Еуразия идеясы, Еуразия одағы, Еуразия парламенті бізге не береді?

  • 12.11.2012
  • 855 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Ақбота ИСЛӘМБЕК,
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
журналистика факультетінің 4-курс студенті

Соңғы кездері алыс және жақын шет елдердің қандай да болмасын Бұқаралық ақпарат құралдарын оқымасаңыздар да, олардан қазіргі қоғамдық-саяси айналымға кеңінен түскен Еуразия идеясы, Еуразия одағы, Еуразия парламенті сияқты тіркестердің мән-мағынасы кеңінен талқыға түсіп, талданып жатқанын байқауға болады. Олар туралы пікір-тұжырым айтып жатқан саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері де, содан соң экономист және жазушылар да аз емес. Осыдан біраз уақыт бұрын Ресей ғылым Академиясындағы әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық даму-сараптау орталығының өткізген «Евразийство и современность» дөңгелек үстелінің де тақырыбы сол төңіректерде өрбіді. Оған Ресейдің белгілі-белді В.Егоров, И.Тугаринов, К.Мяло, В.Кожинов (қайтыс болып кетті), И.Исаев, А.Гагаев, Т.Айзатуллин, С.Қара-Мурза сияқты философ ғалымдары және саяси сарапшылары қатысып, онда олар Еуразия идеясы, Еуразия одағы туралы ойларын ортаға салған болатын. Содан көп ұзамай-ақ, орыстың белгілі жазушысы, саясаттанушы Александр Проханов, өзінің Еуразия идеясы, Еуразия одағы туралы пікір-тұжырымдары мен ойларын айта келіп, «Завтра» газетінде «Путин вознамерился создать Великий евразийский союз. На территории разгромленного СССР, среди имперских обломков, на осиротелых обрывках исчезнувшего Красного царства Путин обещает возвести новую имперскую общность. Соединить в геостратегическое целое Россию, Белоруссию, Казахстан. Сложить потенциалы их промышленных центров, месторождений, коммуникаций, пересекающих континенты. Запустить новый грандиозный проект по созданию Пятой империи» деп жазған болатын. Осы бір сөзден-ақ, кейбір орыс саясаткерлері мен қайраткерлерінің Еуразия идеясы, Еуразия одағы, Еуразия парламенті туралы түсініктерін анық білуге болатын секілді. Ыдыраған КСРО-ны көксегендердің уыста ұстаудың уы қайтса да, уыты қайтпағанын байқататын пиғыл-ниеттері осы тұста көрініп-ақ тұр емес пе?
Міне, осыған орай, біз де редакциямызда келелі кеңес өткізіп, оған белгілі экономист, экономика ғылымдарының докторы Тоқтар Есіркеповты, тарихшы-ғалым Әзімбай Ғалиді, экономист-саясаттанушы Мұхтар Тайжанды, саясаттанушы Расул Жұманды, журналист Серік Малеевті, философ-журналист Әбдірашит Бәкірұлын шақырған едік. Назарларыңызға сол келелі кеңесте болған әңгімені ұсынамыз.
­­–Еуразия термині қазір саяси лексиконға айналып кетті. 1994 жылы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев бірінші рет Еуразия одағы, экономикалық интеграция жайлы сөз қозғаған болатын. Сол кезде Ресей тіл қатпай, үнсіз қалған еді. Ал, 1995 жылы Үкімет басына Е.Примаков келгеннен бастап, Еуразия одағы қайта қозғала бастады. Бүгінгі қарым-қатынастағы еларалық Еуразиялық одақ пен Еуразиялық идея түсініктерінің екі түрлі екенін көпшілік біле бермейді. Факті мен идеяның арасын қарапайым жұртшылықтан бұрын, тіпті, саясаткерлердің өздері де ажырата алмайтын сияқты. Сіздерше, бұл факті ғана болып қалатын экономикалық қарым-қатынастағы құбылыс па, әлде Ресейдің Еуразия кеңістігінде «лидер» болып қалуды көздеген мақсаты жолындағы идея ма?
Әзімбай Ғали:
– Менің ойымша, Еуразиялық идеяда бастапқы кез­­де бір контексті бол­ған жоқ. Ресей­дің контексті – Үшін­ші Рим немесе КСРО-ны қайта жаңғырту. Бірақ, біздің Елбасымыз бұған экономикалық кон­тексті кіргізгісі келді. Бүгінгі күні, оның экономикалық маңызы меніңше, біздің экономистерді қуантпайды. Сол сияқты, Ресей мемлекетінің де геосаяси амбициялары да шошытады. Оның үстіне, Путиннің өз елінде абыройы төмендегенін байқадық. Қалай дегенмен, біздің елімізде жаңа импульс пайда болды. Ол жаңа жылдан басталды.
Мен өзім Еуропалық одақты қолдаймын. Біз теңіз үшін мұхиттан бас тарттық. Біз, әлі, Сауда ұйымына кірген жоқпыз. Ал, Кеден Одағынан ұтылдық. Оның бас­ты белгісі – инфляция. Сонымен қоса, экономикалық мүдделеріміздің бәсеңдеуін де айтуға болады. Жалпы айтқанда, Ресей қанжығасына Қазақстанды байлауды ойлады. Бірақ, ол қаншалықты жүзеге асады?! Меніңше, бірқатар симптомдар да бар. Еліміздің Ресейдің космостық бағдарламаларына кішігірім қарсылық білдіріп, жарты миллионға жуық қаржы сұрап алғанын айтуға болады. Тағы айтатыным, қазақты қынадай қырған елеулі мәселе көтерілді. Ашаршылық бұрын айтарлықтай батыл әңгімеге арқау болмайтын. Бұл қуантарлық жәйт.
