«Маржан қыз» әнінің шығу тарихын білесіз бе?

  • 21.11.2018
  • 76 рет оқылды
  • 0

1957 жыл. Степан Ра­зин мен Социализм кол­хозы (қазіргі Аты­рау облысы, Индер ау­даны) қосылмаған ке­­зеңде Алматы шаһа­рын­да үлкен жиналыс өте­тіні жө­­нінде хабар келеді. Ба­тыс Қазақстан облысынан «социалистік жарыста» Гурьев (қазіргі Атырау) облысы атынан сөз сөйлейтін адамды жедел түрде іздейді.
Сөйтіп, жүктелген міндеттерді толық­тай орындаған Батыс Қазақстан облы­сымен шекаралас Есбол ауданына қарасты «Степан Разин» атындағы колхоздан сөз сөйлеу үшін аудан басшылары Маржан Енбаеваны нұсқайды.Қысылып-қым­ты­рыл­ған қазақ қызы сөйлеуден бас тартып, әуреленгенімен сол кезең­дегі аудандық ауыл шаруашылығы бас­қар­масының басшысы Үмбетов деген азамат, мемлекет және қоғам қайраткері Сағи­долла Құбашев өз көмектерін тигізіп, жиналысқа жібереді.
Алматы шаһарына барған сәтінде «Ең­бек Ері» атанған жылқышы қызға ән туғаны жөнінде әңгімені құлағы ша­лады. Бұл әннің кейіпкері – Маржан Ен­баеваның өзі еді. Маржан Енбайқызы КСРО Жоғары Кеңесінің 23 шілде, 1948 жылғы Жарлығымен «Еңбек Ері» атағын иелен­ген.Рекордтық көрсеткіштерінің бірі – 52 биеден 52 құлын алуы еді.
Белгілі сатирик, ақын Садықбек Адам­беков өлеңіне арқау болған кейіп­кермен жүзбе-жүз көріспей-ақ:
«Кездескен күн есімде,
Айлы жаздың кешінде.
Еске сақта, қалқатай,
Айта берем несіне», – деп жырға қоса­ды. Кейін өлең жолдары саңлақ сазгер Әбілахат Еспаевтың әнімен үндесіп, ха­лықтың жүрегіңе жетіп жығылған туын­дыға айналды. Қазақ тарихында әнге арқау болған «жылқышы қыз» – Мар­жан Енбаеваның есімін есте сақтау мақ­сатында Атырау қаласының сәулетті көшелерінің біріне есімі беріліп, кейінгі ұр­паққа өнегелі іс ретінде ескерткіші тұғыр­ға қонса нұр үстіне нұр болар еді.

Әділбек Өмірзақов,
Атырау қаласы

Алдыңғы «
Келесі »

Пікір қалдыру

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды.