Әуезов әуезесі немесе шырғалаң

  • 25.12.2018
  • 249 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Вадим Кожевниковтың редакторларға аянбай еңбек етуге нұсқауы

Мұқанов пен басқа Әуезов дұшпандарының жаңа қырқылжыңдарын алдын ала сезіп, «Знамя» журналының редакциясы 1951 жыл жазының басында кітаптың идеялық тұстарын күшейтетін жаңа қосымшалардың топтамасын өз авторынан талап етті. Үш жаңа қосымшаны Мәскеудегі «Знамя» проза бөлімінің меңгерушісі Катиновтың атына Мұқановтың баяндамасы болмай тұрып, 1951 жылы 9 маусымда жіберген еді.
«…Мен Л.С.Соболевке хат жаздым, – деп хабарлады ол «Знамя» проза бөлімінің меңгерушісі Катиновқа: – Біздің орыс басылымына жалпы жауапкершілігіміз бен жанашырлығымыз негізінде (белгісіз) оны батыл түрде асықтырыңдар» (РГАЛИ, ф.618, оп.15, д.7, 80-81 б.).
Мұқановтың баяндамасынан кейін Әуезов Мәскеуге тағы да бірнеше парақ жіберді. Сөйтсе де редакция романның басын тамыздағы тоғызыншы санға беретіні туралы мәселені шешуді кешіктіре берді. Әдеттегідей басты сөз журналдың бас редакторы Вадим Кожевниковқа тіреліп тұрды. Бұл әдеби сардар көз жүгіртіп оқып, басылымға дайын тарауларға, тіпті бәріне риза болмады.
«Әбіш пен Павловтың бой көрсетуі әрі де, бері де емес (белгісіз) солғын, – деп ақыл айтты өз қызметкерлеріне Кожевников. – Ал, басқа тараулары жаман шықпаған. Омаровтың сымхаты – ол жақсы, одан роман жақсара түспейді. Соңын күтемін. Әбден құлағанша еңбек етіп, басылымды сақтап қалыңдар» (РГАЛИ, ф.618, оп.15, д.7, 84 б.).
Онан соң Кожевников романның атын да ұнатпады. 1951 жылғы 27 маусымда Әуезов телеграф арқылы екі нұсқа: «Абай – ақын» мен «Абай – жыршыны» ұсынды. Бастығының нұсқауын алған Катинов 1951 жылы 29 маусымда Алматыдағы Әуезовқа телеграф жолдады: «Кожевниковтың романның бірінші бөлігіндегі Павловқа қатысты. Өзіміз жөндейміз. Сізбен келісеміз. Кожевников екінші бөлімді екінші шілдеге дейін оқып шығады. Кешіктірмей телеграфпен жебіріп отырмын. Толығымен алғанда жағдай жаман емес. Сәлем. Катинов» (РГАЛИ, ф.618, оп.15, д.7, 81 б.). Қиналып, анық-қанығына көз жеткізгісі келді: оның романы журналға бара ма, егер мақұл болса, қай санда және қандай атпен жарық көреді. Екінші рет өтінемін «Роман сегізінші нөмірге кете ме?» телеграф жіберіңіздер. «Абай жолы», не «Халық соқпағы» дейтін екі атты ұсынамын. Сәлем. Әуезов» (РГАЛИ, ф.618, оп.15, д.7, 82 б.).
Кожевников толық айқындық білдіруге асығатын болмады. Ол аудармаға соңғы қосымшаларды күтті. Шілденің басында «Знамяның» бас редакторы Әуезовке телеграф жіберді. Романды таяудағы сегізінші нөмірде береміз, мәтінге соңғы қажетті түзетулер енгізіп, келісу үшін, Мәскеуге тез жетуіңіз қажет. Шыққаныңызды телеграфпен білдіріңіз. Сәлем. Кожевников» (РГАЛИ, ф.618, оп.15, д.7, 87 б.).
Республика ОК хатшысы Ілияс Омаровтың қанатының астында. Ақиқат үшін айтайық, ең бастысы Абай романының басын қай санға жариялауды шешер алдында жазушының қосымшасынан бұрын емешегі езіліп күткен жоқ. Оны мазалаған басқа жай – Қазақстан басшылығының оған ықыласы. Ол республика өкіметінен қандай бір болса да кепілдік алғысы келді. Алматы әкімқаралары өз тарапынан Мәскеу редакциясымен байланысқа шықпады. Алғашқы жүйкесі сыр берген Кожевников болды. 1951 жылғы шілденің бас жағында ол Компартия ОК хатшысы Ілияс Омаровқа телеграф жөнелтті: «Әуезовтың романын сегізінші нөмірге әзірлеп жатырмыз. Әуезовтің келуінің тез арада қажеті болып тұр. Мүмкіндігінше, соңғы мәтінге ендіру үшін Сіздердің тілегіңіз болса жарар еді» (РГАЛИ, ф.618, оп.15, д.7, 86 б.). Омаровтың үн қатуы найзағай ойнағандай шұғыл болды. Іле-шала 1951 жылғы 4 шілдеде ол Кожевниковқа хабар салды: «Сіздің журналда Әуезовтің Абай туралы романы қай санда жоспарланып, дәл басылатынын телеграфпен хабарлауыңызды күтеміз. Сәлеммен Қазақстан КП(б) ОК хатшысы Омаров» (РГАЛИ, ф.618, оп.15, д.7, 87 б.). Бұл жерде Омаров туралы сәл толық айта кеткен жөн. Білімі жағынан экономист болғандықтан көп жыл Қазақстанда сауда саласымен айналысты. Кенет 1947 жылғы желтоқсанда Мәскеудің келісімімен оны республика Компартиясы ОК насихат жөніндегі хатшысы етіп сайлады. Жаңа қызметте оның ең бірінші істегені, біраз уақытқа дейін Әуезовті қудалауға тыйым салуға қол жеткізгені еді. Одан ары Омаровтың әрекеті академик Панкратованың өтінішімен (Абылай мен Кенесарыға күйе жаққан керауыз тарихшыларды ауыздықтауы болатын. Онан соң таптық тазалауды ұйымдастырғандарды қанағаттандырмайтын Қазақстан тарихының жаңа нұсқасының жарыққа шығуына жағдай туғызды. Жазушылар Одағының басшысы Мұқановты тізгіндеді.
1951 жылғы 13 шілдеде Мәскеудегі Кожевниковқа телеграф жіберді: «Сіздің ескертпеңізді ескерген Әуезов романның соңғы нұсқасымен таныс емеспін. Бұрын менің жеке ескертпелерімді автор ескерді. Журнал редколлегиясының ескертпелерінің сұрқы шығарманы ширата түсуге септігін тигізетінін Әуезов жеткізді. Сіздердің ескертпелеріңізді ескеріп, романды толықтырудағы жұмыстар оңды құбылыс болатынына күмәнім жоқ. Сәлеммен Омаров» (РГАЛИ, ф.618, оп.15, д.7, 96 б.). Омаров барынша Әуезовті Қазақстанда суырылып тұрған суреткер деп санады. Ол Әуезов «Абай» үшін кезекті Сталиндік сыйлық алуын өте тіледі. Тіпті, Омаровтың өзі де қаламгерге толық азаттық беруге кепілдік бере алмады. Алға озық, жазушыны жан-жақты қолдағаны үшін партия шенеуніктері көп ұзамай жұмыссыз қалды.
«Абайдың бірінші бөлігінің Мәскеудегі соңғы қосымшалары»
Әуезов өзі туралы 6 шілдеде хабар берді. Ол бірнеше күн беделінде Мәскеуге уәде берді. 11 шілдеде Мәскеудегі Катиновқа хабар түсірді:
«Ақтөбеде ұшақтың түнеуі ұстап тұр. Редакцияға ертең барамын деп үміттенемін. Сәлеммен Әуезов» (РГАЛИ, ф.618, оп.15, д.7, 110 б.).
Редакция ішіндегі біршама дау-дамайдан кейін Катинов Әуезовтің нұсқасымен келісуге мәжбүр болды.
Тоғызыншы нөмірге түзету
Типографияда Әуезов кітабының басы «Знамяның» сегізінші санында басуға дайындалуы үстінде редакцияда тоғызыншы санды әзірлеу жұмысының қазаны қайнап жатты. 16 шілде 1951 жылы Катинов редакция мен авторға бірінші тараудағы екі, екінші тарауға байланысты кезекті ескертулерін тапсырды. Оның ұсынысы: (15.Әбіштің келген көрінісінде (15-20 беттер) Павлов туралы қысқа әңгіме берсе дұрыс болар еді. (Павлов Абайдың досы, Абай Павловты күтсе де оны Семейден шығармады, ол полиция бақылауында болып еді. Павловқа қысқаша мінездеме» (РГАЛИ, ф.618, оп.15, д.7, 115 б.). Ең жандысы 15-ескерту еді.
«Абайдың Ресейге көзқарасы тек әдебиет пен музыкаға байланысты шектелмеуі керек-дүр». Арада бес күн өткенде 21 шілдеде қортынды тарауға өзінің ескертулерін жасады. Мен Катиновтың кейбір пікірін келтіре кеткім келеді, соның ішінде «Мұң» тарауының атын өзгертуді ұсынады:
«Ол өзіне жинақталған негізгі оқиғаларға ұйытқы болмай тұр, – деді проза меңгерушісі. – Басқа атау берген дұрыс».