Ресей тарапынан Одақты 2012 жылдан бастап құру жайлы ұсыныстар түсті. Дегенмен, бұл құпталмады. Жалпы, қазақ элитасын екіге бөліп қарастырсақ болады. Бір бөлігі – мемлекетшілдер, екін­ші бөлігі – интеграциянистер деп те айтуға болады. Сондықтан, міне, осындай құбы­лыстар көрінді. Біздің ойлағанымыздай, егемендігімізді нығайтатын шешім болса жақсы. Егер, олай болмай қалса, Ресейдегі бір Парламенттік бірлестікке береді. Ал, басқа жағдайда ұлт-азаттық көтеріліс болады. Сондықтан, ондайға жібермеу керек. Өзімізге қолайсыз одақтарға жоламауға тиіспіз. Қазір айталық, Батыс, Еуроодақ, АҚШ үшін Ресей жартылай қуғын (изгой) мемлекет. Мүмкін, бұл Ресейдің де кезегі келер дегенді білдірер. Ал, Батыс Ресейге шабуылдамас бұрын, оның одақтасын бір сүріндіреді. Ол Югославияның, Ирактың тағдыры. Құдай сол тағдырдан сақтасын.
Серік Малеев:
–Экс-премьер министр Карим Масимов был интегратором, реформатором. И в Росийской Федерации он воспринимался именно,как интегратор. Так как, все воп­росы, договоры касательно Евразийского Союза решались через него. Это, во-первых. Во-вторых, Карим Масимов проявил себя как мягкий политик. Мягкий, вежливый политик с которым можно идти на уступки. Поэтому, его уход это твердый показатель. Касательно Росcии, можно сказать про Пуси Райт. Он расколол Росcиискую элиту. Путин хотел показать, что на основе такой маленькой группы, ну скажем не самая хорошая группа, хотел показать интеллигенции что он может их наклонить. Но, фактически сам опозорился. Посадив, маленьких девчонок на 2 года, он проявил свою слабость. То есть, он выбрал себе противника не по силам. Салтыков-Щедрин когда-то говорил в своем рассказе «Медведь чижика съел и на этом опозорился». Злодейства бывают большие, маленькие. Таким образом, Путин показал что, он маленький злобный мститель. Я думаю, эти позиции помогают укрепить нам свою позицию. Если, говорить касательно о Евразийском союзе, то еще позиции Роcсии непонятны. То что, Россия хочет выстроить большую империю мы поняли. Существовали какие-то иллюзии что может быть, Евразийское экономическое сотрудничество. Я думаю, после заявления Медведева, Матвиенко эти иллюзии рассеялись. Поэтому, Казахстану нужно смотреть что будет дальше. И мы должны твердо отстаивать свои позиции. Если год, два года назад в Акорде перед авторитетом Путина говорили что, он твердый политик. То теперь, мы имеем дело со слабым политиком.
Тоқтар Есіркепов:
– Еліміздің тәу­ел­­сіздігіне, тағ­ды­рына тікелей әсер ететін процестер басталған соң, мен Еура­зиялық одақ мәселесімен айна­лыса бастадым. Ке­дендік одаққа кіру мәселесі қа­рас­­тырылып жат­қанда, Алматыда үлкен конференция болды. Оған бұрынғы ТМД елдерінің құрамындағы Ресей бар, Белоруссия келді. Бұл жерде ортақ аграрлық нарық мәселесі қарастырылды. Бұл жиында Ресейдің үлкен ғалымдары, академияның вице-президенттері болды. Сонда бірінші қадам – Кеден одағы, екінші – бірыңғай экономикалық кеңістік, үшінші – ортақ валюта, одан кейін Еуразиялық экономикалық одақ болады деп қарастырылды. Ал, бәрін толғандырғаны, ар жағындағы төртінші, бесінші қадамдардың қандай болуы еді. Міне, сонда, жиындағылардың бірде-біреуі ол туралы әңгіме қозғаған жоқ. Бұл дегені­міз, оның артында саяси одақтың тұру ықтималдығын көрсетеді. Ендеше, сол кезде бізде Еуразиялық экономикалық интеграция болатыны айтылды. Бірақ, мұнда, мынадай сауал туындайды. Экономикалық одақтың елімізге қаншалықты қажеттілігі бар? Біз экономикалық одақ құрмай, өз алдына жүре алмайтын дәрежеге жеттік пе? Саяси одақ­қа баруға бізді не мәжбүрлеп отыр? Енді біреулер «біз Еуропалық одақтың жолымен келеміз» деді. Ал, онда Еуроодақтың тари­хына көз жүгіртейік. Еуроодақ екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған тұста құрылды. 