мұсылман еркек және мұсылман әйел­ге парыз», сондай-ақ, «бiлiм Қытайда болса да ал» деге­нiн ұмытпасақ мұсылман әлемi бiлiмнен мұншама артта қалар ма едi?

ЖАҢАГАЗЕТШІЛДІК

Бүгінде жаңагазетшілдік – ақпараттық кеңістіктегі індетке айналған дерт болып барады. Бірақ, соған қарамай, оны олай қа­был­дап жатқан ешкім жоқ. Тамсана, таңғала қарайды және оларды жата-жастана оқиды. Олардың арасында жеке бастың мақ­сат-мүддесі үшін ашылғандары барын былай қойғанда, күн­де­лік­ті ағымға ілесіп, ана бір желөкпе, желбас «сары басылымдармен» жарыса шығып жатқандары да бар.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОЛҒЫМ КЕЛМЕЙДІ

Бүгінде қоғам және экономика, идея мен идеология, тіпті, елі­міз­де­гі адами-моральдық қарым-қатынас пен әлеуметтік-тұр­мыс­тық дағдарыс жөнінде өздерін тәуелсіз санайтын қа­зақ-орыс басылымдары да аз жазып жүрген жоқ. Ел-жұрт ау­зың­да­ғы әң­гі­ме өзінше бір төбе. Бірақ, солардың бірде-біреуі соң­ғы жыл­дар­да­ғы қазақтың ұлттық сана-сезімі дағдарысына жет­пей­ді. 1986 жылғы желтоқсан көтерілісінен соң қазақ намысы ұзақ ұй­қы­ға кеткендей.

ОЛЖЕКЕ, СІЗ ҚАЗАҚ ЖАЗУШЫЛАРЫН ОҚЫМАЙДЫ ЕКЕНСІЗ…

Олжекең дегенім – Олжас Сүлейменов. Осыдан бір-екі жыл бұрын мерзімді баспасөздегі мақаламда, ол кісі туралы ой-пі­кі­рім­ді тұжырымдай келе, бұл тақырып мен үшін жабылды деген болатынмын. Бірақ, өкінішке орай, тағы да оған қайта айналып соғып, өз ойымызды қоздатқан оның қайбір басылымға берген сұхбаттарындағы сөздеріне пікір айтуға тура келіп отыр.

ҰЛТШЫЛ БОЛМАЙ ҰЛЫЛЫҚ ЖОҚ

Бұлай демеске амалымыз жоқ. Өйткені достық атты қа­сиет­ті де киелі ұғымды жамылып, еліміздегі диаспоралардың, яғни, азды-көпті ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің әлдебіреулері жер иесі қазақтың ұлттық дәстүр-салттарын екінші қатарға ысырып, тіліне қиянаттық жасап жатқаны барша қауымға белгілі. Ол әри­не күштеп жүргізілмесе де, әртүрлі қитұрқы әдіс-тәсілдермен ат­қа­ры­лып жатқаны анық. Мысалы, соның бірі – олардың Қа­зақ­стан­ды көпдінді де, көптілді мемлекет деумен бірге, қа­зір­гі кең етек алған үш тілділікті алға тартып, ана тіліміздің қа­дір-қасиетін барынша кетіруге тырысып жатқаны. Кеңестік ке­зең­де «ұлттар лабораториясы» саналған, ал, бүгінде әлі де болса со­ның салқынынан арылмаған Қазақстан үшін ұлттық идеяны қа­лып­тас­ты­ру­дың қиындығы мен қияметтігі сонда болып отыр. Оның себебі, сонау жылдары әртүрлі табиғи, тарихи про­цес­тер­дің кесірінен Қазақстанды мекендеген кейбір ұлттар мен ұлыс­тар­дың кіндік ұлт қазақ билік алып кетсе, бізге қиын болып қа­луы мүмкін деген үрейді ойларына да, бойларына да сіңірулерінен шығар. Әри­не, бұл – мезгілсіз келген үрей мен қорқыныштың синдромы ғана.

ТІЛ МЕН ДІН

Осынау бір қасиетті де киелі қос телі де тең ұғымдардың та­би­ғи да тарихи ерекше құбылыс екенін кім білмейді. дегенмен, оған күдікпен қарап, олардың арасына ши жүгіртушілер­дің барына еш шүбә болмасын. Оны күнделікті телерадио және мерзімді басылымдардан сәт-сағат сайын кездестіріп, оқып та, кө­ріп те отырмыз.

ҰЛТ МӘСЕЛЕСІ сабырлы да салмақты сөзді ғана көтереді

Ресейдегі орыс ұлтшылдығы. Ол туралы қаншама пуб­ли­цис­ти­ка­лық мақалалар мен ғылыми зерттеп-зерделеу ең­бек­те­рі, сон­дай-ақ, қаншалықты философиялық ой-тұжырымдар айтылып, әлі де болса оны болашақта да, соншалықты қарама-қай­шы­лық­қа толы мәселе ретінде көтере беретіні де анық. Тіпті оны айтасыз американдықтар тарапынан өрген «Орыс фа­шиз­мі» деген пікірдің қалыптасқаны тарихтан белгілі. Мұндай ұғым-түсініктерді кім таратып, ел арасына кім іріткі салады? шынында да, жоғарыда келтіргеніміздей «орыс ұлтшылдығы мен орыс фашизмі» бар ма? Болса, ол қаншалықты дәрежеде. Біз­дің­ше, әрине, осынау айналымға түскен, әрі ұлттың қадір-қа­сие­тін кетіретін келеңсіз жайларды шынайы көрсеткіш ретінде пайдаланып жүргендердің ар жағында қандай ойлар жатыр және олар кімдер? Түптің түбінде осындай – қашпа, шарды ыстық ауамен үр­ген­дей ел арасына іріткі салатын ұғым-түсініктер қазақтар тарапына да айтыла ма? Міне, осынау мәселе төңірегінде ой-толғап, өзіміздің журналистік, сонымен бірге азаматтық көз­қа­ра­сы­мыз­ды білдірсек деген ниет көптен көкейімізде жүретін.

«КҮНГЕ ЖАҚЫН ЕЛДІҢ ЖҮРЕГІ ЖЫЛЫ, МЕЙІРІМДІ БОЛАДЫ»

«Ауылға ұрланып келіп қайтамын»

Есімі елге танымал ақындар «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Ұлықбек Есдәулетов, «Жазушы» баспа­сы­ның директоры Есенғали Раушанов, «Қазақ» радиосының бас редакторы Ғалым Жайлыбаевпен бірге жүрген аманхан Әлі­мов те кездесуге келген қалың жұртшылықты ә дегеннен-ақ өзінің толғанысқа толы ашық әңгімесімен баурап алды.