Онан соң Катиновты 117 бет қанағаттандырмайды. «Бұл тұста ол қазақтың тұңғыш ағартушысы Алтынсарин туралы ойға алса орынды, – деп нақтылады ол. – Абайға шаң жуытпау керек. Оның сөздері уәжді бола түскені лайық».
Пікірінің соңында Катинов былай қорытты:
«9. Романның ақырында орыс тілі туралы (Омаров мысалға келтірген) Абай сөзін келтіріп, орын берсе ғой» (РГАЛИ, ф.618, оп.15, д.7, 113 б.).
Сегізінші саны шыққаннан кейін «Знамяның» жауапты хатшысы Аркадий Сахнин Әуезовке телеграф жіберді:
«Романның алғашқы бөлігі ұнады. Ескертусіз. Нөмір шықты. Мүмкіндігінше Абайдың Павловпен кездесу көрінісін жақсарта түссе деймін. Тез арада жолма жол аударманы жіберіңіз» (РГАЛИ, ф.618, оп.15, д.7, 115а. б.).
Бұдан бірнеше күннен кейін Катинов Әуезовке хабарласты: «Терімді авиапоштамен салдым. Абай мен Павлов көрінісінің жаңа нұсқасын жолдаңыз. Бұл өте-мөте қажет. Тез салыңыз» (РГАЛИ, ф.618, оп.15, д.7, 115 б.).
Әуезов барынша асықты
Катинов терімдегі Әуезов романының аяғын жөнге келтірді. 1951 жылғы 15 тамызда Әуезовтің қаперіне салды:
«Қымбатты Мұхтар Омарханұлы!
Жаңа ғана терімдегі романның екінші тарауындағы жұмысты аяқтап, сізге жазып отырғаным, міне. Терім бар мүмкіндігінше қайсы бір айта қаларлықтай түзеусіз, қысқарусыз таза шықты. Мен тек қана сізді қыңыр сыншысымақтар ағаш атқа отырғызбас үшін жандаралға ерекше сүйсінетін, губернаторға қатысты тұстарды ықшамдадым. Басқасы – тазарту мен стильдік нақтылау. Екінші бөлім тұтастай тоғызыншы санда жарияланады, бұл әрине, романға тиімді.
Сіз жолдаған Павлов пен Абайдың кездесу көрінісін алғаным жоқ, терімде қосамыз «…». Қазір теріммен жұмыс үстінде роман соңында Абай мен Павловтың кездесуін берсе қайтеді деген ой келді (Ол Семейде тұрады емес пе?). Павлов Абай үшін қуанып, губернатордың мінезін қатал тезге сала алады. Мұхтар Омарханұлы, осы туралы ойлап көріңізші. Романның журналдың нұсқасында бұл тездетуді, өкінішке орай, жасай алмаймыз, ал, жеке басымызда бұл көріністі қосар едім».
Әуезов жаңа қосуды үлгермеді. 1951 жылғы 22 тамызда Катинов жазушыға жүгінді: «Абай мен Павловтың жаңа көрінісі – қолға тиді, оны пайдалана алмадық, бәрі ескіше қалдырылды. Бұл көрініс өкінішке орай, бейнелігі жетпей, оны роман тініне бұрынғының орнына кіргізсе жамандықтан басқа әкелмес еді. Романға байланысты біздің барлығына жеп алашапқын болғанымыз артта қалды. Ол бүкіл тиісті орындарда оқылып, қазір басылу үстінде» (РГАЛИ, ф.618, оп.15, д.7, 118 б.).
«Знамяда» ақыры Әуезов Соболевтен әлдеқайда өскеніне көз жеткізді
«Знамяның» барлық санында «Абайдың» аудармашысы болып, тек жалғыз Леонид Соболев көрсетілді. Редакция Юрий Лукинді ойға алуды ұмытып кеткендей. Журнал проза бөлімінің меңгерушісі Катинов Әуезов Соболевқа өкпелейтінін түсініп, екі жазушыны татуластыруды ойлады.
«Үшінші күні Соболевпен ашық-жарқын сөйлестім, – деп Әуезовқа хабарлады ол 1951 жылғы 13 тамызда. Ол жұмыс нәтижесіне өте риза, біз жасаған түзетулер мен қысқартулар мүлде дұрыс екенін айтты. Леонид Сергеевичке де ризашылығымызды білдірейік . – Сіздің романыңыздың орыс тілінде шығуына өте жақсы көмектесті. Суреткер ретінде Сіздің талантыңыздың алдында тұрған эстетикалық міндеттерді түсіну тұрғысынан оның түбегейлі һәм редакторлық қабілетін асыра бағалағым келмейді. Сіз одан әлдеқайда өсіп, алыс алға шығандап кетсеңіз де, тәржімашы-стилист, сіздің шығармашылығыңыздағы жаныңызды сезетін марқасқа. Шын жан-тәніммен бұл шығармашылықтағы достықты қадірлеп сақтауға Сізге кеңес берер едім» (РГАЛИ, ф.618, оп.15, д.7, 116 б.).
Тек Катинов бұл достықты қалай сақтауды айтқан жоқ. Соболев Әуезовке шын ренішті болатын. Мәскеудің ықпалды әдеби сардарының көңіл- күйін жұмсарту үшін Әуезовқа оның алдына жығылу керек еді. Алайда қазақ жазушысы кішіреюден жалыққан еді. Әлдеқашан жазудан суалған тоғышардың қайдағы бір рақымы емес, өзімен терезесі тең қатынасты көкседі.
Кезексіз Сталиндік сыйлық
«Знамя» редакциясында «Абайдың» жариялануын өзінің үлкен табысындай қабылдады. Журнал басшылары риза еді.
«Жылды біз жақсы аяқтағандаймыз, – деп ой бөлісті 22 қыркүйекте 1951 жылы Катинов Әуезовпен сырласып. – Сізден кейін Эренбургтың тамаша романын, Катаевтың тәуір хикаятын, Корея туралы Чаковскийдің қызықты романын жариялаймыз» (РГАЛИ, ф.618, оп.15, д.7, 119 б.).
1951 жылғы қазанда Мәскеу «Абай жолының» бірінші кітабын жариялаған «Знамя» басылымын мадақтаған алғашқы лебіздер пайда болды. Рас кейбіреулерінде аудармашы Леонид Соболевтың атына мін тағылды. «Романда кейіпкерлер көп және емін-еркін өзара халық өмірі, поэзия, өнер туралы тәжікелесіп, ойға батады, – деп түйіндеді Зоя Кедрина. М.Әуезов шығармаларындағы диалог оның бірден-бір күшті жағы. Дегенмен, қазақ тілінен орысша аударманың біреуі де оны бар шынайылығымен, өзіндік өрнегімен бере алған жоқ. Оны «Абай жолының» аудармасы да бере алмай жатыр. Өте-мөте қиын мәселе болса да оны көркем аударманың келісті бір өкілі, қазақ халқының өмірі мен тұрмысын жақсы білетін талантты жазушы Соболев шешпесе кім шешеді» («Известия», 1951 жылғы 14 қазан). Кейінірек «Абай жолының» бірінші кітабын Сталиндік сыйлыққа ұсыну мәселесі туды. «Знамя» журналының редакциясы Қазақстан басшылығының қолдауына сүйенгісі келді. Вадим Кожевниковқа кездейсоқ Қазақстан басшылығы баяулық танытты. Іс неге тіреліп тұрғанын білмей, Кожевников өзінің бір орынбасары – Александр Макаровқа Алматы әкімқараларын ұсыныспен асықтыруды тапсырды.
«Әуезовтың «Абай жолы» романын КСРО Жазушылар Одағы Сталиндік сыйлыққа ұсынбай отыр, өйткені республикадан ұсыныс жоқ, – деп Макаров 1951 жылы 16 қарашада Қазақстан Компартиясы ОК хатшысы Омаровқа телеграф салды. – Жиырмасыншы қарашаға дейін республика ұйымдары романды сталиндік Комитетке тікелей ұсынуға мүмкіндігі бар әлі. Бізге өз шешімдеріңізді хабарлауды өтінеміз» (РГАЛИ, ф.618, оп.15, д.7, 120 б.).
Қасақана Омаров үнсіз отыра берді. Ал, ол Мәскеуге қандай хабар берер еді? Әуезовтің табыстарына риза емес даукестер қазақ жазушысына жаңа шабуыл бастағанын айтсын ба?
1951 жылы 17 қарашада Әуезов Катиновқа хабарласып, мәскеуліктер ең жақсысы Алматыдан сыпаттама күтпей, өз бетінше әрекет ете беруін өтінді.
«Жақсы пиғылдарың үшін шын жүректен алғыс айтамын, – деді ол сұхбатта. – Дұрысы, редакция өз құқымен өткен жылдардың сабағы негізінде шешеді. Бұл жақта сең қозғалатын түрі жоқ. Достарға шын жүректен сәлем.
Әуезов»
(РГАЛИ, ф.618, оп.15, д.7, ? б.).
Бұндай жағдайда көп нәрсе Леонид Соболевқа байланысты болатын. Оның ОК-те үлкен байланысы бар еді. Оның еліміздегі екінші адам Георгий Маленковқа, ВКП(б) ОК-те хатшысы Михаил Сусловқа, Сталиннің көмекшісі Поскретышевқа қолқа салуы түк емес еді. Әйтсе де ықпалды Мәскеудің әдеби сардары Әуезовке көмектесу үшін тіпті саусағын қимылдатпады.