1951 жылы 6 мемлекет арасында Париж декларациясына қол қойылды. Бірінші де, екінші де дүниежүзілік соғыс Еуропадан шықты. Неге үшінші дүниежүзілік соғыс та Еуропадан шықпайды дегендей, саяси одақ ретінде құрылған еді. Еуропалық одақ құрылған кезде, олардың саяси одақ құратынын нақты айқындады. Ал, бізде қайда бара жатқанымыз ашық айтылып отырған жоқ. Мысалға, Маркс коммунизм, социализм құратынын жасырмай ашып айтты. Ресейде бұрыннан 2 түрлі концепция қалыптасқан. Бірі­­­ ­– ­­­­­Петр І бастаған батысшылдар болса, екіншісі – словянофильдік бағыттағы почвенниктер. Петр І Еуропаға жол ашып, өздерінің бағыты Еуропада екенін нақты көрсетті. Ал, словянофилдік почвенниктер болса, өздерінің Еуропадан бөлек, олармен ымыраға келмейтін ерекшеліктерінің бар екенін айқындаған. Міне, Ресейде бұрыннан екі түрлі бағыт, екі идеология болған. Айталық, 1994 жылы Елбасымыз Еуразиялық одақты ұсынған кезде, Ресей үндемеді деп жатырмыз. Бұл Ресей үшін еуроцентризмге бағытталған, күшті мемлекетке айналуға бағытталған кезең еді. Ал, қазір олардың ішкі ойлары белгілі болып қалды. Яғни, олар ортақ жер, ортақ тіл, ортақ шекара құру туралы ойларын айтып, барлық атрибуттары қайтадан бұрынғы империяны құру екендігін көрсетуде. Өйткені, Ресей империясыз өмір сүре алмайды. Тіпті, Путиннің «КСРО-ның тарауы ең үлкен қасірет» деп айтуының өзі соған дәлел. Міне, сондықтан Ресей реванш алып, империяны қайта құруды ойлайтыны айдай анық. Әлемдік тарихқа үңілсек, барлық империялардың ішінде ең соңғы болып Ресей кеткен екен. Сол Ресей империясы да тарады. Алайда, оның тарауы Ресейдегі кейбір халықтарға, белгілі бір топтарға үлкен қасірет еді. Меніңше, Путин президенттік сайлау алды науқанында, осы Еуразия идеясын әдейі, дауыс жинау мақсатында көтерді.
Осы тұста мынадай сұрақтар туады. КСРО-ны қалай қалпына келтіруге болады? Оны қайтадан қалпына келтіруге болмайды. Өйткені, ол үшін қайтадан революция жасау керек. КСРО-ны қалпына келтірудің большевиктер үшін бірнеше варианттары бар. Біріншісі ­­­– меншіктің бәрін тартып алып, национализация жүргізіп, қайтадан жоспарлы экономика жасау. Бірақ, тарих қайталанбайды деген сөз бар. Екіншісі – қазіргі Ресей. Қазіргі олигархиялық Ресей, милитаризациялық Ресей. Ресейде қазір үлкен тенденциялар жүріп жатыр. Бірақ, біздің Еуразиялық интеграциямызға қарасаңыз, өркениетке, дамуға кедергі келтіретін тенденциялар бар. Олар, айталық, милитаризацияның күшеюі, авторитизацияның күшеюі, коррупцияның, империялық пиғылдың күшеюі. Оған қоса, әлемді екі жүйеге бөліп, сол екінші жүйенің басында отыруға ниеттенген тенденция.
Айтатын болсақ, кез келген интеграциялық процестің тәуелсіздікке келтіретін нұқсаны бар. Кедендік одақ құрғалы, мемлекетіміз сыртқы сауда жағынан монополиясынан айырылып қалды. Міне, сол сияқты интег­рация көбейген сайын, біз тәуелсіздігімізден айырыламыз. Интеграциялық процестер әр елдерде бар. Соның ең озығы – Еуроодақтағы интеграция. 27 ел кіретін бұл одақтағы интеграция өте сәтті үлгі. Қазіргі қиындықтар уақытша. Ал, бізге, меніңше, Еуропаға қарай бұрылу керек. Өйткені, Еуропаның құндылығы – адам, оның құқығы, оның еркіндігі. Адамзаттық құндылықтар – бұл бүкіл Еуропаның құндылықтары. Өркениетті ел болу үшін, ең алдымен Еуропаға жол тартуымыз керек. «Еуропаға жол» деген бағдарлама да бар. Меніңше, бұл жерде екі бағыт бар. Егер, Ресейдегі екі топтың бірі, яғни, еуроцентризмге бағытталған тобы билікке келсе, бұл біз үшін нұр үстіне нұр болады.
Негізінде түрлі интеграциялық одақтар бар. Мысалға, 1976 жылы құрылған, Asіan деген оңтүстік-шығыс Азия елдерінің одағы бар. Олар құрылысымен, Бали декларациясын қабылдады. Сол декларацияда 5 қағида бар. Оның біріншісі, кез келген одаққа кірген елдер бір-бірінің тәуелсіздігін мойындау керек. Екіншісі, бір-бірінің ішкі ісіне араласпау. Үшіншісі – теңдік. Төртіншісі – территориялық біртұтастықты мойындау. Бесіншісі – кикілжіңдерді бейбіт жолмен шешу. Міне, Еуразиялық кеңістікте, яғни, ондай одақ құру кезінде аталған 5 принцип сақталса, Қазақстан кез келген елмен тең дәрежеде одақ құрады. Соның ішінде, көрші Ресеймен де.
