Мақалалар

АҚМЕШІТ ҚАМАЛЫ ҚАЛАЙ ҚҰЛАДЫ?

Отаршыл орыс әкімдерінің басшылығымен қалың қазақ даласын қыспаққа алып, құрсаулай түсу кезеңі Сыр бойы – Ақ­ме­шіт­ті де айналып өтпеді. Жері құнарлы, балығы тайша тулаған бұл өлке патшалық Ресейдің назарына көптен бері түсіп жүр еді. Бірақ, Қоқан жағы қайта-қайта қоқаңдап, ат үстінде жүрген қазаққа баса көктеп кіру асығыстық болатынын олар да сезді. Со­ған қарамай, алғашқы шағын отряд бастаушылық жасамаса да, бар­лау­шы­лық танытып, 1852 жылы жаз айында Ақмешітке бет түзеді. Мұздай қаруланған 450 адам, екі зеңбіректі полковник Бларамберг басқарған отряд ә дегеннен-ақ қатты қарсылыққа кездесіп, Ақмешітті жартылай күйретіп, кері шегінуге межбүр болды.

МӘСЕЛЕ ҚАЗАҚТА ЕМЕС, КАЗАКТА…

Бір түйгенім: Қазақстанда қазақ болып туғаннан азабы жоқ. Ары тартса өгіз өледі, бері тартсаң, арба сынадының кері. кезекте тұрып, өтініші бойынша бір қазақты алдыңнан жібере қой­саң – ұлтшылсың, қазақ пен өзге ұлт өкілі келісе алмай жат­қан­да әділін айтсаң ұлтшылсың, қоғамдық орында өзге ұлт жайында аузыңды ашпа, ашсаң – ұлтшылсың. Мер­зім­ді баспасөз бетінде халықтар арасына ши жүгіртіп, іріткі сал­ған­дар­ды жаз­саң, олар саяси қуғын көргендер болады да, сен – ұлтшылсың.