Әуезовке жаңа шабуыл
1951 жыл аяғына таман қазақтың сорпа бетіне шығарлары жаңа дау-дамайдың иіріміне тартылды. Республиканың өткені туралы айтыс өршіді. Соның аясында қайсы біреу Әуезовті айыптап, сонымен бірге ұлтшылдардың қолтығына дым бүркіп отырған Мәскеу журналы да мүйізге ілінді. Оған жауап ретінде де астаналық «месқарынның» бас редакторы Вадим Кожевников Әуезов романының екі нұсқасын салыстыруды ұйымдастырды: редакцияда 1950 көктемде талқыланып, 1951 жылы «Знамяда» жарық көрген айырмашылықтары қарастырылды. «Знамя» журналында (№8 және 9 1951 ж.) М.Әуезовтің «Абай жолы» романы түбегейлі түрде бұрын қазақ тілінде шыққан «Ақын аға» атымен басылған роман нұсқасынан мүлде бөлек, – деп ара түсті ол. – Бірінші нұсқамен танысқаннан кейін редакция авторға айтарлықтай бірқатар талап қойды. М.Әуезов редакция ұжымымен бірге бір жыл бойы істеген жұмыстың нәтижесінде біздің ойымызша, қойылған мақсатты толыққанды жүзеге асырып, бірінші нұсқадағы кемшіліктерді табысты меңгеріп, романды жаңадан жазып шықты. Онда қазақ еңбекшілерінің өмірі мен әлеуметтік күресі недәуір дамып, суреттеледі. Халық жүйесі жаңа роман нұсқасында басты оқиғаға айналады. Қазір роман өте шынайы жазылған халықтық сахалармен айрықшаланды.
«Базаралының қашуы», жатақтағы көптеген көріністер, «Исаның ажалы» және басқалары – қазақ халқының жан байлығын, оның еңбегін, оның дарыны мен әлеуметтік тартысын көрсету бұл шығармадағы жақсы беттер болып саналады. Романда қазақ пен орыс халықтарының достық тақырыбы айтарлықтай дамып, сонымен қатар қазақ шонжарларының реакциялық, халыққа қарсы қазақ шонжарларының берілген сыпаттама күшейе түскен. Енді «Абай жолында» қазақ еңбекшілері мен қарпайым орыс адамдарының достық байланыстары қалай өрбіп, күшейтіп көрсетіледі, роман алдыңғы орыс мәдениетінің Абай мен қазақ бұқарасына игі ықпалы кең қамтылып суреттеледі. Тәкежан, Оразбай, Әзімбай және басқа бай-манаптардың образын пайдаланып М.Әуезов теріс ағыммен ұлтшылдықтың тамырын басып, аяусыз қысымға алады. Сол тұрғыдан Кеңес халқының буржуазиялық ұлтшылдықтың сарқыншақтарымен күресі Әуезовтің Қазақстанның кешегісі туралы жаңа романының құнын көтерді. Әуезов Абай бейнесін де толықтырды. Редакция мен автор қазақ халқы ұлы ағартушының қарама-қайшылыққа толы, тарихи шектеулі ішкі әлетін ашып, Абайдың ілгері орыс мәдениетіне ұмтылысын және оның ізгі ықпалын барынша көрсетуге тырысты. Жаңа нұсқада Абай өз халқымен тығыз байланысты. Қазақ тауарларының жергілікті шынжыр балақ, шұбартөс пен патша екі жақты тарапынан ұшырағанын анықтап ХVІІІ ғасыр аяғында Қазақстанда қалыптасқан тарихи жағдайға байланысты нақтылау бағытында көп жұмыс істелді. Нәтижесінде журналда жарияланған роман нұсқасында ХVІІІ ғасыр соңындағы қазақ халқының өмірі көп қырлы және жарқын суреттеліп, демократиялық идея мен халық бұқарасының сана-сезімі өсіп, қазақ шаруаларының арасында феодализм мен самодержавиеге қарсы әлеуметтік қарсылықтың артуын нанымды көрсетеді. Айтқандардан басқа М.Әуезов төмендегілерді істеді: а) Орыс төңкеріскері Павловтың образы қайта қаралғанда күшейтіліп, романнан басқа төңкеріскер Михайловтың бейнесі алып тасталды. б) байлардың тұрмысын көрсететін көптеген көріністер сызылды. в) Абайдың айналасындағы адамдардың әлеуметтік әртектілігін оқырман көру үшін Көкбай мен Шұбардың бейнелері қайта қаралды. г) көптеген композициялық және сюжеттер өзгертіліп (атап айтқанда, Оспаннан қалған мұраны бөлісудегі тайталас тарауы мүлде қысқарып, жастардың үңгірге баратын тарауы алып тасталды. д) көптеген қосалқы кейіпкерлердің кескіні толықтырылды: Әбіш, Оспан, Дәркембай және басқалар. Бүкіл бұндай шығармашылық жұмыстан кейін М.Әуезов жаңа дәуірдегі қазақ халқы өміріндегі аяқталған оқиғаларды көрсететін толыққанды және көкейкесті шығарма тудырды. «Абай жолы» Мұхтар Әуезовтің одан әрі шеберлігі арта түскенін көрсетеді. Қазақ халқының ең жағымды мінез-құлқын айнытпай танытатын бұл роман халықтығы және орасан кең құлашты бейнелеу күшімен ерекшеленеді. Әуезовтің еңбегіне тарихшылар Ф.Айдарова мен профессор С.Юшков кеңесші болды. Л.Соболевтің де жоғарғы деңгейдегі аудармасын да атап кетуге тиіспіз. Біздің баспасөзде роман жақсы баға алды. З.Кедринаның «Известиядағы» 1951 ж., Ю.Лебединскийдің «Ұлы ағартушы жолы» («Литературная газета» (13.ХІІ. 51 ж.) мақалаларын қараңыз)» (РГАЛИ, ф.618, оп.15, д.7, 39-40 б.).
Кожевниковтың хаты көмектесе алмады. Бәріне қарағанда Әуезовті тағы да күрделі уақыт күтіп тұрды. Жаңа жылды қарсы алуға әзірлену үстінде Әуезов 31 желтоқсан 1951 жылы Мәскеуге телеграф жөнелтті.
«Қымбатты «Знамяға» жер иіліп сәлем береді. Кіретін жылда көптеген қымбатты шығармалар болуын тілеймін. Бүкіл ұжымды шын жүректен құттықтаймын. Әрқида шапағатшыл, достық пейілмен Әуезов» (РГАЛИ, ф.618, оп.15, д.7, 1 б.).
Бұл уақытта бір жағымсыз жағдайдың құлағы қылтиды: қайтадан Әуезовтің бұрынғы тәржімалашыларының бірі – Никольскаяның үстіне бұлт үйіріле бастады. Осы уақыт ішінде ол немен тыныстады дегенді әлдекім білгісі келіпті. Алматыдағы бұрынғы мемқауіпсіздік комитетінің мұрағатында Әуезовтің пікірі сақталыпты. Оны толық келтіре кетейін.
«Анна Борисовна Никольскаяның әдеби жұмысы туралы пікір»
А.Б.Никольскаяның әдеби қызметін көп жылдар қадағалап отыруға мүмкіндігім болды. 1936 жылы ол маған қазақ халық поэмасы «Қыз Жібектің» бір дана өз аудармасын жіберіпті. Бұл аударма автордың асқан талантының куәсі болғандығын көріп, А.Б. (Анна Борисовнаны) алдағы кезде де мені жұмыстарымен таныстырып отыруды сұрадым.
Сөйтіп, мен оның еңбегінен өлең және қарасөз саласындағы аудармаларын біліп отырдым:
1. (1937-1945 ж.) қазақ күрескер жырларының екі жинағы.
2. Махамбет Өтемісовтың жырлары (1947 ж.)
3. Сталиндік сыйлықтың бірінші дәрежесін алған Мұхтар Әуезовтің «Абай» романы. Бұл жұмыстардың барлығында да А.Б.Никольская өзін орыс поэмасы мен прозасының шынайы шебері екенін көрсетті және олар арқылы біздің жақсы аудармашылар қатарында саналуға құқы бар. Орыс оқырманына оның аудармаларынан қазақ сөзі ерекшелігінің өзгешелігі жанды сезіледі. Ал, кәнігі қазылар бұл аудармалардың түпнұсқадан алшақтамай, үлкен дәлдікпен жеткізетінін куәландырады.
А.Б.Никольская қазақ тілінен орысшаға аударғанда тәржімашы алдында тұрған қиын міндеттер шешуін тауып керемет шешеді. Бірнеше батыс Еуропа тілдерін білсе де жұмыстарында шашыраңқылық танытпай, Кеңес Одағы бауырлас халықтарының бірінің тілін, тарихы мен тұрмысын зерттеуге ден қойып, аса көңіл бөлгенін айрықша атап өтуге болады. Ол орыс-қазақ достығын нығайту жолында көп еңбек етті, оның аудармалары арқылы қазақ халқының әдеби шығармашылығымен тек орыстың ғана емес, шетелдің қалың оқырмандары да танысты.
Кеңес Жазушылар Одағының мүшесі,
Сталиндік сыйлықтың лауреаты
27.01.1952 ж.
Бұл не дегеніміз? Бәлкім Әуезов Никольскаяға көмектесіп, жазықсыз кісінің жағдайын қалпына келтіріп, баспагерлер алдағы кезде Әуезовтің кітаптарын қайта бастырғанда барлық тәржімешілердің есімін көрсетуді міндеттеген болар. Бұл қулық іске аспағандай. Баспагерлер қазақ әдебиетінің дамуына Никольская қосқан үлесін мансұқтап үнсіз қалуды мақұл көргендей.