Мұхтар Тайжан:
–Өкінішке орай, Ресей мұндай принциптерге ешқашан бармайды. Себебі, ол империя, импе­рия сияқты құры­лып, дамыған ел. Меніңше, Ресей де­мо­­кратиялы, тең құ­қылы қатынастарға ешқашан бармайды. Шынын айтсақ, екі ғасырдай уақыттан бері, біз Ресейдің отар елі болдық. Бізде онымен басқаша қарым-қатынас болған емес. Қазіргі, осы ғасырдың басынан бастап, Ресей саясаткерлері де осыны айтып жүр. Мысалға, демократ Чубайс либералды империяны құру қажеттілігі жайлы айтады. 3 жыл бұрын Бородин 2017 жылға дейін КСРО-ны қайта құратындарын айтты. Айталық, Путин өзінің мақалаларында, 1991 жылдың ол үшін қасіретті болғанын, яғни, КСРО-ның құлауының қасіретті болғандығын ашық жазды. Ал, біз үшін 1991 жыл – бұл ең бақытты, тәуелсіздікке қол жеткізген жыл. 1991 жылдан бастап, саудагерлікпен, кәсіпкерлікпен айналысам деушілерге еліміз еркін сауда аймағы болды. Яғни, кәсіпкерлікпен айналысатын адам алдында ешқандай қиындықтар болмады. Ал, Кедендік одаққа кіргеннен бастап, бізге 92 пайызға жуық Ресей Кодексі қолданысқа енді. Оларда салық мөлшері біздің елге қарағанда 3 есеге дейін көп. Бізге бұл тиімсіз. Ал, бұл өндірістері бар Ресейге ыңғайлы. Міне, содан ішкі бағаларымыз біршама өсті. Ал, бірегей экономикалық кеңістікке кіргеннен, біз 170 билік жүргізетін лауазымымызды бере салдық. Ал, Еуразиялық комиссияның 84 пайызын Ресей шенеуніктері құрайды. Оған қоса, ресми тіл – орыс тілі. Ал, Қазақстаннан барған шенеуніктер бізді тыңдамайды. Өйткені, олар халықаралық шенеуніктер. Бұл дегеніміз, оларға ешқандай қысымның өтпейтіні. Бірақ, олардың билігі бізге өтеді. Сондықтан, бірінші рет бірегей экономикалық кеңістік туралы 2010 жылдың басында айтылды. Өкінішке орай, біз оған назар аудармаған едік. Бірақ, бірегей экономикалық кеңістікке барамыз деген шешім осында қабылданды. Сондықтан, мен референдумға қарсы болған едім. Өйткені, нәтижесінде Еуразиялық одаққа кіруге мәжбүр болатынымызды түсіндім. Сондықтан, менің ұсынысым, сұрағымызды «Еура­зиялық одаққа кіреміз бе, кірмейміз бе?» деп емес, «Ке­дендік одақтан, бірегей эко­номикалық кеңіс­тіктен шығамыз ба?» деп қойған дұрыс болар.
Расул Жұман:
– Негізінде Еура­зиялық одаққа қарсы референдум туралы түрлі көзқарастар бар. Менің түсінігімше, бұл шарасыздықтың соңғы жан айқайы. Жалпы, референдум жайлы сөз қоз­ғағанда, кейбір билік өкілдері тарапынан, «Бұл мәселені Кедендік одаққа енбес бұрын қозғау керек еді» деген жауаптар естіп жатамыз. Дегенмен, осы Кедендік одаққа кірмес бұрын, 2008 жылы да, 2009 жылы да ескертулер, мақалалар шығып жатты. Бірақ, билік бұның біреуіне де құлақ асқан жоқ. Нәтижесінде, біз көріп отырғанымыздай, 2015 жылы Еуразиялық одақ болады. Міне, сондықтан, біздің осы мәселелерді талқылап отырғанымыз, билік басындағылардың құлағына алтын сырға болуы керек. Еуразиялық идея, бәлкім, жаман идея емес те шығар. ХІХ ғасырда Трубецкой, Гумилевтер көтерген мәселе. Еуразиялық идея дегеніміз – бір кеңістікте бірге өсіп, бірге қайнасып кеткен, өзіндік бір жолы, бір тағдыры бар бірегей ұлттар дегеннен басқа ешнәрсені білдірмейді. Еуразиялық идея мен қазіргі Еуразиялық одақтың арасында ешқандай байланыс жоқ. Біріншіден, олар бір-бірін алмастырмайды. Екіншіден, Еуразиялық одақ құруды алғаш елбасымыз 1994 жылы айтты. Ресей бұны өздеріне ұтымды пайдалануды ойлады. Интеграциялық одақ деп аталсын, бірақ, олар түбінде саяси одақ құру идеясын меңзеді. Яғни, Ресей империясын қайта жаңғырту. Әуелгі бастан көзделгені, Кеңес одағын қалпына келтіру емес, Ресей империясын құрып, Қазақстанды өз автономиясына алу.