Әуезовтің дос әрі әдепсіз сыншысының пайда болуы
Әйткенмен, бәрі ыңғай жаман емес еді. 1951 жылдың аяғында Мәскеуде Әуезов туралы тұтас кітап шықты. Оның авторы Мәскеу сынгері Зоя Кедрина еді. Менің түсінгенім, Әуезов пен Кедрина 30-жылдардың басында. Әуеліде бұл танысу жүре-жастана басталғандай. Кедрина Мәскеуде оқытушы отбасында туғанмен біраз уақыт қазақтар көп тұратын Ом өлкесімен тығыз байланысты өмір сүрді. Алғаш мәрте Омскіге әкесімен бірге 1920 жылы барды: әкесі сол кезде Республика Ревәскери кеңесі басқармасынан Колчак майданына аттануға тапсырма алып, ал, қызын 50-армия штабына бекітті. 1922 жылы Кедрина сыршыраймен айналысып, Омск суретшілік педагогикалық институтына түседі, бір жылдан кейін Мәскеуге оралғанда ауыр сүзек пен жүйке ауруына шалдығып, зардап шегеді. Емханадан кейін ол мұнай өнеркәсібіне кетіп, Кузбасқа барып, соңынан Алматыға келеді. Барлық жерде ол қарапайым жұмысшы, не инженер қызметін атқармай, мәдени қызметкер болып жүрді. Сол Алматыда ол кітапхана коллекторының өкілі ретінде еңбек етті. Қазақ астанасында 1933-34 жылдары оның алғаш «Біздің әкеміздің ауылы» мен «Ылғал» атты кітапшалары шықты. Мәскеуге жаңадан 1935 жылы оралып, Әдебиет институтына түсіп, қазақ әдебиетін насихаттауға кірісті. Одан кәсіпқой аудармашы шықпай, қоғамдық қызметпен айналысып, «Октябрь» журналында тиіп-қашып жұмыс істеді.
Соғыстан кейін Кедринаның тындырымды екенін біліп, Симонов «Новый мир» журналы редакциясына алды. Онан соң ол қазақ әдебиетімен кешігіп айналысқан қысқа жастығын еске алып, Әуезов туралы шағын кітап жазды. Бұл тұста оның бастығы тағы бір даулы тарихқа килікті. Фадеевты тезірек орнынан кетіріп, Кеңес Жазушылар одағынан кетіріп, хатшы болғысы келіп еді, гу-гу әңгімеге қалып, әдебисардар №1-ден сазайын тартып, артынша көзқамандарды тауып, жазалайтын науқан басталды. 1950 жылдың басында ол «Новый мирден» кетіп, «Литгазетаның» орынтағына қонжиюына тура келді. Жаңа жұмысқа кетіп бара жатып, Симонов Кедринаны өзімен бірге ала кетіп, Әуезов туралы кітабын аяқтауға мүмкіндік берді. Кітап Кедринаның қаламынан шыққан басқалардай осал еді. Кедрина сөз кейіпкері өмірбаяны ақтаңдақтарын атамағаны түсінікті. Ол барлығынша Әуезовтің әдеби жолы тақтайдай түзу болмай, «Абайдың» қалай керемет роман болғанын көрсете алмады. Бұл Әуезовке маңызды емес еді. Ең бастысы басқа болатын: ақырында Мәскеу оны бағалап, тіптен ол туралы кітап та шығарды. Тек сол үшін ғана жазушы Кедринаға риза еді. Сол кездің өзінде Кедринаға салпаңқұлақ деген сөз ергеніне қазақ суреткері онша назар аудармаған құсайды.
Басқа жорамал да болуы мүмкін. Әуезов бәрін бес саусақтай біле тұрса да айналасында тырнақ астынан кір іздеген керауыздардан гөрі жалпы әдебиетпен, соның ішінде қазақ әдебиетінен шамалы болса да хабары бар өзіне телініп, құрметтейтін жан лайық көрді. Реті келгенде айтайын, ұлы ақын Анна Ахматова көп жыл бойы Наталья Ильинаның нағыз жансыз екенін жақсы біле тұра осындай жағдайға ұшырады. Қоса кетейін, көп ұзамай Ильина Вадим Кожевников пен «Знамя» журналының сүйікті авторына айналды.
Күннің қайта күркіреуі
1952 жылғы 29 ақпанда Әуезов кезекті қамалудың алдында тұяғынан ілініп тұрды. «Правда» газеті жазушыны азаматтық сақтығынан айрылған деп айыптады. Осыдан кейін оған Қазақ университеті есік жапты (роман иесін қайсыбір «буржуаздық-ұлтшылдық қателері үшін босатты деседі). Оған орасан құрметпен қарайтын республикалық ОК хатшысы Ілияс Омаров Әуезовті құтқарып қалды. Ол қазақ классигіне қоңырау шалып, тез арада Мәскеуге кетуіне кеңес берді. Кешіксе қаламгерді қамауы мүмкін еді (Отыз төрт жыл өткенде нақ бірден бір осындай жағдай Олжас Сүлейменовтың басынан да өтті: Республиканың бұрынғы басшысы Қонаев құрметті демалыста болса да, ақынды қамау қаупі барын айтып, Алматыны тастап, Мәскеуге кетуін қадалып өтінеді).
Көп ұзамай Алматыда ұлтшылдарды айыптайтын науқан басталды. Алдымен оған Омаров тап келді. Ол жеңіл құтылып, небәрі біраз уақыт жұмыссыз жүріп, Жоғары партия мектебіне оқуға жіберілді. Басқалар одан да сорақылықты көрді. Қазақстанда Әуезовті төмпештеу науқаны 1952 жылы жазда тиылды. Жазушыны кездейсоқ Қазақстан ғылым академиясының жаңа президенті ақтап шықты. Айтсақ, ол үшін де президенттің өз себептері бар болатын. Оның інісі жазушының қызы Ләйлаға кетәрі емес еді. Әйтсе де 1952 жылдың аяғына таман тағы да Қазақстанда қаншасыншы рет Әуезовке иттер айтақталды. 11 мен 15 көкек арасында Қазақстан Ғылым академиясы мен республикалық Жазушылар одағы бірлесіп, Алматыда қазақ эпосы туралы кең құлашты айтыс өткізді. Оған Қазақстан Компартиясы ОК қос хатшысы Афонин мен Сушилов, республика үкіметінің төрағасы Тайбеков, Қазақстан Ғылым академиясынан Д.Қонаев, басқалай ықпалды әкімқорлар қатысты. Соңынан жазушылар ортасында көзқамандарды талқандаушылардың біреуі болған Люциан Климович қызу тайталас жайын былай деп айтты:
«Айтыста 11 эпикалық шығарма қаралды, –деп хабарлады ол. – Эпостардың әрқайсысы туралы қосымша баяндамалар болған жоқ. Өкінішке қарай, қазақ кеңес әдебиетінің дамуына эпосы қандай мән-мағына атқаратыны жайында толық жеткілікті тұрғыда әңгіме болған жоқ».
Барлық сөйлегендер ішінен Климович Қазақстанның болашақ басшысы, сол кезде республика Ғылым академиясы президенті лауазымындағы Д.Қонаевтың қортынды сөзін келтіреді. Ол былай баяндады:
«Жолдас Қонаев «Айман-Шолпан», «Қамбар батыр», «Ер Тарғын», «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу», «Қыз Жібек» халықтың эпосы екенін атап өтті. Соңғы поэмада әмеңгерліктің, діншілдіктің шайхы (белгісіз) исламының шалығы бар. Өзінде сондай нышандарды күшті сақтаған. Бұл эпос бізге жалғыз данамен жетіп отыр. Поэма Қазақстанда кең тараса да оның тұрмыстық түрлері, оның кейіпкерлерін халықтың қалай ұғатыны әлі күнге жете зерттелмеген.
«Қобыланды батыр» мен «Алпамыстың» поэмаларының Өзбекстан, Қарақалпақия және басқа халықтарда бар екенін ескере отырып, қосымша зерттеу қажет. «Шора» («Шора батыр»), «Қарасай қази», «Орақ Мамай» кертартпа, халыққа қарсы эпостар болып табылады. «Шора батыр» орысқа қарсы сыпаттармен ерекшеленеді. «Ер Сайын» да негізінен кертартпа етіп көрсетілген» (РГАЛИ, ф.631, оп.30, д.229, 17-18 б.). Бұл кейін анықталғандай, Қонаев кеңесте тура тартыпты. Ең жаманы – талас-тартыс барысында осы заманғы әдебиет пен эпос мәселелерінде де қайсыбір тұтас ой тумады. Отырысқа қатысушылардың көбі бір-бірін кінәласып тарқады.
Ғабдуллин мен Ақынжановтың сөздеріне назаланып Әуезов кейін айтыстың қортындысы көңіл көншітпейтінін мәлімдеді.
«Олар (Ғабдуллин мен Ақынжанов – В.О.) Әуезовті түзелмейтін буржуазиялық ұлтшыл, 20-25 жылдардағы қателері негізінде оның қателесуін жүйелі түрдегі қателесулер деп есептеп, Мұқановтың Әуезовке қатысты бір емес, бес-жиырма рет қателесуі жүйесіз деп өлім үкімін шығарды. Ұсыныс түсті. Қазақстан партиясының ОК өйткізбеді, әрқайсысын атамай, ешкімнің есімі көрсетілмей көрсетілді: біреулер ертеректе, енді біреулер беріректе қателесті, бұрынғыларды соңғылар не себепті түзетпеді?» (РГАЛИ, ф.631, оп.30, д.229, 35 б.).