Біз жаңа, саяси интеграция туралы сөз қозғадық. Шын мәнінде, саяси интеграция экономикалық интеграциядан бөліп қарастырылмайды. Саясаттың ар жағында, әрқашан экономикалық мүдделер жатады. Бұл дегеніміз, одаққа кіргеннен кейін, біздің тек экономикалық мүдделерімізден ғана емес, саяси да мүдделерімізден айырылғанымыз. Осыған дейін, қай елмен сауда қарым-қатынасқа түсуді өзіміз шештік. Ал, ендігі ретте «Саяси да мүддемізден айырыламыз ба?» деген қауіп бар. Меніңше, қазіргі Ресей басшылары Еуразиялық одақ құруды мейлінше жеделдетуді ойластыруда. Шынымен де, қазір Путин, Медведевтердің абыройы Еуропа алдында түскен. Ал, жаңа интеграциялық идея, одақ құру олар үшін саяси беделін, имиджін көтерудің бір жолы іспеттес. Тіпті, бұған Путиннің сенгені соншалықты, ол президентке сайлау алдында бірінші сапарын бұрынғыдай Астанаға емес, Ташкентке жасады. Бұндағы оның ойы, Қазақстанды онсыз да өз уысымда ұстаймын дегені еді. Ендігі кезекте, қырғыздар мен өзбектерге барып келісімдер орнату керек дегендей ниет танытты. Меніңше, тіпті, кішкентай орталықтарда, қарапайым сауда орындарының өзінен Кедендік одақтан ешнәрсе ұтпағанымыз көрінеді. Путиннің позициялары билік басын біршама сескендірген сияқты. Осы жақында, Ертісбаев, Әшімбаев, Қариндердің қатарынан, бір мезетте Еуразиялық одаққа қарсы мәлімдеме жасағандары кездейсоқ емес. Меніңше, бұның астарында бір ерекше есеп бар сияқты. Ресейдің бұған реакциясының қандай болатыны да маңызды. Еуразиялық идеяға, Еуразиялық одаққа қарсы пікірлерді Ресейге қарсы әрекеттермен шатастырмаған абзал. Ресей біздің ұзақ жылдар бойғы ірі көршілесіміз, сауда серіктесіміз. Барлық істерімізді халықаралық заңдарға сәйкес, ішкі қатынастарымызға қол сұғылмай жүргізілсе, бұндай ынтымақтастыққа ешкімнің қарсылығы жоқ. Ал, интеграция мәселесін айтатын болсақ, Еуропа құндылықтарын меңгерген, әрине, біз үшін пайдалы. Дегенмен, Еуропаға біздің шикізатымыздан басқа ешнәрсе керек емес. Біз тұрмақ, Еуропа Ресейге де осындай көзқараста. Біздің алдымыздағы бірден-бір балама ­­­ аймақтық интеграция, Орта Азия елдерінің интеграциясы, олардың саяси да экономикалық тұрғыдан да жақындасуы. Меніңше, бұған ешқандай балама жоқ. Бұл идеяны неғұрлым ертерек бастасақ, біз үшін де, бұл ұзақ мерзімді, маңызды саяси жобаға айналары сөзсіз.
­­Тоқтар Есіркепов:
– Осы интеграциялық жоба – әлемдегі геополитикалық үлкен өзгерістерге әкелетін процесс. Осы тұрғыдан айтқанда, жаңа ай­тылған Орта Азия туралы ойларға қосы­ламын. Ресейдің басшылығымен өтіп жатқан жаңа интеграциялық процестерге Қырғызстан мен Тәжікстан кіруі мүмкін деген ойлар көп айтылуда. Ал, егер олай болса, бұл жерде Орта Азия екіге бөлінеді. Бір жағында Өзбекстан, бір жағында Тәжікстан қалады. Яғни, Орта Азияның арасына шоқ салу мақсаты. Жақында Өзбекстан президенті Ислам Каримов айтқандай, шынымен де, су төңірегінде соғыс болуы мүмкін. Сондықтан, бұл өте қауіпті жоба. Аталған Орта Азиялық елдерінің бәрі Ресеймен қосылып, ШОС-та тұр. Ал, енді соңғы кезде, Ресейдің баспасөз беттерінде саясаткерлері мен мамандары арасында ШОС-қа қарсы процесс басталып жатыр. Өйткені, ШОС құрылған кезде белгілі бір мақсаттарға негізделіп құрылған. Соңғы ШОС-тың жиынында Қытай арнайы банк құрамыз десе, Ресей оған қарсылық танытты. Дағдарысқа қарсы қор құрамыз делінсе, оған да Ресей қарсы шықты. Ал, Қазақстан Қытайды қолдады. Енді бір Ресей мамандары, «интеграциялық одақ құру Қытайды Каспийге жолатпау идеясы» деп айтып жүр. Солардың арасында да түр­лі қайшы пікірлер шығуда. Сондықтан, Қазақстан экономикалық жағынан да, табиғи байлықтары жағынан да, саяси жағынан да тәуелсіз, ешкімнің қолтығына кірмейтін ел. 300 жыл боданда болып, енді ғана 21 жылдай уақыт тәуелсіздігімізді алып жатырмыз. Неге біздің немерелеріміз, шөберелеріміз тәуелсіз Қазақстанда өмір сүрмеуі керек?!
Қай жағдай, не нәрсе болмасын, оларға бәрінен бұрын, Қазақстанның геосаяси, географиялық орналасуы әсер етеді. Бір жағынан Қытай, бір жағынан Ресей, тағы бір жағынан мұсылман елдері, Америка. Сондықтан, бізге Елбасының көпвекторлы саясаты орынды болып табылады. Айталық, Ресеймен тату көршілер ретінде экономикалық болсын, тағы да басқа қарым-қатынастар орнатып, бастысы тәуелсіздігімізден айырылмауымыз керек.