Соңынан оған Мәскеуде Әуезов туралы кітап шығарған Зоя Кедринаны сынаған «Правда» отқа май құя түсті. Лубянка бұйырып тұрған сыншы әйелге кейіпкерінің 20-30 жылдардағы көп қателерін ескермегені үшін таяқ тиді. 18 мамыр 1953 жылы Әуезовтің төзімі таусылып, «Литгазета» редакциясына ашық хат жазуына тура келді. Оған үндемей қалу мүмкін емес еді. Кеңес Жазушылары одағы бастығының орнындағы Алексей Сурков 26 мамырда қалыптасып қалған жағдайға байланысты ОК ғылым мен мәдениет бөлімінің нұсқаушысы Михаил Колидич қатысуы міндет деп есептеп, одақ секретариатының талқысына салды. Күн тәртібінде рәсімсіз тұрса да Қазақстанда фольклор туралы айтыстың қортындысы қаралды. Ал, шынтуайтында Қазақстан Жазушылар одағындағы шиеленіскен мәселе қаралып, Қазақстанда Әуезовті жаңадан төмпештеуді ұйымдастыруда өз қатысын білдіруге тиісті еді. Алматыға барып қайтқан Люциан Климович қысқаша хабарлама жасады. Ол Қазақстан Жазушылар одағы көптен бері топшылдық батпағына батып, көп ретте жеке бастық мәселелеріне араласып кететінін боямасыз таза жеткізді. Бұны тәптіштеп Республика Жазушылар одағының жаңа басшысы Шаймурзин де растады. Алматы жазушылар қауымдастығы не болып еді? Мұқанов Мұстафиннің «Қарағанды» романының тас-талқанын шығарды, Әуезов Мүсірепов шығармашылығын талқылаудан қашқақтады, ал, Мүсірепов бейтарап бағытты үшінші ұстап қалды. Одан кім ұтты? Бұл тақырыпты секретариатта Кузьма Горбунов одан әрі өрістетті. Шынында ол Қазақстанда жершілдік күресі қазақ қаламгерлерінің мәтін сапасын жақсарту үшін емес, ұлтшылдықтың қозуы деп түсіндірді.
«Күллі кеп жойылмай келе жатқан ұлтшылдың сарқыншақтарынан таңқаларлықтай Әуезов тарапынан да, Мұқанов тарапынан да туындап жатқандай, – деп араласты Горбунов. – Қызуқандылық пен бейімділігіне біті қызғаныш көріністерінің түбірі осыған тіреледі» (РГАЛИ, ф.631, оп.30, д.229, 38 б.).
Бұл тұста еске ала кетейік, кейбір қазақ қаламгері жатып атарлық жасап, өз әріптесімен есеп айыру үшін басылым алаңдарын барынша пайдаланды. Мысалы, Әуезов Қазақ КСР Ғылым академиясының хабаршысында шыққан Нұрышевтың мақаласымен қатар көкек кеңесінде фольклордан жасаған М.Ғабдуллиннің баяндамасы қатты кейітті.
26 мамырда Мәскеуде өткен жазушылардың секретариатында Алматыдағы көкек айтысын еске алды. «Бізде баяндамашылармен соның ішінде, менімен де қызу талас-тартыс болып өтті.
Бірінші және екінші баяндамаларды (М.Ғабдуллин мен М.Ақынжанов) ғылыми жоғары деңгейде құрылмаған деп есептейтін. Ғабдуллинде жекелеген мәселелер көтерілді. Бір жағынан бәрін, өзін де сынай отырып көлгірсіді. Мәселен, көтерген көкейкесті мәселелерінде оң-теріс кемшіліктерінің қыбын таппай, жекелеген зерттеушілердің жүзіне қарсы жалтақ баға берді. Жеке қарым-қатынастарына қарап, ол қателіктерге ағат анықтама жасап, нақты көрсете алмады, ол түрліше бағалады. Ол қателіктерді ойнатты. Бірде бұл қателер саяси қылмыс ретінде көрсетіліп, қатал үкім шығарылып, ал, енді бірде сол қателер автор, не зерттеушіге жағынғандай «Правдада» айтылған мақалаға орай «барқыт» екпінге түсіп, жуып-шаяды. Мен оны жолдастық сынмен айналыса отырып, қойыртпақтап, кеңес адамдарына тән мінез-құлықтан асып, шіли шектен шығып кететіні үшін кінәладым. Маған қатысты ол қатал орынсыз қортынды шығарып, маған қатысты сондай қытымырлық танытты. Неліктен Қазақстан, Қырғызия сияқты республикаларда эпос туралы мәселе өткір қойылып отыр? Өйткені, көптеген бұндай халықтарда жазу-сызу болмады, оларда классиктер болмады, классика ауызекі шығармашылықпен алмастырылды (Абайдай (белгісіз) бір-екі кісі). Бұндай фольклорлық дәстүр біздің уақытымызға жетіп, тарихи топырақ Сталин дәуірінде Жамбыл сияқты алып жырауды туғызуы кездейсоқ емес, халықтың ауызекі шығармашылығы бізді әрқашан қызықтырып келеді, оған зерттеушілер ғана емес, жазушылар да барды. Менің бірнеше пьесам бар, Мұстафиннің де бірнеше пьесасы сол негізде. Бұл пьесалар қазақ театрларының басты назарына ілікті. Біз эпостың бұл жағын қалай көрсетіп жүрміз? Оған бір жағынан жазушыдай, басқа жағынан зерттеушідей қарастырамыз. Бұл тақырыпқа барған жазушы ретінде менің қызметіме көзжұмбайлықпен қарап, Мұқыш айналып өтіп, бойында екі кісі, екі жан бардай, бір тұста зерттеушідей қалам тербесем, өзге жағдайда сол тақырыпқа көркем шығарма туғызып, бір қате мақаладан гөрі олар жүз есе танымал болып келетінін айтып мәселе қойдым.
Мен жазушы Әуезов туралы жақ ашқам жоқ, зерттеуші Әуезов туралы айтып отырмын (егер химик жазушы немесе философ-жазушы). Бір Әуезовтің өзі әрі зерттеуші, әрі жазушы болып, эпос тақырыбына барып, шығармалар, пьесалар жазса, ол пьесаларды қалай айналып өтуге болады (олар өте танымал). Баяндамашыға осы тәріздес орынды сын айтылып, кейбір жолдастар біздің зерттеушілер еңбегін жеткілікті бағаламағанына мін тақты. Эпостың мәселелері бұл талас-тартыста оқи-тоқи кең дәл шешімін табады деп айту ауыр. Эпос мәселелері ұзақ талқылауда болады әлі. Біз қазақ эпосын орыс фольклоршылары жетістігімен тығыз байланыста зерттеу мәселесін қойып отырмыз, қазақ әдебиетін бәрінен томаға тұйық қалдырып қарастыратын ізденуді тоқтатып, қоңсы халықтар мен республикаларда, Моңғолия сияқты елдерде ұзақ өзара байланыс негізінде ұқсас сипаттарына үңіліп, мәмілеге келу шарт. Мәселе төтесінен кең түрде қойылып отыр, ал, олардың түбегейлі шешімдері әрқайсысымыздың баяндамалар мен жарыссөздерімізде жеткілікті терең бағамдалмаған.
Біздің зерттеулеріміздің марксизм-ленинизм идеологиясы тұрғысынан қан жүгіртіп, айрықша орыс эпосы мен фольклорын зерттеудегі тәжірибелерін есептеп, бәрі бірауыздылық танытуға тоқайласты. Бұған дейінгі зерттеулер ат төбеліндей жеке адамдарға тән еді, 15-20 жыл бұрын біздің әрқайсысымыз әдебиеттану саласында әуесқой болып, «Қазақ халқының азаматтық тарихы, қоғамдық тарих қалыптаспай тұрған жағдайда сөйледі. Қазақстан халқының тарихи аяқталған түрде, тұтас түгенделген түрде жазылған жоқ. Бұл тарих соңғы тоғыз жылда КСРО Ғылым академиясының институттарындағы А.М.Панкратова және басқа жетекші оқымыстылардың алқауымен үлкен ғылымдардың ұжымы жазу үстінде. Қазақстан тарихының алғашқы екі редакциясы мансұқталып, үшінші редакциясы жасалып жатыр. Бұндай жағдайда тарих зерттелмесе, көптеген құндылықтар он, жиырма жылдар ішінде қайта бағаланып, ол жеке пікірлердің тұрақсыздығына әкеледі, тайғақ ойлар мен пікірлер жекелеген қателіктерге ұрындырады. Фольклор мен тарихи-әдеби даму барысындағы мәселелерде толыққанды тарихи-әдебиет ғылымын жасаудың әлқиссасы мен шарты емес» (РГАЛИ, ф.631, оп.30, д.229, 29-32 б.б.).
Әуезовтің былай сөйлеуіне үнсіз қалу мүмкін емес еді. Сурков үшін қазақ жазушысының ашықтығы әлдебір үлкен тансық емесіне ұқсайды. Барлығына қарағанда, ол не істеу керек екенін білгендей. Алдын ала СОКП ОК мәдениет пен ғылым бөлімімен кеңесіп алып, Сурков Мәскеуге Әуезовтің бас қарсыласы Мұқановты шақыртпай, Әуезовке бүйрегі бұрды. Басқадай айтқанда, Сурков мәселені оңаша, шулатпай шешкісі келді. Сол себепті ол Әуезовпен «Литгазетаға» ашық хатты жариялауды тоқтата тұруға кеңес берді. Әуезовтің ашық хатында көрсетілген мәселелерді шешу үшін Сурков дау-дамайдың орнына Николай Тихонов, Константин Симонов пен Вадим Кожевниковтан тұратын комиссия құруды ұсынды. Әйткенмен, қазақ суреткері бұл ауытқуды аңғармай, Кеңес Жазушылар одағы мінберін пайдаланумен шектеліп, бәріне нүкте қойғысы келді. Сурков оған бармады.
«Жолдас Мұхтар, өз мәдениетіңіздің, өз әдебиетіңіздің топырағында барынша мығым тұрған кісісіз, – деп Сурков оны сақтандырды» (РГАЛИ, ф.631, оп.30, д.229, 45 б.).
Сурковтың ойы мынандай еді: Нұрышевтың ешқандай мақаласы «Әуезовті кәдімгі кеңес ауасынан демалудан айыра алмайды».
Қосайын: 1953 жылғы 2 маусымда КСРО Жазушылар одағының қаулысы шықты. Онда былай делінген еді:
«№4, 1953 жылғы «Қазақ КСР Ғылым академиясы хабаршысында» С.Нұрышевтың мақаласында жазушы Әуезовті автор іскер сын айтудың орнына Кеңес жазушысы М.Әуезовті саяси тұрғыдан сайқымазақ етіп көрсетуге тырысқан бұрыс пиғылын айтып, «Литературная газетаға» мақала бастыруды тапсырды».
Одан соң Әуезов «Литгазетада» өзінің ашық хаты жариялануын күтті. Қанша уақыт өтсе де хат редакцияда жатты. Ол сол жарияланбаған күйі қалды.
Кейіннен анықталғандай, Қазақстан қожасы Шаяхметовтың өзі ме, жоқ оған ықпалды өте жақындардың біреуі ме, КСРО Жазушылар одағы басшылығының бағытына риза болмай, СОКП ОК секретариаты Посилов пен Шаталовқа қысым жасап, Әуезовтің терең қате мінезі барына көз жеткізуге тырысты. Оның «Литгазетадағы» бас редакторлық лауазымы оның күндері санаулы екенін түсініп, Симонов Сталиннің өлімінен кейін жаңалық лебін түсінбей, Георгий Маленковтың наразылығын туғызған бірқатар қателіктер жіберіп, оңаша қалған бір сәтте өзінің қазақ әріптесіне Әуезовпен Алматыға оралуға асықпай, бәрі тынышталғанша Мәскеуде жүре тұруға кеңес берді. Саясаткерлердің дағдысын білетін Симонов Әуезовті бостан босқа қамауға алып, тіпті атуға дейін баратынын теріске шығара алмады.
Қосайын: Әуезов тағдырына қауіптеніп алаңдауға толық негіз бар еді. Еске сала кетейін: Жазушылар секретариатының қарсаңында Қазақстанның жақсы тарихшыларының бірі – Бекмаханов жиырма бес жыл түрмеге тоғытылу үкіміне кесілген болатын.
Әуезов Абай туралы төртінші томның нобайын көпшілікке сызып бергенде А.Сурковтың төрағалығымен 1953 жылғы 26 мамырда өткен КСРО Жазушылар одағының секретариаты несімен қызықты еді? Онда Әуезов өзінің Абай туралы дәуірнамасының қортынды кітабының нобайын сызып көрсетті. Шындық үшін айтайын, жазушы бұл кітап туралы 1950 жылдың соңында алғаш рет ауызға алып, «Знамя» журналына хабарлап, 1951 жылы күзде мәскеуліктерге Абай туралы жаңа роман ұсынуға үміттенетінін мәлімдеген еді (РГАЛИ, ф.618, оп.15, д.7, 58 б.). Нақтыласақ, Әуезов жаңа ойының жүзеге асуы туралы, қайталап айтамын, 1953 жылғы 26 мамырда әріптестеріне айтқан еді.
«Бұл жерде Абаймен жақындастығы өмірбаянының эпикалық жағынан, кейіпкерлер тағдырының ұштасып жатқандығында. Бірінші кітаптағы байдың қолбала бақташы баласы төңкеріс басталғанда төртінші кітапта ғылымның көрнекті өкілі болып шығады, – деді жазушы, ой бөліскенде. – Күң қыз белгілі қоғам қайраткеріне айналды. Жас жұмысшы – шахтер ірі инженер – құрлысшы академик болып қалыптасады, т.б.» (РГАЛИ, ф.631, оп.30, д.30, 77 б.).
Мәскеудегі жазушылар секретариатында Әуезов жөнге көшті:
«Қазір өтпелі сәттерде біріншіден екінші кезеңге ауысарда «Абай жолы» романының екінші томын жазу үстінде болашақ романдарымның бір кейіпкері әйел бейнесіне тоқтап, біздің күндерге дейін кезекті тарихи жолды өтеді…»
Нақтылай кетейін, Әуезов екінші томды қарадүрсін күйінде 1954 жылдың қаңтарында аяқтады.
Әуезов неге «Октябрь» журналының ұсынысынан айнып, «Знамяның» жаңа тілегіне ден қойды.
Бұл жерде хабарлай кету артық емес, 1953 жылғы 26 мамырда Әуезовтің ашық хаты талқыланған Жазушылар одағының секретариатында бернеше бас редакторлар қатысып отырды: «Знамяның» бас редакторы Вадим Кожевников, «Новый мирдің» бас редакторы Александр Твардовский, «Литгазетаның» бас редакторы Константин Симонов, «Огонектің» жетекшісі, алайда аталмыш мәжілістегі мәлімдемедегі Абай эпопеясының қортынды романына тек Федор Панферов қана қызығушылық танытты. Секретариат бітісімен бұл әдебисардар өз қарамағындағыларға қазақ авторымен іскерлік байланыс жасауға пәрмен берді. Әуезов «Октябрь» қызметкерлерінің қолқасына шыдамай, оларға ең алдымен жұмыс аяқталғанда жолма жол аударманы көрсетуге уәде берді.
1954 жылғы көктемде Панферовтың жиі-жиі ішуге әуестігінен басына бұлт үйіріліп, «Октябрь» бас редакторының Әуезовке назар аударуға шамасы келмей, онсыз ешкім жауапкершілікті мойнына алмай, қазақ авторымен келісім шарт жасалмай қалды. Біршама уақыт Әуезов «Новый мирді» мазалады. Одан соң СОКП ОК хатшысы Петр Посилов Твардовскийді босату мәселесін қойып, редакция Абай туралы Әуезовтың көлемді мақаласын жариялаумен шектелді. Одан соң бастаманы «Знамя» журналы іліп әкетті. «Октябрь» мен «Новый мирдің» бәсекелесі барлауға Кожевниковтың орынбасарларының бірі – сыншы Александр Макаровты жіберуді ұйғарды.
1954 жылғы 26 мамырда Абай туралы соңғы кітаптың алғашқы төрт тарауының жолма-жол аудармасын оқып шығып, мақұлдаған пікір жазып, көптеген ескертулер жасады.
«Соңғы кітапта Абайдың өміріне қортынды жасалуы керек болатын, – деп түйіндеді сыншы. – Бұл қортынды оқиғалар емес (ал тағы біреу мынау), оның рухани дамуы мен ағартушылық қызметінің нәтижесі һәм оның орыс демократиялық мәдениетіне бет бұруының қортындысы. Бұлардың бәрі туралы тұтас романмен танысып шыққаннан кейін айтуға болады. Жолма жол аударманың өзінде Әуезов мәдениетіндегі сыршылдығын тереңдетіп, әр көріністің өзі беймарал бейнелеу күшіне ие болып тұрғанын атап өту керек» (РГАЛИ, ф.618, оп.16, д.123, 54-55 б.).
Макаровтың көңілін көншітпеген не? Сыншыға қолжазбадағы жаңа сезімталдық жетпейді. Оның ойынша, романдағы динамизм жоғалған. Оның санамалауынша, идеялық жағы да ақсап жатыр.
«Романның тараулары бір-бірімен түк қабыспайды, бір оқиға екіншісінен өрбіп жатпайды, көркем шығармаға қажет емес, ақын өмірінің соңғы жылдардағы басынан өткен кей кептері тізбектеледі деп тұжырды Макаров.– Абай бейнесінің өзі дамымайды, тіпті «Абай жолының» алғашқы бөлігімен салыстырғанда солғын тартып кеткендей. Жоғарыда айтқандай, бірінші тарауда Абайды жас мұғалім көлегейлеп тұр, ал, екінші бөлімде ол еш әрекет етпейді, сүйіскендерге негізінен Әбіш көмектеседі. Бәлкім, автор Абай сепкен дән жастар жүрегінде тамырланып, айналасында өмірдің басқаша пішіміне ұмтылмайтын жас өскін (бірінші бөлімдегідей тек жаршыл қауым емес) қаулап өсіп келе жатқанын көрсеткісі келген шығар, бірақ бұл жарқын көрініс таппайды, себебі мұғалім тарихы мен Дәрменнің махаббаты оғаштау сипат алыпты. Бірінші кітаптағы таныс көріністердің қайталануы да реніш туғызады. Дәрменнің сүйіспеншілігі жақсы болса да ұяң сезімнің баяндалуы кейбір тұстарда Әбіштің Мағрипаға ғашықтығын қайталағандай, Абайдың Әбішті жоқтауы Оспанды азалағанды еске түсіреді, Оразбайдың жоқ-жітік жақыбайларға зорлығы да бұрынғы кітаптағы шайқасқа ұқсайды. Кітапта орыс тақырыбы, демократиялық, халықтық тақырып мүлде көрінбей қалған» (РГАЛИ, ф.618, оп.16, д.123, 53 б.).