Тағы айтайын деген мәселем, қазіргі еліміздегі орыстілді басылымдар жайлы еді. Алып қарасаңыз, атынан басқасы, іші-сырты тікелей Ресейдің мүддесіне қатысты дүниелерге толы. Сарапшылар, зерттеушілер болсын, барлығы Ресейдікі. Қазір қаншама зерттеу орталықтары бар. Бірақ, солардың көпшілігі Ресейдің қолдауымен жұмыстарын жүзеге асырады. Өкініштісі, орыстілді басылымдарымыздың көп жағдайда, ұлттық мүддемізді қорғамауы. Мысалы, «Свобода слова» газетінің 2011 жылдың 1 желтоқсанында жарыққа шыққан №44-45 санына Рақымжановтың «О союзе и о языках» деген мақаласы шықты. Автор онда, «Фактически, путь к процветанию республик, состовляющих постсоветское пространство, один – экономическое воссоздание Советского Союза» деп ортақ экономиканы мадақтаса, «Переход на язык, на котором способен разве что общатся на бытовые темы, да и то с превеликим трудом, мгновенно превратит нас в граждан второго сорта» деп қазақ тілін білу екінші сорттағы адамдармен тең болу деп жөнсіз әңгімелер айтады. Осы газеттің 2012 жылғы 16 тамызда шыққан №28 санында А.Саидовтың «Центробежная и центростремительная Евразия» деген мақаласы бар. Автор онда, «Если когда-то и будет запущен механизм создания империи совместно с РФ, она, возможно, будет расти благодаря военрому, поскольку это означает поиск рынков сбыта по всему миру и насаждение «дружеских отношений» по аналогии с СССР» деген. Міне, бұның бәрі біздің басылымдарымызда жарық көргеніне сенер емеспін.
Серік Малеев:
–Что сделал Путин для России? Он провалил политику своего предшественника. Нацеленность была на Запад,на Европу, на более передовые технологии. Сегодня Россия страна изгой. Политика Путина привела к тому что, Россия оказалось в гнезде враждебных государств. Внешнюю Западную политику Путин проиграл. Что ему остается? Ему остается опора на создание империи. Это его последний шанс. Если, он не создаст этот союз, то он и здесь проиграет. Поэтому, и стремления другие. Если, там нет успеха, то нужно обеспечить успех на другом. Все складывается к тому, чтобы продвигался Евразийский союз. Этот союз Ва-Банк для России и Запада. Я думаю, Запад тоже понимает устремления Путина. Холодная война продолжается. Поэтому, у казахов появляется шанс на какие-то преференции Запада. Мы сейчас можем налаживать тесные отношения с Западом. Еуразиялық одаққа қатысты, біз қазір Нарышкин былай деп айтты деп жатырмыз. Кто мешает нам отстаивать свои позиции в Евразийском союзе. Почему же в Евразийском союзе мы не можем предложить тенге как общую валюту?! Если будет общая столица, то пусть это будет Астана. В переговорных процессах, если твердо проявлять себя, то можно либо нейтрализовать угрозу, либо давить и проявлять свои интересы. У нас кроме Евразийского союза, есть союз тюркоязычных стран. Туда входят Азербайджанстан, Туркменстан, Киргизстан. Почему же не расширять свои векторы по этой части. Если, Путин загнал себя в угол, то ему нужно выходить через имперский шаг. А мы здесь, в угол себя не загоняем.
Мұхтар Тайжан:
– Әрине, осы айтылған ақылды саясатты жүргізу үшін алдымен ниет болу керек. 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздігімізді жарияладық. Ал, 8 желтоқсанда КСРО құ­лады. Міне, сол сияқты, тәуелсіз болу үшін ниет болу тиіс. Меніңше, қазір ондай ниет аса көп емес. Өйткені, осы Еуразиялық парламент, Кедендік одақ, интеграция туралы өзіміз ұсындық. Енді, заң тұрғысынан айтар болсақ, Кедендік одақ, бірыңғай экономикалық кеңістік құрғанда, біздің Егемендігіміз туралы декларациямызға да, тәуелсіздік туралы декларациямызға да қайшы келетін тұстары бар. Айталық, декларациямыздың 14-бабында еліміздің сыртқы істері дербес болу керек делінген. Ал, біздің дербес экономикалық саясатымыз жоқ. Ал, одақтан шығу үшін заң мүмкіндік береді. 1969 жылы қабылданған ООН конвенциясының 56-бабы бойынша, кез келген мемлекет, кез келген ұйымнан шығуға құқылы. Тек, алдын ала бір жыл бұрын ескерту керек. Сондықтан, осы ұйымдардан шығуға біздің де құқымыз бар. Ал, енді қараңыз, осы интеграцияның болашағы қандай? Меніңше, бұл процестің ешқандай болашағы жоқ. Біріншіден, Ресей демографиясын айтсақ, 142 миллион халқының 80 пайызы орыс халқы. Екіншіден, Ресейдегі туу коэффициенті азайып барады. Яғни, әйел адам бір не екі бала ғана табады. Қараңыз, Ресей халқының 80 пайызы Еуропа аумағында өмір сүреді. Қазір, Ресейде мұсылман, түркі халықтары көбейіп барады. Осы тұрғыда Ресей өзінің осы шекарасын сақтап қала ма, қалмай ма деген сұрақ туындайды. Ал, енді біздің демографиямызға қарасақ, орыстардың орташа жасы 47-де, ал, қазақтікі 27. Меніңше, біз болашағы күмәнді аталған процестерден шығамыз.
Расул Жұман:
– Еуразиялық одақтың түбінде Қазақ­станды дағдарысқа әкелетіні, біздің ұлттық мүддемізге қайшы келетіні баршаға аян. Қазір, міне, осыны түсініп отырған қазақтардың да, басқа ұлттардың да саны көбейіп келеді. Осы үрдіс тоқтамай, ары қарай жалғасып, бір саяси өзгерістерге әкелер. Қазақ негізінен, момын, шыдамды халық. Дегенмен, тарихымызға көз жүгіртсек, қазақта екі қасиетті ұғым бар. Ол ел мен жер. Менің бұндағы айтпағым, әр нәрсенің шегі болу керек. Бұны да ескеріп, немқұрайлы қарамау керекпіз.