Бәріне қарағанда, «Знамяның» басшылығы Макаровтың жалтарма пікірін алғаннан кейін Әуезовтің романына біршама суынып, үнсіз қалды. Жазушымен келісімшартты тек 1954 жылы 4 қарашада жасасты. Бұл құжатқа сәйкес, Әуезов «Абай жолы» романының көлемі 22 баспатабақ екінші кітабын 1955 жылдың 1 қаңтарына дейін «Знамяға» тапсыруы керек болатын (РГАЛИ, ф.618, оп.16, д.318, 13 б.).
Вера Смирнованың сахна алдына сәтсіз шығуы
Одан әрі мүмкін болатын аудармашыларды іздеудің хикметі басталды. Ақырында екі жақ та жазушы әйел Вера Смирноваға тоқтады. Ол «Абайдың» екінші томының бірінші бөлімінің аудармасын редакцияға 1955 жылғы 15 ақпанда және қалған тарауларын 1955 жылғы 1 наурызда тапсыруға міндеттенді (РГАЛИ, ф.618, оп.16, д.318, 14 б.).
Өз кезегінде Смирнова жұмысты созып алды. 1955 жылдың жазына таман алты тараудың үшеуін ғана тәржімеледі. Ұлының қасіретті қазасынан кейін бәрі тоқтап қалды.
«Қымбатты Вера Васильевна! – деп жазды Әуезов Смирноваға 1955 жылғы 20 қыркүйекте. – Жаңа ғана Зоя Сергеевна Кедринаның хатынан Сіздің қасіретке душар болғаныңызды біліп, Сізге, отбасыңызға көңіл айту үшін жазып отырмын, шын жүректен сізге рух күшін сақтап, жаныңыз қатты жабықпай, басқа түскен бар ауыртпалықтан тезірек серпіліп кетулеріңізді тілеймін.
Жақында жіберген сымхатыма жауап ала алмай, өзім де бәріне зардабын тигізген әлдене болғанын пайымдадым. Вера Васильевна қымбаттым, мен роман жұмысын ойлауға батылым жетпейді де оның жалғаса беретініне сене алмаймын. Сізге жедел түрде қосалқы аудармашы іздеуге тура келеді. Ол адамның өз талғамы, өз ойлауы, өз рухы жағынан Сізбен үндес болып, ол Сізден маған қымбатты әрі маңыздыларын сүзіп алып, Сіздің романға деген қатысыңызды – ең алдымен Сізден сұрауды шешіп, Сіздің өзіңізге жақын адамдардан біреуді ұсынбас па екенсіз деген ой келеді? Ол сізді де, мені де өкпелетпес еді. Сізге ол туралы өзіңіз жазудың керегі жоқ, егер ойланып-толғанып, Зоя Сергеевнаны шақырып алып, шешкен соң маған хабарлассаңыз жетеді. Бұл жөнінде маған хабарлауды оны да қолқаладым, жақын арада қалаған кісіге өзім хабарласып, ресми түрде байланысар едім. Бұл еріксіз беймазалығым үшін кешірім сұраймын – ең алдымен сізге айтуға ұйғардым – бұл Сізге деген құрметті борышым.
Сәлеммен, Мұхтар Әуезов» (РГАЛИ, ф.2847, оп.1, д.38, 1 б.).
Әуезовтің хатын алған соң Смирнова өз күшін салмақтап, жазушыға тағы үш тарауды өзінің тез арада аударуы неғайбыл екенін хабарлап – басқа ұсыныс білдірді. Кейін жалпы редакциясын өзі қарайтын болып, бұған жаңа аудармашыны тарту ұйғарылды. Жаңа тәржімашы да табылды, оның есімі – Файызова болатын. Соңынан анықталғандай, Файызова нұсқаны жеткілікті білмейтін болып шықты.
«Кейіннен мен білгендей (романды аударуға кірісерден бұрын), – деп қуаттады Әуезов. – Қазақ тілін нашар білетін, В.В.Смирноваға сенімді көмекші болуға жарамайтындықтан мен оны романға аудармашылыққа қоспадым» (РГАЛИ, ф.618, оп.16, д.318, 5 б.).
1956 жылғы көктемге дейін аңысын аңдаған «Знамя» журналының редакциясы Смирновамен жасасқан келісімшартты бұзып, өздерінде Абай туралы эпопеяның қортынды бөлігінің жариялау ойынан бас тартты. «Сізге белгілі болғандай, – деді шағынғандай Вадим Кожевников Әуезовке, 1956 жылғы 25 мамырда. – «Абай жолының» екінші бөлігінің орысша аудармасын жасауға Сіздің айтуыңызбен біз өзімізге тартқан В.В.Смирнова өз міндеттемесін орындамай, қолжазбаны бізге тапсырмады, ақыры о.ж. көкек айында бұл жұмыстан бас тартты. Сондықтан, Сіздің романды 1955 жылы жариялай алмадық, оны биыл да жарыққа шығарудың мүмкіндігін таба алмай отырмыз, өйткені романды аударуға ешкім әлі кіріскен жоқ. Сіздің романды біздің журналда жариялаудың сәті келер жылы да онша орайы келетін емес. Мәселе бізде осы заманға арналған бірқатар таңдаулы проза туындылары жинақталып, негізінен журнал 1957 жылға да толықтай қамтылғанына тіреліп тұр. Соны ескеріп, біз енді Сіздің романыңыздың жаңа аудармасына тапсырыс беруді орынсыз деп есептейміз. Қымбатты Мұхтар Омарханұлы! Сіз бізді дұрыс түсініп, тиісті қортынды шығарады деп ойлаймын. Әдетте, егер өз қолжазбаңызды басқа қайсы бір баспаға беруді ұйғарсаңыз Сіз алдын ала алған 9 900 сом өзіңізде қалады.
Біз сіздің бұны шешкен жауабыңызды күтеміз, себебі қаржылық байланыстар өзіне сәйкес ресми бекітуді талап етеді» (РГАЛИ, ф.618, оп.16, д.318, 1 б.). Міне солай: «Смирнованың отбасындағы қасіретті жағдайды пайдаланып, көптен қазақ авторының шығармашылығына суық қараған Кожевников журнал авторына Абай туралы эпосының қортынды бөлігін қажетсінбейтінін түсіндіріп, өзінің бас тартқанын білдіргісі келмей, жазушыға редакция кассасынан алған ақшасын қайтаруын керек деп таппады. Әуезов Кожевниковтың бұндай бұлтаруына қатты қорланды. 1956 жылғы 31 шілдеде «Знамя» бас редакторына былай деп хабарлады:
«…Мен Сіздің редакцияңыздың биыл және келер (1957) жылы романды жариялаудан бас тартқан ұйғарымына мүлдем қапамын. Ең әуелі сіздің редакция күткен жоғарыда еске алынатын хатқа жауап алынардың алдында мен біздің қарым-қатынасымыздағы кейбір жайларды еске салып кеткім келеді, бастысы бір-бірімізге өзара талап-тілектерімізді *** мәміле солардан шығады.
Біріншіден, еске саламын, «Абай жолы» романының бірінші кітабы «Знамяда» жарияланып, сол жағдайларға сүйеніп, сіз жеке өз 1954 жылы орынбасарыңыз А.Н.Макаровты екінші кітапты сол кезде бұл кітапты өзінде шығаруға құмартқан «Октябрь» журналына қолжазбаны бермей қалап табандап тұрып алып едіңіздер. Романды сол редакциядағылар жолма жол аудармадан білетін. Мен романды «Знамя» журналына беруге келістім. Ал, Сіздің редакция атынан келісім жүргізген жолдас Макаров жолма жол аудармамен танысып, романды құптап, ақырғы редакциясын жариялау алдында тек шамалы ескертпелер жасады. Аудармашы В.В.Смирнова құптайтындай, қазақ тілінде «Әдебиет және өнер» журналында шыққан кітаптың нұсқасына көп қосымша мен түзетулер енгізілді. Осындай толықтырылған ақырғы күйінде сіздің редакцияға жолма жол аударманы (редакция емес ақысын өзім төлеген) сіздің тәржімеші В.В.Смирноваға 1955 жылғы мамырда дәл мерзімінде өткізген болатынмын. Маған белгілісі, Ж.Макаровтан кейін Сіздің редколлегия мүшелерінің бірде бірі одан әрі таныспаған» (РГАЛИ, ф.618, оп.16, д.318, 7 б.). Сонымен байланысты Әуезов Кожевниковтан оның романын жариялауға мойнына алған редакцияның бұрынғы міндеттемесін орындап, «Смирновамен бірігіп, жетпейтін тарауларды аударуды ұйымдастыруды» түзетуді өтінді (РГАЛИ, ф.618, оп.16, д.318, 7 б.).
Сөйтсе де Кожевников ұзақ үндемей қалды. Әуезовтан шамалы шаршағандығынан емес. Құдіретті әдеби сардар оның редакциясында қолжазбаны жеріне жеткізетін кім бар екенін білмеді.