Тоқтар Есіркепов:
– Осыдан екі жыл бұрын, қараша айында Елбасымыз Еуразиялық одақ құру жайлы декларацияға қол қойды. Содан кейін, үлкен конференция өтті. Міне, осы конференцияда елімізде экономикалық интеграция, Кедендік одақ мәселелерімен айналысатын арнайы ғылыми-зерттеу инсти­туттарының жоқтығы айтылды. Ал, Ресейде осы мәсе­ле­лермен айналысып жүрген ондаған институттар, оның ішінде жүздеген кафе­дралар, мыңдаған мамандар жұмыс атқаруда. Ал, бізде санаулы ғана. Кеңес Одағының құрамында болғандықтан, бізде халықаралық қатынастар жөнінен мамандар аз. Тәуелсіздік алғаннан кейін, мамандардың аздығынан, бұл сала енді-енді қолға алынуда. Меніңше, бізге осы процестермен айналысатын арнайы институт құру керек. Қазір Білім және Ғылым министрлігі ғылыми жобалар арасында конкурс өткізеді. Айталық, биыл 520 жоба қарастырылыпты. Бұл 3 жылдық мемлекет қорынан қаржыландырылатын конкурс. Соған Кедендік одаққа қатысты 4 жоба ұсынылды. Соның біреуі өтіп, қалғаны өтпеген. Біреуін ғана айтсам, «Перс­пективы развития интеграционных процессов в едином экономическом пространстве и повышение его конкурентоспособности в глобальной» деп Экономика институты ұсынған. Сол өтпеген 3 тақырыптарды қарап шықсам, барлығында қазіргі еліміз үшін маңызды мәселелер тікелей қарастырылған.
Енді, қараңыз, азаматтық кино қайда? Осындай үлкен процестер жайлы зерттеулер жазылып жатыр. Дегенмен, мамандардың басын қосып, талқылауға түсірмейді. Бізде небір дөңгелек үстелдер өтіп жатады. Мы­салы, Президент Аппаратының жанында Стратегиялық зерттеулер институты бар. Олар бұл мәселелерді жазып жатыр. Бұндай институттың бар болғаны жақсы. Дегенмен, неге альтернативтік институттар жоқ? Неге азаматтық қоғамның мүдделері мен көзқарасы жоқ? Неге бұл проблемалар ғалымдар, белгілі азаматтар арасында талқыланбайды?
Әзімбай Ғали:
– Мен бір мысал келтірейін. Австро-Вен­грия империясы құрылып, онда 150 миллион адам болған. Австрияның империясына кім көмектеседі дегенде, Венгрия көмекке келген еді. Олар тең серіктес болып, империяны бірге билейміз деп ойлаған болатын. Аяғында, кішкентай Венгрияның халқын Румынияға апарып қосты, олар далада қалды. Бұл тең серіктестік болмайтынын көрсетеді. Бұны айтып отырғаным, біздің элита – үлкен орыс империясына ешқашан серіктес бола алмайтынын түсіну керек.
Мұхтар Тайжан:
– Барлық мәселе, құлдық сана-сезімнен. Оған қоса, элитаның жалтаңдығы бар. Біздің халқымызды әбден басынды. Халықтың тұрмыстық жағдайы ауыз толтырып айтарлықтай емес. Ал, ел болашағы туралы ойлау үшін, әуелі тұрмысың жақсы болу керек. Міне, сондықтан, ол туралы ойлауға мүмкіндік жоқ.
Тоқтар Есіркепов:
– Жаңа, Ресейде ондаған ор­талық­­тар бар деп айтылды. Ал,
Ал­­­ма­­ты­­да, интеграциялық процестерді жүр­гізуге 2006 жылы арнайы Еуразиялық даму банкі құрылған болатын. Фондқа Ресей 1 миллиард доллар, Қазақстан 500 миллион доллар қаржы салды. Яғни, бұл 3/2 дауыс Ресейдікі, 3/1 дауыс Қазақстанға тиесілі деген сөз. Сол қаражаттың қайда салынып жатқанын қарасаңыз, біріншіден шикізат секторына екен. Ал, салынып жатқан негізгі үлкен объектілер Ресей территориясында. Міне, осы банк арнайы Еуразиялық процестерді зерттеу орталығын құрды. Кез келген мәселені шешу үшін, оған ғылыми негіздің болуы маңызды. Осы тұрғыдан алғанда, ғылыммен қамтылу керек. Бүгін былай, ертең басқаша айтып жатамыз. Ал, ғылыми негіз өзгермейді.
– Ресейде мемдумалық Слуцкий: «Еур­а­­зиялық Парламент түптің түбінде шешілетін мәселе. Сондықтан, оған осы бастан кірісу керек, – дейді. Сіздер, бұл пікірге қалай қарайсыздар?
Серік Малеев:
– Ресей билігі жайлы тоқталсам, Путин өзінің мықты политик емес екенін көрсетті. Қазір, ол не істемесе де, бәрі өзіне қарсы шығып отыр. Бұл жерде біз жаман жақтарын айтып отырмыз. Дегенмен, жақсы тұстары да бар. Олар өздерінің басты көздеген мақ­саттарын білдіріп қойды. Біз осыған байланысты қарсылығымызды таныта бастадық.