1940 жылдың аяғы мен 1950 жылдардың басында Кожевниковта Абай туралы романға жауап беретін ең әуелі қазақ жазушысының кітабына өз жандарының бөлігін салған Людмила Скорина мен Василий Катанов бар еді. Ал, 1954 жылы Әуезовке келгенде өзі би, өзі хан болып, Макаровқа жүктеген. Бұл сыншыға кеңдік те, сыпайылық та жетпейтін. Ол қазақ авторымен сенімді қатынас жасап, оның үстіне жыршы Абайды іскерлік толқындарына енгізе алмады. 1956 жылдың басында жоғарылауға қол жеткізіп, қайта жаңғырған «Молодая гвардия» журналына бас редактор болып бәрі бітті. Бәрінен де ең оңайы Макаров кеткеннен кейін – бұл іске бірнеше мәрте сыннан өткен редакция қызметкерлері – Людмила Скорин мен Василий Катановты жегу еді. Скорин да, Катанов та бірден менменсіп, өкпелеп, Әуезовтің қортынды кітабын ақырына дейін жеткізуге бармай, ұйытқы болуды доғарды. Прозаның жаңа бастығы Виталий Уваров тұзаққа түсті. Әуезов қолжазбасына онша ықылас білдірмей, қазақ авторына жаңа аудармашы тауып беруге құлшынды. Әуезовке бәрін өзі ұйымдастыруы керек болды.
Эпопеяның соңғы және сұмпайы аудармашылары 1956 жылғы 30 қазанда Мұхтар Әуезов Кожевниковтан романды аудару үшін Николай Ановпен келісімшарт жасауды өтінді (РГАЛИ, ф.618, оп.16, д.818, 15 б.). Соңынан бұған Зоя Кедринаны қосу ұйғарылды. Әуезовтің қайтадан Кедринаға иек артуын түсінемін. Ол бір кезде ол туралы кітапша жазған болатын. Соңынан баспа әлемімен мықты байланысы да бар еді. Рас, оның үстіне Кедринада ешқандай дұрыс талғам болған жоқ, сөйтсе де бөтен мәтіндерді жақсылап редакциялауды үйренбеді. Әзірше Әуезовтің жолма-жол аударманың бір бөлігін Ановқа аударуға беруге келіскенін түсіндіру күрделі. Тығырыққа тірелгендіктен бе? Ол Ановты 1924 жылдан білетін (тұңғыш рет олар Семейде кездескен болатын). Жә, ол кезде Анов біршама үміт ұялатты. Оның қуатты күш-жігері бар еді. 30-жылдары оны мүлдем жаншып жіберді. Ановта өте тез құмарлық, ынтызарлық, егер шынтуайтында ынта жоғалып кетті. Ол кәдімгі кәсіпкерге айналып кетті. Әуезов бұны білмеді дейсің бе? 1957 жылғы құжатта қос әдебиетші де, «Знамяның» жаңа бірінші орынбасары Борис Сучков жазушылар өз шаруасын тыңдырып, барлық қажеттілерді өткізді деп атап өтті.
«Қолжазба қабылданып, өндіріске кетті, – деп көрсетті шартта (РГАЛИ, ф.618, оп.18, д.12, 2 б.). Шартқа қосымшада Сучков романның төрт тарауын Анов аударды (әрбір авторлық парақ үшін мың сомнан тиесілі) және 200 сомнан берілетін соңғы екі тарауын қотарған Кедрина деп көрсетті. Одан тыс Кедринаға Анов тапсырған қолжазбаны әдеби әрлеу үшін қосымша қаламақы төленетіні айтылды (РГАЛИ, ф.618, оп.18, д.12, 4 б.). Қосымшада Әуезов романындағы жыр мәтіндерін жеке аударғандар Я.Смеляков, А.Жовтис, М.Петровых пен З.Кедрина деп анықтайды.
Сучков аудармашыларға шартқа қол қойғанда барлық жағдайға қанық емеске ұқсайды. Сол сәтте Әуезовтің романы өндірісте ғана емес, әлі рецензия жасалмаған еді. Редакцияның қатардағы қызметкерлерін Анов пен Кедринаның жұмыстары көп жайда қанағаттандырмағанға ұқсайды. 20 қыркүйек 1957 жылы эпопеяның қортынды кітабына білдірген өз пікірін беріп тұрып Яков Рыкачев шындығына көшеді: «Романның аудармасы редакциялауды қажет етеді. Ол жолма жол аудармадан жасалғандай, өйткені, барлық жағдайда – атап өту керек – аудармашыларды жоғары адал ниетіне қарамастан орыс мәтіндерінде түпнұсқаға тән талапшылдық пен тұтастық жетпей жатыр: сөз тінін «ширатып», одан сайын тығыз, серпімді ете түсу керектей» (РГАЛИ, ф.618, оп.16, д.318, 22 б.). Рыкачевпен көп мәселеде «Знамя» журналы проза бөлімінің меңгерушісі келісті. Ол өз пікірінде Әуезовті көтермелей отырып, соңынан аудармаға бас салды.
«Аударма барынша біркелкі жасалмаған, – деп шағынды 1 қараша 1957 жылы Уваров. – Алғашқы үш тарау жолма жол аудармадан көп ретте сәл айрықшаланғаны болмаса, жалған – романтикалық сарындылығымен кемшілігі көрініп тұр: одан кейінгі тараулар – төртінші, бесінші мен алтыншылары – тегіс, жинақы аударылған. Романда – қазақтың ұлттық нақышы, тұрмысы, қосалқы кейіпкерлердің мінез-құлқы, т.б. – көп сүйсінерлік жайлар кездеседі. Сонымен қатар қолжазба өте шұбалаңқы, онда аңқаулық көп. Мен Ж.Рыкачевтың ескертпелеріне толығымен қосыламын. Тек өлең үзінділері де нашар аудармамен берілгенін атап өтемін» (РГАЛИ, ф.618, оп.16, д.318, 17 б.). Уваровтың қортындысы мынандай: «Редакторды үлкен және күрделі жұмыс күтіп тұр». Редакцияда қолжазбаны жөнге келтіретін болып проза бөлімінің редакторы София Разумовскаямен бір кезде Әуезов туралы тұтас кітап жазған сыншы әйел Зоя Кедрина деп келісілді. Екі бике де іске құлшына кірісті.
«Қымбатты София Дмитриевна! – деп жазды Кедрина Разумовскаяға. – Көргеніңіздей, менің бірінші түзегенім үстірттеу шығар, ал, істелгені міндетті. Салыстырғанда Павловтың жатаққа келген үлкен көрінісі (қалпына келтірілген екі үзінді) міндетті түрде одан әрі қалуы тиісті. Сіз егерде осы үзінділердің ішінен бірнәрсені түзейтін болсаңыз – онда ғафу етіңіз, маған көрсетерсіз. Әуезовпен бәрі келісілген, оның ішінде патша әкімшілігіне де қатысты оқиғалар бар. Ол Сіздің қолжазбаға назар аударып, көңіл бөліп және редактура жасағаныңыз үшін үлкен рахмет айтқанын жеткізгісі келеді.
P.S. Мен түзеткен қолжазбаны, сонымен бірге қосымшаны алатын терім парақтарын, ғафу етіңіз, маған қайтарыңыз, олар маған соңғы үш парақты түзетіп, одан әрі жұмысты жалғастыруға керек болады» (РГАЛИ, ф.618, оп.16, д.318, 27 б.). Дегенмен, Кедрина мен Разумовская жасаған жұмысы «Знамя» редколлегиясының діттегенінен шықпады. Сыншы Евгений Сурков авторсыз қолжазбаны жеріне жеткізбейді деп санады.
«Проза бөлімі, – деді Сурков «Знамя» журналының редколлегиясына. – Әуезовтің келуін бұрынғысынша қажет деп санайды, романды тарихи, сонымен бірге көркемдік және композициялық тұрғыдан қарастыруды бөлім біршама Сізге ауызша мәлімдегендей. «Абай» романы бойынша аудармашы З.Кедринаға қойылатын түгел талап орындалмайды деп топшылайды Әуезов. Ол жазушы емес және бірқатар мәселеде толық мәміле таныта алмады» (РГАЛИ, ф.618, оп.16, д.318, 20 б.).
1957 жылғы 4 желтоқсанда «Знамя» бас редакторының бірінші орынбасары Борис Сучков Әуезовқа телеграф салды:
«Роман екінші нөмірге жіберуге дайын. Жұмысты аяқтау үшін қысқа мерзімге Сіздің Мәскеуге келуіңіз үзілді-кесілді қажет» (РГАЛИ, ф.618, оп.16, д.318, 25 б.).
Әуезов көңіл-күйінің нашар екенін және Алматыдағы дәрісін сылтауратып Мәскеуге келуден сырғақтады. Бұл Кожевниковты қатты қапаландырды. Сол себепті «Знамяда» әуелгіде небәрі «Қараңғылықта» тарауын беруге ғана шешім қабылдады. Соңынан Кожевников қалыбына түсіп, өз журналында бүкіл кітапты жариялауды дұрыс көрді.
Кейіннен роман туралы «Правдада», филолог М.Фетисов «Известияда» және Вера Смирнова «Литгазетада» сүйсіне атап өтті.
1958 жылдың аяғында «Знамя» Әуезовтің дәуірнамасын Лениндік сыйлыққа ұсынды.

(Соңы. Басы №10, 11-сандарда)

Алдыңғы «
Келесі »