Әзімбай Ғали:
– Біраз уақыттан кейін, бізге үлкен мүмкіндік туады. Ресей уақытша әлсірейді. Бірақ, ұзақ уақытқа емес. Путиннің орнына, сәл ақылдырақ басқа біреу келер. Оның абыройы жоғарылап, орыстар оған тағы да сенеді. Біз де қайтадан орыстарға сенеміз. Ал, қазір мүмкіндік бар.
Серік Малеев:
– Я думаю, нашей прессе надо поднимать дискуссию об Евразийском союзе, Евразийском парламенте. И обязательно нужно расширять объем дискуссии. Не для того чтобы вы слышали только наши мнения, но и для того чтобы узнать ихнее еще ошибочное мнение. Они будут настаивать позиции Нарышкина, Медведева. Тем самым, будут настраивать население против этой идеи. Я думаю что, эту идею нужно дискридитировать.
Расул Жұман:
– Слуцкий болсын, Нарышкин болсын Ресейдің шенеуніктері болғандықтан, сол Ресейде, өз дегендерін айта берсін. Ал, Қазақ­стан үшін айтатын, шешім шыға­ратын Путин де емес, Нарышкин да емес. Сондықтан, бұлардың сандырақтарына үлкен әңгіме шығарудың қажеті жоқ. Қазір, міне, Кедендік одақтың жұмысы 2 жылдан асып бара жатыр. Шын мәнісінде, оның нәтижесін көріп отырмыз. Кезінде мақтағандардың аузына құм құйылды. Ақиқаттың аңызы белгілі болды. Қателікті бәріміз жібереміз. Ең қорқыныштысы ол емес. Бастысы – сол қателікті мойындап, тоқтата білу. Сосын саяси мүдде, саяси жақсы халге жету керек. Қалай болғанда да, Ресеймен интеграция жасау, онымен ортақ Парламентті жасау мәселесі егемендігімізді бере салумен тең.
Тоқтар Есіркепов:
–Биыл 25 мамырда Ресеймен мемлекет­аралық келісім-шартқа қол қойылды. Елбасымыз Путинге де, Медведевке де келісім-шартқа 20 жыл толуына орай, өзгерістер енгізіп, қайта толықтырылып қол қою керектігі жайлы айтты. Сонда, ешқайсысы да жауап қайтармады. Тек, 7 маусымда Путин президент болғанда, сол келісім-шарт 10 жылға созылғаны, келісімге қол қойылғаны жайлы айтылды. Ол көпшілік алдында талқыланды ма, өзгерістер енгізілді ме белгісіз.
Әбдірашит Бәкірұлы:
– Президент Н.Ә.На­­­зарбаев «Жал­­­­­пыға Ортақ Ең­­бек Қоғамына қа­рай 20 қадам» ат­ты мақаласында қо­ғамды патернализм­нен (латын­ша pa­temus – әке­лік,әкешілдік) ары­лу­­ға шақырды. Жал­пы, патернализм бізге КСРО кезінен таныс. Ол уақытта жатыпішерлік зиянды құбылыс саналып, жұмыс істемейтін адамдар «арамтамақ» деген баппен сотталды. Мұның «Еуразия идеясына» қандай қатысы бар деп отырған боларсыздар? Түсіндірейін. Ол кезде халық «билік бәрін шешеді» деген сенімде болды. Еліміз тәуелсіздік алған кезде «нарықтық қатынас» адамдарды патернализмнен арылтады деген үміт болды. Алайда, жиырма жылда біз одан ажырай алмадық. Жоғарыдағы мақала соның дәлелі. Сырт қараған кісіге қазіргі кез «ешкімнің ешкіммен шаруасы жоқ» заман секілді. Бірақ, біреу «патернализмнен арыла бастаса» болғаны, шенеуніктер армиясы оны қайтадан «қораға» қуып келеді. Нәтижесінде жұрт әлі де «бәрін билік шешеді» деп отыр. Жауапкершілік пен үмітін билікке жүктеуге әзір. Жағдайдың осылай болуы билікке аса қажет. Себебі, халықтың осындай «тәуелді күйі» билік үшін «өзім білем» деуге жол ашады. Тіптен, билік осы жауапкершілік үдесінен шыға алмай жатса да!.. Мінеки, патернализм осы мәселеде «Еуразия идеясымен» тоғысады. Мысалы, тәуелсіз мемлекетіміз стратегиялық байлық көздерін – мұнайды, көмір-темірді, түрлі-түсті металды, т.б. халықтың келісімінсіз шетелдіктерге берді, өзім білемге салып, ел-жұртпен ақыл­дасуды артық санады. Жарайды, қазақ айтпақшы: «ойнасақ та біраз жер шауыппыз». Енді, осыдан қайтар жол бар ма? Бар. Ол – мәселені халықтың қалауына салу. Билік енді бұл мәселені тек қана халыққа арқа сүйесе ғана шеше алады. Сондықтан, «Еуразиялық парламент» мәселесін қозғай отырып, Мұхтар Тайжан айтқандай «Кедендік Одақ» мәселесін де халық таңдауына ұсыну қажет. Себебі, осы отырған сарапшылар бірауыздан оның тиімсіздігін дәлелдеп берді емес пе? Ендеше, «ондай Одақтың қажеті бар ма, жоқ па?» деген мәселені халық өзі шешуі тиіс. Сонда, егер халық қарсы болып жатса − Ұлттық мемлекет үстінен қарайтын парламенттің де еш қажеті болмай қалады. Әрі, бұл шешім халықаралық қауымдастық алдында заңды күшке ие болады. Ал, біз тәуелсіз елдің азаматы екенімізді айқын сезіне аламыз.

Алдыңғы «
Келесі »